Ұзақ мерзімді жоспар тарауы:
1-бөлім. Программалау
(ортақ тақырыптары:«Менің Отаным - Қазақстан», «Адами құндылықтар»)
| Мектеп: "№28 IT мектеп-лицейі"
|
Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні: Нұрмұханбетов С.М.
|
Сыныбы:
| Қатысқандар:
| Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
| Айнымалылар
|
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
| 4.4.2.1 Айнымалыларды қолдану;
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
| Білу, Түсіну, Қолдану.
|
Сабақтың мақсаты
| Барлық оқушылар:
Scratch программалау ортасымен танысып, жұмыс жасайды.
Көпшілік оқушылар:
Scratch программалау ортасында айнымалыларды қолданады.
Кейбір оқушылар:
Scratch программалау ортасында айнымалыларды қолданып, жоба құрастыруды үйренеді.
|
Бағалау критерийлері
| Айнымалы түрлерін ажыратып, Scratch бағдарламасында жоба құрастырады.
|
Тілдік мақсаттар
| Пәндік лексика және терминология:
Айнымалы – Переменная –Variable,
Жол-Cтрока-String;
Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:
Айнымалы ұғымы саған таныс па?
Scratch –те спрайттарды қалай қозғалтады? Есіңе түсір!
|
Құндылықтарға баулу
| 1. “Мәңгілік ел” идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы қалыптасады.
2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.
3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды.
4. Өмір бойы оқу, Қазастандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.
|
Пәнаралық байланыстар
| Математика.
|
Алдыңғы білім
| Scratch бағдарламасы туралы ақпарат бар
|
Сабақтың барысы
|
Сабақ кезеңдері
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин
| Қызығушылықты ояту:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгендеу. (Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
| Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:
Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру
I - Үшбұрыштар тобы
II – Дөңгелектер тобы
III – Төртбұрыштар тобы
| ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!, Жақсы!, Өте жақсы!, Талпын!.
| Фигуралар салынған конверт
|
| (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын талқылау.
| Айнымалы ұғымы саған таныс па?
- Суретке қарап математика пәнінде айнымалыны қолдану жайлы не айтуға болады(1-сурет)?
- Scratch –те спрайттарды қалай қозғалтады? Есіңе түсір!
- Программада айнымалыны пайдаланып «Жайлаудағы демалыс» жобасын қалай құрастыруға болады?
| Бағалау: жауапты бірінші болып дұрыс тапқан оқушыға «жарайсың» деп мадақтау сөзімен ынталандыру
|
|
| Жаңа сабаққа кіріспе
(Ұ) «Ортақ белгі табу» (немесе «4 сурет 1 тақырып») әдісін қолданып оқушылар алдыңғы сабақты еске түсіре отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын логистикалық тізбек негізінде табады.
| Мақсаты: жылдам әрі функционалды түрде ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбын логистикалық тізбек негізінде анықтауға мүмкіндік береді.
| Бағалау: жауапты бірінші болып дұрыс тапқан оқушыға «жарайсың» деп мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
|
Сабақтың ортасы
35 мин
| (Д) “INSERT” әдісі, оқулықпен жұмыс. Сөздікпен жұмыс.
Оқушылар «Жаңа білім» бөліміндегі ақпаратпен танысып,
кесте бойынша түртіп алу жүйесімен жұмыс жасалады:
W - білемін; + жаңалық; - білмеймін; ?- білгім келеді; және топ ішінде өзара талдау жүргізіледі.
Сонымен қатар оқулықта кездескен сөздіктерді дәптерлеріне жазып жұмыс жасайды.
| Айнымалы – Переменная –Variable,
Жол-Cтрока-String; Мақсаты: оқылған мәліметті түртіп алу жүйесі бойынша таным түсінігін қалыптастыру.
Тиімділігі: жаңа материалмен таныса отырып, түртіп алу жүйесімен мәлімет жинайды, саралайды, бағалайды.
Саралау: оқушылардың қажеттілігіне қарай қолдау көрсете отырып түрткі сұрақтар беріледі.
|
|
|
| ІІ. Мағынаны тану.
(Ж) Оқушылар алдымен тапсырманы өз бетінше орындау қажет. «Case study» әдісі арқылы біріктірілген жұптар дәптерлерін алмасып, интерактивті тақтада берілген жауабымен тексереді.
| 1-ші тапсырма. Дәптермен жұмыс.
Логикалық айнымалы деген не?
/мәні: ақиқат немесе жалған/.
Сандық айнымалы деген не?
/мәні: 15,20, 1,0, 100, 2.5, 10.2 және т.б.с.с/.
Жолдық айнымал деген не?
/(мәні: so77s, alma, sport12, сәлем, қалам және т.б.с.с/.
Мақсаты: Нақты болған немесе ойдан шығарған жағдаятты талдау, болжау.
Тиімділігі: Өз ойын ашық айта алады. Оқушылардың оқылым, айтылым, тындалым, жазылым дағдылары қалыптасады.
Саралау: оқушылардың материалды оңай меңгеруі үшін тапсырманы А деңгейінен С деңгейіне дейін күрделендіремін; бұл тапсырма А деңгейіне жатады.
| Бағалау: оқушылар өз жұптарының жауаптарын интерактивті тақтадағы бағалау критерийлеріне сәйкес «Бас бармақ » әдісімен бағалайды.
|
|
| (Ж) Компьютермен жұмыс.
«Үштік» әдісі арқылы біріктірілген жұптар компьютерде отырып «Жайлаудағы демалыс» жобасын жасайды.
| 2-ші тапсырма. «Жайлаудағы демалыс» жобасы
Самат жазғы демалысын жайлауда өткізді. Ол жайлауда атпен шабуды үйренді. Самат атына мініп күнде әрі- бері 5 рет шауып өтеді. Scratch программалау ортасында осы жобаны құрастыр.
| Бағалау: оқушылар бір-бірінің жұмыстарын интерактивті тақтадағы бағалау критерийлеріне сәйкес «От шашу» әдісімен бағалайды.
|
|
| (Т) «Кластерлер» әдісі бойынша оқушылар постерлерге төмендегі тапсырманы топ ішінде орындап, тақтада қорғап түсіндіру қажет.
| 3-ші тапсырма.
1-топқа:Scratch программалау ортасында айнымалыларды не үшін қолданады?
2-топқа:Айнымалыларды жобалардың қандай түрлерін құрастыруда пайдаланған тиімді деп ойлайсың?
3-топқа:Айнымалыны пайдаланып, өздеріңе таныс қарапайым жобаның жоспарын ұсыныңдар.
| Бағалау: оқушылар бір-бірінің жұмыстарын интерактивті тақтадағы бағалау критерийлеріне сәйкес «От шашу» әдісімен бағалайды.
|
|
Сабақтың соңы
5 мин
| ІІІ. Ой толғаныс.
Сабақты бекіту
(Д, Ұ) Балалар таратылған стикерларға презентацияда көрсетілген және төмендегі критерийлер бойынша :
- нені білді, нені үйренді;
- не әлі де түсініксіз;
- қандай бағытта жұмыс жүргізу қажеттігі туралы
Өз ойларын жазып плакатка жабыстыру керек.
| Мақсаты: кері байланыс жасау арқылы балалардың бүгінгі сабаққа қатысты ой түйінін, пікірін анықтау.
Тиімділігі: мұғалімнің өз ісіне сыни түрде қарау. Үй тапсырмасы
Программада айнымалыны пайдаланып «Менің Отаным - Қазақстан» жобасын қалай құрастыруға болады? Мақсаты: өтілген тақырыпты пысықтау.
| Бағалау: жауапты бірінші болып дұрыс тапқан оқушыға «жарайсың» деп мадақтау сөзімен ынталандыру
|
|