Главная страница
Навигация по странице:

  • Күні: 07.04.2023 Сынып: 9

  • Барлық оқушылар үшін: Сұрыптау алгоритмдерін анықтау; Көптеген оқушылар үшін

  • Кейбір оқушылар үшін: Сұрыптау алгоритмдерін қолдану. Оқу мақсаты

  • Тілдік мақсаттар: Пәндік лексика және терминология

  • Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

  • Пәнаралық байланыс

  • Сабақтың кезені/ уақыт Педагогтың әрекеті Ресурстар

  • Үй тапсырмасын пысықтау.

  • Миға шабуыл сұрақтарымен жұмыс жасау

  • Оқулықпен жұмыс

  • «Алма сыйлау» жобасы Гүләселдің N алмасы бар (0 Алмаларының салмақтары a

  • Топтық жұмыс

  • Оқушылардың жұмыстарын бағалау парағына балл қою арқылы бағалау.

  • питон. питон 3. Блім pyton тілінде алгоритмдерді программалау


    Скачать 111.29 Kb.
    НазваниеБлім pyton тілінде алгоритмдерді программалау
    Анкорпитон
    Дата06.04.2023
    Размер111.29 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлапитон 3.docx
    ТипПрограмма
    #1040669

    Бөлім:

    PYTON тілінде алгоритмдерді программалау.

    Педагогтың аты-жөні:

    Мұрат Еркебұлан

    Күні:

    07.04.2023

    Сынып: 9




    Сабақтың тақырыбы:

    Сұрыптау

    Сабақтың мақсаты:

    Барлық оқушылар үшін:

    Сұрыптау алгоритмдерін анықтау;

    Көптеген оқушылар үшін:

    Сұрыптау алгоритмдерін салыстыру;

    Кейбір оқушылар үшін:

    Сұрыптау алгоритмдерін қолдану.

    Оқу мақсаты:

    9.3.2.1- сұрыптау алгоритмдерін қолдану

    Бағалау критерийі:

    • Сұрыптау алгоритмдерін анықтайды;

    • Сұрыптау алгоритмдерін салыстырады;

    • Сұрыптау алгоритмдерін қолданады.

    Құндылықтарға баулу:

    «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын жүзеге асыру. Топта бірлесіп жұмыс жасау, бір-бірлерінің пікірлерін тыңдау, сыйлау.

    Тілдік мақсаттар:

    Пәндік лексика және терминология:

    Сұрыптау-сортировка-sort, массивті сұрыптау-сортировка массива- sorting array, жылдам сұрыптау-быстрая сортировка-quick sort, көбік-пена-foam, таңдау-выбор-selection

    Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

    • Сұрыптау деген не?

    • Массив элементтерін сұрыптау дегенді қалай түсінесің?

    Осы тақырыпқа байланысты күнделікті тұрмыстан қандай мысалдарды келтіре аласың?

    Жазу:

    Сұрыптау алгоритмдерін жазыңдар.


    Пәнаралық байланыс:

    Математикалық амалдар, ағылшын тілінде сөздер қолданылады.

    Тірек білім, білік, дағдылар

    Массивті сұрыптау.

    Сабақтың барысы:


    Сабақтың кезені/ уақыт

    Педагогтың әрекеті

    Ресурстар

    Сабақтың басы:


    Ой сергіту жаттығуы. «Титаник» ойыны Титаник кемесі апатқа ұшыраған, құтқарушылар адамдарды құтқару үшін келіп тұр. Бірақ барлығы қайыққа сыймайды. Сол үшін жағдайларына қарап құтқару керек. Үш құтқарушыға жасырын тапсырма берілген. Бірінші құтқарушы жағдайын айтып келген әрбір екінші адамды құтқарады, екінші құтқарушы жағдайын айтып келген әрбір үшінші адамды құтқаруы керек. Ал үшінші құтқарушы қанша жағдайын айтса да құтқармай тұрады.

    Қайыққа отыру үшін оқушылар құтқарушыларға барынша жағдайларын айтады. Мысалы, үйде қарт әжем бар, анамды емдетуім керек деген секілді сылтау айтылады.

    Бұл ойында адамдарды жағдайына қарап сұрыптау арқылы тақырып ашылады.

    Үй тапсырмасын пысықтау.

    Өткен тақырып бойынша оқулықта берілген тапсырмалардың шығу жолын тақтада, топта талдайды.

    Ауызша мадақтау, ынталандыру.



    Сабақтың ортасы:



    Миға шабуыл сұрақтарымен жұмыс жасау

    • Сұрыптау деген не?

    • Массив элементтерін сұрыптау дегенде не түсінесің?

    • Осы тақырыпқа байланысты күнделікті тұрмыстан қандай мысалдарды келтіре аласың?


    Оқулықпен жұмыс
    Жаңа ақпаратпен танысу. Әдістемелік берілген сұрақтарға жеке, топта, ұжымда жауап береді. Мұғалім толықтырып отырады.

    Компьютермен жұмыс

    «Алма сыйлау» жобасы

    Гүләселдің N алмасы бар (0Алмаларының салмақтары ai массивін құрайды (ai<1000). Гүләсел сіңлісі Гауһарға сол алмалардың арасынан ең үлкен К алмасын сыйлағысы келеді (0<К < N). Python программалау тілінде Гүләселге сыйға тартатын алмаларын таңдауға көмектестін программа дайында.





    Түсініктеме: Жобаның программасын дайындау кезеңінде алмалар салмағына арналған массивті кездейсоқ сандармен құраймыз. Алмалардың санының шегі үлкен болғандықтан, жылдам сұрыптау үшін Qsort әдісін қолданамыз. Жобаның программалық кодында (3-код) алмаларды салмағының кему ретімен орналастырамыз. Сый- лауға алғашқы К алманы нәтиже ретінде баспаға береміз



    Топтық жұмыс

    «Алма сыйлау» жобасының программасына талдау жүргіз. Жоба программасындағы әрбір оператордың қызметін және ұйымдастырылған әрбір циклдің қызметіне жеке-жеке талдау жасап, нақты қызметін айқындаңдар.

    Жұптық жұмыс

    Сыныптастарыңды көркем әдебиет оқуға шақыру мақсатында «100 кітап жобасы» аясында өздерің оқыған 10 кітаптың атауы мен шыққан жылы бойынша екі массив құрастырып, төмендегі шарттарды орындайтын жобаның жоспарын жасап, ұсын.

    1. Кітаптардың атауларын әліпби бойынша ретте.

    2. Кітаптарды шыққан жылы бойынша жаңасынан ескісіне қарай сұрыптау жүргізіңдер.

    Оқушылардың жұмыстарын бағалау парағына балл қою арқылы бағалау.



    Сабақтың соңы

    Рефлексия

    1. Массивті сұрыптау деген не?

    2. Массивтерді сұрыптайтын негізгі әдістер туралы не айтуға болады?

    3. Сұрыптау алгоритмдеріне қандай талаптар қойылады?

    4. Сұрыптауды қолданып, массивтің минималды элементін қалай табуға болады?

    5. Ең жылдам сұрыптау әдісі жайлы не айта аласың?

    6. Көпіршік әдісте сұрыптау қалай жүзеге асады?


    Бүгінгі сабақтан не үйрендім? Қандай тапсырма қызықты болды? Көңіл күйім қандай?



    Үй тапсырмасы



    Жинақтау бөлімінде «100 кітап жобасы» аясында өздерің оқыған 10 кітаптың атауы мен шыққан жылы бойынша құрастырған деректерің бойынша жоспарлаған жобаларыңның визуалды ортада жобасын дайында.

    Оқулық, компьютер


    написать администратору сайта