Главная страница
Навигация по странице:

  • Жаңа сабақ

  • Тапсырма Программаларды қандай белгілері бойынша жіктеуге болады

  • 5. Программамен қамтамасыздандыру жолдары. Программамен амтамасыздандыру жолдары Сабаты масаты


    Скачать 17.02 Kb.
    НазваниеПрограммамен амтамасыздандыру жолдары Сабаты масаты
    Дата24.03.2023
    Размер17.02 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла5. Программамен қамтамасыздандыру жолдары.docx
    ТипПрограмма
    #1011589

    Бекітемін

    Директордың оқу ісі

    жөніндегі орынбасары

    __________К.Нұрғали
    Тақырыбы: Программамен қамтамасыздандыру жолдары

    Сабақтың мақсаты:

    а)аппараттық және программалқы қамтамасыз етуді, программалық жүйелермен таныстыру.

    Б) логикалық ойлау қабілетін дамыту

    В) пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу

    Сабақ түрі: аралас сабақ

    Сабақ әдісі: Түсіндірмелі баяндау, сұрақ-жауап.

    Сабақ типі: Тәжірибелік элементтері бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
    Жаңа сабақ

    Программалық жабдықтама (ПЖ)- кез келген есептеуіш жүйенің бөлігі. ПЖ- ның құрамына тек программалардың өзі ғана емес, мәліметтері бар файлдар да кіреді. Оларсыз программалар жұмыс істей алмайды. Мысалы, ПЖ құрамына программалармен жұмыс істеуге қажетті құжатттар кіреді (соның ішінде анықтамалық жүйе).

    Өздерің білетіндей, компьютердің барлық программалық жабдықтамалары міндеттері бойынша үш класқа бөлінеді:

    • Жүйелік (жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді);

    • Қолданбалы (қолданушының есебін шығару үшін)

    • Құрал- саймандық (программалаудың жүйелері)

    Жүйелік программалық жабдықтамлар қолданушының міндетін шешпейді, басқа программалар мен құрылғылардың жұмысын қамтамасыз етеді. Өз кезегінде жүйелік программаларды екіге бөліге болады. Олар негізгі және сервистік. Негізгі программаға операциялық жүйелер жатады. Сервистік программалар (утилиталар)- компьютердің жұмыс істеуін кеңейтуге арналған программалар. Утилаталар ОЖ- нің құрамына кіруі немесе бөлек орнатылуы мүмкін. Оларға вирусқа қарсы программалар, программа- мұрағаттаулар, жүйеге, дискіге және т.б. диагностика өткізуге арналған программалар жатады.

    Жүйелік ПЖ- нақты септерді шешуге қолданушының жұмысын қатмасыз ететін программа немесе программалар кешені.

    Құрал- саймандық аспаптар программаларды жасау үшін пайдаланылады.

    Барлық ПЖ алу амалдары бойынша келесідей бөлуге болады:

    • Тегін , Шартты, Проприетарлық

    Еркін таралытн ПЖ (ЕПЖ) қолданушыға көп жағдайда шектеуліжұмыс істеумен беріледі. Егер ол шартты тегін болған жағдайда, программаны әзірлеушіге қажетті ақыны төлеу арқылы толық кықметіне қол жеткізе аласыңдар.

    ПЖ әртүрлі белгілері бойынша жіктейді: міндеттері бойынша (жүйелік, қолданбалы, құралдық), алу амалдары бойынша (еркін және проприетарлық), тасымалдау мүмкіндігі бойынша (кроссплатформалық, платформатәуелді)

    Егер «тіршілік кезеңінде» программа өзгерсе, онда оның атауымен бірге нұсқасы да көрсетіледі.

    Программаларды орнату және жою Басқару панелі арқылы жүзеге асды.

    Программаларды тек сенімді өндірушілерден орнатыңдар Программаны орнатпас бұрын техникалық құралдардың минималды талаптарға сай келетініне көз жеткізу керек, программаның разрядтылығы компьютердің разрядтылығымен сәйкес болуы қажет.
    Тапсырма


    1. Программаларды қандай белгілері бойынша жіктеуге болады?

    2. Утилиталардың анықтамаларын айтыңдар


    3. ЖПЖ мен ППЖ-ның айырмашылықтары неде?


    4. Программаны Жұмыс үстелінен жоюға бола ма?


    написать администратору сайта