Главная страница

3 сынып ҚМЖ жаңа.. Р. А.адырлов, Н.. Беристемова


Скачать 423.05 Kb.
НазваниеР. А.адырлов, Н.. Беристемова
Дата25.05.2023
Размер423.05 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла3 сынып ҚМЖ жаңа..docx
ТипДокументы
#1158197
страница16 из 32
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің ісәрекеті

Оқушының ісәрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)

Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

І. Қызығушылықты ояту

«Көңіл күйді анықтау» ойыны

Сабақ басында оқушылар бір параққа өзінің көңіл күйін келтіретін сурет немесе смайлик салады. Суретте олар адамның бет-әлпетін келтіруі керек, мәселен, күліп немесе езу тартып тұрған, қабағын түйіп тұрған бейтарап адам бейнеленуі керек. Олар суреттерін бір-біріне көрсетеді. Оларға сабақтың соңына дейін көңіл күйлерін көтеріңкі деңгейге жеткізу жұмысы тапсырылады.

Немесе көңіл-күй табиғат құбылыстары арқылы көрсетуге болады: жарқырап күн шығып тұр, аспанды бұлт торлаған, жаңбыр немесе қар жауып тұр т.с.с. Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл күй сыйлайды.

Топтастыру:

Топтастыру. «Социометрия» әдісі

Оқушыларды топқа бөлу үшін қолдануға болады. Қатысушылар көздерінің түстері, жұлдызнамалары, сүйікті түстері, тұрғылықты жерлері, аттарының бас әрпі т.с.с. арқылы бірін-бірі табады. Жүргізуші қандай белгі арқылы топқа бөлінетіндігін айтып отырады.

Бұл әдіс сыныптастардың бір-бірін жақыннан тануына мүмкіндік туғызады. Нәтижесінде түстеріне қарай 3 топқа бірігеді.

І топ: Ақ түс

ІІ топ: Қызыл түс

ІІІ топ: Жасыл түс

Мақсаты: Белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.

Тиімділігі: Топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.

Саралау: Оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі

қолданылады.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде

білгендері

бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

  • Еліміздегі сәулет өнерінің туындылары

туралы не білесің?

Ойыңды ортаға сал.

  • Осы туындылар негізінде қандай ойын идеясын ұсынған болар едің? Ойлан.



Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұраққа жауап беру деңгейіне қарай «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды.



Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері

Ж аңа сабаққа дайындық.



Мақсаты: алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру мақсатында, жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.

Тиімділігі: оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.




Сабақтың ортасы

(26 мин)



ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)

Оқулықпен жұмыс істеу. «ДЖИГСО» әдісі

Көлемді мәтін төрт бөлікке бөлінеді, оқушылар да төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әрқайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») құрылады. Сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің №1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді.



Топтық жұмыс

1- тапсырма «Ұялшақ мысық» пен «Қалалардың альбомы» жобасын әрі қарай жетілдіру жолдарын ұсыныңдар.

Дескриптор

  • Берілген тапсырмаға топтық талдау жасайды.

  • «Ұялшақ мысық» пен «Қалалардың альбомы»

жобасын әрі қарай жетілдіру жолдарын ұсынады.

Қалыптастырушы

бағалау

Топтағы оқушылар бір-

бірін тапсырма орындау деңгейі мен сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды.



Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері



Жұптық жұмыс

2-тапсырма Шағын ойын жобасының сценарийін жоспарлап ұсыныңдар

Дескриптор

Берілген тапсырмаға жұптық талдау жасайды.

Шағын ойын

жобасының сценарийін жоспарлап ұсынады.

Қалыптастырушы бағалау

Жұптасқан оқушылар бір-бірін тапсырма орындау деңгейі мен сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері





Жеке жұмыс 3-тапсырма

  • Спрайтқа

тінтуір көрсеткішінің

тигенін не

тимененін анықтау командасын қандай ойын жобаларында қолданар едің?

  • Ойынның

сценарийі мен скриптісін құруда қандай қиындықтар кездесті?

Дескриптор

  • Бір сұраққа жауап береді.

  • Екі сұраққа толық жауап береді.



Қалыптастырушы

бағалау

Топтағы оқушылар бір-

бірін тапсырма орындау деңгейі мен сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері

Сабақтың соңы 7 мин.

Сабақты бекіту.

Рефлексия.



ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия

Жеке жұмыс

«Көңіл күй букеті» әдісі

Оқушылар гүлдерді вазаға қояды. Ваза суреті плакатқа салынған. Сабақтағы жұмысын бағалай отырып, әр оқушы аты жазылған стикер-гүлді вазаға бекітуі керек.

Қызыл түс – проблема бар, көмек қажет.

Сары түс – барлығы түсініксіз.

Жасыл түс – барлығы жақсы.

Стикер түстері әртүрлі болуы мүмкін.

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Жұлдызша» әдісімен бағалайды.

Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды, жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз

оқушылардың

материалды игеру деңгейін қалай

тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Жұлдызша» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1: 2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Мен сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:



17-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Word мәтіндік редакторы

Бөлімі:

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:

3-бөлім. Роботтехника. Жоба (ортақ тақырыптары: «Өнер», «Атақты тұлғалар»)

Педагогтің аты-жөні:



Күні:



Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Word мәтіндік редакторы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.1.1.1 таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгерту үшін пернелерді пайдалану; 3.2.1.2 мәтінді теру ережесін сақтау;

3.2.1.3. мәтінді өңдеу.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Word пен WordPad – мәтіндік редакторларының жұмысындағы айырмашылықтарды біледі.

Оқушылардың көбі үшін:

Берілген суретке сөйлем құрап, мәтіндік редакторда теріп, сақтайды.

Кейбір оқушылар үшін:

Мәтін теру ережесін сақтай отырып, мәтінді өңдеуді үйренеді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)

Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

І. Қызығушылықты ояту. «Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз» ойыны

Әр оқушыға 10-15 секунд уақыт аралығында ішінде өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бірігіп, бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айтуы керек. Мұғалімнің де бұл іске қатысқаны дұрыс. Тілектерді бір-біріне топ ішінде де айтуға болады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл күй сыйлайды/.

Топтастыру:

Топтастыру. «Достармен кездесу уақыты» әдісі
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32


написать администратору сайта