Главная страница
Навигация по странице:

  • Қажетті құрал -жабдықтар

  • Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

  • Шаттық шеңбер «Ізгі сөздер»

  • Ұйымдастыру- іздестіру

  • Рефлексивті- түзетушілік

  • Күтілетін нәтиже: .Білуі тиіс

  • 3 сандарын салыстыру (1). Білім беру саласы Таным Блімдері арапайым математикалы тсініктерін алыптастыру Сабаты таырыбы 2 жне 3, жне 3 сандарын салыстыру


    Скачать 20.36 Kb.
    НазваниеБілім беру саласы Таным Блімдері арапайым математикалы тсініктерін алыптастыру Сабаты таырыбы 2 жне 3, жне 3 сандарын салыстыру
    Дата22.01.2022
    Размер20.36 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла3 сандарын салыстыру (1).docx
    ТипДокументы
    #339040

    Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы

    ІІ –кіші топ

    Білім беру саласы: Таным

    Бөлімдері: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру

    Сабақтың тақырыбы: «2 және 3, және 3 сандарын салыстыру»

    Мақсаты:Екі топтағы заттардың тең және тең еместігін анықтауға үйрету. Үшке дейін санау машығын жетілдіру. Затарды шамасына қарай салыстыру дағдысын дамыт. Геометриялық фигуралардың аттарын атай отырып, топтастыруды жалғастыру. Ұсақ қол маторикаларын дамыту. Сипап сезу қабілеттерін аттыру. Монтесори элеметтері қолдана отырып, баланы жан –жақты тәрбиелеу.

    Көрнекіліктер: 1,2,3 сандарының карточкасы, 1,2,3 сандарына байланысты суреттер, фигуралардың суреттері.

    Қажетті құрал -жабдықтар: монтессори материалдары.

    Сөздік жұмысы: бір –один –one, екі –два –two, үш –три –three.

    Билингвальді компонент:


    Іс-әрекет

    кезеңдері

    Тәрбиешінің іс-әрекеті

    Балалардың іс-әрекеті

    Мотивациялық-

    қозғаушылық

    Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Бүгін бізге қонақтар келді. Қане, бәріміз шатық шеңберге тұрып, қонақтармен, бір –бірімізбен амандасып алайық.

    Шаттық шеңбер

    «Ізгі сөздер»

    Бақшамызға барғанда,

    Жолыққан бар жандарға,

    Ертемен, ақ пейілмен,

    «Қайырлы таң!» - деймін мен.

    Күндіз де елді елеймін:

    «Қайырлы күн!» - тілеймін.

    Үйге кешке келемін,

    Не дерімді білемін:

    «Кеш жарық!» - деп кіремін.

    -Балалар, біз сендермен нешеге дейін санап үйрендік?

    -Қане, бәріміз бірге санайықшы.

    Бірнеше балаларға жеке –жеке және барлығына қазақ тілінде, орыс тілінде және ағылшын тілінде санату.



    Балалар өлең жолдарын қайталап, бір-бірімен , қонақтармен амандасады.


    2-ге дейін.
    Бір, екі.

    Один, два.

    One, two.


    Ұйымдастыру-

    іздестіру

    3 санын көрсету.

    -Мынау үш саны. Ол екіден кейін тұрады. Үш екіден және бірден көп. Қане,бәріміз бірге санайықшы.

    -Бір, екі, үш.

    Топтап, және жеке –жеке санату.

    Билингвальды компонент: бір-один-one, екі-два-two, үш –три –three.

    -Бұл не?

    -Неше мысық көріп тұрсыңдар?

    -Ал мына суретте не көріп тұрсыңдар?

    -Неше қоян бар екенін санайықшы.

    -Неше қоян?

    -Ал мына суретте не көріп тұрсыңдар?

    -Неше арыстан бар екенін бірге санайықшы.

    -Ал енді айтыңдаршы бір мысық көп пе, екі қоян көп пе, алде үш арыстан көп пе?

    -Иа, дұрыс айтасыңдар. Үш бірден, екіден көп. Үш екіден кейінгі сан.

    Сергіту сәті:

    Орнымыздан тұрайық,

    Қолды белге қояйық.

    Бір адым алдыға,

    Бір адым артқа,

    Оңға бір иіліп,

    Солға бір иіліп,

    Бір отырып, бір тұрып,

    Сәл тыңығып алайық.

    -Ал енді балалар фигураларды еске түсірейік. Мынау қандай фигура?

    -Ал мынау қандай фигура?

    -Неше бұрышы бар екен? Санайықшы. –Дұрыс.

    Қауіпсіздік ережесі: манка жармасын ауызға салмаймыз, иіскемейміз. Бір –бірімізге шашпаймыз. Ұқыптылықпен жұмыс жасаймыз.

    Практикалық тапсырма:

    1. Бұдырлы сандармен жұмыс.

    2. Ұршықтармен жұмыс.

    3. Геометриялық фигуралармен жұмыс.

    4. Баумен жұмыс.

    5. Бұрамалармен жұмыс.

    6. Сандарды реттеу ойыны.

    7. Саны бойынша қыстырманы түстеріне сәйкес ыдыстарға салу.

    8. Қонжықты үш түрлі киіммен киіндіру.

    9. Манка жармасымен жұмыс.

    10. Тапсырманы түсіндіру.

    Балалардың жұмыстарын бақылау. Қажет еткен балаларға көмектесу.

    Жұмысты аяқтату.

    Балалар педагогты тыңдайды.

    Барлығы бірге жеке-жеке қайталайды: «Бір-один-one», «екі-два-two»,«үш-три-three».

    -Мысық.

    -1 мысық.
    -Қоян.

    -Бір, екі.

    Екі қоян.
    -Арыстан.
    -Бір, екі, үш.
    -Үш арыстан көп.


    Қауіпсіздік ережесін ескере отырып, манка жармасында саусақпен жазады.
    Музыка ырғағымен қимыл жасайды.
    -Дөңгелек.

    -Үшбұрыш.

    -Бір, екі, үш.

    Үш бұрышы бар.

    Рефлексивті-

    түзетушілік

    -Балалар, біз нешеге дейін санап үйрендік? Санайықшы.

    -Балалар, сендерге бүгінгі іс –әрекет ұнады ма?

    -Енді қонақтармен қоштасайық.

    Үлкенге де сіз,

    Кішіге де сіз,

    Құрметпенен сіздерге

    Бас иеміз біз.

    Үшке дейін.

    Бір,екі,үш.
    -Иа.

    -Сау болыңыздар.



    Күтілетін нәтиже:.

    Білуі тиіс:салыстыруды және үшке дейін санауды.

    Түсінігі:1-ден 3-ке дейінгі сандарды орыс және ағылшын тілінде айтуды.

    Көрсете білуі:берілген тапсырмаларды мұқият орындайды, Монтессори материалдармен жұмыс жасай біледі.


    написать администратору сайта