Главная страница

2 сынып ҚМЖ. ысамерзімді жоспарлар 1саба


Скачать 3.16 Mb.
Названиеысамерзімді жоспарлар 1саба
Дата09.03.2023
Размер3.16 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла2 сынып ҚМЖ.docx
ТипПрограмма
#975728
страница3 из 37
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс- əрекеті

Оқушының іс-əрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)

Ұйымдастырукезеңі

(1-7мин.)

Сəлемдесу, оқушыларды түгендеу.

І. Қызығушылықты ояту: «Алма, шие, өрік, банан» əдісі.

Оқушылар орындықтарды шеңбер бойы орналастырып, жайғасады. Мұғалім оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен «алма», «шие», «өрік», «банан» деп санап шығады. Осыдан кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің атын атайды (мысалы, «шие» не «алма»,

«өрік» немесе «алма», «шие», «өрік», «банан»), сол кезде өзіне атауы берілген оқушылар орындарын алмастыру қажет. Ал мұғалім бір бос орынға отырады. Орын жетпей қалған оқушы жүргізуші болып, жемістердің атын атайды (ойын бірнеше оқушымен осы əдіс бойынша жалғасады).

Топтастыру

Оқушылар шеңбер бойымен тұрған сəтінде алма, өрік, банан жемістерін кезекпен атау арқылы үш топқа бірігеді.

1- топ. «Алма» тобы. 2- топ. «Өрік» тобы.

3- топ. «Банан» тобы.

(МК,Ұ)Ой

қозғау. «Миғашабуыл»əдісі

Ой қозғау. «Миға шабуыл» əдісі.

  • Компьютерді отбасы мүшелері қалай пайдаланады?

  • Компьютермен бірге қандай жаңа мамандықтар пайда болды? (1-сурет) Компьютердің негізгі құрылғылары қалай

аталады? (2-сурет) Қызметін ата.

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Қошеметтеу» əдісі арқылы бағалайды.




Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» əдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын бір ақпарат (мəлімет, проблема, сұрақ) туралы не білетіндерін жазбаша немесе ауызша айтады.

Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізуге үйретеді. Пікірлерін еркін айтуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.




Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтыңтақырыбымен,мақсатыменжəнебағалау

критерийлеріментаныстырады.

Сабақтыңортасы(31мин)

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін).

(Ұ) Оқулықпен жұмыс істеу. «Барлық оқушымен жүргізілетін жұмыс» əдісі. Оқулықтағы «Жаңа білім» айдарында берілген мəтінді оқуға тапсырма беріледі. Бұл жұмыс түрі бүкіл сынып оқушыларының бір мезгілде жұмысқа жұмылдырылуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың барлық сұрағына мұғалім жұмыстың алдында жауап беруі тиіс, бұл оқушыларды да, мұғалімді де алаңдатпайды. Оқушы жаңа сабақтың ақпаратымен

танысады.

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу

белсенділігіне қарай

«Қошеметтеу» əдісі

арқылы бағалайды.

Интерактивті тақта




(МК, Д)

6-суреттегі құрылғылардың қызметін білесің бе? Оларды енгізу мен шығару құрылғыларына жікте. Осы құрылғылардың қайсысын компьютерге өзің туралы дерек енгізуге

пайдалануыңа болады?

Дескриптор

  • Берілген 6-суреттегі құрылғылармен танысады.

  • Оларды енгізу жəне шығару құрылғыларына қарай жіктейді.

  • Өзі туралы дерек енгізуге қажетті құрылғыны таңдайды.

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай

«Қошеметтеу» əдісі

арқылы бағалайды.


Интерактивті тақта




(Т) Компьютердің енгізу-шығару құрылғыларын адамның сезім мүшелеріне сəйкестендір.

Дескриптор

–Топта берілген сурет бойынша адамның сезім мүшелері туралы талқылайды.

  • Компьютердің енгізу құрылғыларымен адамның сезім мүшелерін сəйкестендіреді.

  • Компьютердің шығару құрылғыларымен адамның сезім

мүшелерін сəйкестендіреді.

Топтағы оқушылар бір- бірін топтағы жұмыс істеу деңгейіне қарай

«Қошеметтеу» əдісі

арқылы бағалайды.


Интерактивті тақта




(Ж) Төмендегі деректерді мектепке алып баруың керек. Ол үшін оқулықтағы 4, 5, 6-суреттегі компьютердің қай құрылғыларын қолданасың?

Дескриптор

  • Жұптасып тапсырманы талқылайды.

  • Оқулықтағы 4, 5, 6- суреттегі құрылғыларды салыстырады.

  • Өзіне қажетті құрылғыларды таңдайды.

Жұптағы оқушылар бір- бірін топтағы жұмыс істеу деңгейіне қарай

«Қошеметтеу» əдісі

арқылы бағалайды.


Интерактивті тақта

Сабақтың соңы(7мин.)

ІІІ. Ой толғаныс.

Рефлексия

(Ж) «Еркін микрофон» əдісі

  • Бүгінгі тақырып не туралы болды?

  • Бүгінгі тақырыпта не

ұнамады?

Бүгінгі сабақтағы менің портретім.

Бүгінгі сабақтағы өз

көңіл күйін суреттерді

Жұмыс дəптері



Бөлімі

I бөлім. Компьютерлер мен программалар (ортақ тақырып: «Өзім туралы»)

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Файлдар мен бумалар

Оқу бағдарламасына сəйкес оқу мақсаты

        1. файл мен бума туралы түсінік беру;

        2. файлдар мен бумаларды жасау, көшіру, жылжыту жəне жою;

        3. өз жұмысындағы контекстік мəзірді пайдалану;

Сабақтың мақсаты

Барлықоқушыүшін:

Файл мен бума туралы түсінеді.

Оқушылардыңкөбіүшін:

Файлдар мен бумаларды жасау, көшіру, жылжыту жəне жоюды біледі.

Кейбіроқушыларүшін:

Өз жұмысындағы контекстік мəзірді пайдаланады.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс- əрекеті

Оқушының іс-əрекеті

Бағалау

Ерекше білімді қажет ететін оқушы тапсырмасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37


написать администратору сайта