5 MS Word бағдарламасында формула редакторының қызметі. Ms word бадарламасында формула редакторыны ызметі
Скачать 105.9 Kb.
|
MS Word бағдарламасында формула редакторының қызметі Microsoft Word программасына формулалар редакторы деп аталатын математикалық формулалар мен символдар енгізетін сервистік программа орнатылған. Формула редакторы көмегімен интегралдар, матрицалар, бөлшектер, тұбірлер, көпмүшелер және т.б. математикалық формулалар жазуға болады. Word ортасынан формулалар редакторын іске қосу үшін енгізу курсорын құжаттың формула кірістірілетін жеріне орналастырып, Кірістіру⇒Обьект⇒Microsoft Equation (Вставка⇒Обьект⇒Microsoft Equation) әмірін орындау керек немесе стандартты құрал саймандар мен пішімдеу жолағынан белгішесін басамыз. Сонда экранда “Формула” атты шаблондар панелі шығады. Осы шаблондар арқылы біз математикалық формулаларды жаза аламыз. Формулалар редакторында формуланы редакциялау үшін оған тышқанды екі рет шерту немесе Түзету – Объект Формула – Өзгерту (Изменить) командасын шақыру қажет. Формулалар редакторы іске қосылған кезде Word терезесінің меню қатары өзгереді. Жұмыс аумағында тіктөртбұрыш болып объект ауданы белгіленіп тұрады (формула жазған кезде аумақ автоматты түрде ұлғайып отырады), формулалар редакторының саймандар тақтасы пайда болады. Осы саймандар тақтасында математикалық және басқа да қолданылатын символдар батырмалары орналасқан. Кейбір шаблондарды пернелер комбинациясы арқылы енгізу:
Мысалы: ах2 + вх + с = 0 квадрат теңдеуінің түбірін табу формуласын жазайық. Оның түбірін табу формуласын жазбастан бұрын осы теңдеудің өзін біз компьютерде қалай теретінін қарастырайық. Бұны теру үшін формулалар редакторы керек пе, жоқ па дегенге тоқталайық. Оны біз жоғарғы индексілі х2 белгісін қолдану арқылы оңай жаза аламыз. Ендеше осы формуланы компьютерде теру үшін келесі амалдарды орындаймыз: ♦ Вставка⇒Обьект⇒Microsoft Equation әмірін орындау ♦ Пайда болған төртбұрыштың ішіне х-ті теріп, формулалар редакторынан төменгі индекслі шаблонды таңдап, х-тің төменгі бұрышына 1,2 деп жазу ♦ = белгісін қою ♦ Бөлшектің шаблонын таңдау ♦ Бөлшектің алымына -в жазып, квадрат түбір белгісін қойып, түбірдің астына в2 – 4ас деп жазу ♦ Бөлшектің бөліміне 2а деп жазу Осының барлығын жазып болған соң формуланы мәтінге енгізу үшін құжаттың кез келген бос жеріне курсорды шертсе формула мәтінге енгізіледі. Стандарттық қатардағы Вставка панелінде формуланы мына белгішесімен табамыз Сол кезде мына терезе шығады: Мына белгішені басқанда формула жазу терезесі пайда болады: Место для формулы деген сөздің үстінен тышқанмен бір шертіп, белгілеп, формуланы жазамыз. |