|
4-сынып-кмж 4. Программалау Педагогты атыжні Кні Сынып 4
Қысқа мерзімді жоспары
| Бөлім
| Программалау
| Педагогтың аты-жөні
|
| Күні
|
| Сынып 4
| Қатысушылар саны
|
| Қатыспағандар саны
|
| Сабақтың тақырыбы:
| Өз ойынының сценарийі
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
| 4.2.1.1 мәтінде қарапайым кестелер жасау
| Сабақтың мақсаты:
| Барлық оқушылар:
| Scratch программалау ортасын іске қосады
| Көптеген оқушылар:
| синквейн құрастырады
| Кейбір оқушылар:
| скрипт құрып, жобаны тексереді
|
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт
| Педагогтың әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Сабақтың басы
| 1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Жұмыс дәптері, 6-9 бет.
ҚБ:
Жасыл түс -толық жауап
сары түс-толтыруды қажет етеді
| 1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
4.жұмыс дәптерін тексереді
|
| Жұмыс дәптері
| Сабақтың ортасы
| Жаңа тақрыпты түсіндіру.
Scratch программасының мүмкіндіктері көп. Соның бірі- программалау ортасында ойындар жасау. Scratch программалау ортасында мәтін енгізетін қарапайым кесте түрінде берілетін тізімдерді де жасауға болады. Алдымен біз өз ойынымыздың сценарийін құрып, оған «Сен білесің бе?» деген атау берейік.Ойынның шарты бойынша кейіпкер сұрақ қояды. Қолданушы жауапты енгізгенде ол программада құрылған тізімге орналасады. Сахна жауапқа сай фондармен безендірілуі керек.
Көрсетілім. Видеожазба.
Бұл жобаны жасау үшін біз өз қалауымызбен спрайт таңдап аламыз. Қойылатын сұрақтардың жауаптарына қатысты фондардың суреттерін жүктеп аламыз.
Деректер блогы.
Ойынның шарты бойынша скрипт құру керек. Ойынның скриптін Scratch программалау ортасында тексеріп көреміз. Нәтижесінде кестеде тізім жауаптарымен шығады. 1-тапсырма.
Оқулық 20-бет «Ой бөлісейік» тапсырмасы. Дескриптор:
-бірдей фигуралардың ішіндегі әріптерді жинап, мақал құрастырады;
-осы мақалға ұқсас мақалды өзі тауып, жазады. ҚБ: жұлдызша 2-тапсырма. Практикалық жұмыс.
«Менің отбасым» жобасын жаса. Тиісті спрайттарды таңда. Фон мен анимация қос. «Отбасы құндылықтары» тақырыбына 5 жолды өлең (синквейн) құрастыр. Өлең жолдарын Scratch программалау ортасында қалай көрсетуге болады? Скрипт құрып жобаны тексер.
Дескриптор:
-синквейн құрастырады;
- Scratch программалау ортасын іске қосады;
-спрайтты таңдайды;
-фон мен анимация қосады;
-скрипт құрып, жобаны тексереді. ҚБ: жұлдызша
| Мұғалімді тыңдайды
Видеожазбаны көреді
1-тапсырманы орындайды
2-тапсырманы орындайды
|
Жұлдызша
Жұлдызша
|
Scratch программалау ортасы
| Сабақтың соңы
| Кері байланыс: «СМС» әдісі
-Мен сабақты жақсы түсіндім
-Өте жақсы түсіндім, сабақ түсінкіті болды.
-Мен мүлдем түсінбедім
| «СМС» жазады
|
|
| Үй тапсырмасы
| § 6, жұмыс дәптері 17 бет
|
|
|
|
|
|
|