Главная страница
Навигация по странице:

  • 2 бөлім. Алгоритмдеу және программалау

  • 3 Бөлім. Компьютер- ақпаратты өңдеу құралы.

  • 4 бөлім. WINDOWS 7, Linux

  • 5.Бөлім . Архивациялық мәлімет. Компьютерлік вирустар түрлері.

  • 6 бөлім. Microsoft Word 2013 – мәтіндік процессоры

  • 7 бөлім. MS Excel 2013 – электрондық кестесі

  • 8 бөлім. МҚБЖ Microsoft Accesss 2013

  • 9 бөлім. Power Point 2013 презентациясы

  • 10 бөлім. Компьютерлік графика

  • 11 бөлім. Компьютерлік желілер. Интернет

  • 1 Бөлім. Ақпараттық үрдістер.

  • Ақпараттың анықтамасы. Информатика

  • Информатика: ақпарат жинау, сақтау, жіберу, өңдеу және беру әдістері мен құралдарын зерттеумен байланысты- техникалық

  • Ақпарат және оның түрлері

  • Ақпарат

  • Берiлу жолдары

  • 2 Бөлім. Алгоритмдеу және программалау 1. Алгоритм ұғымы, қасиеттері

  • Әл-Хорезмидің

  • информатика д_рістер жина_ы. информатика Пнінен дрістер жинаы оытушы Тлеумбетова Г. К. 1 блім. Апарат рдістері


    Скачать 365.5 Kb.
    Названиеинформатика Пнінен дрістер жинаы оытушы Тлеумбетова Г. К. 1 блім. Апарат рдістері
    Дата19.09.2021
    Размер365.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаинформатика д_рістер жина_ы.doc
    ТипПрограмма
    #234248
    страница1 из 6
      1   2   3   4   5   6


    «ИНФОРМАТИКА» ПӘНІНЕН ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

    Оқытушы: Тлеумбетова Г.К.

    1 бөлім. Ақпарат үрдістері

    1.Тақырып. Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпараттық жүйелер және ресурстар. Білім беру ақпараттық ресурстар.

    2 бөлім. Алгоритмдеу және программалау

    2.1 тақырып. Алгоритмнің негізгі түсінігі, алгоритмнің қасиеттері.

    2.2.тақырып. Алгоритмдерді құрастыру әдістері

    2.3. тақырып. Программалау тілдерінің шығу тарихы

    3 Бөлім. Компьютер- ақпаратты өңдеу құралы.

    3.1. Ақпараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы.

    3.2. Компьютердің қосымша құралғыларын баптау және орнату.

    4 бөлім. WINDOWS 7, Linux

    4.1 тақырып. WINDOWS-тың негізгі нысаналары мен оның басқару жолдары. . WINDOWS-тың файлдары мен бумалары. Файлдық құрылым амалдары

    4.2. тақырып WINDOWS-тың стандартты қосымшасы.

    4.3. Linux ОЖ – нің негізгі түсініктері. Linux ОЖ-нің файлдық жүйесі.

    5.Бөлім . Архивациялық мәлімет. Компьютерлік вирустар түрлері.

    5.1. Архивтеу туралы түсініктеме, WinRAR, WinZIP архиваторлары.

    5.2. Архивті құру мүмкіндктері туралы. Компьютерлік вирустар, компьютерлік вирустар түрлері, вирустардың дербес компьютерлерге ену жолдары.

    6 бөлім. Microsoft Word 2013 – мәтіндік процессоры

    6.1 тақырып. Microsoft Word 2013– мәтіндік процессоры туралы жалпы түсінік.

    6.2 тақырып. Microsoft Word-та құжаттарды құру және форматтау

    6.3 тақырып. Кестемен жұмыс

    6.4 тақырып. Microsoft Word мәтіндік процессордың графикалық мүмкіндіктері.

    7 бөлім. MS Excel 2013 – электрондық кестесі

    7.1 тақырып. MS Excel – электрондық кесте туралы жалпы түсінік.2

    7.2.тақырып. Электронды кесте құрылымы, мәліметтерді енгізу. Фильтірлеу және автопішін.

    7.3.тақырып. Электрондық кестені есептеулерге қолдану

    7.4.Электрондық кестедегі формулалар, функцияларды қолдану. MS Excel кестесін мәліметтер базасы ретінде пайдалану

    8 бөлім. МҚБЖ Microsoft Accesss 2013

    8.1 тақырып. Мәліметтер базасы туралы негізгі түсінік. МҚБЖ Access 2013 – мәліметтер базасын құру

    8.2 тақырып. МҚБЖ Access-те мәліметтерді басқару және орналастыру

    8.3 тақырып. МҚБЖ Access-те мәліметтердің бейнеленуі.

    9 бөлім. Power Point 2013 презентациясы

    9.1 тақырып. Power Point 2013 программасы туралы негізгі түсінік

    9.2 тақырып. Power Point 2013 программасы көмегімен презентациялау

    9.3. Слайдтарды безендіру. Жан бітірімді баптау. Кормелерді көрсету.

    10 бөлім. Компьютерлік графика

    10.1 тақырып. Графикалық редакторлардың түрлері

    10.2.тақырып.Графикалық редактордың негізгі мүмкіндіктері мен қолданылуы

    10.3 тақырып. Суреттерді орнату мен редакциялау.

    10.4 тақырып. Растірлік (BMP, JPEG, GIF), векторлық (AI, CDR) форматтарды қолдану

    11 бөлім. Компьютерлік желілер. Интернет

    11.1 тақырып. Компьютерлік желілері туралы түсінік, оның тағайындалуы. Компьютерлік желілердің классификациясы. Интернет.

    11.2 тақырып. НТМЛ редакторы. Интернет үшін ақпараттық объектілер құру құралдары.

    11.3 тақырып. Веб беттер және сайттар, визуальды редакторлардың негізгі мүмкіндіктері және сыртқы түрлері

    11.4. Сайттың қарапайым алғашқы бетін құру.

    11.5 тақырып. Кестеде орналасқан ақпараттары бар беттерді құру.

    11.6 тақырып. Сайттың гиперсілтемелері мен навигациясы.

    11.7Веб бетке анимация және баннерлерді кірістіру

    11.8. Сайтты жариялау.

    1 Бөлім. Ақпараттық үрдістер.

    Қазіргі қоғамда үш дәстүр - бұқаралық қоғам, бұқаралық мәдениет және бұқаралық медиа үстем етіп отыр. Бұқаралық дәстүр мен қоғамдық қозғалыс күшіне енген дәуірде БАҚ-тың рөлі мен оның даму бағдары қандай болмақ? Өркениетті елдерде мынандай ақпараттық заңдылық айқындалуда: 1. Бұқаралық ақпараттың саны да, оның атқаратын қызметтері де көбеюде; 2. Оның ұғымдары мен ұстанымдары туралы түсініктер мен көзқарастар сала-салада ауқымдалуда; 3. Информация мен коммуникативті қызметтердің адам мен қоғамның әр жағына әсер етер сапалық көрсеткіштері де өсуде. Информациялық дәуірдің және оның коммуникативті сипаттамасының ерекшеліктері қарқындауда. Бүгінгі таңда информацияны екі деңгейде - әлеуметтік-мәдени жаңғырудың және әлеуметтік субъектілердің арақатынасының жүйелі тәсілі ретінде қабылдау қалыптасқан. Ал бұқаралық медиа саясаттың қуатты құралына, идеологияның кең таралған көрсеткішіне, әлеуметтік-мәдени практиканың жалпылама түріне айналуда. Қысқасы, ол адам іс-әрекеті мен өркениеттің барлық саласында шешуші стратегиялық факторға айналуда. Батыста тіпті «информацияны кім иемденсе, билік сонда» (3.Ж.-Ф. Лиотар) деген пікірде кең таралған.

    Себебі БАҚ адамның өмірлік кеңістігінің қалыптасуына ықпалын арттыруда. Ал кезкелген адам қазіргі БАҚ-ң ықпалын күн санап тереңірек әрі саралап сезінуде. Сезімталдық қос заңдылықты айқындауда: 1. Адамның ұнату қабілеті жаңғырған, күшейген және кеңейген сайын БАҚ жүйесінің реттеуші және бақылаушы рөлі шектелінуде; 2. ¬Өзінің ішкі дүниесін ұйымдастыратын, үйлестіретін, ұстайтын адам ақпараттың шашыранды ықпалына ұрына бермейді. Содан әр әлеуметтік орта мен идеялық жүйеде басқа коммуникативті-мәдени жағдайдың қалыптасуы, сыртқы насихаттық ықпалдың күшеюі аңғарылады. Осыдан ХХ ғ. ортасында Г. Лассуэл: «бұқаралық коммуникацияның негізгі функциясы - ортаны бақылау, қоғамның түрлі бөліктерін реттеу және әлеуметтік-мәдени мұраны жеткізу» деген тоқтамды ұсынды.

    Ұсынысқа халықаралық деңгейдегі ұлттық бірлестіктің және қоғамдық ұйымдасудың қарқынын жеделдету, өлкелік бетбұрыстардың адамдық өзгерістерін қалыптастыру және бағалау қажеттілігі себеп болды. Осы бағытта БАҚ-ң атқарар қызметі қыруар. Әсіресе жаһандану сарынында, әлемдік дағдарыс иірімінде БАҚ-а деген талап күшеюде.

    Халық а) қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени өмірі туралы объективті мәліметтерді дер кезінде есіткісі келеді; ә) БАҚ-н ендігі адресті кеңістікте жүйелі әрі тиімді қызмет етуін күтуде. Тіпті ақпарат жүйесіне, оның басты ұғымдары мен қағидаларына деген субъективті (қауымдастық, қоғамдық, партиялық, тіпті индивидуальды) көзқарастар мен талғамдар кең таралуда, әрқалай өрбуде.

    Байланыстың қазіргі жаңа құралдары әлемнің түкпір-түкпіріндегі халықтардың мәдени құндылықтарын жан-жақты және жедел айырбастауға нақты мүмкіндіктерді кеңейтуде. Информациялық айырбастың салдары әрқалай. Байыбына барсақ, информациялық айырбас а) жеке адамның дүниеге деген өзіңдік түсінігің басқа дәуір мен халықтардың тәжірибесі арқылы тыңайтады; ә) индивид пен бұқаралық топтардың мәдени кескінін қалыптастырудың мүмкіндігін кеңейтеді; б) қоғамдық дамудың заңдылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік тудырады, көмектеседі.

    Информациялық жүйеде БАҚ функциясының жалпы сипатқа ие болып жатқаны, осы басты үш негізге орайлас екенін социологтар орынды атап өтуде. Социологтардың «бұқаралық қоғам теориясы» деген тұжырымдамасында билік институты мен бұқаралық коммуникацияның өзара тәуелділігіне және өзара байланысына ерекше мән берілуде. Әйтседе бұл теория үстем күштердің саяси және экономикалық мүддесіне қызмет ететінін де ескерелік.
    БАҚ туралы қазіргі түсінік қандай? Оның қызметінде қандай бағыттар басымдық етуде? Бұқаралық ақпараттық құрал (БАҚ немесе бұқаралық-медиа) дегеніміз а) бұқараның мінез-құлқы үлгілерін іріктейтін және шектейтін, соған иландыратын күш; ә) сөздік, бейнелік және музыкалық информацияны жаппай көбейтетін, әрдайым тарататын, ақпаратқа жалпылама бұқаралық сипат енгізетін ұйымдық-техникалық комплекс. Негізінде, БАҚ-тың қоғамға қажетті көпжақтылы идеологиялық міндетті атқарудағы әрі рухы жоғары идеяны уағыздаудағы рөлі жетілуде. БАҚ-ң әлеуметтік-психологиялық сипаты ендігі еселеуде. Оның қоғамдық қарым-қатынаста атқаратын саяси-әлеуметтік рөлі де алуан. Бүгінде БАҚ ағартушылық, насихаттық, ұйымдастырушылық, топтастыру жұмыстарын атқарып келеді. Оған құлағымыз да, көзіміз де үйренгендей. Әйтседе ақпараттық жұмыстың қоғамдық маңызы мен әлеуметтік жауапкершілігі қатар жетілмеуде. Осы қос өлшем бірдей, тең ұсталғанда, оны мәдениеттің маңызды бөлімі деп әрі әлеуметтік күштің күнделікті тиімділігі мен маңызын арттыранына күмәнданбаймыз. Содан БАҚ қоғамдық күшті жұмылдыратын, біріктіретін, шабыттандыратын әлеуметтік қуат деген түсінік күш алуда.

    БАҚ-тың идеологиялық бағдарын жаңғырту – ұзақ та күрделі процесс. Жаңғырту үрдісі әлемдік және өлкелік өгерістерден туындайды. Көзқарасты жаңғырту күшпен немесе жарлықпен орнығатын жай емес. Ол көптеген мамандардың қалыптасуын және халықтың құндылық бағдарының қайта толастауын қажет етеді. Тарихи қажеттілік аясында әлеуметтік практикаға негізделген азаматтық идеологияны қалыптастыру және технологиялық коммуникацияның идеялық негізін толықтыру абзал.

    Қазақстандағы тәуелсіздікке талпыныс БАҚ қызметін жаңа деңгейге көтерді. БАҚ қызметінің заңды, пайдалы, тиянақты, нәтижелі болуы жаңа кезең өлшемдерін құрастыруда. Жүйелі БАҚ арқылы халықтың түрлі топтарының пікірлері мен көңіл-күйлерін біліп жатамыз. Билік БАҚ арқылы қоғамдық пікірге ықпал ете отырып, бұқараның көңіл-күйін аулайды, қажет дегенде оны өз саясатына икемдейді. Ал БАҚ-ң қызметін реттеу немесе көтермелеу, ақпараттық қызметтің жоғары кәсіби деңгейін қамтамасыз ету – мемлекеттің маңызды стратегиялық міндеттеріне жатады. Бүгінгі таңда «БАҚ-ң қоғамдағы, экономика мен бизнестегі күштерді теңестірудегі қызметі артуда. Газеттерді жеке тұлғалар мен корпорациялар иемденсе де, баспаның бостандығы халыққа қызмет етуі керек». (2). Мұндай іргелі тұғырнама басты постулаттарға сүйенеді. Олар:
    - сөз еркіндігі, БАҚ тәуелсіздігі мен басылым еркіндігі – азаматтық қоғамның негізі;
    - БАҚ өз қоғамы мен мемлекетінің игілігіне қызмет етуі керек;
    - информациялық кеңістік өзін-өзі реттейтін негізде болуы шарт;
    - информациялық басқару – этносаралық қатынастарға тиімді ықпал ететін құрал. Осы тектес түбегейлі постулаттарды сақтамаған немесе орындамаған кезде, қоғамда ақпараттық қақтығыс немесе әлеуметтік-психологиялық шиеленіс күшеймек.

    Ақпараттың анықтамасы.

    Информатика – жаңа технология жиындарын оқытады, яғни ақпаратты сақтайды және өңдейді. Оның дамуы ақпаратты сақтауға және өңдеуге арналған құрылғылар ЭЕМ-машиналардың шығуымен байланысты. Ал ЭЕМ– тенологияның негізгі құралы. Бұл ғылым- ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған.

    Информатика пәні негізінен мынадай тақырыптарды қамтиды:

    1. «Алгоритм», «программа» ұғымы.

    2. Алгоритмдерді қарапайым тілде, блок-схема түрінде жазу.

    3. Оқылған тілде мәліметтерді сипаттау, программалар құру, оларды компьютерде орындау.

    4. Әр түрлі операторларды жазу, т.б.

    1. Ақпарат дегеніміз не?Осы ақпараттың жалпы қасиеттерін зерттеу қажет. Мұнымен Информатика деп аталатын ғылым айналысады.

    Информатика –ақпарат алу,т жіберу, өңдеу, сақтау, ұсыну процестерін зерттеумен қоғам өмірінің барлық саласында ақпараттық техника мен технология жасау, ендіру және тиімді пайдалану мәселелерімен шешумен шұғылданатын ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының бірі.

    Информатика:

    • ақпарат жинау, сақтау, жіберу, өңдеу және беру әдістері мен құралдарын зерттеумен байланысты- техникалық;

    • ақпараттың мәнін сипаттау тәсілін анықтайтын, оның сипаттау тілдерін зерттейтін- семантикалық;

    • ақпаратты кодтау әдістерін сипаттайтын – прагматикалық;

    • ғылыми-ақпараттық іс -әрекеттің кейбір түрлерін, оның ішінде индекстеуді, автоматты реферлеуді, машиналық аударманы формальдау және автоматтандыру мәселелерін шешумен байланысты синтактикалық мәселелер топтарын зерттейді.

    Информатика ұғым ретінде біздің өмірімізге берік енген, ғылыми-техникалық үдеудің синонимдердің біріне айналды. Бұл сөз ХХ ғасырдың 60 жылдарының басында француз тілінде (information- ақпарат және automatioque- автоматика) қоғамда ақпаратты автоматты түрде өңдеуді белгілеу үшін пайда болады.

    Ғылымның, техниканың және өндірістің көптеген салаларының одан ары дамуы ақпаратты өңдеудің сандық және сапалық мүмкіндіктерінің өсуін, адамның ақыл –ой әрекетінің артуын қажет етті.

    Информатиканың қалыптасуы мен дамуында ғылыми-техникалық даму басты бағыттарының бірі, оның нақты катализаторы- ЭЕМ мен қазіргі компьютерлік техниканы жасау негізгі рол атқарады.

    Ғылым ретінде информатиканың құрылымында келесі салалар аталады:

    1. алгоритмдік,

    2. программалық

    3. техникалық

    Информатика сегіз негізгі әрекеттер бағытттарын қамтитын ғылыми техникалық пәндер кешені болып табылады.



    ЭЕМ-ны қолдану –тек ақпарат жинақтауға, сақтауға, өңдеуге ғана емес, жаңа ақпарат, жаңа білім алуға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық технология (ЖАТ) жасауға негіз болады.

    ЖАТ ақпаратпен жұмыс істеудің белгілі сатыларын ретімен орындау.

    Қазіргі компьютердің ерекшелігі – олардың көпшілігі есеп шығару үшін емес, ақпаратты алуан түрде өңдеу үшін қолданылатынында. Бұл –мәтін өңдеу, графикалық жұмыс орындау, әр түрлі дерек жинау мен оны тез шығарып беру, компьютермен оқыту процесінде ақпаратты программалық түрде ұсыну, білім сапасын автоматтандырылған түрде бақылау және т.б.

    Ақпарат_және_оның_түрлері'>Ақпарат және оның түрлері

    Қоғамның қазіргі кездегі дамуының ең басты белгісі – бұл өндірістің, тұтынудың және адам әрекетінің барлық салаларында информация жинаудың артуы болып табылады. Адамның бар өмірі қандай болмасын – информация алу, жинау және өңдеумен байланысты.Қазіргі уақытта әр түрлі ғылым саласында мысалы: философия, экономика, психология, физика, математика, т.б. салалрында информация өте кең тараған ұғым. Әр ғылымның өз саласында информация туралы түсініктері қалыптасқан. Біз өмір сүріп отырған ғасырға – автомобиль, электр, авиация, атом энергиясы, космонавтика, электрондық техника сияқты-ғылымның, техниканың және жаңа технологиялардың бұрын болмаған жылдамдықпен дамуы тән. Мысалы, кітап басып шығаруды ойлап тапқаннан (ХУ ғасырдың ортасы) радиоқабылдағышқа (1895) дейін 440 жылға жуық, ал радио мен теледидар арасында 30 жылдай уақыт өткен. Ал транзистор мен интрегралдық схеманың арасындағы уақыт не бары 5 жыл болды.

    Ақпарат-белгiлi бiр нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы берiлетiн мәлiметтер тобы.

    Ақпараттың қасиеттері:

    1. Дәлдiгi - iстiң ақиқаттық жағдайын толық ашу керек.

    2. Толықтығы -информацияны түсiнуге және белгiлi бiр шешiм қабылдауға жеткiлiктi болуы керек.

    3. Бағалылығы –информацияны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше аламыз.

    4. Түсiнiктiлiгi -информацияның пайдаланушыға түсiнiктi тiлде жазылуы.

    5. Объективтілігі және субъективтілігі. Мысалы, фотодағы табиғаттың суреті не құбылысы бізге объективті ақпарат береді. Ал адам салған бұл табиғат суреті объективті бола алмайды. Ақпатараттық процесс барысында ақпараттың объективтілігі әр қашан төмендейді. Мысалы, құқық пәндерінде бір оқиғаны көрген адамдар әр кім өз түсінігі бойынша әр – түрлі ақпарат береді.

    Түрлерi: текстiк, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары, магниттiк жазба.

    Берiлу жолдары: қимылдар, мимика, сызу-сурет, музыка, сөйлесу тiлдерi, байланыс құралдары, электрондық желiлер арқылы.

    Мәліметтермен жүргізілетін негізгі операциялар: сақтау, жинақтау, беру (шығару), өңдеу

    Ақпарат бағалы - егер ол толық, жаңа, обьективті болса. Ақпарат көлемі дегеніміз- хабар ұзындығы, яғни хабар жазудағы символдар саны.

    8 Байт- 1 Битка

    1 Кбайт – 1024 байт- 1000 байт

    1 Мбайт – 1024 Кбайт – 1 миллион байт

    1 Гбайт – 1024 Мбайт – 1 миллиард байт

    2 Бөлім.

    Алгоритмдеу және программалау

     1. Алгоритм ұғымы, қасиеттері

    Туғаннан бастап баланы тәрбиелеу, оларды әртүрлi ережелердi сақтауды,  ертеңгiсiн жуыну, киiну, шешiну, тамақ iшу, сабаққа бару, жолдан өту .т.б. меңгерудi және қатаң орындауды талап етемiз. Одан әрi бала-бақшада және мектепте тәрбиеленудiң күн тәртiбi болады. Оларды оқыту белгiлi ретпен өтедi. Ал барлық мүмкiн болатын ойындар ереже бойынша ұйымдастырылады. Демек кез-келген iс-әрекеттер анықталған жарлық бойынша жүзеге асады, яғни анықталған алгоритм бойынша орындалады.

    Адам жас кезiнен бастап күнделiктi өмiрде алгоритмдi меңгередi және орындайды. Яғни, алгоритм дегеніміз – жеке қадамдардан тұратын, формальды түрде жазылған реттелген нұсқаулар тізбегі.

    Алгоритм сөзі IX ғасырда өмір сүрген ұлы өзбек математигі Әл-Хорезмидің атымен аталған жазудың латындық формасы. Әл-Хорезми бірінші рет арифметикалық амалдарды орындаудың ережелерін тұжырымдаған ғалым.

    Алгоритм ұғымы кез-келген программа құру кезінде негізгі орын алады, себебі программа – енгізілген берілгендерді өңдеу үшін арнайы және қатаң түрде қандай да бір программалау тілінде дайындалған алгоритм. Кез-келген алгоритм қандай да бір орындаушыға негізделген. Орындалған командалар жиынтығы орындаушының командалар жүйесі болып табылады. Орындаушы ретінде – адамдар және техникалық құрылғылар, яғни роботтар, компьютерлер және автоматтар болуы мүмкін.

    Алгоритмнің қасиеттері және оған қойылатын талаптар:

    1.Алгоритмнің дискреттігі (үздіктілігі) – ақпаратты өңдеу процесі ретімен жазылған,  аяқталған нұсқаулардан құралған тізбектерден тұруы тиіс, яғни орындаушының келесі қадамға өтуі алдыңғы қадамның аяқталуынан кейін жүзеге асуы керек;

    2.Алгоритмнің түсініктілігі – алгоритмді құру барысында оның орындаушыға түсінікті болатындығы ескерілуі керек;

    3.Алгоритмнің анықтылығы – алгоритм жалпы түрде қабылданған символдарды, алфавитті пайдаланып жазылуы тиіс. Орындаушы (адам, компьютер) алгоритмді түсініп, орындай алатын болуы керек. Оның үстіне түрліше түсінілетін нұсқаулар енгізілмеуі тиіс. Ол орындаушыға алгоритмді орындау үшін басқа нұсқаулар іздеуіне жол қалдырмайтындай етіліп және орындалу реттері дәл көрсетіліп қатаң түрде жазылуы қажет.

    4.Алгоритмнің көпшілікке бірдейлігі – қарастырылып отырған ақпараттың кез-келген мәндерінде нақты бір ғана тапсырманы емес, соған типтес бүкіл тапсырманы шеше білуі. Мысалы, квадрат теңдеуді шешу алгоритмі – коэффиценттің кез-келген мәнінде оның түбірін табуға мүмкіндік береді немесе жолда жүру ережесі барлығымызға бірдей.

    5.Алгоритмнің нәтижелілігі. Нұсқаулар шексіз көп болмай, қорытындысында оның нәтижесі болуы тиіс. Егер алгоритм бойынша құрылған сандық программа шексіз есептеулерге әкелсе, онда алгоритмнің талапқа сай жазылмағаны не есептің шешуі жоқ болғаны.
      1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта