Главная страница

ҚМЖ 7-сынып. 4блім. Python тіліндегі алгоритмдерді программалау


Скачать 0.59 Mb.
Название4блім. Python тіліндегі алгоритмдерді программалау
Дата17.02.2023
Размер0.59 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҚМЖ 7-сынып.docx
ТипПрограмма
#941478
страница5 из 7
1   2   3   4   5   6   7

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
2 мин.


(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

(Ұ) «Шаттық шеңбері» әдісі Оқушылар шеңбер бойымен тұрып бір-біріне тілек айту арқылы бір-бірінің көңіл­күйін көтереді. Мысалы: Сен бүгін ерекше әдемісің!

(Ұ) Топтастыру

«Тұрғын және үй» ойыны

Оқушылaрдың білім деңгейін ескере отырып, «Тұрғын және үй» ойынын пайдаланып, оқушылaрды тaңдaп aлу әдісін қолданып, таңдап алынған оқушылaр екеу-екеуден қолдaрын көтеріп ұстaсып, үйдің шaтырын жaсaйды. Келесі шaқырылғaн оқушы шaтырдың aстынa кіріп тұрғын болaды. Сәлден соң мұғaлімнің нұсқaуымен тұрғын екеу болaды. Осылaй төрт оқушыдaн шaғын 2 топ құрaлaды.







5 мин.


Ұжымдық жұмыс Миға шабуыл әдісі

Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді.


  • Python программалау тіліндегі құрамды шарттардан тұратын алгоритмдерді қалай программалауға болады?

  • Бір-біріне байланысты бірнеше шарттарды ортақ бір шартқа қалай біріктіруге болады? Мысалдар келтір.










Жаңа сабаққа кіріспе

Оқушыларға жаңа білім бөлімі бойынша мұғалімнің түсіндіру кіріспе сөзі жүргізіледі. Толығырақ ақпарат алу үшін оқулықтағы жаңа білім бөліміндегі ақпаратты оқуға бағытталады.

«Борт журналы» әдісі арқылы мәтінді оқып біткен соң әр топ келесі сұрақтарға жауап береді.

Берілген тақырып бойынша маған не белгілі?

Мен не білемін? Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім?

Дескриптор:


  • Мәтінді толық оқып, жаңа біліммен танысады.

  • «Берілген тақырып бойынша маған не белгілі?» деген сұраққа жауап береді.

  • «Мен не білемін?» деген сұраққа жауап береді.

  • «Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім?» деген сұраққа жауап береді.




Бағалау Топтар бір-бірін «Смайлдер» әдісі

арқылы бағалайды.


БағалауТоптар бір-бірін «Смайлдер» әдісі арқылы бағалайды.


Сабақтың ортасы
31 мин.



Практикалық тапсырмалар

(Ж) 1-тапсырма.

Төмендегі кестедегі логикалық өрнектің мәндерін тап (true, false).

а

b

Логикалық өрнек

Логикалық өрнек

10

56

a>5 or  b>a

a%5==0 and  b>a

0

1

a>b or  b==1

a>b and  b==1

8

-7

a<50 or  b>a

a //2!=1 and  b+15==a

-8

-9

a>-8 or  b==a

a**2>0 and  b==a-1

7

5

a==5 or  b!=a

a+b==17 and  b!=a

Дескриптор:

  • Берілген логикалық өрнектің екеуін дұрыс табады.

  • Берілген логикалық өрнектің үшеуін дұрыс табады.

  • Берілген логикалық өрнектің барлығын дұрыс табады

Бағалау: Жұптар бір-бірін «Смайлдер» әдісі арқылы бағалайды.






(Т) 2-тапсырма.

Программа жұмысын орындағаннан соң, b айнымалысының мәні неге тең болады?

I топ:

a=10

b=5

if a>5 and a
b - =10

print (10)

II топ:

a=15

b=5

if a>1 or a
b + =7

if a >1 and a= = b:

b‰=4

print (b)

Дескриптор:

  • Программа кодын іске қосады.

  • b айнымалысының мәні неге тең екенін табады.

Бағалау: Топтар бір-бірін «Смайлдер» әдісі арқылы бағалайды.

Сабақтың соңы


7 мин.

Рефлексия


Сабақты бекіту

Оқушылар бүгінгі сабақты қорытындылауға арналған «Конверттегі сұрақ» әдісі арқылы дайындалған сұрақтарға жауап береді.

Мақсаты:

Сабақты қорытындылау.

  1. Құрамды шарттар мен кірістірілген шарттардың қандай ұқсастық пен айырмашылықтарын айта аласың?

  2. Программада құрамды шарттарды қандай жағдайларда қолданған дұрыс?

  3. Мысалы, a, b сандарының екеуінің де бірдей тақ сан екенін тексеру үшін құрамды шарт қалай жазылу керек?

Логикалық амалдарды программалауда қолданудың маңыздылығы неде?

Бағалау: Мұғалімнің қорытынды бағасы «Смайлдер» әдісі

арқылы жүзеге асады.





Үй тапсырмасы

Берілген программа кодына талдау жүргіз. Программа орындалғанда экранға қандай нәтиже шығады. Программаның блок­схемасын құрастыр.

a = 20

b = 10

if a < 1 or a > b:

b ‰ = 3

if a / / 8 = = 2 and 2 > = b:

b / / = 1

print ( b )

Мақсаты: Өткен сабақты пысықтау.

Қысқамерзімді жоспар

Бөлімі:

4-бөлім. «Python тіліндегі алгоритмдерді программалау»

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

4.7. Практикалық жұмыс

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.3.3.2 Python программалау тіліндегі кірістірілген шарттарды қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы үшін:кірістірілген шарттардың операторларын біледі.

Оқушылардың көбі үшін: Python программалау тілінде кірістірілген шарттарды қалай құрастыруға болатынын біледі.

Кейбір оқушылар үшін: күнделікті өмірден қарапайым және құрамды шарттарға мысалдар келтіреді.

Бағалау критерийлері

  • Python программалау тілінде кірістірілген шарттарды қалай құрастыруға болатынын біледі.

  • Күнделікті өмірден қарапайым және құрамды шарттарға мысалдар келтіреді.

Тілдік мақсаттар


Диалогтер мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

  • Қарапайым, кірістірілген және құрамды шарт тексеру операторын программа құруда қалай тиімді қолдану керек?

  • Күнделікті өмірдегі іс­әрекеттеріңнің бірін құрамды шарт түрінде қалай сипаттаған болар едің?

  • Күнделікті өмірімізден көрініс тауып отырған кірістірілген шарттарға қандай мысалдар келтіре аласың?.

Құндылықтарға баулу

“Мәңгілік ел” жалпыұлттық идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану, математика.

Алдыңғы білім

Тармақталу алгоритмдерін программалау

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
2 мин.


(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.

3. Психологиялық жағымды ахуал орнату.

4. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.


Топтастыру «The Hаt» программасы арқылы

І топ, ІІ топ, ІІІ топ деген атаумен үш топқа бірігеді.









5 мин.


Ұжымдық жұмыс

«Миға шабуыл» әдісі

Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар топтамасы интербелсенді тақтадан көрсетіледі.


  • Қарапайым, кірістірілген және құрамды шарт тексеру операторын программа құруда қалай тиімді қолдану керек?

  • Күнделікті өмірдегі іс­әрекеттеріңнің бірін құрамды шарт түрінде қалай сипаттаған болар едің?

  • Күнделікті өмірімізден көрініс тауып отырған кірістірілген шарттарға қандай мысалдар келтіре аласың?

Бағалау: Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.



Сабақтың ортасы


31 мин.


Практикалық тапсырмалар

Топтық жұмыс

1-тапсырма. Программалардың кодында жіберілген қателерді анықтаңдар.

1-кодІ топ

a=int (input())

b=input ()

if a > 0

if a-b > 0

a:=a-b

else:

a=a+b+c

else:

a=a**2

print (a)

2-код – ІІ топ

a=input (int())

b=int (input ())

c== (input())

if a ‰ 2=0:

if b‰2 ==1

k:=b//c

else:

k=a//c

else:

k=(a+b)‰c

print (‘k’)

3-код – ІІІ топ

a=int (input ( )

b=int (input )

c= (input())

max:=a

if max < b

max= =b

if max < c

max= =c

print (‘max’)

Дескриптор:

  • Программа кодында жіберілген қателерді табуда қиындық туындайды.

  • Программа кодында жіберілген қателерді жартылай табады.

  • Программа кодында жіберілген қателерді дұрыс табады.




Бағалау: Топ мүшелері бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.


7-сынып оқулығы.

Компьютер.





(Ж) 2-тапсырма

Тағы да сол ауа райы. Қазақстанның солтүстік, шығыс, оңтүстік, батыс және орталық өңірлеріндегі қыс маусымындағы бір күндік ауа райы жайлы деректер берілген (1-сурет). Осы деректерді пайдаланып, еліміздің өңірлерінде тіркелген ең суық және жылы температураның айырмашылығының модулін табатын программа құрастыр.


Мыса-лы

Нәти-же

Түсініктеме

-16

-12

11

5

-8

25

|-16 -11|= 25

1   2   3   4   5   6   7


написать администратору сайта