Ернур М курсовой (1). Курсты жоба таырыбы т110120130 маркалы турбинасыны жылулы есебі Пн аэс бугенераторы
Скачать 0.81 Mb.
|
3 Еңбекті қорғау«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жыды 9 қарашадағы заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдады Турбиналық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы Қазақстан Республикасы Энергетика министірінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №122 бұйрығымен бекітілген. Қауіпсіздік техникасы бойынша: 1. Ыстық жазықтар аймағында тұрған сыртқы арынды майқұбырлары арнайы тығыз болат табақтардан жасалған қораптарға салынады. Қораптардың төмендегі бөлігі апатты құю коллекторынан тәуелсіз жинақ құбырларында май құятындай еңісті болуы керек. Күрделі жөндеу кезінде қорап турбиналары су толтыру арқылы тығыздығы тексеріледі. 2. Қораптан тыс орналасқан майқұбырлары ыстық жазықтардан металл қорғаныс экрандар арқылы бөлінеді, ал олардың фланцарты майларды қауіпсіз жерге құятын арнайы қаптамаларға бекітіледі. Қаптамалар фланцтарды,сондай-ақ олардың жанында орналасқан еріту тігістері мен құбырдың тігістен 100-120мм бөлігін қамтуы тиіс. 3. Қауіпсіздік автоматтарын сынау кезінде турбинаға қызмет көрсету алаңында тікелей сынаққа қатыспайтын тұлғалардың болуына болмайды. Қауіпсіздік автоматтарын турбина роторының айналым санын ұлғайтумен тексеру кәсіпорынның техникалық жетекшісі бекіткен сынақ бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Қауіпсіздік автоматтарын сынағанға дейін сынаққа қатысатын персоналға нұсқау берілу, осы туралы нұсқаулық журналына жазылу қажет. Сынаққа цех бастығы (намесе оның орынбасары) тікелей жетекшілік жасайды, ол турбина роторының айналу жиілігін тахометр бойынша тексереді. Сынаққа қатысатын қалған персонал керек кезде агрегатты өшіретіндей етіп қойылады. 4. Қауіпсіздік автоматын тексеру алдында ротордын айналу жиілігін ұлғайту стопорлық және реттеу клапандарының отырғызылуын тексеру және айналымның номиналды жиілігі кезінде қолмен өшіру жүргізіледі.Стопорлық және реттегіш клапандардың қанағаттанарлықсыз отырғызылуы кезінде қауіпсіздік автоматының жұмысын айналым жиілігін ұлғайтумен тексеруге болмайды. 5. Егер қауіпсіздік автоматын тексееру кезінде турбинаның айналым жиілігі қауіпсіздік автоматы іске қосылуы тиіс деңгейге дейін жоғарыласа, ал ол іске қосылмаса, онда турбина қол ажыратқышпен бірден тоқтатылады. Қолмен ажыратқыш жұмыс істемесе, турбина реттегіш клапандарды жабумен және бу тартпасымен (байпас) тоқтатылады. Қауіпсіздік автоматын айналым жиілігін ұлғайта отырып, қайта сынуға ақауларды анықтағаннан және олар жойылғаннан кейін ғана жол беріледі. 6. Буды реттеу және бөлу жүйесінде ақаулар болған кезде турбинаны іске қосуға болмайды. 7. Цилиндрлар мен турбина роторлары қақпақтарын көтеруге арналған зауыттық құрал-саймандар жұмыс басталар алдында тексеріледі. Құрал-саймандар жөнделгеннен кейін оларда техникалық куәландыру уақыты көрсетіледі. 8. Турбинадан шешілетін ауыр бөлшектер (ротор,цилиндр қақпағы) жылжып болдырмайтын, қатпалар мен төсемдерге салынады. Төсем үшін антисептикалық сіңірілген шпалдарды қолдануға жол бермейді. 9. Цилиндр қақпағын ашу және көтеру кезінде мыналарды: көтеру үшін қолда бар құрал саймандарды қолдану (мысалы, теңгерімдеуші); цилиндрдың жоғарғы бөлігін (қақпағын) төменгі бөліктен қысқыш бұрандамалар көмегімен ашу; көтеру алдында қақпақтың мұқият бекітілгендігін тексеру; жауапты тұлғаның командасы бойынша орнатылған бағдар беруші болттар(шамдар) кезінде мұқият аударғаннан кейін қақпақты көтеруге қатысты; көтеру кезінде төменгі цилиндрдің ернемегіне қатысты қақпақтың дұрыс жылжуын тексеру керек. Қақпақтың дұрыс жылжуын тексеру кезінде, сондай ақ оны көтеру кезінде қақпақтың астындағы ернемекке қол салуға болмайды. 9. Ернемектік жалғама бұрандамаларын шешу және сомындарын бұрау турбиналарын әзірлеуші зауыттың нұсқасы бойынша жүргізеді. 10. Егер қақпақты ашу кезінде қисықтық немесе желіну байқалса, қақпақ түсіріліп, оның ілмекке бекітпесі тростарды тарту немесе босату арқылы қайтадан алынады. Тростардың ұзындықтары сомындар немесе көтергіш құрал-сайманның жабдықтарымен реттеледі. 11. Цилиндр қақпағын көтеру кезінде, егер ол құрылымы бойынша цилиндр қақпағына бекітілмеген болса, және егер одан әрі көтерген кезде құлауы мүмкін болмаса, онымен бірге қалыңдатқыш құрсама көтеріліп кетпеуін қадағалау қажет. 12. Егер диафраграммалар құрылымды цилиндр қақпағына бекітілсе және аздаған көтеру кезінде диафраграммалардың жоғарғы бөліктерін бекітіп тұрған бұрандалар үзіліп кеткені байқалса, одан әрі көтеру тоқтатылады. Бұл жағдайда цилиндр қақпағы диафраграмманы бекіту үшін қажетті биіктікке көтеріледі және төсемге орнатылады. Диафрагма бекітілгеннен кейін турбина цилиндрі қақпағын көтеруді және тасымалдауды жалғастыруға болады. ҚОРЫТЫНДЫКурстық жобаны орындау барысында жүргізілген жұмыстар: i-s диаграмма арқылы будың кеңею процесін құру; кыздырғыштардың параметрлерін анықтау; қыздырғыштардың жылу балансы құру: бу, су шығыны анықталды; жылу шығыны анықталды; Т-110\120-130 агрегатының жылулық сұлбасы салынды; Т-110\120-130 агрегатының көлденен қимасы салынды. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІАлександров А.А., Григорьев Б.А. Таблицы теплофизических свойств воды и водяного пара. М.: Издательство МЭИ, 2013. – 169 с. Александров, А. П. Атомная энергетика и научно-технический прогресс / А.П. Александров. - М.: Наука, 2018. - 272 c. Атомные электрические станции, Карницкий Н.Б., Седнин А.В. 2016. – 9 с. В.А. Кирилиллин, В.В. Сычев, А.Е. Шейндлин. Техническая термодинамика.// М.: Издательство МЭИ, 2008 г. Костюк А. Г. и др. Турбины тепловых и атомных электрических станций //Издание второе, переработанное и дополненное. М.: МЭИ. – 2011. Расчет паровой турбины: Метод. указ. Самар. гос. техн.ун-т; сост. И.Н.Денисов. Самара, 2013. Рожин И.И. Осесимметричная задача аккумулирования теплой энергии, основанного на фазовом переходе «жидкость-твердое тело. – Наука и образование.2016. №1. – С.49-53. Саломеев В. Основные пути повышения экономичности турбинного оборудования / В. Саломеев // www.rosatom.ru |