Білім беру ұйымының атауы
| №172 мектеп – гимназиясы
|
Пәні:
| Информатика
|
Бөлім:
| 9.3А бөлім – Python программалау тілінде алгоритмдерді программалау
|
Педагогтің аты-жөні:
| Иманқұл Б.Б.
|
Күні:
| 17.03.2022
|
Сынып:
| 9 – сынып
| Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
| Элементті жою және кірістіру
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
| 9.3.3.1 бірөлшемді массивтер ппайдаланып Python программалау тілінде программаларды жасау.
|
Сабақтың мақсаты
| Барлық оқушылар: Python программалау тілінде жұмыс жасауды біледі.
Көптеген оқушылар: Python программалау тілінде есеп шығарып біледі.
Кейбір оқушылар: Рython программалау тілінде бірөлшемді массивттерді пайдаланып программа құра алады.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
| Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, танысу.
Сыныпта психологиялық ахуал тудыру.
«Әр елдің амандасуы» әдісін қолдану.
Топқа бөлу. «Жеребе» арқылы 2 – топқа бөлу.
1 – топ: Del
2 – топ: Insert
«Wordwall» сайты арқылы үй жұмысын қайталау. Дескриптор
2 – топқа сұрақтар беріледі; Әр топқа 4 сұрақтан; (4 балл топқа).
| Мұғаліммен амандасады. Бір – бірімен амандасады
Жеребе арқылы 2 – топқа бөлінеді. Берілген сұрақтарға топпен бірге жауап береді.
|
Әр дұрыс сұраққа жұлдызша белгішесі беріледі.
| Презентация
Қорап, топ аттары жазылған қағаздар
Жұлдызша
|
Сабақтың ортасы
| Жаңа сабақ.
Массивтен элементті жою – массивтің жойылған элементінің орнына қалдырған элементтің жазылғандығын білдіреді. Сондықтан массив элементтері массивтің қандай да бір жағына жылжытылады. Индекстеуді нөлден бастау үшін массивтің бастапқы жағына орын ауысу болады. Тізімдегі элементтерді жою үшін del нұсқаулығын қолданамыз. Тізімге элементті кірістіру үшін Insert әдісі қолданылады.
Практикалық жұмыс. а=[1,2,4,5,6,8,9] берілген элементтерінің арасында жоқ сандарды енгізіп жаз.
Дескриптор
Элементтердің арасында жоқ сандарды енгізу(3 балл).
Топтық жұмыс. «Константинополь» әдісі.
1 – топ. «Бірөлшемді» сөзі.
2 – топ. «Екіөлшемді» сөзі.
Дескриптор
Берілген сөздердің ішінен бірнеше сөздерді табу(3 балл).
| Дәптерге конспект жазу.
Берілген тапсырмаларды компьютерде орындайды.
Оқушылар топ бойынша берілген сөздердің ішінен бірнеше сөздер жазады.
|
Баллдық жүйемен бағалау.
Қай топ көп сөз табады, сол топқа жұлдызша беріледі.
| Оқулық
Компьютер
Сөздер жазылған парақтар.
|
Сабақтың соңы
| Үйге тапсырма. 121 – бет, Сұрақтаға жауап беру.
Рефлексия. «SMS хабарлама».
|
Берілген суреттерге сабақ туралы өз ойларын жазады.
|
| Суреттер
|
|
|
|
|
|