|
сая. 3-ші сабақ Элементтердің орындарын ауыстыру (1). Блім pyton тілінде алгоритмдерді программалау
Қысқа мерзімді жоспары
| Бөлім:
| PYTON тілінде алгоритмдерді программалау.
| Педагогтың аты-жөні:
| Ахат Сая Дәуітқызы
| Күні:
|
| Сынып: 9
| Қатысушылар саны
|
| Қатыспағандар саны
|
| Сабақтың тақырыбы:
| Элементтердің орындарын ауыстыру
| Сабақтың мақсаты:
| Барлық оқушылар үшін:
Бірөлшемді массив элементінің орнын ауыстыру әдістерін анықтау.
| Көптеген оқушылар үшін:
Массив элементтерін бірін екіншісіне ауыстыруды программалауда қолдану
| Кейбір оқушылар үшін:
Массив элементтерін ауыстырудың қажеттілігін тұжырымдау, бағалау.
| Оқу мақсаты:
| 9.3.3.1- бірөлшемді массивтерді пайдаланып Python программалау тілінде программаларды жасау
| Бағалау критерийі:
| Бірөлшемді массив элементінің орнын ауыстыру әдістерін анықтайды;
Массив элементтерін бірін екіншісіне ауыстыруды программалауда қолданады;
Массив элементтерін ауыстырудың қажеттілігін тұжырымдап, бағалайды.
| Құндылықтарға баулу:
| «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын жүзеге асыру. Топта бірлесіп жұмыс жасау, бір-бірлерінің пікірлерін тыңдау, сыйлау.
| Пәнаралық байланыс:
| Математикалық амалдар, ағылшын, орыс тіліндегі сөздер қолданылады.
|
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт
| Педагогтың әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Сабақтың басы
| Ой сергіту жаттығуы. «Жақсы қасиеттерін тап»
Оқушылардың есімдері жазылған парақшалар таратылып беріледі. Кімге қай оқушының аты түссе сол параққа сол оқушылардың жақсы қасиеттерін жазып айтады. Ал басқалар кімді айтқанын табу керек. Үй тапсырмасын пысықтау
Оқулықтағы тапсырмалардың жауаптарын тақтада қорғайды, топта талдайды. Өзара бағалайды.
| Мұғаліммен амандасу
Сұрақтарға жауап беру
| Ауызша бағалау
|
| Сабақтың ортасы
| Миға шабуыл сұрақтарымен жұмыс жасау
Массив элементтерінің орнын ауыстырудағы мақсат не?
Осы тақырыпқа байланысты күнделікті тұрмыстан қандай мысалдарды келтіре аласың? Оқулықпен жұмыс
Жаңа ақпаратпен танысу. Әдістемелік берілген сұрақтарға жеке, топта, ұжымда жауап береді. Мұғалім толықтырып отырады. Компьютермен жұмыс
3-мысал:А[N] бірөлшемді массиві
берілген(1 Циклдік жылжытуды оң жаққа қарай орындаудың сұлбасын қарастырайық. Мысалы, А[5] массиві үшін оң жаққа циклдік жылжытуды қарастырайық (1-сұлба).
Дескриптор:
Бірөлшемді массивтерді анықтайды;
Бірөлшемді массивтерді программалауда
қолданады.
Жұптық жұмыс:
Жұбыңмен бірге массивті оңға циклдік жылжыту жобасына талдау жүргіз. Жоба программасындағы әрбір оператордың қызметін және ұйымдастырылған әрбір циклдің қызметіне жеке-жеке талдау жасап, нақты қызметін айқындаңдар.
Дескриптор
Бірөлшемді массивтерді қолданудың маңыздылығын тұжырымдайды.
Смайликтер арқылы бағалау.
Топтық жұмыс
Топпен бірге массив элементтерін солға қарай жылжыту сұлбасын дайында. Оңға қарай жылжыту программасына өзгертіп, массив элементтерін сол жаққа жылжытатын программа кодын дайындап, ұсыныңдар.
Оқушылардың жұмыстарын смайликтер арқылы бағалайды.
|
|
|
| Сабақтың соңы
Рефлексия
| Шарт тексеру операторын қолданбай, массивтегі элементтерін кері мәнге айналдыруға бола ма (мысалы, оң болса теріске, теріс сан болса оң санға)?
Массивтің кез келген екі элементінің мәнін бір-біріне қалай ауыстыруға болады?
Массив элементтерін ауыстыру жолдарын пайдаланып математика, физика және т.б. пәндердегі қандай тапсырмалардың визуалды ортадағы жобасын дайындауға болады?
Массив элементтеріне 1-ден 20-ға дейін сандарды өсу ретімен пернетақтадан енгізбей қалай автоматты түрде жүктеуге болады деп ойлайсың? Өз ұсынысыңды жаса. «Бутерброд» әдісі
Оқушылар сабақ туралы алдымен жақсы пікір, екінші құрылымды сын, үшінші тағы жақсы пікір айтады.
|
|
|
| Үй тапсырмасы
| Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
|
|
| Оқулық
|
Педагог: Шардарбекова Гүлсая
Баға: |
|
|