ғажайып кеш. ажайып кеш сценарийі ( Мерекені ертегі кейіпкерлеріні атысуымен ткіземіз) Тазша бала
Скачать 17.66 Kb.
|
“Ғажайып кеш” сценарийі ( Мерекені ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен өткіземіз) Тазша бала: -Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған мұнда біз бар! Тыңдамаған тыңдасын! Естімеген естісін! Ханшайым: -Хан патшасы сарайында Ғажайып кеш болады! Тамашаға жиналып Шат көңілді достарым Би билеп, ән салады! (Осы кезде Алдаркөсе мен Қожанасыр келеді) Алдар көсе: -Уф, әрең жеттік-қой! Ханшайым: -Бұлар кім өздері танымадым ғой?! Тазша бала: -Ханшайым,бұдар өзіміздің Алдаркөсе мен Қожанасыр аталарымыз ғой! Алдар көсе: -Мен Алдармын, Алдармын Досымын адал жандардың Жақсыға талай серік боп Жамандарды алдадым. Армысыздар балалар, “Ғажайып кешке” бізде келдік! Қожанасыр: -Иә, иә Асаламағалейкум балалар! Тойларың құтты болсын Достығымыз берік болсын Өнер-білім серік болсын. Ханшайым: -Кешіріңіздер аталар! Мен сіздерді танымай қалдым. Тазша бала: -Жарайды! Жоғары шығыңыздар. Кешіміздің құрметті қонағы болыңыздар. Жүргізуші: Ақ көңілім айналды аппақ қарға. Көңілдене қосыл сен, ән мен жырға “Ғажайып кеш” мерекеміз құтты болсын. Қуанышы көп болып жылдан жылға! (Осы жерде көңілді би орындалады. Мысалы: клоундар, қаршалар, көбелектер т.б.с) Жүргізуші: -Балалар, бүгінгі кешіміз көңілді өту үшін хан сарайына Маша мен аюды да шақырдық. Қане, қол соғайық. Маша мен аюды қарсы алайық! (Көңілді музыка әуенімен (мультитің) Маша мен аю келеді) Маша: -Сәлем, достар! Өздеріңмен күнде біргемін! Кеш көңілді өтсін деп біз де сендерге өз сыйлағымызды ала келдік! Аю: -Шат көңілді балалар Шаршағанды білмейді. Маша қызым бұл кеште Ән салып, би билейді! Машаның орындауында ән! (Шрэк келеді, Фиона, есек үшеуі. ) Шрек: -Опоо, қандай көңілді орта! Мұнда не болып жатыр деп, Фиона мен есекті де ертіп келдім. Фиона: - Шрэк қарашы, қандай сүйкімді балалар! Шрэк: -Фиона, есек! Қане, балалармен бірге көңілді тик-ток құрастырып билеп жіберейікші. Әйтпесе, менің ішім пысып кетер. Жүргізуші:-Шрэк, Фиона асықпаңдар! Тик-токтан басқа да көңілді ойындарымыз бар! Ормандығы достарымызды күтейік. (Осы кезде қоянды қуып қасқыр келеді)(музыка айналып қасқыр мен қоян залды айналып жүгіреді) Қасқыр: -Қап, бәлем қоян! Тоқта деймін. (қоян келіп балалардың артына тығылып қалады) -Қоянды көрмедіңіздер ме, балалар? Балалар: -Жо-о-оқ! Көрмедік! (Мыстанға музыка қойылып, сахнаға мыстан шығады) Мыстан: -Ха-ха-ха! Көк жал қасқыр, ақыры жете алмадың қоянға. Ал, балалар, мен өзімнің сиқырлы сыпырғыммен мына жерді шаңғытсам, қоянды тауып аламын. Балалар: -Жооқ! Жүргізуші: -Мыстан апа, қасқыр! Қоянға тиіспеңдер, келіңдер, одан да барлығымыз бірге би билейік! |