8. Аппараттық және программалық қамтамасыз етудің даму заңдылықт. Программалы амтамасыз етуді дамуы
Скачать 35.66 Kb.
|
Тақырыбы: Аппараттық және программалық қамтамасыз етудің даму заңдылықтары Аппараттық қамтамасыз етудің дамуы Аппараттық қамтамасыз ету перифериялық құралдарға қажетті компьютердің электрондық толтырылымын құрайды. Процессор, электрондық платалар, монитор, пернетақта-бұлардың барлығы аппараттық қамтамасыз етуге жатады. Компьютердің заманауи аппараттық қамтамасыз етілуі көлемінің барынша кішіреюіне және өнімділігінің үлкеюіне әкеледі. Мысалы, қазіргі ұялы телефондарда компьютердің процессорлары орнатылған. Программалық қамтамасыз етудің дамуы Компьютердің ұзақ мерзімді жадында сақталған барлық программалар жиынтығы оның программалық қамтамасыз етуін құрайды. Программалық қамтамасыз ету жанжақты даму үстінде. Сонымен қатар бекітілген бойынша жіктеуге қиындық тудыратын дәстүрлі емес программалар пайда болды. Жүйелі программалық қамтамасыз ету дегеніміз-компьютер желілері мен компьютер жұмысын қамтамасыз ететін программалар жиынтығы. Базалық программалық қамтамасыз етудің кеңейтілуіне қосымша орнатылған программалар жатады, оларды функционалдық белгілері бойынша төмендегідей топтауға болады: 1. Компьютердің жұмыс істеу қабілеттілігін анықтайтын программалар 2. Компьютерді вирустардан қорғайтын вирусқа қарсы программалар 3.Дискілерге арналған программалар 4. Мұрағаттарды қамтамасыз ететін программалар 5. Желілірдің қызметіне арналған программалар 6.Қолданбалы программалар Программалық жүйелер дегеніміз-программалық өнімдерді дайындау және енгізу технологиясын қамтамасыз ететін программалар жиынтығы. Программалық жүйелерге трансляторлар, программа дайындайтын орта, анықтамалық программалар кітапханасы, байланыс редакторлары ж.т.б жатады. Жүйелік программалық жасақтама-дербес компьютерді пайдалану мен техникалық қызмет етуге, есептеу жұмыстарын ұйымдастыру мен қолданбалы программалар әзірлеуді автоматтандыруға арналған программалық жасақтама. Амалдық жүйе-құжаттар мен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және программаларды басқаруды жүзеге асыратын программалар жиынтығы. Қызметші(сервистік) программалар-әрбір адамның амалдық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы. Ақпараттық жүйелердің құрылымы подсистема деп аталатын оның жеке бөліктерінің жиынтығын құрайды. Подсистема – қандай да бір белгі бойынша ерекшеленген жүйе бөлігі. Ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын қолдану сферасына қатыссыз подсистема жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда классификацияның құрылымдық белгісі туралы айтылады, ал подсистеманы қамтамасыз етуші деп атайды. Сондықтан, кез келген ақпараттық жүйенің құрылымы 2-суреттегі қамтамасыз етілетін подсистема жиынтығы ретінде көрсетілуі мүмкін. 4-сурет. Ақпараттық жүйе құрылымын қамтамасыз ететін подсистема жиынтығы Қамтамасыз ететін подсистема ішінде ақпараттық, техникалық, математикалық, программалық, өндірістік және құқықтық қамтамасыз ету бойынша бөліп қарастыруға болады. Ақпараттық қамтамасыз етуАқпараттық қамтамасыз ету подсистемасының міндеті шешімдер қабылдау үшін нақты ақпаратты беруден тұрады. Ақпараттық қамтамасыз ету – ақпараттық топтар схемасының, құжаттардың бірыңғайлы жүйесінің, ақпаратты кодтау және классификация жүйесінің жиынтығы, сонымен қатар мәліметтер қорын құру әдістемесі. Техникалық қамтамасыз етуТехникалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйелердің жұмысына арналған, сонымен қатар осы әдістер мен технологиялық процестерге сәйкес келетін құжаттардың техникалық әдістерінің комплексі.Техникалық әдістер комплексі мыналарды құрайды: кез келген модельді компьютерлер; ақпаратты жинау, өңдеу, беру және шығару құрылғылары; мәліметтерді беру және байланыс линия құрылғылары; өндірістік техника және ақпараттың автоматты түрде алынатын құрылғылары ; эксплуатациялық материалдар және т.б. Математикалық және программалық қамтамасыз етуМатематикалық және программалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйелердің есептері, сонымен қатар техникалық әдістердің комплексін бірқалыпты функционалдауға арналған математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер мен программалар жиынтығы. Математикалық қамтамасыз ету әдістеріне мыналар жатады: басқару процестерін модельдеу әдістері; басқарудың типтік есептері; математикалық программалау, математикалық статистика, жаппай қызмет ету теориялары және т.б. әдістер. Программалық қамтамасыз ету құрамына жүйелік және арнайы программалық өнімдер, сонымен қатар техникалық құжатнама кіреді. Жүйелік программалық қамтамасыз етуге тұтынушыларға негізделген және ақпаратты өңдеудің типтік есептерін шешуге арналған программалар комплексі қарайды. Арнайы программалық өнімдерді қамтамасыз ету нақты ақпараттық жүйе құру кезінде жасалған программалар жиынтығын көрсетеді. Оның құрамына әр түрлі деңгейдегі модельдерді құруды жетілдіретін қолданбалы программалар пакеті (ҚПП) кіреді. Өндірістік қамтамасыз етуӨндірістік қамтамасыз ету – жұмысшылардың техникалық әдістерімен іс-әрекеті және өзара ақпараттық жүйені құру мен эксплуатациялау процесіндегі әдістер мен тәсілдер жиынтығы. Құқықтық қамтамасыз етуҚұқықтық қамтамасыз ету – ақпаратты алу, жаңарту және пайдалану ретінде ақпараттық жүйелерді құруды, функционалдау мен заңгерлік мәртебені анықтайтын құқықтық ережелер жиынтығы. Құқықтық қамтамасыз етудің басты мақсаты заңдылықты нығайту болып табылады. Құқықтық қамтамасыз ету құрамына заңдар, нұсқаулар, мемлекеттік билік органдарының қаулылары, бұйрықтар, инструкциялар мен министрліктің басқа нормативті құжаттары, ведомосттар, өндірістер, жергілікті билік органдары кіреді. ТАПСЫРМА: Аппараттық қамтамасыз етудің дамуы, Программалық қамтамасыз етудің дамуы анықтамасын жазыңыз. Программалық жүйелер дегеніміз, Жүйелік программалық жасақтама дегеніміз не? Ақпараттық қамтамасыз ету, Математикалық және программалық қамтамасыз ету, Өндірістік қамтамасыз ету, Құқықтық қамтамасыз ету, Техникалық қамтамасыз етудің анықтамасын анықтаңыз. |