Сабақтың кезеңі/ уақыт
| Педагогтың әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
| Оқушылармен амандасу. Түгендеу
Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру: «Көңілді танысу» жаттығуы.
Балалар сендер бір біріңмен қаншалықты таныссыңдар? Бір бірімізбен тереңірек танысайық!
Оқушылар ортаға шығады. Бірінші оқушы өз есімін және есімінің бас әріпінен басталатын өзіне тән сын есім айтады, жанындағы адам көршісінің айтқанын қайталап және өз атын айтады. Мысалы мен Азатпын, Азат ақылды. Келесі адам:Азат ақылды. Мен Диаспын, Диас дарынды. Үшінші адам: Азат ақылды, Диас дарынды. Мен Әминамын, Әмина әдемі. Осылай жалғаса береді.
Мұғалім оқушыларға электрондық жазбадағы видеожазбаны көрсетеді. Интерактивті тақтадан сабақты түсіндіреді.
Сабақтың тақырыбын анықтау.
Бүгінгі сабақ тақырыбы: Scratch программалау ортасында жобаны сақтау және ашу
Оқу мақсатымен таныстыру; Күтілетін нәтижені анықтау.
| Сәлемдеседі
Оқушылар ортаға шеңбер құрып тұрады
| Тапсырманы орындаған оқушыны ауызшы мадақтау, толықтыру.
| Kundelik.kz
|
Сабақтың ортасы
| Анықта
Scratch программасында жобаны қалай сақтаймыз?
Орында
Файл мәзіріндегі Сақтау және Ретінде сақтау командаларының айырмашылығын тап.
Компьютермен жұмыс
1. Scratch программасын іске қос. Өзіңе ұнайтын спрайт пен фон таңда. Оған қатысты скрипт құр. Жобаға атау қойып сақта.
2. Дискіде берілген тапсырманы (§8) орында.
Зертте
Киіз үйдегі қай затты спрайт ретінде алуға болады (25-сурет)? Зерттеп көр.
|
Компьютермен жұмыс жасайды Дискідегі тапсырманы орындайды
| Оқушылардың тапсырманы орындау деңгейіне қарай смайликтер арқылы бағалау.
| Электронды қосымша. Компьютер
Слайдтар Оқулық Scratch программасы
|
Сабақтың соңы
| Сабақты қорытындылау
«Интервью» әдісі:
Жобаны қалай сақтайды?
Жобаны қалай ашамыз?
Костюм дегеніміз не?
Рефлексия
«Сабақ соңындағы көңіл күйім» тәсілі
Жасыл смайлик: «Бәрі керемет!»
Сары смайлик: «Көңіл күйім орташа!»
Қызыл смайлик: «Нашар! Сабақ түсініксіз, ұялып тұрмын!»
Үйге тапсырма. §8 оқу. Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау.
| Сұрақтарға жауап береді.
Кері байланыс жасайды
| Әртүрлі смайликтер арқылы бағалау
|
|