Главная страница

Матемитка пәнінен тесттер жинағы. Математика пәнінен тесттер жинағы. 1тест 9999 санынан кейінгі санды белгіле


Скачать 0.57 Mb.
Название1тест 9999 санынан кейінгі санды белгіле
АнкорМатемитка пәнінен тесттер жинағы
Дата23.02.2023
Размер0.57 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файлаМатематика пәнінен тесттер жинағы.doc
ТипДокументы
#951400
страница2 из 13
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

25. Құрамында 40 мыңдық, 6 бірлік бар сан қайсысы?

А) 4006 Ә) 40006 Б) 40600
7-ТЕСТ

1. Теңдеуді шеш. х : 2=15340+60

А) 30800 Ә) 7700 Б) 3080

2. Амалды орында. 4 сағ 24 мин + 3 сағ 57 мин

А) 781 мин Ә) 8 сағ 21 мин Б) 7 сағ 81 мин

3. Артық санды көрсет.

А) 26 кг Ә) 8 т Б) 75 км

4. Дұрыс жауапты көрсет.

А) 3 кг 55 г=355 г Ә) 3 кг 55 г=3550г Б) 3 кг 55 г=3055г

5.Бөліндінің мәнін көрсет. 4800:15

А) 32 Ә) 320 Б) 212

6. Тік төртбұрыштың ұзындығы 80 см, ені 5 см. Оның ауданын тап.

А) 40 Ә) 400 Б) 140

7. Жазылған тура теңдіктің дұрыс жауабын белгіле. 2005-205=25 + ...

А) 250 Ә) 500 Б) 1775

8. Айдын үйінде әкесі, шешесі және ағасымен тұрады. Олармен бірге иті, 2 мысық, 2 тотықұс және 4 кітап тұрады. Үйдегі барлық тұрғындардың аяқтары қанша?

А) 28 Ә) 24 Б) 32

9. Дұрыс жауабын көрсет. 94108+540:4-2956

А) 91287 Ә) 92267 Б) 91692

10. 15 мин – бұл

А) 1500 сек Ә) 900 сек Б) 9000 сек

11. Есептегенде бөліндіде екі таңбалы сан шығатын мысалды көрсет

А) 132915:23 Ә) 17238:31 Б) 2208:96

12. Разрядтық қосылғыштарға жіктелген 8274 санының дұрыс жазылуын көрсет.

А) 8000+270+4 Ә) 8270+4 Б) 8000+200+70+4

13. Егер бір жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа неше минутта піседі?

А) 4 мин Ә) 3 мин Б) 1 мин

14. Өрнектің мәнін тап. 52072:4+62085:5

А) 25435 Ә) 25453 Б) 25345

15. Қай сан 5-ке қалдықсыз бөлінеді?

А) 400782 Ә) 400789 Б) 40780

16. Тік төртбұрыштың ұзындығы 70 см, ені 5 см. Оның ауданын тап.

А) 35 Ә)350 Б) 150

17. Дұрыс пайымдауды анықта. Жылдамдықты табу үшін қашықтықты уақытқа ... керек.

А) Көбейту Ә) Бөлу Б) Кеміту

18. Алты жүз төрт мың төрт саны қайсысы?

А) 60404 Ә) 60440 Б) 604004

19. Сегіз миллиард бес мың үш жүз төрт санының цифрлармен жазылуы.

А) 8005304 Ә) 8000005304 Б) 800005304

20. 709004050 санының оқылуы.

А) жеті мың тоқсан миллион төрт мың елу Ә)жеті миллиард тоғыз миллион төрт мың елу

Б) жеті жүз тоғыз миллион төрт мың елу

21. Тордағы барлық көжектердің аяқтарының саны 84, онда көжектердің саны қанша?

А) 42 Ә) 21 Б) 36

22. 5 тәулік 12 сағатта неше сағат бар екенін көрсет.

А) 312 сағ Ә) 132 сағ Б) 512 сағ

23. Екі велосипедші бір ауылдан бір мезгілде бір бағытта жолға шықты. Біріншісінің жылдамдығы 12 км/сағ, ал екіншісінің жылдамдығы біріншісінен 5 км/сағ артық болса, 3 сағаттан кейін олар бір-бірінен қандай қашықтықта болады?

А) 15 км Ә) 87 км Б) 55 км

24. Бүркіт 30 жыл өмір сүреді, бұл тасбақаның өмірінің жалғасынан 10 есе кем. Тасбақа қанша жыл өмір сүреді?

А) 300 Ә) 3 Б) 40

25. 35 күнің неше апта?

А) 3 апта Ә) 4 апта Б) 5 апта
8-ТЕСТ

1. 1 Тонна қамыр илеу үшін 60 кг май жұмсалады. 30 тонна қамыр илегенде қанша кг май керек?

А) 30 Ә) 90 Б) 1800

2. 86000-нан 4-ті азайт.

А) 85996 Ә) 86004 Б) 85994

3. Жүздігі, ондығы 2-ге қалдықсыз бөлінетін санды тап.

А) 684 Ә) 430 Б) 356

4. 8 тоннада 200 кг неше рет бар?

А) 400 Ә) 40 Б) 500

5. Ең үлкен үш таңбалы және ең кіші төрт таңбалы сандардың қосындысын тап.

А) 1900 Ә) 1909 Б) 1999

6. Есепте: 588: 4

А) 147 Ә) 127 Б) 167

7. Санды өрнекті тап.

А) х*7=70 Ә) 72:9=8 Б) х+9

8. 54518 санында барлығы неше жүздік бар?

А) 54 жүзд. Ә) 545 жүзд. Б) 45 жүзд.

9. Разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазылған санды көрсет.

А) 6349=600+349 Ә) 6349=600+300+49 Б) 6349=6000+300+40+9

10. Ұшақ 9000 м биіктікке ұшты. Осы биіктікті километрмен көрсет.

А) 90 км Ә) 900 км Б) 9 км

11. 72 сантиметрдің сегізден бір бөлігін тап.

А) 9 см Ә) 7 см Б) 8 см

12. 8 санының кубын тап.

А) 64 Ә) 464 Б) 512

13. 9 санының квадратын тап.

А) 81 Ә) 18 Б) 27

14. Тікұшақ 320 км/сағ жылдамдықпен 4 сағатта қанша километр ұшады?

А) 1280 км Ә) 1028 Б) 2180

15. Көбейтудің қандай қасиеті орындалған? (14+12)*8=14*8+12*8

А) ауыстырымдылық Ә) терімділік Б) үлестірімділік

16. 600720 санында барлығы неше ондық бар?

А) 600 онд. Ә) 6007 онд. Б) 60072 онд.

17. 1 тәулік қанша секунд болады?

А) 86040 сек Ә) 86400 сек Б) 84600 сек

18. Ұзындығы 7 см, ені 4 см, биіктігі 5 см параллелепипедтің көлемін тап.

А) 39 Ә) 13 Б) 140

19. Белгісіз санды тап. Х:8=24+16

А) 40 Ә) 320 Б) 302

20. Ұзындығы 6 м сымнан, әрқайсысы 90 см-лік 5 бөлік сым кесіп алынады. Қалған бөліктің ұзындығын тап.

А) 45 см Ә) 150 Б) 100

21. Теңдеудің дұрыс шешімін тап. Х-1230=3000-2008

А) 5008 Ә) 992 Б) 2222

22. Жұмысшылар ұзындығы 60км жол жөндеді. Бірінші күні олар бүкіл жолдың бестен бір бөлігін, екінші күні төрттен бір бөлігін жөндеді. Екі күнде қанша км жол жөндеді?

А) 27 км Ә) 24 км Б)42 км

23. Өрнек құрып оның мәнін белгіле. 480 мен 520-ның қосындысын 50 мен 5-тің бөліндісіне бөл.

А) қосынды Ә) бөлінді Б) айырма

24. Көбейту амалының заңы қанша?

А) 2 Ә) 4 Б) 3

25. Сәйкес келетін разряд бірлігін тап. 10 жүзд. мың = ?

А) 1 мың Ә) 100 мың Б) 10 мың
9-ТЕСТ

1. 4 м жүн мата 32 теңге тұрады, ал 1 м жібек 7 теңге тұрады. Осы маталардың қайсысы қымбат және қанша қымбат?

А) жібек, 4 тг қымбат Ә) жібек, 1 тг қымбат. Б) жүн мата, 1 тг қымбат

2. Қосындының мәнін тап. 400000+30000+1000+900+60+3

А) 431963 Ә) 4310963 Б) 40031963

3. Әр класта қанша разряд бар?

А) 4 Ә) 3 Б) 1

4. Қалдықпен бөлуді орындап, дұрыс шешуін тап. 3:9

А) 0 (қалд.6) Ә) 0 (қалд.3) Б) 0 (қалд.0)

5. Масса бірліктерін анықта:

А) мм, см, дм Ә) сағ, мин, сек Б) г, кг, ц, т

6. Туристер поезбен 237 км, автобуспен 189 км және параходпен 70 км жол жүреді. Туристер барлығы неше км жол жүреді?

А) 496 км Ә) 307 км Б) 490 км

7. Теңдеудің дұрыс шешімін тап. Х+14*7=100

А) 98 Ә) 198 Б) 2

8. Ұзындығы қандай тік төртбұрыштың ені 2 см болғанда, периметрі 20 см болады?

А) 6 см Ә) 8 см Б) 7 см

9. Шаршының қабырғасы 25 см. Оның периметрін тап.

А) 50 см Ә) 125 см Б) 100 см

10. Автомобиль 180 км қашықтықта 2 сағатта өтті. Автомобильдің жылдамдығы неге тең?

А) 90 км/сағ Ә) 80 км/сағ Б) 100 км/сағ

11. Бір санды 3 еселегенде нәтижеде 82 мен 11-дің қосындысына тең сан шығады. Сол санды тап.

А) 11 Ә) 31 Б) 279

12. Жеңіл машина 5 сағатта 300 км жүрді. Сондай жылдамдықпен 540 км жолда неше сағатта жүреді?

А) 6 сағ Ә) 4 сағ Б) 9 сағ

13. Қалдықпен шығатын өрнекті тап.

А) 14501:50 Ә) 684:6 Б) 45500:70

14. Есепте. 1376:8*500

А) 68030 Ә) 86000 Б) 86020

15. Дұрысын тап. 980081+(341640-1263*109)

А) 118462 Ә) 118454 Б) 1184054

16. Жеті жүз отыз алты мың төрт жүз алпыс жеті санының жазылуын көрсет.

А) 763476 Ә) 736467 Б) 736647

17. Өрнектің дұрыс мәнін тап. 67200:40

А) 1680 Ә) 156 Б) 168

18. Шаршының ауданы 64 см². Бір қабырғасы неше см?

А) 7 Ә) 16 Б) 8

19. Белгісіз санды тап. Х+276=782

А) 546 Ә) 506 Б) 417

20. Кітапханаға 72 кітап келіп, 5 сыныпқа 9 кітапта таратылды. Кітапханада неше кітап қалды?

А) 67 Ә) 19 Б) 27

21. 459231 санының ішіндегі ондығы қай санды көрсетеді?

А) 5 Ә) 9 Б) 3

22. Амалды орында. 3 кг 72 г – 1 кг 485 г

А) 1 кг 587 г Ә) 2 кг 590 г Б) 1 кг 509 г

23. Төртбұрыштың периметрі 38 дм. Бір қабырғасы 9 дм, ал қалған қабырғалары қанша?

А) 14 дм Ә) 10 дм Б) 16 дм

24. а=3462 деп алып, а:3 өрнегінің мәнін тап.

А) 1248 Ә) 1587 Б) 1154

25. 6 т 7 ц килограммен қалай өрнектейміз?

А) 670 кг Ә) 6700 кг Б) 67 кг
10-ТЕСТ

  1. Жүк машинасы 70 км/сағ жылдамдықпен 280 км жүрді. Ол жолда қанша уақыт жүрді?

А) 4 сағ Ә) 2 сағ Б) 6 сағ

2. Велосипедші 20 км/сағ жылдамдықпен 4 сағ, ал мотоциклші 70 км/сағ жылдамдықпен 3 сағат жүрді. Осы уақыт ішінде олар барлығы қанша жол жүрді?

А) 180 км Ә) 240 км Б) 290 км

3. Қыз баланың етігі 1200 тг тұрады, ал бас киім одан 3 есе арзан. Бас киім қанша тұрады?

А) 600 тг Ә) 400 тг Б) 250 тг

4. 300099-дан кейінгі санды тап.

А) 300101 Ә) 400100 Б) 300100

5. Айсаның жасы Алманың жасынан 4 есе артық, Алма 3 жаста. Айса нешеде?

А) 10 жас Ә) 15 жас Б) 12 жас

6. 2540 саны 4-тен неше есе артық?

А) 635 есе Ә) 445 есе Б) 545 есе

7. Мына өрнектің дұрыс мәнін тап. 30*(1200-800):400+50

А) 60 Ә) 120 Б) 80

8. 51 мен 37 сандарының қосындысының төрттен бір бөлігі нешеге тең?

А) 36 Ә) 22 Б)86

9. Дүкенде 174 ерлер пальтосы, одан 24-і кем әйелдер пальтосы бар. Ал балалардың пальтосы әйелдер пальтосына қарағанда 3 есе кем. Балалар пальтосы қанша?

А) 150 п Ә) 60 п Б) 50п

10. Амалды орында. 7360:40

А) 186 Ә) 185 Б) 184

11. Амалдарды орында. 48000:20+123*40

А) 7320 Ә) 4920 Б) 2400

12. Бөлуді орында. 13 кг 50 г :30

А) 4 кг 35 г Ә) 435 кг Б) 435 г

13. Центнермен өрнекте. 9800 кг = ? ц

А) 98 ц Ә) 980 ц Б) 9 ц 8 кг

14. Қабырғалары 4 см 2 мм және 3 см 4 мм тік төртбұрыштың периметрін тап.

А) 7 см 6 мм Ә) 11 см 8 мм Б) 15 см 2 мм

15. Амалды орында. 35*15:25

А) 525 Ә) 21 Б) 625

16. Шаршының ауданы 36 см². Оның периметрін тап.

А) 6 см Ә) 24 см Б) 12 см

17. Санды жаз: Бірінші кластың тоғыз жүз бес бірлігінен тұратын.

А) 950 Ә) 905 Б) 509

18. Екі қаланың арасы 37 км. Екінші қаладан үшінші қалаға дейін 83 км. Егер мотоциклші сағатына 40 км жүрсе, бірінші қаладан үшіншіге дейін неше сағатта жетеді.

А) 3 сағ Ә) 4 сағ Б) 5 сағ.

19. Өрнектің мәнін тап. (204293-203321)+58:2

А) 1000 Ә) 1001 Б) 1002

20. Бөлуді орында. 14382:47

А) 301 Ә) 304 Б) 306

21. Көбейтіндіні тап. 4210*53

А) 223130 Ә) 231220 Б) 2120130

22. 3 қалам 96 теңге тұрады. Осындай екі қаламға неше теңге төлеу керек?

А) 32 тг Ә) 64 тг Б) 30 тг

23. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 5 см 2 мм, ені 11 см 8 мм. Периметрін тап.

А) 24 см Ә) 34 см Б) 32 см

24. Бірінші кластың 55 бірлігі және екінші кластың 115 бірлігі бар санды тап.

А) 550115 Ә) 115550 Б) 115055

25. Үш жүз қырық мың жеті жүз төрт санын цифр арқылы жаз.

А) 304704 Ә) 340704 Б) 34700

11-ТЕСТ

1. Теңдеуді шеш: (х-63)*9=54

А) 69 Ә) 63 Б) 61

2. Нұрайдың жаңғағынан Мұраттың жаңғағы екі есе,ал Саяттың жаңғағы 3 есе көп. Олардың барлығының 72 жаңғағы болса, әрқайсысының неше жаңғағы бар?

А) 10; 20; 42; Ә) 12; 24; 36; Б) 10; 26; 36;

3. АС=56 см, АВ=18 см. ВС кесіндісінің ұзындығын тап.

А) 19 см Ә) 20 см Б) 38 см

4. Машина біраз уақыт 70 км/сағ жылдамдықпен, содан кейін 3 сағат бойы 60 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Сонда 250 км қашықтыққа барды. Машина 70 км/сағ жылдамдықпен қанша уақыт жүрді.

А) 2 сағ Ә) 1 сағ Б) 4 сағ

5. 50000 санынан бұрынғы санды белгіле.

А) 49999 Ә) 40999 Б) 49991

6. Өрнектің мәнін тап. 5 км 78 м + 5 км 820 м

А) 5 км 898 м Ә) 11 км 600 м Б) 10 км 898 м

7. Өрнектің мәнін тап. 3 т 256 кг – 1 т 34 кг

А) 2 т 212 кг Ә) 2 т 222 кг Б) 1 т 222 кг

8. Тік төртбұрыштың ұзындығы 45 дм, ені 22 дм. Периметрін тап.

А) 67 дм Ә) 132 дм Б) 134 дм

9. Өрнектің мәнін тап: 8057 және 5903 сандарының қосындысын 4820-ға азайт.

А) 9140 Ә) 8040 Б) 18780

10. х-тің мәнін тап: «Бірінші қосылғыш-360, екінші қосылғыш х-ті 3 ке бөлу арқылы шығады. Қосындысы 440-қа тең».

А) 2400 Ә) 22 Б) 240

11. Көбейтінділердің қосындысын тап. 368 * 0 және 0 * 720

А) 1088 Ә) 368 Б) 0

12. 6 біркелкі жәшікте 72 кг алма бар. Осындай 5 жәшікте қанша кг алма бар?

А) 60 кг Ә) 50 кг Б) 18 кг

13. Сандардың айырмасын тап: 385075 және 59039

А) 326046 Ә) 326036 Б) 226036

14. 40000 санынан бұрынғы санды белгіле.

А) 39991 Ә) 39990 Б) 39999

15. Санды жаз: Үшінші разрядтың 7 бірлігінен, екінші разрядтың 3 бірлігінен, бірінші разрядтың бірлігінен құралатын сан.

А) 371 Ә) 731 Б) 173

16. Амалдарды орында. (947-589)*2

А) 715 Ә) 716 Б) 714

17. Ең үлкен үш таңбалы санды жаз.

А) 100 Ә) 111 Б) 999

18. Шаршының периметрі 28 см. Оның қабырғасының ұзындығын тап.

А) 24 см Ә) 8 см Б) 7 см

19. Ақнұрдың анасы метрі 56 теңгеден 6 м сиса, және метрі 75 теңгеден 5 м барқыт сатып алды. Барлығы қанша теңге ақша төленді?

А) 336 тг Ә) 375 тг Б) 711 тг

20. Теңдеуді шеш. 839-х=139

А) 600 Ә) 700 Б) 800

21. Санды жаз: Бірінші кластың тоғыз жүз бес бірлігінен тұратын.

А) 950 Ә) 905 Б) 509

22. Амалды орында. 362442:6*7+1749

А) 414596 Ә) 424598 Б) 424428

23. Егер жылдамдық пен қашықтық белгілі болса, уақытты қалай табуға болады?

А) Қашықтық : Жылдамдық Ә) Қашықтық * Жылдамдық Б) Жылдамдық : Қашықтық

24. Автобус 35 км/сағ жылдамдықпен 70 км жүрді. Ол жолда қанша уақыт болған?

А) 2 сағ Ә) 1 сағ Б) 3 сағ

25. Бөлуді орында. 14382:47

А) 301 Ә) 304 Б) 306
12-ТЕСТ

  1. Ара қашықтығы 54 км екі ауылдан бір мезгілде екі салт атты бір-біріне қарама-қарсы шығып, 2 сағаттан кейін кездесті. Біріншісінің жылдамдығы 12 км/сағ. Екіншісінің жылдамдығын тап.

А) 15 км/сағ Ә) 17 км/сағ Б) 16 км/сағ

2. Бір машина 6 сағ, ал екіншісі 4 сағ жол жүрді. Бірінші машина екіншіге қарағанда 200 км артық жүрді. Егер олардың жылдамдықтары бірдей болса, әрқайсысы неше км жол жүрген?

А) 150 және 250 км Ә) 300 және 200 км Б) 350 км және 250 км

3. 6 т нан дүкендерге жөнелтілді. Бір дүкенге 1035 кг, екіншісіне одан 3 есе артық, ал қалғаны үшінші дүкенге жіберілді. Үшінші дүкенге қанша кг нан түсті?

А) 1850 кг Ә) 1840 кг Б) 1860 кг

4. Екі қаладан бір мезгілде екі машина бір-біріне қарама-қарсы жолға шықты. Олардың біреу 90 км/сағ, ал екіншісі 80 км/сағ жылдамдықпен жүріп 3 сағаттан кейін кездесті. Екі қаланың арасы неше км?

А) 520 км Ә) 510 км Б) 540 км

5. Тік төртбұрыштың ұзындығы 12 см, бұл оның енінен 3 есе артық. Тік төртбұрыштың ауданын тап.

А) 48 Ә) 4 Б) 46

6. 999 санынан кейінгі санды белгіле.

А) 100 Ә) 1000 Б) 991

7. 407030 санын 30700 ге қос.

А) 437703 Ә) 407730 Б) 437730

8. Өрнектің мәнін тап: 9 км 48 м + 5 км 160 м

А) 14 км 28 м Ә) 4 км 320 м Б) 14 км 208 м

9. Өрнектің мәнін тап: 7 т 142 кг – 2 т 37 кг

А) 5 т 105 кг Ә) 9 т 179 кг Б) 5 т 15 кг

10. Өрнектің мәнін тап: 18720-ден 3508 және 6007 сандарының қосындысын азайт.

А) 9205 Ә) 9515 Б) 9005

11. х-ті тап. «Бірінші қосылғыш-270, екіншісі х-ті екіге бөлгенге тең. Қосындысы-450»

А) 4500 Ә) 360 Б)720

12. Тік төртбұрыштың ұзындығы 35 дм, ені 32 дм. Периметрін тап.

А) 134 дм Ә) 124 дм Б) 132 дм

13. 463086 және 38068 сандарының айырмасын тап.

А) 425008 Ә) 435028 Б) 425018

14. Көбейтінділердің қосындысын тап. 459*0 бен 0*840

А) 459 Ә) 1299 Б) 0

15. Шебер 4 күнде 48 өнім өндірді. 96 өнімді ол неше күнде өндіреді?

А) 12 күнде Ә) 7 күнде Б) 8күнде

16. 40000 санынан бұрынғы санды белгіле

А) 40001 Ә) 39999 Б) 30009

17. 792005 санын 92000-ға азайт.

А) 790005 Ә) 702000 Б) 700005

18. Сандардың айырмасын тап: 385075 және 59039

А) 326036 Ә) 326046 Б) 325026

19. 4 тәулік 13 сағат қай өрнектің мәніне тең?

А) 3 тәул 15 сағ+22 сағ Ә) 3 тәул 3 сағ-19 сағ Б) 12 тәул 5сағ-8 тәул

20. Секундпен өрнекте: 4 мин 17 с

А) 240 с Ә) 247 с Б) 257 с

21. Ең кішкентай құс калибридің салмағы 2 г. Ал ірі түйеқұстың салмағы 120 кг. Түйеқұстың салмағы калибриге қарағанда неше артық?

А) 60 есе Ә) 6000 есе Б) 60000 есе

22. Миллиметрмен өрнекте. 92 м 73 мм

А) 9273 мм Ә) 92730 мм Б) 92073 мм
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


написать администратору сайта