Сабақтың кезеңі
| Мұғалім іс-әрекеті
| Оқушы іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Ұйымдастыру
| Тақырып: Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
– Сызықтық құрылымдағы программаны құру қадамдарын біледі;
– python-да сызықтық алгоритмдерді программалауды меңгереді.
| Сабақта меңгеретін мақсаттарды білу
| Бағалау парағы
| Презентация (1 слайд)
|
Үй тапсырмасын тексеру
| Тапсырмалар ұсыну
| Тапсырма орындау
| Бағалау парағы
| Презентация (2 слайд)
|
Жаңа сабақ
| Жаңа сабақты түсіндіру
Программалау барысында қолданылатын негізгі үш алгоритм түрі бар. Оларға
сызықтық, тармақталу,
циклдік алгоритмдер жатады.
Сызықтық алгоритмдердің командаларын бір реттен тізбектей орындай отырып, нәтиже аламыз.
Программада әрекеттердің тізбектеліп, ретімен орындалуы сызықтық орындалу деп аталады.
Ал, әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – бірінен соң бірі табиғи реттілікпен бір реттен орындалатын алгоритмдік құрылым – сызықтық алгоритм деп аталады.
| Жаңа тақырыпты меңгеру
| Бағалау парағы
| Презентация (4-8 слайдтар)
|
Практикум
| Оқушыларға талдап түсіндіретін тапсырма.
Егер 1-оқушы 1 сағат ішінде х шелек, 2-оқушы y шелек, 3-оқушы z шелек алма жинаса, t сағатта олар неше шелек алма жинайды? Программа құрыңдар.
| Жаңа тақырыпты мұғаліммен бірге практикада қолдану арқылы меңгеру
| Бағалау парағы
| Презентация (9 слайд)
|
Бекіту
| Тақырыпты меңгергенін анықтау
1 тапсырма
Тік төртбұрыштың қабырғалары сәйкесінше a және b см. Python программалау тілінде тік төртбұрыштың периметрі мен ауданын табатын программа құрыңдар.
1 топ
Тік төртбұрыштың ауданын табатын программа құрады
2 топ
Тік төртбұрыштың периметрін табатын программа құрады
1 топ есеп
2 топ есеп 2 тапсырма
| Жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау
| Бағалау критерийлерін ұсыну Бағалау парағы
| Презентация (10-11 слайдтар)
|
Қорытынды
| Рефлексия
Сабақты қорытындылау
|
|
| Презентация (12-15 слайдтар)
|