|
сая. 2-ші сабақ Белгіленген сипаттары бар элементті іздеу. Блім pyton тілінде алгоритмдерді программалау
Қысқа мерзімді жоспары
| Бөлім:
| PYTON тілінде алгоритмдерді программалау.
| Педагогтың аты-жөні:
| Ахат Сая Дәуітқызы
| Күні:
|
| Сынып: 9
| Қатысушылар саны
|
| Қатыспағандар саны
|
| Сабақтың тақырыбы:
| Белгіленген сипаттары бар элементті іздеу.
| Сабақтың мақсаты:
| Барлық оқушылар үшін:
| Массив элементтерін қасиеттері бойынша іздеуді анықтау
| Көптеген оқушылар үшін:
| Python программалау тілінде массивтен қасиеттері бойынша деректерді іздеу;
| Кейбір оқушылар үшін:
| Берілген қасиеттері бойынша массив элементтерін іздеу жобасын қолданудың қажеттілігін тұжырымдау.
| Бағалау критерийі:
| Массив элементтерін қасиеттері бойынша іздеуді анықтайды; Python программалау тілінде массивтен қасиеттері бойынша деректерді іздейді; Берілген қасиеттері бойынша массив элементтерін іздеу жобасын қолданудың қажеттілігін тұжырымдайды.
| Құндылықтарға баулу:
| «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын жүзеге асыру.
Топта бірлесіп жұмыс жасау, бір-бірлерінің пікірлерін тыңдау, сыйлау.
| Тілдік мақсаттар:
| Пәндік лексика және терминология:
Массив элементі-элемент массива-array element, қасиет- свойство-property.
|
| Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы
Күнделікті өмірде көптеген заттардың арасынан қажеттісін іздеп табуға қандай мысалдар келтіре
аласыңдар?
|
| Жазу:
Python программалау тілінде массив элементтерін іздеу алгоритмін жазыңдар.
| Пәнаралық байланыс:
| География пәні бойынша тапсырмаларды программалау,
ағылшын, орыс тіліндегі сөздер қолданылады.
|
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт
| Педагогтың әрекеті
| Оқушының әрекеті
| бағалау
| Ресурстар
| Сабақтың басы
| Ой сергіту жаттығуы
Оқушылар шеңбер сызады. Шеңберді бірнеше бөлікке бөледі. Әр бөлікке сыныптағы оқушылардың аттарын жазады. Уақыт берілген кезде сол оқушылардан сұрақ- жауап алады. Соңында ұқсас қасиеттері бар оқушыларды анықтап айтады. Мысалы, Айдынның да, Саматтың да бір ағасы, екі қарындасы бар.
Үй тапсырмасы
Оқулықта берілген тапсырмалардың жауабын мұғаліммен, топпен бірігіп талдайды.
Оқушылардың іс-әрекеттерін ауызша мадақтау, қолдау көрсету.
| Мұғаліммен аандасу
Сұрақтарға жауап беру
| Ауызша бағалау
| А4 парағы
| Сабақтың ортас
| Миға шабуыл сұрақтары
Күнделікті өмірде көптеген заттардың арасынан қажеттісін іздеп табуға қандай мысалдар келтіре аласыңдар?
Оқулықпен жұмыс
Жаңа ақпаратпен танысу. Әдістемелік берілген сұрақтармен жұмыс жүргізіледі. Жеке, жұпта, топта, ұжымда жауаптар айтылады. Мұғалім толықтырып отырады.
Компьютермен жұмыс Python программалау тілінде массив элементтерін іздеу жобасын дайындау
Python программалау тілінде бірөлшемді массивтен белгілі бір қасиеттер бойынша деректерді іздеуге арналған көптеген қызықты және пайдалы жобаларды жасауға мүмкіндік бар. Python программалау тілінде мұндай жобаларды қалай орындайтынымен танысайық.
from array import array(Программаға массивті импорттайды)
A=array("i")(А бүтін сандар массивін таныстырады) S=[] (Бастапқыда бос S тізімін тағайындайды ) N=int( input()) (Массив ұзындығын енгізеді)
A=[0]*N; S=[0]*N (Компьютер жадынан массивке N орын ажыратады)
t=0;z=0; p=0;
print('Kala ataularyn engiz') for i in range(0,N):
S[i] = input() (Қала атауын енгізеді)
A[i] = int(input()) (Сол қаладағы температураны енгізеді)
:
if A[i]< min:(Ең суық қаланың нөмірін табады)
max=A[i]; z=i (Ең жылы қаланың нөмірін табады)
if A[i]<0:(Ауа райы нөлден төмен қалалар санын табады)
t+=1
print('En cuyk kala-->', S[p])
print('En jyly kala-->', S[t])
print('Nol gradustan tomen kalalar sany=',z)
Дескриптор_Массив_элементтерін_анықтайды,_талдайды._Жұптық_жұмыс'>Дескриптор'>Дескриптор
Python программалау тілінде бірөлшемді массивтерді қолданады.
Топтықжұмыс
Берілген қасиеттері бойынша массив элементтеріне іздеу қызметіне ұсынылған жоба кодтарына талдау жасаңдар.
Дескриптор
Массив элементтерін анықтайды, талдайды.
Жұптық жұмыс
Тапсырма:
Мал базарында сатылымда 10 ат тұр. Аттардың сатылу бағасын өздерің белгілеңдер. Аттардың бағасы бойынша бірөлшемді бүтін сандар массивін құрыңдар. Осы массив бойынша қандай тапсырмаларды құрастырған болар едіңдер?
Бірөлшемдік массив бойынша іздеуге арналған бірнеше тапсырманы құрастырып, ұсыныңдар.
Дескриптор
Бірөлшемді массивтерді құрып, ұсынады.
Оқушылардың жұмыстарын бағалау парағына балл қою арқылы бағалау.
|
|
|
Оқулық, оқушының жұмыс дәптері, компьютер
| Сабақтың соңы
Рефлексия
| Сызықтық алгоритм дегеніміз не? Бірөлшемді кестеде ең жиі орындалатын іс - әрекет түрі қандай? Бірөлшемдік массивтерде іздеуде жиі қолданылатын қандай шарттар бар? Модульдік ортамен визуалды орта деректерді іздеуге арналған жобаларды салыстырып, қандай айырмашылықтар байқадыңдар? Қайсысы қолайлы? Себебін түсіндіріңдер.
«БББ кестесі» әдісі.
Оқушылар сабақ туралы не білетінін, сабақта не білгенін, не білгісі келетінін кестеге жазады.
|
|
|
Оқулық
| Үй тапсырмасы
| Өзіңе таныс күнделікті қолданыста кездесетін мысалдардың арасынан массив элементтерін іздеу қызметіне 1 қарапайым және 1 визуалды жобаға тапсырма құрастыр. Құрастырған тапсырмаларыңның шешу жолын жаз.
|
|
|
| Педагог: Шардарбекова Гүлсая
Баға: |
|
|