Главная страница
Навигация по странице:

  • Н.Ә.Назарбаев.

  • статья. Документ Microsoft Word. Дарынды жне талантты балаларды оыту


    Скачать 30.58 Kb.
    НазваниеДарынды жне талантты балаларды оыту
    Анкорстатья
    Дата15.11.2022
    Размер30.58 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДокумент Microsoft Word.docx
    ТипДокументы
    #789016

    Дарынды және талантты балаларды оқыту

    “… Бізге керегі шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, нағыз әдебиет пен өнерін жасайтын тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті.”

    Н.Ә.Назарбаев.

    Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жан-жақты жағдайлар жасау қажет. Дарындылықтың табиғаты шексіз. Дарын дегеніміз – адамның белгілі бір салада көрсеткен жоғары қабілеттілігі деуге болады.

    дарынды, қабілетті, талантты бала деп баланың, ата-ананың, мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады. Мектептің мақсаты – жан-жақты білімді, іскер, өздік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, қабілетті тұлға қалыптастыру, балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру.

    Мамандардың пайымдауынша, кез келген баланың бойында бұғып жатқан талант пен дарын болады. Тек оны дер кезінде ашып, дұрыс бағыт-бағдар сілтеу керек. Дегенмен елімізде ерте жастан өз ерекшелегін, бойындағы дарынын көрсете білген ұлдар мен қыздар жетіп артылады.


    Оқушылардың білім сапасын арттыру – заман талабы !
    Кез-келген мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық дамуы сол елдің білім жүйесі

    мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Осы орайда Қазақстанды әлемдегі

    бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына енгізуде білім беру ісі басты құрал

    болып табылады. Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатұлы:

    “Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ

    та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз.

    Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу ” – деп ғылым, білім, оқудың маңызын

    халыққа көрсеткен. Отандық білім жүйесін халықаралық білім кеңістігінде еңбек

    нарығы бәсекелестігін қамтамасыз ететін білім сапасының дәрежесіне жеткізу шарт.

    Оқушының білім сапасы білім саласындағы мемлекеттік нормативті–құқықтық

    актілерде негізделген. Біздің қарастыратынымыз оқушының білім сапасы, яғни орта,

    негізгі, бастауыш білім беру мазмұнының міндетті минимумын игерген жетістігін

    бағалаумен анықталатын (күнделікті, тақырыптық, тоқсандық, жартыжылдық,

    жылдық, қорытынды) нәтижесі.

    Мектеп оқушысының бағдарламаға сай білім алуы көптеген жағдайлардың шешілуіне

    байланысты. Мысалы, оқушыларды сапалы біліммен қамтамасыз ету мектептің түріне

    де тәуелді (мысалы, бізде ЖОМ, кейбір мектептер статусы мектеп-лицей немесе

    мектеп-гимназия, т.с.с. ). Мектеп оқу жоспарының қай нұсқасын таңдайтыны да

    маңызды (мысалы, бізде жаратылыстану-математикалық бағытта оқытылады ).

    Білім беру саласындағы сапалы білім беру мотивациясының бірі–мұғалімнің имиджі

    мен мәртебесінің көтерілуі. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі, оқытудың

    инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог кызметкерлердің тұлғасына

    және кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда. Оқушылардың білім сапасының

    жоғары деңгейде болмауының бір себебі–мұғалімдердің сапалық құрамының төмен

    болуы, педагогтардың бір бөлігінің дипломы болғанымен білім деңгейінің төмендігі,

    өздігінен білім алуға және кәсіби деңгейін өсіруге ұмтылудың жеткіліксіздігі.

    Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру үшін оларды қайта даярлаудың

    жаңа жүйесі жасалды. Мұғалімнің мәртебесі туралы заң қабылданды.

    Оқушылардың білім сапасын жақсарту отбасының іс-әрекетіне де тікелей байланысты

    Көп оқушылар үйде сабақ оқуға қажетті құрал-сайманмен толық жабдықталмаған.

    Оқушылардың 30 пайызынан астамының үлгерімі орташа, бір бөлігінің сапалы білім

    алуына олардың тәртіпсіздігі кесірін тигізуде. Құқық қорғау орындарының таратқан

    статистикалық мәліметіне жүгінсек, бүгінгі таңда кәмелеттік жасқа толмағандар

    арасында есірткіге, спирттік ішімдікке құмарлардың қатарының көз ілеспес

    жылдамдықпен кәбейіп бара жатқандығын айтып, дабыл қағып отыр. Бірақ біздің

    мектепте мұндай нәрселерге жол берілмейді. Осылардың бәрін ескере келе мектептегі

    білім сапасын көтеру үшін мынадай ұсыныстар жасағым келеді :

    - Білім сапасын арттыру мәселесі мектепте бірінші деңгейдегі мәселе болып тұру

    керек. Балаларды оқыту және тәрбиелеу сапасын арттыруда мұғалімдердің

    педагогикалық шеберлігінің, кәсіби құзыреттілігінің өсуі ерекше роль атқарады. Ұлы

    педагог Ушинский: «Мұғалім білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал

    оқуды, іздеуді тоқтатса, мұғалімдігі де жойылады» деген болатын.

    Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне

    байланысты. Сапаны көтерудегі ең өзекті мәселелердің бірі – мұғалімдерді даярлау

    және кәсіби шыңдау мәселесі болып отыр. Жаңа заман мұғалімі «дайын» білім көзі

    ғана болмай, оқушылардың танымдық іс - әрекетінің ұйымдастырушысы және

    үйлестіруші бола білуі, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән беруі,

    нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа жолдар мен әдістер табуға дағдыланған

    маман болуы қажет.

    …Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Міне,

    ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.

    Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің

    шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне

    жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр

    мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз

    сүйетін адам. Қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың

    барлығын меңгерген, өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, шығармашыл

    тұлға. Ол табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы

    мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары

    болуы, кәсіби және әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

    Мектебімізде мұғалімдердің біліктілікті арттыру курстарында жүйелі түрде

    оқытылуы, олардың семинарларға, ғылыми-теориялық және әдістемелік

    конференцияларға, педагогикалық оқуларға қатысуы, өз бетінше білімін жетілдіруі,

    шығармашылық есептер жасауы, озат тәжірибелерін таратуы педагогтардың кәсіби

    шеберлігін айтарлықтай көтеруге жағдай жасайды, бұл түпқорытындысында

    оқушыларды оқыту сапасына әсерін тигізеді.

    - Сапалы білім беру дегеніміз – Баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп

    жетілдіру болып табылады. Оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау

    мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөліп, сәйкес жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс

    жүргізудің маңызы зор; қызығушылық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс-тәсілдер

    пайдалану интеллектуалдық қабілеттерін дамытып, оқу-танымдық және ғылыми

    ізденістер жасауға талаптандырады. Сапалы білімді қамтамасыз етуде қазіргі

    қолданылып жатқан әдіс-амалдар өте мол, оқушылардың қызығушылығын арттыруда

    жаңа педтехнологиялардың маңызы да артуда, тек әр ұстаз өз оқушыларына

    ыңғайлысын қолдана білу керек. Оқушының ойлау қабілетін дамыту үшін өздігінен

    жұмыс жасауға баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру, оқушы белсенділігін

    арттыру барысында проблемалық сұрақтарды пайдалану, проблемалық ситуациялар

    туғызу. Сыни тұрғыдан ойлау оқушылардың көбінесе өз пікірін айтуға, дұрыс

    шешімдерді қабылдауға, ойлауға , мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау

    арқылы дәлелдер жинастыру және іс- әрекеттеріне тиімді әдіс-тәсілдер арқылы шешім

    қабылдай білуге үйрету және дағдыландыру дегенді білдіреді. Мектепте осы

    мәселелерге көп көңіл бөлінуде .

    - Мұғалімдердің тағы бір және де өте маңызды міндеті - дарынды балалармен жұмыс

    істей білу. Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге

    қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Балалардың қабілеттерін,

    біліктілігін, мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай туғызу мұғалімнің, ата-ананың

    міндеттері болып табылады. Мұндай талантты балаларды түрлі сайыстарға, пәндік

    олимпиадаларға, ғылыми конференцияларға қатыстырып өздерінің қабілеттерін

    шыңдату керек.

    Оқытудың интерактивті әдістерін қолдану, мультимедиялық кабинеттерді

    көбірек пайдалану білім беру үдерісінде өзінің нәтижелерін көрсетіп отыр.

    Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы

    жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық,

    интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Ағарту саласында еңбек етіп

    жүрген әр ұстаз оқушыға жүйелі, сапалы білім беру үрдісінде бүгінгі заман талап етіп

    отырған ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін игертуі

    қажет. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет,

    электрондық пошта, On-line конференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.

    Әсіресе қашықтықтан оқыту жағдайында бұл мәселе ерекше маңызға ие болып отыр.

    Мектеп ұжымының барлық мүшелерінің ортақ мәселелердің нормалары мен

    ережелерін құруға қатысуы , мысалы педкеңес, әдістемелік кеңес;

    Барлық қабылданатын шешімдердің ашықтығы;

    Бақылауда педагогтар, оқушылар мен ата-аналар енгізілетін сайлау

    органдарының болуы: бақылау үшін құрылатын комиссиялар мен топтар;

    Баланың және мұғалімдердің дербестігіне, өзін-өзі танытуға, өзін-өзі жүзеге

    асыруына жағдайлар туғызатын алуан түрлі ұжымдық шығармашылық істер мен

    жобалардың болуы: «Жыл мұғалімі», «Жыл оқушысы», «Жылдың ең таңдаулы

    сыныбы» атты байқаулар мен жарыстар.

    Орта мектептің басты мақсаты мен міндеттерін анықтайтын, өзінің

    тұжырымдамасын педагогикалық кеңесте қорғайтын, әрбір оқу жылына басым

    мақсаттары мен міндеттерін әзірлейтін және осы мақсаттарды жүзеге асыру тәсілдерін

    айқындайтын зерттеуші- мұғалімдер командасы қалыптасуы тиіс. Олар зерттеу

    жұмыстарын жүргізіп ерекше көңіл бөлінетін қызметтің түрлері мен тәсілдерін

    анықтайды. Мектептегі тренерлер жұмысын жандандыру керек:

    Бізде қажет ететін мұғалімдер үшін критериалды бағалау, оқыту әдістерін

    үйрету мақсатында 4 тренер жұмыс атқаруда , зерттеу жұмыстарын жүргізу, оның

    нәтижелерін жариялау мақсатында 2 топ жұмыс істеуде.

    Білім үдерісінің мақсаты әрбір баланың өзіндік бейімділіктері, мүдделері мен

    мүмкіндіктеріне сай білім алуы болып табылады. Осы мақсат мектептегі әр бала үшін

    нақтылануы тиіс.

    Оқытудағы негізгі мақсат - өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны

    қалыптастыру. Ол үшін мұғалім алдын - ала сабақ жоспарын құруда түрлі оқыту

    формаларын ұйымдастырады. Сабақ бір сарынды болып кетпеу үшін шағын топтар

    жұмыстарын, жарыстар, тренингтер ұйымдастырады. Себебі, психологтардың

    дәлелдеуінше іс - әрекетпен сана тығыз байланысқан ұғымдар. Іс - әрекетте болмаған

    нәрсе санада да қалыптаспайды. Сондықтан оқушылардың өзара бірлескен белсенді іс

    - әрекеті арқылы ғана саналы білімдерді қалыптастыруға болады. Осы орайда, «Сабақ

    беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген

    Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.

    Қәзіргі кезде сабақ түрлері өте көп, ең бастысы мұғалім мен оқушылар

    сабаққа белгілі мақсатпен келу керек. Маңызды нәрсе- мұғалімде мықты білімнің

    болуы және оны оқушыларға жеткізе білуі.

    Сабақта оқушылар шаршамау үшін жағымды атмосфера қалыптастырған дұрыс. Ұстаз

    бүгін аз сөйлеп, оқушының ой-өрісін дамыту үшін көбірек мүмкіндік беру керек.

    Оңтайлы шешімдердің бірі – оқытуды ұйымдастырудың

    тиімді түрлерін енгізу, оқушыларды белсенді іс-әрекетке бағыттау, осы заманғы

    педтехнологияларды пайдаланып, көптеген әдіс-тәсілдерді ұштастыру керек. Әр

    тапсырмаға нақты критерийлер берілу керек.

    Мұғалім әр сабағына және өзіне рефлексивті есеп беріп отырса ғана, жұмыс

    жасау қарқыны жақсарып жандана түседі. Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің

    мақсаты – педагогикалық әрекеттің негізгі компоненттерін есіне түсіріп, олардың

    мәнін, алынған нәтиженің дұрыс, не бұрыс болғанын дәлелдей алу және орындалған

    әрекеттің нәтижесін зерттеу. Осыларды тиімді пайдалана білсек, оқушылардың өз

    бетінше дамуына, оқушы мен мұғалім арасында кері байланыс орнатуына, яғни білім

    сапасының артуына толық қол жеткізуге мүмкіндігіміз бар.

    Қазақта «Баланың бас ұстазы - ата-анасы» деген сөз бар.. Әрине ата-аналар

    балаларының оқу үлгеріміне күнделікті назар аударып, оны қадағалап отыруы қажет.

    Бұдан шығатын түйін, баланың тұлғалық қасиеттерін дамытуда ең әуелі оның өз ата-

    анасы әсер етеді екен. Мектептің ата-аналармен жүргізілетін жұмысының негізгі

    мақсаты мыналар болу керек :

    Біріншіден, ата-аналардың мектепті балаларының шын жүрегімен қабылдайтын үйі

    деп санауын және өздерінің де мектеп жұмысына көмектесуге дайын болуын

    қамтамасыз ету;

    Екіншіден, ата-аналарды отбасында балаларымен өзара ынтымақты қарым-қатынаста

    болуға үйрету. Осылай болған жағдайда білім беру үдерісінің нәтижесі одан сайын

    жемісті болмақ.

    Ата-ана мен мұғалім бірлікте болып, баланың жақсы, жағымды істерін, білім

    алудағы ізденістерін ылғи қолдап отыруы қажет.

    ТЖБ, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық үлгерім мен білім сапасына

    мониторинг және сараптамалар жасау, олардың қорытындылары бойынша іс –

    шаралар түзу.

    Тапсырылған бітіру емтихандары мен ҰБТ қорытындыларына сараптамалар

    жасау, олардың қорытындылары бойынша іс – шаралар түзу қажет.

    Озат тәжірибелермен үнемі бөлісіу, жаңа тиімді педтехнологияларды оқыту

    үрдісіне енгізіп тұру. Осы мақсатта біздің мектеп аймақтағы 7 мектептің жетекші

    мектебі болып бекітілген. 2018 жылы Облыстық «Педагогтың кәсіби шеберлігін

    арттыру - білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу факторы» озық тәжірибелі

    педагогтар слетінің I- кезеңі: «Үздік әдістемелік калейдоскоп» байқауында біздің

    мектеп « Жетекші мектеп » номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

    Осындай тұжырымдарды басшылыққа алып атқарылған жұмыстардың арқасында,

    соңғы оқу жылында мектебіміздің білім сапасы 77 пайызға жетті.


    написать администратору сайта