Главная страница

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы test 2022. азастан Республикасыны кімшілік ыы


Скачать 42.59 Kb.
Названиеазастан Республикасыны кімшілік ыы
Дата07.11.2022
Размер42.59 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҚазақстан Республикасының әкімшілік құқығы test 2022.docx
ТипДокументы
#773585
страница3 из 3
1   2   3

Барлық жоғарда айтылған тұлғаларға қолданыла береді.
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып мыналар танылады:

Кінәлі адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарды бодырмауы, залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірген зиянды жоюы.

Әкімшілік құқық бұзушылықты күшті жан толқынысының әсерімен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау.

Уәкілетті адамдардың талап етуіне қарамастан құқыққа қарсы мінез-құлықты жалғастыра беру.

Бұрын жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жазалауға ұшыратылған, мерзімі бітпеген адамның  біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты 1 жыл ішінде қайталап жасауы.

Кәмелетке толмаған адамдарды әкімшілік құқық бұзушылыққа тарту.
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар болып мыналар танылады:

Кінәлі адамның біле тұра ауыр психикалық аурумен ауыратын адамдарды, не әкімшілік жауаптылық туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тартуы.

Адамға немесе оның жақындарына қатысты белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіптік немесе қоғамлық борышын орындауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау.

Кінәлі адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарды бодырмауы, залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірген зиянды жоюы.

Әкімшілік құқық бұзушылықты  күшті жан  толқынысының әсерімен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау.

Әкімшілік құқық бұзушылықты жүкті әйелдің немесе 3 жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективті жағының нысаны:

Қасақана.

Абайсызда.

Мақсатсыз.

Мақсатты.

Күшпен.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың объективті жағына жатады:

Құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік.

Құқық бұзушылықтың сипаты.

Құқық бұзушылықтың мақсаты.

Құқық бұзушылықтың іске асуы.

Құқық бұзушылықты жасаушы тұлға.
Әкімшілік процеске мынадай елеулі ерекшеліктер тән:

Заң жүзінде нәтижелі қызмет, яғни тек соны қолданудың арқасында ғана тиісті нәтижеге қол жеткізуге болатын құқықтық тәртіп.

Іс жүргізу құжаттарында қызмет нәтижелерін міндетті түрде рәсімдеу.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық оқиғасының болуы.

Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартудың ескіру мерзiмдерiнiң өтпеуі.

Әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi жойылуы.
Әкімшілік процестің субъектілері бола алады:

Жеке тұлға.

Заңды тұлға.

Мемлекет.

Қоғам.

Халық.
Қазақстан Республикасында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу қай тілде жүргізіледі:

Мемлекеттік тілде.

Қажет болған кезде орыс тiлi немесе басқа да тiлдер.

Тек қана қазақ тілінде.

Тек орыс тілінде.

Ағылшын тілінде.
Бақылау – объектілердің белгіленген көрсеткіштерден (параметрлардан) ауытқуларын жою мақсатында оның қызмет ету процесін:

Тексеру жүйесі.

Байқау жүйесі.

Анықтау жүйесі.

Талдау жүйесі.

Зерттеу жүйесі.
Басқарудағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету тиісті мемлекеттік құрылымдардың мынандай әрекеттерін анықтайды:

Заңдылық пен тәртіпті бұзған кінәлілерді тиісті жауапқа тартуға.

Заңдылық пен тәртіпті бұзудың себептері мен жағдайларды тыюға бағытталған шараларды қалыптастыруға және орындауға.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар.

Тиісті бақылауда болған объектінің функциясына байланысты бақылау.

Заңдылық пен тәртіпті бұзушылықтарды алдын алу және жою бойынша шаралар қолдану.
Бақылаудың мәні мен маңызы:

Тиісті бақылауда болған объектінің функциясына байланысты бақылау.

Заңдылық пен тәртіпті бұзушылықтарды алдын алу және жою бойынша шаралар қолдану.

Заңдылық пен тәртіпті бұзған кінәлілерді  тиісті жауапқа тартуға.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар.

Басқару субъектілері бойынша бақылау.
Негізгі жазалар:

Ескерту.

Әкімшілік қамауға алу.

Айыппұл.

Арнаулы құқықтан айыру, өтеммен төлеп алып қою.

Өз бетімен салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау, әкімшілік қамауға алу.
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болып, істің жағдайына байланысты табылатын мән-жай ол:

Құқық бұзушылықты мас күйінде жасауы.

Бір жыл ішінде кайталап біркелкі құқық бұзушылықты жасауы.

Кәмілетке толмағанды құқық бұзушылыққа тарту.

Құқық бұзушылықты бір тобпен ұйымдасып жасау.

E) Барлық жоғарда айтылған мән-жайлар.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға әзiрлеу кезiнде судья, орган (лауазымды адам) қабылдайтын шешiмі қандай:

Істi қарауды кейiнге қалдыру туралы.

Іс бойынша адамдарды шақыру, қажеттi қосымша материалдарды талап етіп алдыру туралы, қажет болған жағдайда сараптама тағайындау туралы.

Істiң қаралу уақыты мен орнын тағайындау туралы.

Егер осы iстi қарау құзыретiне жатпаса не судьяға ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарауға беру туралы.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа да материалдарын ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарауға беру туралы.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау нәтижелерi бойынша шешiмдердiң түрлерi:

Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы.

Іс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы.

Істi осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн өзгеше түрде немесе мөлшерде жаза қолдануға құқылы судьяның, органның (лауазымды адамның) қарауына беру туралы.

Қылмыстық жаза қолдану туралы.

Іс бойынша іс жүргізуді бір жылға кейін қалдыру туралы.

Іс бойынша іс жүргiзудi тоқтату туралы қаулы қай жағдайда шығарылады:

Іс бойынша iс жүргiзудi болғызбайтын мән-жайлар болған жағдайларда.

Тұлғаны тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін іс материалдары тиісті органдарға берілетін жағдайларда.

Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар болған жағдайларда.

Қылмыстық жауаптылыққа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар болған жағдайларда.

Қаулы шығарған судьяның, лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты-жөні болмаған жағдайда.
Шағымның (наразылықтың) мазмұны:

Шағым немесе наразылық берушiнiң тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) (заңды тұлғаның дәл атауы), тұрақты тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi (пошта мекенжайы .

Шағым жасалып немесе наразылық келтіріліп отырған құқықтық актiнiң немесе әрекеттiң мазмұны, сондай-ақ шағым немесе наразылық берушi құқықтық акт немесе әрекеттер өзiнiң құқықтарын және бостандықтарын бұзады деп есептейтiн себептер.

Құқықтық актiсiне немесе әрекетiне наразылық берiлiп отырған органның немесе мекеменiң атауы не лауазымды адамның тегi мен лауазымы.

Шағым немесе наразылық берушi айқын тұжырымдаған сенімхат көрсетiлуге тиiс.

Шағымға немесе наразылыққа оны берушi қол қояды. Заңды тұлғаның атынан берiлетін шағымға сол беруші не кез келген тұлға қол қояды.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарау мерзiмдерi:

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiшхаттар түскен жағдайларда не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде шағымды, наразылықты қарау мерзiмiн iстi қарап жатқан жоғары тұрған судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) ұзартуы мүмкiн, бірақ он тәуліктен аспайды.

Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулыға шағым, наразылық, егер жауаптылыққа тартылған адам әкiмшiлiк қамаққа алуды өтеп жатса, шағым немесе наразылық берiлген кезден бастап бiр тәулiк iшiнде қаралуға жатады.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық түскен күнінен бастап он тәулік ішінде қаралуға жатады.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiшхаттар түскен жағдайларда не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде шағымды, наразылықты қарау мерзiмiн iстi қарап жатқан жоғары тұрған судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) ұзартуы мүмкiн, бірақ он төрт тәуліктен аспайды.

Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулыға шағым, наразылық, егер жауаптылыққа тартылған адам әкiмшiлiк қамаққа алуды өтеп жатса, шағым немесе наразылық берiлген кезден бастап жеті тәулiк iшiнде қаралуға жатады.
Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарауға кiрiскенде:

Шағымды, наразылықты кiм қарайтынын; қандай шағым, наразылық қаралуға жататынын; шағымды, наразылықты кiм бергенiн жариялайды.

Іс бойынша өзiне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң, сондай-ақ шағымды, наразылықты қарауға қатысу үшiн шақырылған адамдардың келгенiне көз жеткiзедi.

Жеке немесе заңды тұлға өкiлдерiнiң, қорғаушының және өкiлдiң өкiлеттiктерін тексередi.

Қаулыны өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы; қаулыны өзгертпеу туралы шешім қабылдайды.

Іс бойынша қаулының күшiн жоймау туралы;егер шағымды, наразылықты қарау кезiнде қаулыны құқығы жоқ судья, орган (лауазымды адам) шығарғаны анықталса, қаулының күшiн жою және iстi ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарауға жiберу туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының күшiн жоюға не оны өзгертуге және қаулы шығаруға негіздер:

Судьяның, органның (лауазымды адамның) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, наразылықты қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi.

Әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңның дұрыс қолданылмауы.

Қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк жағдайына сәйкес келмеуi.

Судьяның, органның (лауазымды адамның) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, наразылықты қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келуі.

Әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңның дұрыс қолданылуы.
Қандай жағдайда қаулының күшi жойылуға жатады:

Қаулыны әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкілеттік берілмеген судья, орган (лауазымды адам) шығарса.

Қорғаушының қатысуы заң бойынша мiндеттi болып табылғанда іс оның қатысуынсыз қаралса немесе өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның қорғаушы алу құқығы өзге де жолмен бұзылса.

Өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамның ана тiлiн немесе өзi бiлетiн тiлдi және аудармашы көрсететін қызметтерді пайдалану құқығы бұзылса.

Өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаға iстiң мән-жайлары туралы түсiнiктеме беру құқығы берiлсе.

Қаулыны әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкілеттік берілген судья, орган (лауазымды адам) шығарса.
Қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін қандай негіздер қажет:

Құқық бұзушыға, жәбірленушіге белгілі болмаған және белгілі болуы мүмкін емес, іс үшін маңызды мән-жайлар.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің осы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істе қолданылған заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп тану.

Қаулыны шығаруға негіз болған соттың шешімін, үкімін, ұйғарымын немесе қаулысын не өзге де мемлекеттік органның (лауазымды адамның) құқықтық актісінің күшін жою.

Арыздың белгіленген мерзім өткеннен кейін берілгенін және мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхаттың болмауын немесе арыз берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіруден бас тартылғаны.

Қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды сот, орган (лауазымды адам) отырыста қарайды. Арыз беруші және іске қатысатын тұлғалар отырыстың уақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда олардың келмеуі арызды қарауға кедергі болып табылмайды.
Арыз беруші тұлға туралы қандай мәліметтер қажет:

Жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), телефонның, факстің, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы.

Заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан жері, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі мен күні, телефонның, факстің, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы.

Жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты , телефонның, факстің, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және электрондық мекенжайы; заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан жері, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, телефонның, факстің, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және электрондық мекенжайы.

Жеке тұлғалар үшін - атауы, орналасқан жері, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі мен күні, телефонның, факстің, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы.

Заңды тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), телефонның, факстің, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы.
Арыздың нысаны қандай:

Қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз жазбаша нысанда.

Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында.

Арызға арыз беруші тұлға немесе оның уәкілетті өкілі қол қояды.

Арыздың көшірмелері іске қатысатын тұлғаларға жіберілуі міндетті емес.

Арызды іс жүргізуге қабылдау туралы шешім шығарылады.
1   2   3


написать администратору сайта