Главная страница

Атомдық физика тест 300. Атом физикасы eп193к1,2,3,4


Скачать 434 Kb.
НазваниеАтом физикасы eп193к1,2,3,4
Дата11.12.2021
Размер434 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаАтомдық физика тест 300.doc
ТипДокументы
#299754
страница3 из 4
1   2   3   4



  1. Мына белгілеулердің ішінен β-бөлшекті көрсетіңіз




  1. Мына белгілеулердің ішінен протонды көрсетіңіз




  1. Мына белгілеулердің ішінен нейтронды көрсетіңіз




  1. Өз бетінше газдық разряд элементар бөлшектердi тiркейтiн қандай аспапта қолданылады:

Гейгер-Мюллер тіркегіші


  1. Өзбетінше емес газдық разряд лементар бөлшектердi тiркейтiн қандай аспапта қолданылады:

Пропорциональдық тiркегiш


  1. Лептон тобына жататын элементар бөлшектер:

Электрон, электрондық нейтрино, мюон, мюондық нейтрино, таон, таондық нейтрино


  1. Мезондар тобына жататын элементар бөлшектер:

Пион, каон, эта-мезон


  1. Бариондар тобына жататын элементар бөлшектер:

Протон, нейтрон, гиперондар


  1. Адрондар тобын құрайтын элементар бөлшектер:

Мезондар, бариондар


  1. Гиперондарға жататын элементар бөлшектер:

Лямбда, сигма, кси, омега


  1. Кварк ұғымын ендірген оқымыстылар

Дж. Цвейг, Гелл-Манн


  1. Алғашқы Гелл-Манн – Цвейг моделі бойынша сол кездегі белгілі адрондарды қанша кварктерден құрастыруға болатын еді

Үш кварктен және үш антикварктен


  1. Кварктерді сипаттайтын шамалар

Келтірілгендердің барлығы


  1. Кварктердің белгіленуі

u, d, s


  1. Антикварктердің белгіленуі




  1. Бариондарды үш кварктен құрастырған кезде Паули принципі бұзылмау үшін кварктерге қосымша қандай кванттық сипаттама берілген

Түстер: «сары», «көк», «қызыл»


  1. Ядролық сәулеленудің затқа әсері

Механикалық, химиялық, биологиялық


  1. Ядролық сәулеленуден тірі жәндіктердің залалдануының алғашқы радиобиологиялық процестері

Келтірілгендердің барлығы


  1. Ядролық сәулеленуден ағзамның зақымдануының дамуы

Келтірілгендердің барлығы


  1. Жұтылған дозаның мөлшеріне қарай қатты сәулелік ауырудың дәрежелері

Келтірілгендердің барлығы


  1. Ядролық сәулеленудің дозасын өлшейтін аспап қалай аталады

Дозиметр


  1. α-сәулеленуден қорғану жолы

Сәуленің ағзамның демалу, жұту жолдарынан және терінің жарақаттанған жерлерінен өтуін сақтау


  1. β-сәулеленуден қорғану жолы

Қалыңдығы сәулені толық жұтуға жеткілікті қалқандар қолдану


  1. Нейтрондық сәулеленуден қорғану жолы

Екі қабат қорғанды – болаттан және т.б., бетоннан -қолдану

  1. Резерфорд тәжірибесінде не себептен өте жұқа металл фольга пайдаланылады

α-бөлшектердің атом ядроларымен көп реттік соқтығысу ықтималдығын төмендету үшін


  1. Атомның ғаламшарлық-ядролық моделі.... тәжірибесінен кейін тағайындалды

Резерфорд


  1. Резерфорд тәжірибесінде нысананы атқылау үшін қандай бөлшектер пайдаланылды

α- бөлшектер


  1. Резерфорд формуласы




  1. Денелік бұрышқа dΩ α- бөлшек шашырау үшін дифференциалдық эффективтік қима дегеніміз не

Денелік бұрышта dΩ, уақыт бірлігінде шашыраған атомдардың санының, түскен бөлшектердің интенсивтілігіне І қатынасы


  1. Резерфорд тәжірибесінен шығатын бірінші маңызды қорытынды

Элементтердің периодтық жүйесінде, элементтер атомдық массалардың артуы бойынша емес, Ze зарядының артуы бойынша орналасады


  1. Резерфорд тәжірибесінен шығатын екінші маңызды қорытынды

Атомның оң заряды шамамен 10-15 м аймақта шоғырланған. Бұл аймақ атомның ядросы деп аталады. Атомның барлық массасы, оның ядросында шоғырланған


  1. Неліктен Резерфордтың атом моделі ғаламшарлық деп аталынады

Өйткені, атомның центрінде ауыр оң зарядталған ядро орналасқан, оның төңірегінде, Күнді айналып жүрген ғаламшарлар секілді, жеңіл, теріс зарядталған электрондар айналып жүреді


  1. Сәуле шығару спектрлерін қоздыру тәсілдерін атаңыз

Жылулық сәуле шығару, люминесценцияның әртүрлі түрлері


  1. Жылулық сәуле шығаруда энергия көзі болып........ саналады

Атомдар және молекулалардың жылулық қозғалысының кинетикалық энергиясы


  1. Люминесценция дегеніміз не

Қоздыру механизмі үшін кинетикалық энергияның мәні жоқ барлық жарық шығару түрлері


  1. Электролюминесценция дегеніміз не

Электрлік разрядтың барлық түрлеріндегі жарқырау


  1. Хемилюминесценция дегеніміз не

Атомдардың қозуы химиялық реакция нәтижесінде болатын сәуле шығару


  1. Флуоресценция дегеніміз не

Жарықты жұтқан кезде қозған атомдардың сәуле шығаруы


  1. Жоғары температураға дейін қыздырылған денелер...... шығарады

Тұтас спектр


  1. Атомдар және иондар ....... шығарады

Сызықтық спектр


  1. Сызықты спектрдің түрі атомды қоздыру тәсіліне тәуелді ме

Тәуелсіз


  1. n артқан кезде спектралдық сызықтардың қоюлануын классикалық электродинамика түсіндіре ала ма

Түсіндіре алмайды


  1. Спектралдық сериялардың шекарасынан ( n = ∞) әрі не басталады

тұтас спектр


  1. Атомдағы электрондардың импульс моментінің квантталу ережесі

mvr = n (n = 1,2,3,…)




  1. Ритцтің комбинациялық принципі

Барлық шығарылатын жиіліктерді спектралдық термдердің комбинациялары ретінде көрсетуге болады


  1. Іріктеу ережесі дегеніміз не

Термдердің қайсысының комбинациялары мүмкін, ал қайсысы тыйым салынған екендігінің ережесі


  1. Бордың жиіліктер ережесі өрнегі

hv = En - Em


  1. Атомдағы электронның стационар орбитасының радиусы




  1. Сутегі тектес атомдардағы бірінші Бор радиусы




  1. Іргетасты тұрақтылар арқылы Ридберг тұрақтысын өрнектейтін формула




  1. Сутегі атомының иондалу энергиясы




  1. Сутегі атомының спектрінде электрондардың....ауысу нәтижесінде Бальмер сериясы шығарылады

үшінші, төртінші және т.б. орбиталардан екінші орбитаға


  1. Сутегі атомының спектрінде электрондардыңң....ауысу нәтижесінде Лайман сериясы шығарылады

екінші, үшінші және т.б. орбиталардан бірінші орбитаға


  1. Сутегі атомының спектрінде электрондық...ауысу нәтижесінде Пашен сериясы шығарылады

төртінші, бесінші және т.б. орбиталардан үшінші орбитаға


  1. Бор бойынша сутегі атомының теориясының мәні

Ядроның кулондық өрісінде қозғалатын электронның дөңгелек стационарлық орбитасының квантталу ережесін ұсынды


  1. Атом күйлерінің дискреттілігінің дәлелдемесі қандай тәжірибеде алынды

Франк-Герц


  1. Франк-Герц тәжірибесінде үдетілген электрондардың....атомдарымен соқтығысуы қарастырылған

Сынап


  1. Франк-Герц тәжірибесінде....алынды

токтың айқын максимумы және минимумы бар вольтамперлік сипаттамасы


  1. Франк-Герц тәжірибесінде алынған вольтамперлік сипаттамада көрші максимумдардың аралығы....тең

4,9 В


  1. Франк-Герц тәжірибесінде алынған потенциал резонансының мәні

4,9 эВ


  1. Бор теориясының кемшіліктері

Келтірілгендердің барлығы


  1. Келтірілгендердің ішінен, сутегі атомына Бордың теориясын қолданғанда, дұрыс нәтиже беретінін көрсетіңіз

спектралдық сызықтардың жиілігін есептеуде


  1. Жарықтың корпускулдік қасиетін куәлендіретін құбылыстар

Фотоэффект, Комптон эффектісі


  1. Кванттық объектінің бір мезгілде корпускулдік және толқындық қасиетке ие болуын қалай атайды

Корпускулдік-толқындық дуализм


  1. Жарық квантты қалай атайды

Фотон


  1. Де Бройль гипотезасының эксперименталдық дәлелдемесі алынған тәжірибе

Дэвидсон және Джермер


  1. Дэвидсон және Джермер тәжірибесінде никель монокристалына шағылған....дифракциясы бақыланды

электрондардың


  1. Дэвидсон және Джермер тәжірибесінде электрондық толқындардың дифракциясы......әдісі бойынша бақыланды

Брэг


  1. Томсон және Тартаковский тәжірибесінде электрондардың дифракциясын бақылау үшін..... әдісі пайдаланылды

Дебай – Шерер


  1. Томсон және Тартаковский тәжірибесінде..... өткендегі электрондар шоғының дифракциясы бақыланды

металл поликристалдық фольгадан


  1. Қандай тәжірибеде бақыланатын толқындық қасиет бөлшектер шоғының қасиеті емес, жеке бөлшектің қасиеті екендігі дәлелденді

Фабрикант, Биберман, Сушнин


  1. Фабрикант, Биберман, Сушнин тәжірибелерінде дәлелденген тұжырым

Бақыланатын толқындық қасиет бөлшектер шоғының қасиеті емес, жеке бөлшектің қасиеті


  1. Де Бройль теңдеуінің дұрыстығының дәлелдемесі....дифракциясын бақылағанда да алынды

Нейтрондар мен молекулалық шоқтардың


  1. Де Бройль толқындарының фазалық жылдамдығының дұрыс қатынасын көрсетіңіз

vФ > c


  1. Де Бройль толқындарының топтың жылдамдығының дұрыс қатынасын көрсетіңіз

(v – бөлшектің жылдамдығы)


  1. Қандай функцияны толқындық функция деп атайды және оның белгіленуі

Ықтималдылық толқындарының амплитудасын, оның белгіленуі ψ (х,у,z, t)


  1. Толқындық функция – бұл .... шама

комплекстік


  1. Толқындық функцияның модулінің квадраты арқылы нені анықтайды

Координаталары x,y,z нүктенің төңірегіндегі көлем бірлігінде бөлшекті табу ықтималдығы


  1. Толқындық функцияға қойылатын талап

көрсетілгендердің барлығы


  1. Электронның ядродан орташа қашықтығын есептейтін формула




  1. Ықтималдықтың нормалау шарты нені білдіреді

Бөлшек барлық кеңістікте сенімділікпен байқалады


  1. Гейзенбергтің бөлшектің координаталары мен импульстері үшін анықталмаушылықтар қатынасының шын мағынасы

Бұл, табиғатта координаталарының х және импульстерінің р , нақты мәндері бар бөлшектің күйі кездеспейді деген факт


  1. Электрондық микроскоптың үлкейту шегін не анықтайды

Координаталар мен импульстер үшін Гейзенбергтің анықталмаушылықтар қатынасы


  1. Гейзенбергтің анықталмаушылықтар қатынасынан қандай қорытынды келіп шығады

Бөлшек толық тыныштықта болатын күйі мүмкін емес


  1. Кванттық механикада толық энергияны кинетикалық және потенциалдық энергиялары болудың неге мағынасы жоқ

Бұл шамалардың біреуі координаталарға, екіншісі импульске тәуелді, сондықтан анықталмаушылықтар қатынасы бойынша бұл айнымалылар бір мезгілде белгілі мәндерге ие бола алмайды


  1. Сызықты гармоникалық осциллятор дегеніміз не

Бұл квазисерпімді күштің әсерінен бірөлшемді қозғалыс жасайтын жүйе


  1. Туннельдік эффект дегеніміз не

Микробөлшектің потенциалдық бөгеттен өтіп кетуі


  1. Орбиталдық кванттық сан l нені анықтайды

Атомдағы электронның импульс моментін


  1. Магниттік кванттық сан me нені анықтайды

Берілген бағыттағы электронның импульс моментінің проекциясын


  1. Спиндік кванттық сан ms нені анықтайды

Электронның өзіндік ішкі механикалық моментін


  1. Бор теориясын квантомеханикалық теориямен салыстыру нені көрсетеді

Энергияның дискретті мәндерін алу үшін Бор қосымша гипотеза ендірсе, ал кванттық механикада бұл тікелей Шредингердің теңдеуінен келіп шығады


  1. Кванттық сан ms-тің болуы магнит өрісінде қандай нәтижеге алып келеді

Бас кванттық сан n-ге сәйкес деңгейдің 2l+1 деңгейшелерге жіктелінуіне алып келу керек


  1. Сутегі атомы әртүрлі қанша күйлерде бола алады

1   2   3   4


написать администратору сайта