Айко. Информатика 4-тоқсан 7-сынып. Программа деуді кіріктірілген ортасында есептерді шешу андай кезедерден тратынын біледі
Скачать 1.11 Mb.
|
Дескриптор: Берілген сабақтың нөміріне қарап, сол сабақтың аяқталу уақытын шығарады. Сағат және минуттарда дұрыс шығарады. | Бағалау Оқушылар өзін-өзі «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Қызыл түс - Жарайсың! Көк түс - Жақсы! Сары түс - Талпын! | | ||||||||||
Сабақтың соңы 7 мин. Рефлексия | Сабақты бекіту «Рефлексивті нысан» Нысана арқылы өзінің және сыныптастарының іс-әрекетін бағалайды. Келесі критерийлер бойынша өз ойын түйіндеп, қорытындылайды. Белсенді қатыстым. Қызықты болды. Түсінікті болды. Жаңа тақырыпты игердім. | | Бағалау Мұғалім оқушыларды «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Қызыл түс - Жарайсың! Көк түс - Жақсы! Сары түс - Талпын! | Нысана сызылған плакат. Түрлі түсті стикерлер |
Бөлімі: | 5-бөлім. «Практикалық программалау» |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | 5.5. Программаны тестілеу |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу. |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушы үшін: Pythonда программа жұмысының тиімділігін қалай тексеріп сынақтан өткізуге болатынын түсінеді. Оқушылардың көбі үшін: программаны тексеруге арналған тесттердің түрлерін біледі. Кейбір оқушылар үшін: тестілеу кезеңдерін пайдаланып есептер шығарады. |
Бағалау критерийлері | Pythonда программа жұмысының тиімділігін қалай тексеріп сынақтан өткізуге болатынын түсінеді. Программаны тексеруге арналған тесттердің түрлерін біледі. Тестілеу кезеңдерін пайдаланып, есептер шығарады. |
Тілдік мақсаттар | Диалогтер мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері: Pythonда программа жұмысының тиімділігін қалай тексеріп сынақтан өткізуге болады? «Программаны тестілеу» (сынау) дегеніміз не? Программаны тексеруге арналған тесттердің қандай түрлері бар? «Программаны тестілеу» дегеніміз не? Ол қандай кезеңдерден тұрады?. Тестілеудің программа жұмысына қандай әсері бар? Программаны тестілеу не үшін маңызды саналады? |
Құндылықтарға баулу | “Мәңгілік ел” жалпыұлттық идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады. |
Пәнаралық байланыстар | Математика. |
Алдыңғы білім | Есептерді программалау. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 2 мин. | (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, сыныпта психологиялық жағымды ахуал орнату. «Жылы лебіз» жүрекшелер арқылы бір-біріне сәттілік тілейді. | Топтастыру «Сандар» әдісі бойынша ортаға бала санына қарай 2 түрлі сан қойылады. Оқушылар қағазды алып, артындағы сандар бойынша топтасады. | | | ||||||||
10 мин. | Ұжымдық жұмыс «Миға шабуыл» әдісі Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар топтамасы интербелсенді тақтадан көрсетіледі. | Pythonда программа жұмысының тиімділігін қалай тексеріп сынақтан өткізуге болады? Программаны тестілеу (сынау) дегеніміз не? Программаны тексеруге арналған тесттердің қандай түрлері бар? | Бағалау Мұғалім оқушыларды «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. | | ||||||||
| Жаңа сабаққа кіріспе (Ұ) «Тізбектей оқу»әдісі бойынша оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін тізбектей кезекпен-кезек оқып, талдайды. | |||||||||||
Сабақтың ортасы 21 мин. | Практикалық жұмыстар (Т) Талдау 1-тапсырма Практикалық жұмыста 2 және 3-суреттерде берілген программа кодтарын құру жолдарын салыстыра отырып, талдаңдар. Қай программа кодының жазылу құрылымы ұнады? Себебін түсіндіріңдер. 2) 1-кестедегі үлгілік тесттерді талдаңдар. Осы тесттер екі тестілеу кезеңінің біріне жатқанмен, негізінен оларды туындайтын шарттарға қарап, топтарға жіктеңдер. | Дескриптор. Берілген программа кодтарын құру жолдарын салыстырады және талдайды. Өздеріне ұнаған программа кодының жазылу құрылымын таңдап, себебін түсіндіреді. Берілген тестті талдап, оны топтарға жіктейді. | Бағалау Топтар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды | | ||||||||
| (Ж) 2-тапсырма Шахмат тақтасының торкөздері берілген. Берілген екі тордың координаталарына қарап, олардың түстері бірдей ме? Анықтаңдар. Егер торкөздердің түстері бірдей болса «Ia», әйтпесе «Jok» сөздері экранға шықсын. Тестілеу кезеңдерін пайдаланып, есептің дұрыстығын анықтауға арналған 5 түрлі тест дайындаңдар.
| Дескриптор Берілген екі тордың координаттарына қарап, олардың түстерін анықтайды. Егер торкөздердің түстері бірдей болса «Ia», әйтпесе «Jok» сөздерін экранға шығарады. Тестілеу кезеңдерін пайдаланып есептің дұрыстығын анықтауға арналған 5 түрлі тест дайындайды. | Бағалау Жұптар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. | | ||||||||
Сабақтың соңы 7 мин. Рефлексия | Сабақты бекіту (Д) «Ыстық орындық» әдісі арқылы сабақты қорытындылау. | Программаны тестілеу дегеніміз не? Ол қандай кезеңдерден тұрады?. Тестілеудің программа жұмысына қандай әсері бар? Программаны тестілеу не үшін маңызды саналады? | Бағалау Мұғалімнің қорытынды бағалауы «Басбармақ» әдісі арқылы жүргізіледі. | |
Қысқамерзімді жоспар
Бөлімі: | 5-бөлім. «Практикалық программалау» |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | 5.6. Практикалық жұмыс |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу. |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушы үшін: берілген есептерді программалау қадамдарын біледі. Оқушылардың көбі үшін: программа құру процесінде кездесетін қиындықтар мен оның шешу жолдарын біледі. Кейбір оқушылар үшін: тестілеу кезеңдерін пайдаланып, есептердің программалық кодын жазады. |
Бағалау критерийлері | Берілген есептерді программалау қадамдарын біледі. Программа құру процесінде кездесетін қиындықтар мен оның шешу жолдарын біледі. Тестілеу кезеңдерін пайдаланып, есептердің программалық кодын жазады. |
Тілдік мақсаттар | Диалогтер мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері: Pythonда есептердің прогрмма кодына жазуды қалай орындауға болады? Берілген есептерді программалау қандай қадамдардан тұрады? Есіңе түсір. Есепті шешу жолының алгоритмін табуда қандай білімдерді ұштастыра білу керек? Программа құру процесінде қиындық туғызатын қандай тұстарын атай аласың? |
Құндылықтарға баулу | “Мәңгілік ел” жалпыұлттық идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады. |
Пәнаралық байланыстар | Математика |
Алдыңғы білім | Программаны тестілеу |