Главная страница

ававп. Раушан_Дуйсековна_Ташимова_документы. Салем КредитМжшс


Скачать 2.85 Mb.
НазваниеСалем КредитМжшс
Анкорававп
Дата12.12.2022
Размер2.85 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаРаушан_Дуйсековна_Ташимова_документы.docx
ТипДокументы
#840755
страница9 из 10
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

6. Басқа талаптар

6.1. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау барысында туындайтын кез келген дауларды, келіспеушіліктерді немесе талаптарды Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешуді қамтамасыз ету үшін негізделген шараларды қабылдауға міндеттенеді.

6.2. Берешекті сотқа дейін реттеу тəртібі.

6.2.1. Осы Шарт бойынша міндеттемені орындауда кідіріс орын алса, бірақ ол туындаған күннен бастап 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей, Серіктестік Қарыз алушыны жеткізуді белгілеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып хабардар етеді:

1) Шарт бойынша міндеттемені орындаудың кешіктірілуінің туындауы жəне хабарламада көрсетілген күнге мерзімі өткен берешек сомасын көрсете отырып, төлемдерді жүзеге асыру қажеттілігі;

2) қарыз алушының Серіктестікке жүгіну құқығы;

3) Қарыз алушының Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауының салдары. Серіктестік қарыз алушыны хабардар ету үшін коллекторлық агенттік тартуға құқылы.

6.2.2. Осы Шарт бойынша міндеттемені орындауды кешіктіру күнінен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде ресми интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайда Серіктестікке баруға жəне (немесе) info@salem.kz мекенжайына өтініш беріп, онда Шарт бойынша міндеттемені орындауды кешіктіру себептері, табысы жəне оның Шарт талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін шарттайтын басқа да растайтын жағдайлар (фактілер) туралы мəліметтерді, сондай-ақ төмендегілермен байланысқан мəліметтерді көрсету керек:

1) Шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне қарай өзгеруі;

2) негізгі қарыз жəне (немесе) Сыйақы бойынша төлемнің мерзімін ұзарту;

3) берешекті өтеу əдісінің немесе берешекті өтеу кезектілігінің өзгеруі, соның ішінде негізгі қарызды басым тəртіппен өтеу;

4) микрокредит мерзімінің өзгеруі;

5) микрокредит бойынша мерзімі өткен негізгі қарызды жəне (немесе) сыйақыны кешіру, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) жою.

6.2.3. Серіктестік Қарыз алушының өтінішін алған күннен кейін 15 күнтізбелік күн ішінде Шарт талаптарына ұсынылған өзгерістерді қарап, Қарыз алушының өтінішінде көрсеткен электрондық поштасына жауап жіберу арқылы Қарыз алушыны хабардар етеді немесе Қарыз алушының мекенжайына жазбаша түрде немесе өтінім нысанында Қарыз алушы көрсеткен телефон нөміріне SMS хабарлама жіберу арқылы төмендегілер туралы хабарлайды:

1) Шарт талаптарына ұсынылған өзгертулермен келісу; 2) берешекті реттеу жөніндегі өз ұсыныстары;

3) бас тарту себептерінің дəлелді негіздемесін көрсете отырып, Шарт талаптарын өзгертуден бас тарту.

6.2.4. Қарыз алушы Серіктестіктің шешімін алған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде немесе Шарт талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген жағдайда Серіктестікті бір мезгілде хабардар ете отырып, уəкілетті органға жүгінуге құқылы.

6.2.5. Уəкiлеттi орган Қарыз алушының өтiнiшiн оның Серiктестiкке жүгінгенін растау кезінде жəне Шарт талаптарын өзгерту туралы Серiктестiкпен өзара қолайлы шешiмге келмеген кезде қарайды. Қарыз алушының өтiнiшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тəртiппен уəкiлеттi орган қарайды.

6.2.6. Шарттың 6.2.1-тармағының 1) тармақшасында көзделген талапты қанағаттандырмаған жағдайда, сондай-ақ Қарыз алушының Шарттың 6.2.2-тармағында көзделген құқықтары іске асырылмаған жағдайда немесе Қарыз алушы мен Серіктестік арасында Шарт талаптарын өзгерту туралы келісімнің болмауына байланысты Серіктестік келесідей əрекеттерді жасауға құқылы:

1) Қарыз алушыға қатысты шара қолдануды қарастыру. Шаралар қолдану туралы шешім микрокредиттер беру қағидаларына сəйкес қабылданады;

2) берешекті сотқа дейін өндіріп алу жəне реттеу үшін коллекторлық агенттікке беру;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында жəне (немесе) Шартта көзделген шараларды қолдану, соның ішінде Шарт бойынша берешек сомасын өндіру туралы сотқа жүгіну.

6.3. Тараптар келісімге келе алмаған жағдайда, осы Шартқа қатысты барлық шешілмеген даулар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сəйкес əділет органдарында қаралуы тиіс. Бұл ретте тараптар барлық даулар Алматы қаласы Медеу аудандық сотында қаралуы тиіс деп келісті.

6.4. Серіктестікке қойылатын талаптар тараптар белгілеген шарттық соттылыққа сəйкес сотқа жіберіледі.

6.5. Осы Шарт аясында Қарыз алушы Серіктестікке Шарт талаптарын Қарыз алушының орындауын бақылау мақсатында онымен сөйлесулерді фото жəне бейне түсіру, сондай-ақ аудио жəне бейне жазбаға түсіру құқығын береді.

6.6. Осы арқылы Қарыз алушы орындау мерзімі орын алған микрокредит сомасын өтеу жəне/немесе осы Шартта көзделген сыйақыны жəне/немесе тұрақсыздық айыбын төлеу бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда міндеттемелерді орындамау кінəсін жəне фактісін растайды жəне мойындайды.

6.7. Қарыз алушы осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, өтеу мерзімі келген жағдайда, Серіктестікке негізгі қарыз сомасын, сыйақы мөлшерін, тұрақсыздық айыбы сомасын даусыз тəртіппен өндіру құқығымен Серіктестіктің нотариусқа атқарушылық жазбаны алу үшін жүгіну құқығы туралы Қарыз алушы хабардар етілді жəне оны мойындайды. Осы Шарт бойынша Қарыз алушы берешегiнiң ең жоғары сомасы «Микроқаржы қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шектеулер ескерiле отырып, микрокредит сомасы, сыйақы жəне тұрақсыздық айыбы (айыппұл) сомасы болып табылады.

6.8. Қарыз алушы Шарттың 6.6., 6.7-тармақтары ережелеріннің Қарыз алушының осы Шарт бойынша Серіктестік/өндіріп алушы алдындағы өзінің даусыз жауапкершілігін тануға келісімі болып табылатынын растайды жəне мойындайды (бұл дауды сотқа дейінгі реттеу тəртібімен талапқа жауап беруге тең болады).

Қарыз алушынын Қолы / Подпись Заемщика:_________________________________ 11

6.9. Тараптар нотариустың орындаушылық жазбасының Серіктестіктің өтініші негізінде Серіктестіктің таңдауы бойынша жасалуы мүмкін деп келісті:

- тіркелген жері бойынша (жеке тұлға болып табылатын борышкердің заңды мекенжайы);

- борышкердің тұрғылықты жері бойынша (шартты жасау кезінде борышкер көрсеткен жеке тұлғаның нақты мекенжайы); - Серіктестіктің жəне/немесе борышкердің тұрғылықты жеріне, орналасқан жеріне немесе тіркелген жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының кез келген нотариусының орналасқан мекенжайы бойынша.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


написать администратору сайта