Сабақтың кезеңі
| Мұғалім іс-әрекеті
| Оқушы іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Ұйымдастыру
| Тақырып: Тіл алфавиті. Синтаксис.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
– python программалау тілінде амалдарды жазу ережелерін біледі;
– python программалау тілінде программа жазуды үйренеді.
| Сабақта меңгеретін мақсаттарды білу
|
| Презентация (1-3 слайдтар)
|
Жаңа сабақ
| Жаңа сабақты түсіндіру Программалау тілінің синтаксисі:
Программадағы жолдардың соңына нүкте мен үтір қою міндетті емес;
Бірнеше команданы бір жолда нүктелі үтір (;) арқылы жазуға болады;
Программа жазу барысында басқа программалау тілдеріндегідей begin … end немесе/және {…} қолданылмайды. Қажет болған жағдайда олардың орнына 4 бос орын немесе шегініс (табуляция) қойылады.
Идентификаторлар (айнымалылар атауы) – әріппен басталатын цифрлар мен әріптер тізбегі. Яғни, идентификатор деп программада қолданылатын айнымалыларды айтамыз.
Идентификатор латын әріптерінен, төменгі сызу таңбасынан (_) және 0 мен 9 арасындағы цифрлардан құралады.
Айнымалы – мәні мен типі бар шама. Программамен жұмыс барысында айнымалылардың мәні өзгеріп отырады.
| Жаңа тақырыпты меңгеру
|
| Презентация (4-9 слайдтар)
|
Практикум
|
| Жаңа тақырыпты мұғаліммен бірге практикада қолдану арқылы меңгеру
| Бағалау критерийлерін ұсыну
| Презентация (10-12 слайдтар)
|
Бекіту
| Тақырыпты меңгергенін анықтау
№1-тапсырма.
Cәйкестендіріңіз. Python тілінде қолданылатын таңбаларды байланыстырыңыз.
№2-тапсырма.
Кез келген екі санды бөлгенде қалдығын анықтайтын программа құрыңыз. №1. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
№2. % амал қандай қызмет атқарады?
№3. Сандық деректерді енгізу үшін қандай функция қолданылады?
| Жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау
| Бағалау критерийлерін ұсыну
| Презентация (13-17 слайдтар)
|
Қорытынды
| Сабақты қорытындылау, рефлексия
|
|
| Презентация (18 слайд)
|