сөйлеу. айырлы кн рметті ріптестер! Бізді тренеріміз Стжан Крібайлы!
Скачать 31.88 Kb.
|
Қайырлы күн құрметті әріптестер! Біздің тренеріміз Сәтжан Кәрібайұлы! Және бізді бағалайтын менеджер Мұхаммад Төлегенович. №25 ЖББМтің информатика пәні мұғалімі Бақыт Қамбарқызымын.Жалпы 1 айға созылған 160 сағаттық курс негізінде педогогикалық шеберлік орталығы бекіткен таныстырылым бойынша өзімнің таныстырылымымды бастаймын. Жалпы 8 сыныптың 5 - бөлім Python пайтон) программалау тілінде алгоритмдерді программалау бөлім ішіндегі Алгоритмді әзірлеу тақырыбы , оқу мақсаты 8.3.1.1 Python (пайтон) программалау тілінде тапсырма модельдерін жасау; 2 бөлімде менің мақсатым туралы, яғни бұл мақсатты мен оқу мақсатынан шығардым. Жалпы менің оқу мақсатым оқу бағдарламасына сәйкес келеді.Сонымен қатар менің сабақ мақсатым оқу мақсаттарына сәйкес келеді.және де сабағымның мақсаты смарт форматында ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкес тұжырымдалған. Енді сабағымның жалпы мақсатына тоқтала келетін болсақ Барлық оқушылар Жиі қолданатын заң алгоримдерді білу, Көптеген оқушылaр: Циклдік алгоримдерді пайдаланып, есептердің қарапайым алгоримдерін құру; Кейбір оқушылар: Күрделі алгоримді әзірлеу; сабағымның мақсатынан бағалау критериилері анықталды. Жиі қолданатын заң алгоримдерді біледі; Циклдік алгоримдерді пайдаланып, есептердің қарапайым алгоримдерін құра алады; Күрделі алгоримді әзірлеуді жобалайды; Және сабағымның барысында Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды жеке ерекшеліктеріне қажетке аламын. Яғни менің сыныбымда 1-топтың Есту қабілеті төмен 30 % орта деңгейдегі оқушы бар. Бұл оқушыға сабақ барысында ,алдыңғы орынға отырғызып, менің жеке назарымды болатыны анық. Оқыту әдістері сабақ барысында сабақтың мақсатына жетуіне ықпал етеді.Сабағымның басында мен оқушылармен амандасып, түгендеймін.Сабаққа жағымды атмосфера қалыптастыру мақсатында «Жағымды тілектер алқасы» әдісін қолданамын. Оқушылар жұпқа бірігіп, қарама-қарсы тұра қалады. бір-бірінің жүздеріне тіке қарап, бір-біріне «Мен саған жүрекшені беремін, себебі сен ......қайырымды адамсыз.» деп сөзді жалғастырады. Әр қатысушы жүрекшені алып, өз тілегін шаттық шеңбері бойынша жұбына береді. Осы орайда оқушының іс-әрекеті бұл тапсырмада барлық оқушылар бір-біріне деген жақсы тілектерін білдіруге көмектеседі . Топқа бөлу: Ынтымақтастық ортада рөлдік функцияны бөле отырып, бірін-бірі жетілдіру мақсатында сыныпқа «Түрлі-түсті» топқа бөлу әдісі арқылы сурет қиықтыры беріледі. Оқушылар түрлі-түсті қиындыларды тандап, топ ережесін құрып,топтасады. . Өткен сабақты пысықтауда: өткен тақырыпты қайталай отырып, жаңа біліммен ұштастыру мақсатында интербелсенді тақтада «Google тест» платформасында сұрақтар беріледі. Тапсырмалардың ашық түрі, «Бір жауапты сұрақтар» әдісі арқылы. дербес компьютерге енгізетін гипер сілтемесі беріледі. Нәтижесінде гиперсілтені енгізіп, үш топ жарыса отырып, жауап береді. Өткен сабақты пысықтау сұрақтары алдыңғы білімдегі түсінбей қалған сұрақтардан қамтылған болатын. Яғни проблемалық сұрақ өткен сабақты бекітуде кеткен кемшіліктерден тұратын. Мен жаңа тақырыпты ашу мақсатында «Адасқан әріптер» әдісі арқылы www.wordwall.ne платформасы арқылы оқушыларға бүгінгі тақырыптың әріптердің орнын ауыстырып ,тақтаға шығарамын. Оқушылар сол әріптердің орнын ауыстыру арқылы сабақтың тақырыбын ашады. Осы жерде бағалау түрі: формативті бағалау Керемет! Жарайсыздар! Деп ауызша бағалап кетемін. Жаңа тақырыпты түсіндіруде: Жиі қолданатын заң алгоримдерді білу мақсатында оқулықтағы білімді пайдалана отырып, Алгоритмді әзірлеу» тақырыбына ой қозғаймын. Жаңа тақырып бойынша алгоритмді әзірлеу туралы толықтыру мақсатында қосымша ресурс YouTube желісінен оқулықтан тыс қызықты ақпараттар интербелсенді тақтадан көрсетемін. Оқушылардың іс-әрекеті қосымша берілген ақпараттарды дәптерлеріне түртіп жазып алады. Кезеңдік білімді пысықтау мақсатында тапсырманың жабық түрі: «Excel» бағдарламасында кестемен жұмыс қолданамын. Әр топқа дербес компьютермен «Алгоритмді әзірлеу» тақырыбын түсінгендіктерін анықтау мақсатында төңкерілген білімді қолдана отырып, өздігінен білімді жетілдіру функциясы жүзеге асады, нәтижесінде Арнай бағдарламада топта жұмыс жасай отырып, оқулықтағы барлық білімді қамтыды.Жаңа білімді жинақтау мақсатында оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттарының орындалысы бойынша жаңа сабақтың бекіту бөлімінде сабақтың қанша пайыз өз мақсатына жеткенін анықтау үшін Айдоби Флаш флайр қосымшасын пайдаландым. Нәтижесінде оқушыларға дербес компьютерде ссылка жіберіліп әр оқушы бекіту сұрақтарына жауап береді. Сабақтың үш бағыты кезеңін жүйе автоматты түрде бағалайды ЖТ «жеке жұмыс» Блум Таксаномиясының «бағалау,талдау» Саралаудың «нәтижесі» Бұл жерде компьютер жүйесі автоматты түрде бағалайды.статистикалық анализ жүргізіп, әр оқушының жеке ұпайын бағаға айналдырады. Кері байланыста Білемін Білгім келеді Білдім әдісі арқылы тақтаға оқушылар стикер жабыстыра отырып, Айдоби Флаш флайр қосымшасындағы тест тапсырмасымен аяқтайды. Үй тапсырмасын бремін, Енді таныстырылымның 4 –ші беті.тапсырмаларға бағытталады. Менің тапсырмаларым оқу мақсатына қол жеткізудің бағалау кретириімен ойлау дағдыларына деңгейлеріне сәйкес келеді.менің тапсырмаларым оқушылардың функционалдық сауттылығын дамытуда бағытталған.Менің тапсырмаларым ұлттық құндылыққа негізделген, сонымен қатар ерекше білім берудегі қажеттіліктерге сәйкес келеді. Енді мен тапсырмаларыма тоқтала келетін болсам, топта, топтан жұпқа,жұптан жекеге шығамын.яғни 1-ші топтық тапсырмам 1-ші мақсатқа бағытталады.бұл жердегі смарт мақсат Боялған 7 түстің 1- түсі шығу керек. Бағалау кретирииі жиі қолданылатын заң алгоритмдерін біледі Топтық тапсырмадан жұптық тапсырмаға көшемін 2-ші жұптық тапсырмам 2-ші мақсатқа бағытталады.бұл жердегі смарт мақсат Сағат саны мен минут саны,тәуліктегі минуттар санын шығару болып табылады. Бағалау критерийлері Циклдік алгоримдерді пайдаланады ; ( 3 тапсырмам жұптық тапсырмадан жеке жұмыс тапсырмаға көшемін 3 -ші жеке жұмыс тапсырмам 3-ші максатқа бағытталады. бұл жердегі смарт мақсат қажетті алма санын шығару. Бағалау критерийлері Күрделі алгоримді әзірлеуді жобалайды; (4 тапсырма) қалыптастырушы бағалаудың жеке жұмыс тапсырмалары Ерекше Білімді Қажет Ететін 3.1 қосымшасы яғни окушы дайын формула арқылы дайын есепті шығарады. 5 бет Презентацияның соңғы беті. Мен смарт мақсаттарды айтып кеттім. Презентацияның соңғы бетінде ресурстар көрсетілген. Жалпы сабақ барысында мен осы ресурстрды қолдандым . Назарларыңызға рахмет. Әділ бағалайды деген ойдамын. |