Главная страница
Навигация по странице:

  • Орындаған: Сейілхан Н.Б. Тексерген: Альтаев К.Ж. Тобы: 417Б Актөбе 2019жыл Жоспары: I.Кіріспе

  • III.Қорытынды IV.Пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе

  • Қисықтабан (pes equinovarus)

  • Этиологиясы Негізінен екі теория бар

  • Қисық табандылықты тудыратын себептер

  • М.О.Фриндланд бойыша қисықтабанның 3 дәрежесін ажыратады. Жіктелуі: Жеңіл Орташа ауырлықта Өте ауыр Жеңіл

  • Орташа ауырлықта

  • Радиологиялық диагностика

  • 1. Топай- өкшелі бұрыш (ТПУ)

  • 2. Топай- бірінші табан (ТППУ) және табан -бірінші табан (ПППУ)

  • 3. Топай – үлкен жілікті (ТБУ) және өкше- үлкен жілікті (ПБУ)

  • Пайдаланылған әдебиеттер

  • М. Оспанов атындаы Батыс азастан Мемлекеттік медицина университеті Студентті зіндік жмысы Мамандыы Жалпы медицина Дисциплина Балалар xирургиясы Курс 4 Таырыбы Науасты локалды статусын сипаттап жазу.


    Скачать 77.96 Kb.
    НазваниеМ. Оспанов атындаы Батыс азастан Мемлекеттік медицина университеті Студентті зіндік жмысы Мамандыы Жалпы медицина Дисциплина Балалар xирургиясы Курс 4 Таырыбы Науасты локалды статусын сипаттап жазу.
    Дата31.01.2019
    Размер77.96 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1179_isy_1179_tabandyly_1179.docx
    ТипДокументы
    #65896

    М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университеті

    Студенттің өзіндік жұмысы

    Мамандығы: Жалпы медицина

    Дисциплина: Балалар xирургиясы

    Курс: 4

    Тақырыбы: Науқастың локалды статусын сипаттап жазу. Тақырыптық науқастағы қисықтабанның дәрежесін анықтау.

    Орындаған: Сейілхан Н.Б.

    Тексерген: Альтаев К.Ж.

    Тобы: 417Б

    Актөбе 2019жыл

    Жоспары:

    I.Кіріспе

    II.Негізгі бөлім

    1.Туа пайда болған қисықтабан туралы түсінік,этиологиясы,дәрежелерін анықтау

    2.Туа пайда болған қисықтабан клиникасы және диагностикасы, емі

    III.Қорытынды

    IV.Пайдаланылған әдебиеттер

    Кіріспе

    Табаның деформациялары кең таралған ортопедиялық бұзылыстар болып табылады және ол әртүрлі себептермен шақырылады,осы себептерге байланысты деформациялар туа пайда болған және жүре пайда болған деп бөліеді.

    Табанның іштен қисайып,деформацияланып тууын көптеген ғалымдар жүктілік уақытында организмге әсер ететін эндогенді және экзогенді патологиялық факторларға байланыстырады.Оларға амнионның ұрық үстімен жабысып қалуы,кіндік бауының табанды қысуық,жүктілік токсикозы,вирусты токсикозы және басқада себептер жатады.

    Туа пайда болған қисық аяқтық қаңқаның барлық туа пайда болған деформацияларының ішінде 65,5 % құрайды.1000 жаңа туған нәрестенің ішінде 5-10 жағдайда кездеседі.Ұл балаларды қыз балаларға қарағанда екі есе жиі кездеседі.Екі жақтық қисық аяқтылық бір жақтыққа қарағанда жиірек кездеседі.10% туа пайда болған қисық аяқтығы бар балаларда қосымша сколиоз , қисық мойын және туа пайда болған жамбастың ұршық буынының шығуы кездеседі.

    Қисықтабан (pes equinovarus) - туа біткен аяқ буындарынның қисаюы мен қатаюын (контрактурасын) атайды. Т.С.Зацепиннің мәліметі бойынша қисық табандылық туа біткен тірек-қозғалыс аппаратының ауруларының ішінде бірінші орын алып,олардың 35.8%құрайды.

    Т.С.Зацепин бойынша,іштен туа пайда болған қисық табандылық асық сүйегінің пішінінің өзгеруін,жіліншік-асық және басқа да буындардың,буын қалталарының,сіңірлермен бұлшық еттердің даму өзгерістерін туындатады.

    https://go2.imgsmail.ru/imgpreview?key=27a0233b3cc91803&mb=imgdb_preview_170

    Этиологиясы

    Негізінен екі теория бар :

    • Бірінші теория бойынша ұрықтың біріншілік құрылуының ақауы және генетикалық дефект орын алады.

    • Екінші теория бойынша жатыр ішінде қалыпты дамып келе жатқан ұрыққа сыртқы факторлардың (әсіресе механикалық) әсер етуі.Эмбриологиялық даму кезеңінде ұрықтың табаны физиологиялық эквиноварус фазасында болады.Эмбриональды дамудың осы фазасында сыртқы факторлардың әсері жүктіліктің 5-6 аптасында осы патологияның дамуына алып келеді.

    Қисық табандылықты тудыратын себептер:

    • жатыр ішінде ұрықтың дұрыс дамымауы,

    • қағанақтың іштей балаға жабысуы,

    • кіндік бауының аяққа оралуы,

    • жатыр етінің және жатыр ішіндегі ісіктің аяққа қысым жасауы және т.б.

    М.О.Фриндланд бойыша қисықтабанның 3 дәрежесін
    ажыратады. Жіктелуі:


    • Жеңіл

    • Орташа ауырлықта

    • Өте ауыр

    Жеңіл – сирақ-табан буынында еркін қозғалыстар және қосымша күш салусыз түзетуге болады.

    Орташа ауырлықта – қозғалыстар шектелген және табанды түзетпек болғанда серіппелі қарсыласу белгісі анықталады.

    Өте ауыр- деформация, қозғалыс мүлдем шектелген.

    http://kazmedic.org/wp-content/uploads/2016/08/kisik-ayaktik.jpg

    Диагностикасы: қисық аяқтық табанның формасы мен функциясының бұзылысымен бірге жүреді және табан бүгілген қалыпында(эквинус), сыртқы жиегінің түсуімен(варус), алдыңғы бөлігі әкелінген (аддукция). Ең жиі компоненті сирақ сүйектерінің бұралуы(торсия) және сирақ-табан буынында қозғалыс аздап не айқын шектеледі. Туа пайда болған қисық табандылық клиникалық формасы жоғарыда айтылған өзгерістерге және олардың қосарлануына байланысты. Айқын ддеформация табанның ішке қарай бұралуымен сипатталады.Сыртқы жиегі төмен не артқа қарай бағытталған, ал ішкі жиегі жоғары бағытталған. Табанның сыртқы беті алға және төмен жазылған, табандық беті артқа және жоғары бағытталған және табан өзінің ішкі бетімен сирақтың ішкі бетімен жанасады. Айқн қисық тбандылық кезінде табан көлденең бүгіліп бақайлардыңварусты деформациясы мен қатпар түзеді. Бір жақты қисық табандылық кезінде сау аяқпен салыстырғанда қысқа болады, сирақ атрофияланған және аяқ 1-2 см. Қысқарады. Айқын қисық аяқтылық кезінде сыртқы толарсақ үлкейеді және ішкісі атрофияланған.

    Радиологиялық диагностика: Маңызды рольді табан мен сирақтың сүйек- буын аппаратының жағдайы атқарады. Тиімді әдіс рентгенологиялық. Шеткі функциональді жағдайда табанның рентгенографиясы қолданылады. Рентгенологиялық зерттегенде бұрыштық көрсеткіштеріне мән беру керек.

    1. Топай- өкшелі бұрыш (ТПУ) рентгенограмманың тура және бүйір проекциясында анықталады. Бұл бұрыш мөлшерінің төмендеуі туа пайда болған қисық табандылық бар екенін дәлелдейді және оның дұрыс емес коррекциясын не рецидивін көрсетеді.

    2. Топай- бірінші табан (ТППУ) және табан -бірінші табан (ПППУ) бұрыштары рентгенограммада тура проекцияда анықталады. Бұл бұрыштарды топай және табан сүйектерінің осіне сәйкес өлшейді. Егер бірінші табан сүйектерінің осі жоғарыда айтылған сүйектердің осіне медиальді ауытқыса , онда бұрыш мөлшері минус таңбасымен белгіленеді, егер латеральды плюс болады. Бұл бұрыштардың мөлшерінің салыстырмалы түрде аздап және айқынырақ азаюы табанның алдыңғы бөлігінің әкелінгенін білдіреді және көлденең табан сүйегі алды (Шопар) буынында табанның ішкі тайқуын анықтайды.

    3. Топай – үлкен жілікті (ТБУ) және өкше- үлкен жілікті (ПБУ) бұрышын ренгенограмманың табанды сыртқа қарай максимальды бүккендегі бүйір проекциясында анықтайды.Олардың ұлғаюы табан эквинусының айқындылығын не коррекциялау толықтығын көрсетеді. Сәйкес ТБУ мен ПБУ арасындағы табанды максимальды табандық және табан сыртылық бүккендегі айырмашылық сирақтабан және топайасты буындарындағы контрактуралардың айқындылық дәрежесін анықтайды және табанның бүккіш және жазғыш қызметін бағалауға мүмкіндік береді.

    Табанды рентгенологиялық зерттеудің тиімділігі бақылау және емдеу динамикасындағы көрсеткіштерді салыстырып талдағанда арта түседі. Рентгенологиялық көрсеткіштердің өзгеруі деформацияны коррекциялаудың тұрақтылығын не тұрақсыздығын, буындық контрактуралардың күшеюін не бәсеңсуін көрсетеді.

    Емі. Туа пайда болған қисық аяқтылықты емдеудің ерте функциональді әдісі белгілі бір бұлшықеттерге және гипсты таңуға әсер ету арқылы жүзеге асады және бұл кезде этапты табанды бекітуші поливиктан туторлар қолданылады, ол физиоем, ванналар, массаж, ЕДШ қолдануға мүмкіндік береді. Циркулярля гипсты таңу санның ортаңғы үштен бірінен бастап күш салмай тізе буынында бүгілген және табандыкоррекциялаған қалпында салады. Табанның сыртқы бетіне сынатәрізді төсем салады, оны гипс кепкен соң алып тастайды. Үй жағдайында табанды коррекциялау жағына қарай белсенді қозғалыстар жасап, оны ұстап тұру үшін табанның ішкі бетіне төсемелер салады. Барлық коррекцияны күштеп салмау керек. Ересек балалар деформацияны толық коррекциялағаннан кейін аяққа жазылған қалыпында гипстік таңу салуға болады және ол толықтай кепкен соң (2-3 күн) күш түсіруге болады. Дұрыс қалыпта бекітілген табанға ерте күш түсіру функциональды емнің бір бөлігі болып табылады, ол аяқтың тірек функциясын қалпына келтіреді.

    Балаларда оперативті ем әдісі және оның көлемі табанның қалдық деформациясынның көлеміне байланысты. Операцияның негізгі мақсаты этапты гипс арқылы тартылмаған табанның ригидті тіндерін кесу. Табанның эквинусы және өкше аймағындағы варусты жағдайды коррекциялау қиыншылық тудырады. Бұндай жағдайда оперативті ем ахилл сіңірін тері астына созумен шектеледі. Егер ахилл сіңірін тері асты арқылы созу мүмкін болмағанда операцияны табанның артұы медиальды релизмен толықтырады, яғни байлам, сіңір, капсуланы кесу, бұл тіндердің қарсыласуын жояды және ешбір артық күштемесіз табанның редрессациясын жасауға мүмкіндік береді.

    Қорытынды

    Табанның деформациялары кең тараған ортопедиялық бұзылыстар болып табылады және ол әртүрлі себептермен шақырылады,осы себептерге байланысты деформациялар туа пайда болған және жүре пайда болған деп бөлінеді.

    Табанның іштен қисайып, деформацияланып тууын көптеген ғалымдар жүктілік уақытында организмге әсер ететін эндогенді және экзогенді патологиялық факторлармен байланыстырады.Оларға амнионның ұрық үстімен жабысып қалуы,ұрықты амнион жіктелуінің қысуы, кіндік бауынын табанды қысуы, жүктілік токсикозы, вирусты инфекция, токсоплазмоз, авитаминоз және тағы басқада себептер жатады. Тұқым қуалаушылық негізінде де дамуы мүмкін.

    Пайдаланылған әдебиеттер:

    1) Детская хирургия/ред. А. Ю. Разумовский. – 2016

    2) Балалар хирургиясы/ред.: Ю. Ф. Исаков, А. Ю. Разумовский ; пер. М. С. Асқаров. - 2016

    3) Интернет желісі.


    написать администратору сайта