Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 мин.
| (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сыныпта жақсы көңіл күй мен ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру мақсатында
«Заряд алу» әдісімен психологиялық ойын ойнайды.
| Топтастыру «Мозаика» әдісі Арнайы қиылға қағаз қиыныларын жинақтау арқылы 2 топқа бірігеді.
1-топ. 2-топ.
|
| Қағаз қиындылары
|
3 мин.
| (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі
Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар топтамасы интербелсенді тақтадан көрсетіледі.
| Pythonда тармақталған алгоритмдерді пайдаланып, есептердің қарапайым алгоритмдерін қалай құрастыруға болады? Алгоритмнің қандай қасиеттерімен таныссың? Қандай дайын алгоритмдерді білесің? Тармақталған алгоритмдерге арналған, бұрыннан белгілі қандай тиімді алгоритмдерден хабарың бар?
| Бағалау'>Бағалау Оқушылар бір-бірін «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды.
Сары түс
– талпын.
Көк түс – жақсы.
Күлгін түс – жарайсың.
|
|
| Жаңа сабаққа кіріспе
«ДЖИГСО» әдісі
(Т) Топтарға оқулықтан жаңа сабақтың мәтіні бөліп беріледі.
Арнайы белгіленген уақыт ішінде мәтінді оқып шығады. Кейін топтар арасында жаңа ақпаратпен таныстыру, ой бөлісу жұмысы жалғасады.
| Дескриптор:
- Берілген мәтінді оқиды.
- Топ ішінде өзара талқылау жүргізеді.
- Топтар арасындағы түсіндіру, жеткізу, баяндау жұмысында белсенділік танытады.
| Бағалау
Топтар бір-бірін «Жұлдызша» әдісі
арқылы бағалайды. Сары түс – талпын.
Көк түс – жақсы.
Күлгін түс – жарайсың.
|
|
Сабақтың ортасы
21 мин.
| Практикалық жұмыс
Оқушылар оқулықта берілген практикалық жұмыстың үлгісімен танысып, алгоритмдерді есептер шешуде қалай қолдануға болатынын түсініп, келесі талдау жасайтын
1- тапсырманы орындайды.
(Т) 1-тапсырма
2, 3 және 4-схемаларды, олардың 1, 2 және 3 - суреттегі программа кодтарымен салыстыра отырып талдаңдар. 4-суреттегі «Жалақы» есебінің программа кодының блок-схемалық алгоритмін әзірлеңдер.
| Дескриптор:
Оқулықтағы есептің шығарылу үлгісімен танысады. 2, 3 және 4-схемаларды, олардың 1, 2 және 3-суреттегі программа кодтарымен салыстырып, талдайды. «Жалақы» есебінің программа кодының блок-схемалық алгоритмін әзірлейді.
| Бағалау
Топтар бір-бірін «Жұлдызша» әдісі
арқылы бағалайды.
Сары түс - талпын.
Көк түс - жақсы.
Күлгін түс - жарайсың.
|
|
| (Ж) «Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі
2-тапсырма
Егер берілген үш таңбалы N саны жұп болса, санның соңғы цифры 5 тен үлкен болса, сан екі жақтан оқығанда бірдей оқылса (палиндром), онда экранға «1», әйтпесе «0» шығар. Тапсырманың блок-схемасын құр. мысалы
| нәтиже
| 636
| 1
| 434
| 0
|
| Дескриптор:
Берілген үш таңбалы N санының нәтижесі «1» әйтпесе «0» шығатындай етіп экранға шығарады. Тапсырманың блок-схемасын құрады.
| Бағалау:
Жұптар бір-бірін «Жұлдызша» әдісі
арқылы бағалайды. Сары түс –талпын.
Көк түс – жақсы.
Күлгін түс – жарайсың.
|
|
Сабақтың соңы
7 мин.
Рефлексия
| Сабақты бекіту
(Ұ) «Желпуіш» әдісі
бойынша оқушыларА-4 түрлі түсті параққа желпуіш жасап, әрбір бөлігіне кезекпен төмендегі 3 сұраққа өз жауаптарын жазып, кейін оны бір-бірімен бөліседі.
| Алгоритм әзірлеуде алгоритмдердің қасиеттерін білу қаншалықты маңызды. Алгоритмді сипаттаудың қандай түрлері бар? Оларды программалау барысында қолдану қаншалықты маңызды? Есепті программалау барысында, оның алгоритмін әзірлеу қалай жүзеге асады?
| Бағалау Мұғалімнің қорытынды бағалауы «Жұлдызша» әдісі арқылы жүргізіледі. Сары түс –талпын.
Көк түс – жақсы.
Күлгін түс – жарайсың.
|
|
| Үй тапсырмасы
Алгортимнің қасиеттеріне өмірден мысал келтіріңдер. Алгоритмнің қасиеттері бойынша өзіңді тәрбиелеу қаншалықты маңызды. Шағын эссе жаз.
|
Бөлімі:
| 5-бөлім. «Практикалық программалау»
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сыныбы:
| Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
| 5.3. Алгоритмді программалау
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу.
|
Сабақтың мақсаты
| Барлық оқушы үшін: алгоритмді программалаудың негізгі құрылымдарымен танысады.
Оқушылардың көбі үшін: есептерді программалауда тиімді алгортим құрудың маңыздылығын түсінеді.
Кейбір оқушылар үшін: есепті программалау барысында, оның алгоритмін программалайды.
|
Бағалау критерийлері
| Алгоритмді программалаудың негізгі құрылымдарымен танысады. Есептерді программалауда тиімді алгортим құрудың маңыздылығын түсінеді. Есепті программалау барысында, оның алгоритмін программалайды.
|
Тілдік мақсаттар
| Диалогтер мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:
Python-да тармақталған алгоритмдерді пайдаланып есептердің программасын қалай құрастыруға болады? Алгоритмнің қандай түрлерін білесіңдер? Есептерді программалауда тиімді алгортим құру қаншалықты маңызды?
|
Құндылықтарға баулу
| “Мәңгілік ел” жалпыұлттық идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.
|
Пәнаралық байланыстар
| Математика.
|
Алдыңғы білім
| Алгоритмді әзірлеу
|