|
3-ші сабақ Компьютердің құрылғылары. А мерзімді жоспар
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Бөлім:
| Компьютер және программалар (АКТ, 3-сынып)
| Педагогтің аты-жөні
| Ержанова Жаннұр Ержанқызы, №59 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі
| Күні:
| 00.00.2021 ж.
| Сынып:
| 3
| Сабақтың тақырыбы
| §3. Компьютердің құрылғылары
| Оқу мақсаты:
| 3.1.1.1 енгізу (мысалы, тінтуір, пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату.
| Сабақтың мақсаты:
| - компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларымен танысу;
- сандық құрылғылар туралы білімді меңгереді;
- компьютердің негізгі құрылғыларымен танысады.
|
Сабақтың кезеңі
| Мұғалім іс-әрекеті
| Оқушы іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Ұйымдастыру
| Тақырып: §3. Компьютердің құрылғылары
Сабақтың мақсатымен таныстыру. Жаңа тақырыпқа шолу. Сұрақтарға жауап беру.
Компьютердің пайда болуымен адам өмірінде қандай өзгерістер болды? Компьютер қандай құрылғылардан тұрады?
- Негізгі ұғымдармен танысу.
| Сабақтың мақсаттары-мен танысады. Сұрақтарға жауап береді
|
| Презентация
(1-3 слайдтар)
| Жаңа сабақ
| Жаңа сабақты түсіндіру
Компьютер (ағыл.computer) – «есептегіш» деген мағынаны білдіреді. Компьютер сөзінің анықтамасы алғаш рет 1897 жылы Оксфорд сөздігінде пайда болды.
Компьютердің негізгі құрылғылары: жүйелік блок, монитор, пернетақта. Қосымша құрылғылары: тінтуір, принтер, дыбыс колонкалары.
Жүйелік блокта компьютердің негізгі жұмысын атқаратын процессор(компьютердің «миы») және жады (компьютердің есте сақтау құрылғысы) орналасқан.
Монитор – ақпаратты экран бетіне шығаруға арналған құрылғы.
Пернетақта – ақпаратты компьютерге енгізуге арналған құрылғы.
Тінтуір – компьютер экранындағы меңзерді басқару құрылғысы.
Принтер – ақпаратты компьютерден қағазға басып шығару құрылғысы.
Сканер - қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оның көмегімен суретті, графикті, мәтіндерді сканерлеуге (түсіріп алуға) болады. Дыбыс колонкалары - дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы.
Микрофон - компьютерге дыбыстарды жазу құрылғысы.
Джойстик - компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын нысандарды басқаруға арналған рычагты манипулятор. Сандық құрылғылар – деректерді жинақтау, жеткізу, қабылдау, бақылау, сақтау, түрлендіру сияқты қызметтер атқаратын заманауи электрондық жүйелер.
Есте сақта!
Компьютер және сандық құрылғылармен жұмыс жасағанда абай болу керек. Құрылғыларды компьютерге жалғағанда мұғалімнің немесе ересек адамның көмегіне жүгіну қажет. Дұрыс жалғанбаған құрылғылар күйіп кетуі мүмкін.
Міне қызық!
9 желтоқсан компьютердің тінтуір құрылғысының туған күні деп есептелді. Өйткені, діл осы күні 1962 жылы американдық Дуглас Карл Энгельбарт тінтуірді ойлап тапты.
| Жаңа тақырыпты меңгеру
|
| Презентация
(4-6 слайдтар)
| Талдау
| 1 тапсырма
Бос торға құрылғылардың атауын жазып толтырыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
Компьютер құрылғыларының атауларын жазып көрсету.
2 тапсырма
Компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларын өз жәшіктеріне орналастырыңдар.
Дескриптор
Білім алушы
Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары туралы біледі және ажырата алады.
| Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру
| Бағалау критерийлерін ұсыну
| Презентация
(7-10 слайд)
| Бекіту
| Сұрақтарға жауап берейік!
Компьютер деген не? Компьютердің құрылғыларын ата. Сандық құрылғыларға нелер жатады?
| Жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау
| Әр сұраққа жеке жауап береді.
| Презентация
(11 слайд)
| Қорытынды
| Сабақты қорытындылау, рефлексия
|
|
| Презентация
(12-13 слайд)
| |
|
|