Главная страница

философия. Философия. Орындаан Мынжасов Даулет Таырыбы лФарабиды Ізгі ала трындарыны кзарастары туралы трактат


Скачать 18.06 Kb.
НазваниеОрындаан Мынжасов Даулет Таырыбы лФарабиды Ізгі ала трындарыны кзарастары туралы трактат
Анкорфилософия
Дата11.05.2022
Размер18.06 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаФилософия.docx
ТипДокументы
#521357

Орындаған: Мынжасов Даулет

Тақырыбы: Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектерінің негізінде бақыт жайлы



Эссе

Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» атты еңбектерінің негізгі түпкі ойы – бақытқа жету туралы, сыйластық, адамгершілік, мейірімділік, ізеттік, құрмет жайында. Әл-Фараби бақытқа жету ұғымынның мәселелерін, негізінен филосфиялық мәнмен ұштастырып қарастырған.

Бақытқа жету – философияның алдыңғы шарттарының бірі болып есептеледі. Адам баласы, дүние есігін ашқаннан кейін, өмірін бақытқа толы сәттермен өткізуге тырысады. Негізімен адамдар бақытты болуды әркім әрқилы түсінеді. Мысалы: біреулері,  артта ұрпақ қалдырып, мұрасын жалғастырғанды, біреулері, оқу оқып, білімді, ғалым болсам, біреуі, жоғары лауазымды адам болсам, бәріне сыйлы, атақты болсам,- деп сонда ғана бақытты боламын деп жатады. Алайда, менің ойымша бұның бәрі жақсы, алайда ең бірінші-денсаулық демекші, 12 мүшеміз сау, ата-анамыз қасымызда, бауырларымыз аман- есен болса, міне осының өзі бақыт деп ойлаймын. Осының бәрі болса, қалған армандарымыз бен мақсаттарымыз орындалады. Әл-Фарабидің осы бір еңбегінде, бақытты болудын 3 түрін жазыпты. Онда: бірінші- адамның іс-әрекеті, яғни адам өзінің бақытқа жету жолында әрекет жасап ұмтылса, онда ол адам өзінің мақсатына жетеді. Екінші-жандүние сенімдері, мысалы: құштарлығы, ашуы, рахаты, қанышы, жабырқауы осының бәрі адамның жандүниесіне жатады. Үшіншісі- адамның ақыл-парасаты. Адам ақылды болса,яғни көп оқым іздемпаз болуы әрбір жетістікке жетеді. Осының бірін бір жүйеге келтірсек, адамның әрекетшіл, ақыл- парасатты болуы, кемелдіктің жоғарғы сатысына көтерілуге септігін тигізсе, адам осы сатыға жете білсе, онда адам бақыттың жоғарғы сатысынна қол жеткізеді.

Қазақ мәдениеті идеясының негізі тұлғаны, оның өмір сүру мәні болып табылады. Исламдағы адам- бұл рухы бойынша жоғарғы сатылы адам. Менімше, рухы биік адамдар ғана бақытты ете алады. Рухани әлем бізді бақытқа жетелейді, біздің мәңгі өмірімізге, яғни Алла Тағаланың алдында мәңгі жақсы өмір сүруге жетелейді.

Философиялық анықтамасы бойынша бақытты- адамның өмір қызығы мен қуанышына, рахатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым. Ал, Әл-Фараби бақытқа жетуді, адамның алға қойған мақсаттарын отындағанда ғана адам бақытты болады деген қортынды жасаған. Әл-Фараби осы еңбектерінде бақытыт ұғымын төрт түрге бөліп қарастырған. 1. Жақсылыққа жету, даналық, 2. Қуаныш, рахат, 3. Өмірден өз орнын табу, 4. Бақ- дәулет. Міне, осы төрт шарт орындалса адам өзін бақытты санайды.

Әл-Фарабидің философиялық еңбектерә мен Аристотельдің еңбектерін салыстырсақ. Әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық трактаттары мен Аристотельдің «Жан туралы» еңбегінде бақыт түсінігінің қарама- қайшы келетін тұстары кездеседі. Бірінде бақыт таза теориялық түрде берсе, екіншісінде, бақыт теориялық және практикалық түрде берілген.

Бір сөзбен қорытынды жасасақ, Әл-Фараби бақытты болуды, өзінің алдына қойған мақсаттарына жетсе, адам өзінің бақытты санайды деп есептеген.


написать администратору сайта