Главная страница
Навигация по странице:

  • Модульдік программалау

  • Нысандар

  • рылымды, модульды, объектілібадарлы жне визуалды программалау


    Скачать 48.5 Kb.
    Названиерылымды, модульды, объектілібадарлы жне визуалды программалау
    Дата16.11.2021
    Размер48.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла4.doc
    ТипПрограмма
    #273358

    Құрылымдық, модульдық, объектілі-бағдарлы және визуалды программалау

    Көлемі жағынан орташа программаларды құруда құрылымдық программалау қолданылады. Оның негізгі идеясы, оны шешу алгоритмі ағымдағы мәтінге анық көріну үшін шешілетін тапсырманың құрылымын программа құрылымы көрсетуі тиіс. Ол үшін жай оператордың көмегімен құрылатын программа құралдары ғана емес, сонымен қатар алгоритмнің құрылымын нақты бейнелейтін құралдар қажет. Осы мақсатпен программалауды ішкі программа ұғымы енгізілген.

    Ішкі программа – қажетті әрекетті орындаушы және ағымдағы кодтың басқа бөліктеріне тәуелді емес операторлар жиынтығы.

    Программа бірнеше кішкене ішкі программаларға бөлінеді, олардың әрқайсысы ағымдағы тапсырмамен қарастырылған әрекеттердің бірін орындайды. Құрылымдық программалау идеясы 70-жылдары IBM компаниясында пайда болды, оны әзірлеуге атақты ғалымдар: Э.Дейкстра, Х.Милс, Э.Кнут, С.Хоор қатысты. Құрылымдық программалау программалық өнімнің модульдік құрылымына және әртүрлі программалық модульдердің мәліметтерін өңдеу алгоритмдерінің типтік басқару құрылымдарына негізделген.

    Құрылымды басқару типтері:

    • Реттілік;

    • Альтернативті (таңдау шарты);

    • Циклдік.

    Құрылымдық программалауға жататын программа әзірлеудің екі әдістемесі кең тараған:

    • «Жоғарыдан төменге» программалау;

    • «Төменнен жоғарыға» программалау;

    Құрылымдық программалау алгоритмдік мінездемесі бар математикалық есептерді шығаруда тиімді қолданылады.

    Модульдік программалау – программаны логикалық бөліктерге бөлу үдерісі.

    Программа бірнеше модульдерге бөлінеді және мынадай мақсаттар орындалуы тиіс:

    • Модульдің дұрыс болуы және оның контекстерге тәуелсіз болуы қажет;

    • Модульдің ішкі жұмыстарын білмей тұрып әртүрлі модульдерден программа құру мүмкіндігінің болуы қажет.

    Модуль өлшемі 60 жолдан аспауы керек және модульдер өзара тәуелсіз болуы керек. Байланысқан элементтерді бір модульге, байланыспаған элементтерді әртүрлі модульге жинау керек. Модульдерді қолдана отырып программа күрделігін төмендетуге болады.

    Өзара байланысқан негізгі нысандардан тұратын программалау тілін нысанға бағытталған программалау тілі дейміз.

    Нысанға бағытталған программалау технологиясында қолданушы үш базалық элементпен: нысан, хабар және кластармен жұмыс істейді.

    Нысандар бірнеше рет қолданылатын программалық модульдерден, яғни байланысқан мәліметтер мен процедуралардан, ал нысан құрылымы екі бөліктен тұрады: айнымалылар және әдістер.

    Класс біртипті нысандарға арналған шаблон және нысанды айнымалылар типтері мен әдістерін анықтайтын ақпараттардан тұрады.

    Нысанға бағытталған программалаудың негізгі үш принципі бар: инкапсуляция, тұқым қуалау, полиморфизм.

    Нысанға бағытталған программалаудың негізгі түсініктері:

    • Нысан;

    • Нысанның қасиеттері;

    • Нысанның әдісі;

    • Нысандар класы.

    Мысалы, автокөлік нысан болады, өйткені түс, модель, жылдамдық сияқты қасиеттері бар. Екпін, аялдама автокөліктің іс-әрекетіне, әдісіне қатысты. Осылайша, қасиет дегеніміз – нысанның сипаттамасы, әдіс дегеніміз – нысанның іс-әрекеді.

    Класс-әдістер немесе қасиеттер – ортақтығымен сипатталатын нысандар жиынтығы.

    Бақылау сұрақтары

    1. Құрылымдық программалау деген не?

    2. Құрылымдық программалау қашан пайда болды?

    3. Модульдік программалау деген не?

    4. Нысанға бағытталған программалау тілі қандай қызмет атқарады?


    написать администратору сайта