Тақырып: Екіөлшемді массив
| Мектеп:
|
Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні: Казыбаева Г.Б.
|
Сынып:
| Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны:
|
Оқу мақсаттары
| 9.3.3.2 – екіөлшемді массивтерді пайдаланып Python программалау тілінде бағдарламаларды жасау
|
Сабақ мақсаттары
| Барлық оқушылар үшін:
Екіөлшемді массивтер мен диагональдарын анықтау;
|
Көптеген оқушылар үшін:
Python программалау тілінде екіөлшемді массивтерді қолдану;
|
Кейбір оқушылар үшін:
Екіөлшемді массивтерді Python программалау тілінде қолданудың маңыздылығын тұжырымдау
|
Бағалау критерийі
| Екіөлшемді массивтер мен диагональдарын анықтайды; Python программалау тілінде екіөлшемді массивтерді қолданады; Екіөлшемді массивтерді Python программалау тілінде қолданудың маңыздылығын тұжырымдайды.
|
Құндылықтарға баулу
| «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын жүзеге асыру. Топта бірлесіп жұмыс жасау, бір-бірлерінің пікірлерін тыңдау, сыйлау.
|
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар орындай алады:
Екіөлшемді массивтер мен диагональдарын анықтауды;
Пәндік лексика және терминология:
Матрица-матрица-matrix, екіөлшемді массив-двумерный массив-two- dimensional array, бас диагонал-главная диагональ-main diagonal, жанама диагональ-косвенная диагональ-Indirect diagonal.
|
| Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы
Матрица ұғымын қалай түсінесің? Техникада қай салаларда кездеседі? Күнделікті өмірде кесте түрінде берілген деректермен жұмыс жасауға қандай мысалдар келтіре аласың?
|
Жазу:
Екіөлшемді массив диагональдарын салыстырып жазыңдар.
|
Тірек білім, білік, дағдылар
| Екіөлшемді массивтермен жұмыс.
|
Жоспар
|
Сабақ кезеңдері
| Жоспарланған іс-әрекет
| Қосымша ресурстар
|
Басталуы
3 мин
7 мин
| Ой сергіту жаттығуы. «Айдаһар» ойыны
Топ қатарласып тұрады, әр қатысушы алдыңғы ойыншының белінен ұстайды. Саптың алдындағы ойыншы дракон «басы», соңғы қатысушы
«құйрығы». «Басы» «құйрығын» ұстауға тырысады, ал басы бұлтарып ұстатпауы керек. Жаттығу барысында барлық қатысушы қолдарын жібермей қозғалады. Ойын оқушыларды жақсы сергітеді, топты белсенділікке әкеледі, мазасыздықтан арылтады.
Үй тапсырмасын пысықтау
Өткен тақырып бойынша оқулықта берілген
тапсырмалардың шешімін топта талдайды. Өзара бағалайды.
|
|
Негізгі бөлім
2 мин
| Миға шабуыл сұрақтарымен жұмыс істеу
Матрица ұғымын қалай түсінесің? Техникада қай салаларда кездеседі? Күнделікті өмірде кесте түрінде берілген деректермен жұмыс жасауға қандай мысалдар келтіре аласың?
| Оқулық
|
7 мин
12 мин
| Оқулықпен жұмыс
Жаңа ақпаратпен танысу. Әдістемелік берілген сұрақтарға жеке, топта, ұжымда жауап береді. Мұғалім толықтырып отырады. 1-тапсырма Екіөлшемді массивтің бас және жанама диагональдарының айырмашылықтарын салыстырыңдар.
Дескриптор:_Екіөлшемді_массивті_анықтайды;_Диагональдарын_салыстырады.2-тапсырма._2-мысал'>Дескриптор:
Екіөлшемді массивті анықтайды; Диагональдарын салыстырады.
2-тапсырма.
2-мысал:А[N] [N] екіөлшемді массиві берілген (1 | Оқулық
Компьютер, bilimland.kz
|
3 мин
| from random import randint N=int(input())
A = [ [0 for j in range(N)] for i in range(N)] for i in range(0, N):
for j in range(0,N): A[i][j]=int(input())
S=0; i=0
for i in range(N): for j in range(N):
if i == j: (бас диагональді анықтаушарты)
S+=A[i][j]
print(S)
3-мысал:А[N] [N] екіөлшемді массиві берілген (1 Жұптарының қосындысын тап.
from random import randint N=int(input())
A = [ [0 for j in range(N)] for i in range(N)] for i in range(0, N):
for j in range(0,N): A[i][j]=randint(0, 1)
print(A[i][j], end=' ') print()
S=0;
for i in range(0,N): for j in range(0,N):
if i>N-j-1 and A[j][i]==0:
S+=1
print(S)
Дескриптор
Екіөлшемді массивтерді анықтайды; Python программалау тілінде қолданады. Топтық жұмыс
Екіөлшемді массивтердің қызметіне талдау жасаңдар. Массив элементтерін цикл көмегімен енгізу қалай жүзеге асады? Түсіндіріп беріңдер.
Оқушылардың жұмыстарын бағалау кестесіне балл қою арқылы бағалау.
|
Бағалау парағы
|
Аяқталуы
3 мин Рефлексия
2 мин
| Өздеріңе таныс күнделікті қолданып жүрген екіөлшемді кестелерге массив құрап, ұсыныңдар. Мысалы, көбейту кестесін алуға болады. «БББ кестесі».
Оқушылар сабақ туралы не білетінін, сабақта не білгенін, не білгісі келетінін кестеге жазады.
| Оқулық
|