Главная страница

Инструкция по обеззараживанию питьевой воды и очищенных сточных вод


Скачать 1.26 Mb.
НазваниеИнструкция по обеззараживанию питьевой воды и очищенных сточных вод
Дата16.06.2022
Размер1.26 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файлаpic_49.doc
ТипИнструкция
#597867
страница14 из 32
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32

9-қосымша (міндетті)

Сарқынды суларда жалпы колиформды бактерияларды анықтау әдісі



1. Жалпы ережелер

Жалпы колиформдық бактерияларға (ЖКБ) спора түзбейтін, оксидаздық белсендігі жоқ, дифференциалдық лактозалық орталарда өсуге қабілетті (Эндо тұрнұсқасы), лактозаны 37°С температурасында 24 сағат ішінде альдегид, қышқыл және газ түзілгенге дейін ферменттейтін грамтеріс таяқшалары жатады. Жалпы колиформдық бактерияларды Эндо ортасына дәл өлшенген су көлемдерін тікелей себу тәсілімен және 18-24 сағат ішінде 37°С температурасында себу көлемін одан әрі ұлғайту арқылы мембраналық сүзу тәсілімен анықтайды.

Алынатын нәтижелердің дәлдігінің төмен болуы, 2 немесе 3 қатарлас себу кезінде жұмыс көлемінің көп болуы салдарынан ЖКБ-ды дәстүрлі тәсілмен анықтау ұсынылмайды.

Сынамаларды іріктеп алу, тасымалдау және сақтау, ыдысты, қоректік ортаны дайындау, себуді тарату шарттары үстіңгі беттік су айдындарының суларын және ауыз суды санитарлық-микробиологиялық талдау жөніндегі әдістемелік сілтемелерге сәйкес болу керек.

2. Талдауды орындау

2.1. Сарқынды судың сынамаларын он еселік себу қатарын дайындау.

Егуге арналған көлемдерді және егу санын әрбір нақты жағдайда ластанудың болжамды дейгейіне негізделе отырып тағайындайды, бұл кезде тәсілдің минималды қатесі – шыны аяққа 10-нан 50 КОЕ дейін болатын мөлшерде ЖКБ оқшауланған колонияларын алатындай есептелу керек.

2.2. Таңдалған себу әрқайсысынан алдын-ала құрғатылған екі Эндо шыны аяқтарына қатарлас түрде 0,5 мл немесе 0,1 мл енгізе отырып жүргізіледі. 0,5 мл еккен кезде енгізілген көлемді шайқау арқылы немесе шыны қалақшамен шыны аяқтың барлық үстіңгі беті бойымен бөліп таратады, содан кейін құрғатады. Құрғатуға арналған арнайы аппарат болмаған кезде егістер салынған шыны аяқтарды су толығымен буланғанға дейін шамалы ашық түрде термостатқа орналастырады, содан кейін төңкеріп қояды. Егіс 0,1 мл болғанда егістерді су толығымен сіңгенге дейін қалақшамен үгітеді, төңкереді және термостатқа салады.

2.3. ЖКБ рұқсат етілген құрамы сарқынды сулардағы 100 КОЕ/100 мл артық болмаса, зарарсыздандырылған суды зерттеген кезде келесі тәсілдердің бірі пайдаланылады: ӘС 2285-81 бойынша тікелей егіс немесе мембраналық сүзу. Тікелей егістің сумен араластырылмаған сынамасынан 0,5 мл-ден 4 шыны аяққа егеді. Мембраналық сүзгі арқылы 1 мл, 2,5 мл және 5 мл сүзеді.

Норматив 10 КОЕ/100 мл ЖКБ аспағанда зарарсыздандырылған сарқынды суларды бақылау кезінде мембраналық сүзу тәсілімен жұмыс жасайды және зерттелетін судың 10 мл, 25 мл және 50 мл сүзеді. Сүзгілерді Эндо ортасына орналастырады.

2.4. Егістерді 37 (± 1)°С температурасында 24 (± 2) сағат инкубациялайды.

3. Нәтижелерді есептеу

Лактозаны ферменттейтін және альдегид түзетін жалпы колиморфтық бактерияларға тән колонияларды Эндо ортасының үстіңгі бетінде өскен колонияларды есептейді: қызыл және металлды жылтырлайтын және жылтырамайтын қара-құба, қаралау қызыл күрең орталығы бар қызғылт шырышты қабық. Альдегидтің болуын күдікті колонияны ілгекпен ысырып тастау арқылы ортадағы таңбаны тексеруге болады.

Күдікті жағдайларда колонияның ЖКБ-ға тиесілі екендігін растау үшін лактозаны қышқыл мен газға дейін ферменттеу қасиетіне көз жеткізу қажет. Бұл мақсат үшін лактоза немесе СИБ-лактоза бар жартылай сұйық ортаға егіс жасайды және егісті 37°С температурасында 4-6 сағат бойы инкубациялайды. Қышқыл мен газ қалыптасқан кезде оң жауап береді. Егер орта түсін өзгертпесе немесе тек қышқыл болған жағдайда егістерді қайтадан термостатқа орналастырады және кесімді нәтижені 24 сағаттан кейін есептейді.

Оксидазалық оң микрофлораны болдырмау қажеттілігі туындаған жағдайда оксидаздық сынақ жүргізеді. Тікелей егіс кезінде реактивті күдікті колонияға тамшылатады, немесе колонияның бөлігін оксидаздық реактивпен немесе СИБ-оксидазамен дымдатылған сүзгіш қағаздың жолағына жіңішке сызықпен жағады.

Мембраналық сүзгілерде өсірілген колониялардың оксидазалық реакциясын тексеру қажет болса, онда сүзгіні реактивпен мол дымдатылған сүзгіш қағаздың дискіне төсейді. Түсін өзгерткен барлық колониялар (оксидазалық оң) есептен алынып тасталады.

Реактивті дайындау және реакцияны жүргізу техникасы ӘСК 10.05.045.03 сәйкес жүргізіледі.

4. Нәтижелерді есептеу және бағалау

Есептеу үшін 10-нан 50-ге дейін оқшауланған колониялар егілген шыны аяқтар таңдалады. Олардағы жалпы колиморфтық бктерияларға жататын колониялардың санын есептейді, алынған санды қосады.

Егер 0,5 мл-лік 2 егіс жасалса, онда колониялардың сомасы егілген колониялардың санына сәйкес келеді. Алынған соманы егілуді ескере отырып, 100 мл көлеміне қайта есептейді.

Мысал: 0,5 мл-лік 2 көлемді 5-ші егуден алынған егіс кезінде бір шыны аяқта 16, екінші шыны аяқта 20 ЖКБ колониялары алынды. Сонда 16 + 20 = 36:10-5 ´ 100 = 3,6 108 КОЕ/100 мл ЖКБ болады.

Мысал: 0,1 мл-лік 2 көлемді егіс кезінде 5-ші егістен бір шыны аяқта 22 колония, екіншісінде - 28 колония алынады. Сонда 22+28=50: 2×106 ´ 100 = 2,5 108 КОЕ/100 мл ЖКБ болады.

Хаттамада белгілеу арқылы нәтижелерді есепке алу жүргізіледі:

егер шыны аяқта 10-нан кем немесе 50-ден артық колониялар өсіп шықса;

егер бір шыны аяқта араластырып өсірілсе, екінші шыны аяқтағы есептеу осы егуден орындалды.

Зарарсыздандырылған суда ЖКБ нәтижесін есептеу кезінде оқшауланған колониялар алынған ЖКБ-ң барлық колонияларын қосады, және нәтижесін мына формула бойынша есептейді:

Х = (а×100):V,

мұндағы Х - 100 мл-гі ЖКБ саны;

аЖКБ-ң есептелген колонияларының сомаланған саны;

Vколониялардыесептеу жүргізілген шыны аяқтарда немесе сүзгілердегі судың егілген көлемі.

Бұл жағдайда колония өспейтін көлемде есептеледі.

ЖКБ санының 100 мл-гі алынған нәтижелерін 6 қосымшаның талаптарымен салыстырады.

5. Термотолеранттық колиформных бактерияларды анықтау тәсілі

Бактериялардың саны – алынған фекальды ластану көрсеткіштері туралы ақпарат алу қажет болғанда талдауды жалғастыруға болады және 44 ± 0,5 °С температурасында одан әрі инкубацияланатын лактозасы бар ортада 44 °С температураға дейін ысытылған 10-14 колонияларды егу арқылы металлды жылтыры бар қара-қызыл колониялардың арасынан өсіп шыққан термотолеранттық колонияларды растауға болады. (ИСО 9308-1 1990 ж. және ӘСК 10.05.045.03 бойынша).

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32


написать администратору сайта