Главная страница
Навигация по странице:

  • Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі

  • Тиімділігі

  • Мақсаты

  • Саралау

  • Сараланған практикалық жұмыстар. (Т) № 1 тапсырма.

  • Мысалы Нәтиже Түсініктеме

  • Мысалы Нәтиже

  • (Д) № 5 тапсырма. Есепте.

  • Дескриптор: Жалпы - 10 балл.

  • «Аяқталмаған сөйлем» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты

  • Қысқамерзімді жоспар Сабақтың тақырыбы: 3.7. Санды енгізу және шығару №7-сабақ.

  • Бөлім: 3-бөлім. «рython тілінде программалау»

  • 3.7. Санды енгізу және шығару

  • Барлық оқушылар

  • 6 сынып қмж. 6 сынып ҚМЖ информатика. Программалар руды интеграцияланан ортасы интерфейсімен танысады. Кптеген оушылар


    Скачать 0.5 Mb.
    НазваниеПрограммалар руды интеграцияланан ортасы интерфейсімен танысады. Кптеген оушылар
    Анкор6 сынып қмж
    Дата28.03.2023
    Размер0.5 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла6 сынып ҚМЖ информатика.docx
    ТипПрограмма
    #1019937
    страница5 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    Сабақтың барысы:

    Сабақ кезеңі/Уақыты

    Педагогтің іс-әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    Қызығушылықты ояту

    7 мин.

    Ұйымдастыру кезеңі:

    (Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
    Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

    Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

    Жаңа сабаққа кіріспе



    (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

    Өз ойымен бөліседі.

    Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

    • Күнделікті өмірдегі іс-әрекеттеріңнің бірін сызықты алгоритм ретінде қалай өрнектеген болар едің?

    • Математикадағы сандар осімен программалаудағы деректер типінің өзара байланысын қалай сипаттайсың?

    Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

    Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

    Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

    ҚБ:: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

    Сабақтың ортасы

    Мағынаны ашу.

    31 мин.



    Сараланған практикалық жұмыстар.

    (Т) № 1 тапсырма. 5 таңбалы санның алғашқы екі цифрынан құралған санмен соңғы үш цифрынан құралған санның қосындысын табатын программа құрастыр.

    Мысалы__Нәтиже__Түсініктеме'>Мысалы

    Нәтиже

    Түсініктеме

    12145

    157

    12 +145=157

    (Д) №2 тапсырма. x, у және z айнымалылары бар өрнек берілген. Айнымалылардың кез келген мәндерінде осы өрнектің мәнін есептейтін программа құрастыр.



    (Ж) №3 тапсырма: Қазақстан бидайды экспорттау бойынша (сыртқа сатудан) әлемдегі үздік ондыққа кіреді.

    а) Бидайға кезекте тұрған мемлекетке m килограмм бидайды экспортқа шығаруға дайындауда. Осы бидайды тонна, центнер, килограмм арқылы өрнектейтін программа құрастыр.


    Мысалы

    Нәтиже

    120481

    120 tonna 4 cntner 81 kilogram


    ә) Егер бір жүк тасымалдаушы темір жол вагонына 60 тонна бидай сыятыны белгілі болса, бидай экспорты үшін неше вагон қажет екенін табатын программа құрастыр.


    Мысалы

    Нәтиже

    120481

    3 vagon


    (Ж) №4 тапсырма: Қазақстанның солтүстік, шығыс, оңтүстік, батыс және орталық бөлігіндегі қыс маусымындағы бір күндік ауа райы жайлы деректер берілген (3-сурет). Осы деректерді пайдаланып сол күнгі еліміздегі орташа температураны анықтайтын программа құрастырыңдар.


    Мысалы

    Нәтиже

    -16

    -12

    11

    5

    -8

    4


    (Д) №5 тапсырма. Есепте.

    қ/с

    Функция

    Программа коды

    Тапсырмалар

    Нәтиже

    1

    abs()

    print(abs(x))

    -3; 69; -1002; -45, |-98|, |58|

    ?

    2

    int()

    print(int(x))

    -77.8; 14; -23,68; -7; 6.5; 2.99

    ?

    3

    round()

    print(round(x)

    2.1; 5,5; 19,9; -3.63; 78.49; 3.

    ?

    (Ж) №6 тапсырма. Бүтін бөлігін және қалдығын есептеу амалдарын қолданып, есепте.


    1. (12 % 10) // 14=

    2. (15 // 14) % 1=

    3. (36 /10) % 3=

    4. (27 % 7) // 6=

    5. (77 %15) % 15=



    1. 26 % 26=

    2. 15 % 14=

    3. 36 % 14=

    4. 22 % 3=

    5. 89 % 20=



    1. 28 // 5=

    2. 15 // 25=

    3. 65 // 4=

    4. 22 // 22=

    5. 100 // 20




    Дескриптор: Жалпы - 10 балл.

    - 1-тапсырманы орындайды.

    -2-тапсырманы орындайды.

    -3-тапсырманы орындайды.

    -4-тапсырманы орындайды.

    -5-тапсырманы орындайды.

    -6-тапсырманы орындайды.

    Мақсаты: Теориялық білімін іс-тәжірибеде қолдануға бағытталады.

    Тиімділігі: Оқулықта берілген практикалық жұмыстарды деңгейлері бірдей оқушылар бірігіп орындауға қолайлы. Теория мен практиканы ұштастырып, өз білімін жетілдіруге тиімді. Тапсырмаларды орындау барысында өмірмен байланыстырып, құндылықтарға баулу жүзеге асырылады.

    Саралау: Бұл жерде саралаудың «Тапсырма» тәсілі көрінеді. Оқушылар сабақтың мақсатына сай тапсырмаларды орындайды. Қажеттілігіне қарай көмек қажет ететін оқушыларға қолдау көрсетемін.

    Сабақтың соңы

    Ой толғаныс.

    Рефлексия

    7 мин.




    «Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

    Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

    Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

    Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

    Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

    Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

    - бүгін сабақта қуантқаны.....

    - мен өзімді.....үшін мақтар едім.

    - маған ерекше ұнағаны.....

    - сабақтан соң маған........келді

    - бүгін маған..........сәті түсті.

    - қызықты болғаны.....

    - ......қиындық тудырды.

    - менің түсінгенім.....

    - енді мен......аламын.

    Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

    Жақсы!

    Талпын!
    Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.




    Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

    Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

    Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


    «Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
    Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

    «Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

    Денсаулық сақтау технологиялары.

    Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

    Осы сабақта қолданылатын

    Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

    Жалпы бағалау

    Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

    1:

    2:

    Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

    1:

    2:

    Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

    1:

    2:



    Қысқамерзімді жоспар

    Сабақтың тақырыбы: 3.7. Санды енгізу және шығару

    7-сабақ.

    Бөлім:

    3-бөлім. «рython тілінде программалау»

    Педагогтің аты-жөні:




    Күні:




    Сыныбы:

    Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    3.7. Санды енгізу және шығару

    Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

    6.3.2.1 Рython тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу.

    Сабақтың мақсаты:

    Барлық оқушылар:

    input және print командалары программада атқаратын қызметін біледі.

    Көптеген оқушылар:

    Рython тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазуда функцияларды пайдаланады.

    Кейбір оқушылар:

    Рython тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазады.

    Құндылықтарға баулу:

    «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта