|
мәселені қою. ысамерзімді жоспар Блімі 5блім. Практикалы программалау
Қысқамерзімді жоспар
Бөлімі:
| 5-бөлім. «Практикалық программалау»
| Педагогтің аты-жөні:
| Саргаскаева Г.Б
| Күні:
| 27.03.23ж
| Сыныбы:7ә
| Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы:
| 5.1. Мәселені қою
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу.
| Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Сабақтың басы
| (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Шаттық шеңбері» әдісі Оқушылар шеңбер бойымен тұрып бір-біріне тілек айту арқылы, бір-бірінің көңіл күйін көтереді. Мысалы: Сен бүгін ерке сұлусың!
| Топтастыру 1,2,3 санау арқылы 3 топқа бірігеді. Оқушылар 1-ден 3-ке дейін санап түрлеріне қарай топтасады.
|
|
|
| «Миға шабуыл» әдісі
Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар топтамасы интербелсенді тақтадан көрсетіледі.
| Pythonда тармақталған алгоритмдерді пайдаланып есеп шығару үшін бастапқы мәселені қалай қалыптастыруға болады? Есептің моделі дегеніміз не? Есептің моделін құру үшін қандай білім қажет деп ойлайсың? Программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешу қандай кезеңдерден тұрады деп ойлайсың?
| Бағалау Оқушылар бір-бірін «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар».
|
| Сабақтың ортасы
| «ДЖИГСО» әдісі
Топтарға оқулықтан жаңа сабақтың мәтіні бөліп беріледі.
Арнайы белгіленген уақыт ішінде мәтінді оқып шығады. Кейін топтар арасында жаңа ақпаратпен таныстыру, ой бөлісу жұмысы жалғасады.
| Дескриптор:
- Берілген мәтінді оқиды.
- Топ ішінде өзара талқылау жүргізеді.
- Топтар арасындағы түсіндіру, жеткізу, баяндау жұмысында белсенділік танытады.
| Бағалау Топтар бір-бірін «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар»
|
| Қосымша тапсырма
| 1-тапсырма
Практикалық жұмыста берілген тапсырманың программа кодына талдау жасаңдар. Программаға a=7, b=20, c=9 және a=13, b=11, c=0 мәндерін қойып, қолмен тексеріңдер. Бұл мәндерді қабылдау барысындағы программаның әрбір қатарындағы командалар жұмысының нәтижесін қағазға жазып отырыңдар. Алған нәтижелеріңді талдау барысында программада есепті шешуге көмектескен қандай алгоритм идеясы жатыр? Анықтаңдар.
Программа коды:
a, b, c=map (int, input ().split ())
t=k=h=p=s=0
if (a+b+c)%3= = 0:
k= (a+b+c) / / 3
t= a-k; p=b-k; h=c-k
if t > 0:
s=s+t
if p > 0:
s=s+p
if h > 0:
s=s+h
print (s)
else:
print (-1)
| Дескриптор:
Берілген программа кодына талдау жасайды. Программаға берілген мәндерді енгізіп тексереді. Программада есепті шешуге көмектескен қандай алгоритм идеясы бар екенін анықтайды.
| Бағалау Оқушылар бір-бірін «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар».
|
|
| 2-тапсырма
Үш санның үлкенін табу алгоритмімен және программасымен таныссың. Ал берілген a, b, с бүтін сандарының арасынан екінші үлкенін қалай табуға болады? 1-схемадағы программа құрастыру кезеңдерін толық пайдаланып, тапсырманың программасын құрастыр. Тапсырмадағы проблеманы қою кезеңін қалай жүзеге асырдың? Нәтижені экранға шығар.
| Дескриптор:
Программа құрастыру кезеңдерін пайдаланып, тапсырманың программасын құрастырады. Тапсырмадағы проблеманы қою кезеңін қалай жүзеге асыратынын анықтайды. Нәтижені экранға шығарады.
| Бағалау Жұптар бір-бірін «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар».
|
| Сабақтың соңы
Рефлексия
| Сабақты бекіту
«Еркін микрофон» әдісі
| Оқушылар жаңа тақырыпқа байланысты сабақ барысында не түсінгенін және сабақ жайлы өзінің қысқаша қорытынды ойын айтады
| Бағалау
Оқушылар бір-бірін «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар».
|
|
|
| Үй тапсырмасы
Төрттаңбалы N саны берілген. Осы санның барлық цифрлары жұппа анықта. Егер барлық цифры жұп болса, онда экранға «0», әйтпесе «тақ» жауабы шықсын».
мысалы
| нәтиже
| 4284
| 0
| 8412
| 1
|
|
| |
|
|