Главная страница

ҚМЖ. 6-сынып 130 бұйрық. Тексерілді дожжо


Скачать 0.94 Mb.
НазваниеТексерілді дожжо
Дата01.02.2023
Размер0.94 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҚМЖ. 6-сынып 130 бұйрық.docx
ТипДокументы
#916118
страница17 из 97
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   97


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 17


Мектеп

Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Тилесбаев Берик Аргынбайулы

Сынып

6 «А»

6 «Ә»

6 «Б»

6 «В»

6 «Г»

Күні
















Қатысушылар саны:
















Қатыспағандар саны:
















Бөлім

2. Командалық спорттық ойындар

Сабақтың тақырыбы

Ойын техникасының дағдысын дамыту

Оқу мақсаттары

6.1.3.1. Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай білу

Сабақ мақсаттары

Арнайы спорттық техникала рды орындау кезінде қимыл- қозғалыс дағдылар ын және олардың орындалу ретін түрлендіру

Бағалау критерийі

Арнайы спорттық техникалардың дағдылары мен реттілігін таңдайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: ойындар олардың физикалық және спорттық дағдыларын дамытуға көмектесетіндігі туралы өз түсініктерін көрсете және сипаттай алады.

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: ыршыту допты беру, лақтыру, қағып алу, допты алып жүру, қарсылық білдіру, шабуыл, қорғаушы, тактика, мәселе, мәселені шешу, қауіпсіздік, рөлі мен орны: қорғаушы/шабуылшы, ойыншы, қапталдағы төреші.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- бұл ойында қандай тактиканы қолдандыңыз?

- допты ұстап қалу немесе доппен ілгері жүру үшін қандай тактикаларды пайдаландыңыз?

- бұл ойынды жақсырақ ойнау үшін, сендерге нені жетілдіру қажет-жеке немесе командалық дағдыларды ма?

- сендер өз ойындарыңа қатысты қарсылас командаға қарсы ойынның бастапқы тәжірибесі болған кезде, қандай басқаша шешім қабылдар едіңізде?

- сіздер ойын ережесін сақтадыңыздар ма?

- ойындардағы қауіпсіздік туралы неліктен хабардар болуымыз керектігін айта аласыздар ма?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Ойын техникасының дағдысын дамыту

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар, уақыт өлшегіш.

Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар, уақыт өлшегіш, шеңберлер.

Сабақтың

ортасы

25 минут

(С, Т, К, ҚБ) «Допты бер де – отыр!». Қатысушылар 2-3 қатарға тұрады. Әр қатардың алдына капитандары 2-4м ара қашықтықта қолында добымен тұрады. Белгі берісімен капитандар допты кеуде тұсынан екі қолмен немесе (бір қолмен иық деңгейінен) Қатар алдында тұрған ойыншыға лақтырып береді. Алдында тұрған қатысушы допты ұстап, капитанға қайтарып жылдам отырады да, екінші қатысушыға допты береді, сөйтіп ойын жалғаса береді. Соңғы ойыншы допты капитанға бере салысымен капитан допты жоғары көтерісімен барлық қатысушылар орнынан жылдам тұрады. Ойынды бірінші болып аяқтаған топ жеңіске жетеді.

Қатысушылардың тұрысына және допты беру барысында мұқият қарап дайын болу керек. Сіз ойынның ережесін ұстандыңыз ба?

(С, Т, К, ҚБ) «Допты қағып түсір». Алаңның бірінші жартысында ұлдар, екінші жартысында қыздар ойнайды. Әр ойыншы өз алаңында добымен айла-тәсіл (Дриблинг) орындайды. Әр қайсысы бірін-бірі алдауға немесе қарсыластың добын қағып түсіруге тырысады. Өз добын жоғалтып алмауына тырысу керек.

Допты оң және сол қолымен алып жүру керек. б) 5-6 мықты ойыншылар бөлек топқа іріктеліп, алаңның ортасында дайындалады. Сұраңыз: Сіздің тобыңызға жетістікке жету үшін қандай әлеуметтік және сыни ойлау дағдыларының көмегі тиді.

Футбол ойынындағы допты алып жүру және беру техникасын жетілдіруге арналған жаттығуларды қарама-қарсы лекке тізбектеліп орындаңыз және баламалы жаттығу түрін ұсыныңыз:

а) ойыншы допты қарсы тізбектегі әріптесіне аяқтың іш жағымен беріп өз тізбегінің ең соңына барып тұрады;

b) ойыншы допты қарсы тізбектегі әріптесіне аяқтың іш жағымен беріп жылдам қарсы тізбектің соңына барып тұрады;

с) бір-біріне қарама-қарсы екі тізбек ортасында бір ойыншы сол ойыншы өзіне келген допты аяқтың ішімен оған доп берген ойыншымен доп алмастырады;

d) тізбектегі ойыншылар алма-кезек допты жіргізу, кеглилерді айналып өту, басқа ойыншыларға допты беру жаттығуларын орындап тізбектің соңына барып тұрады.

Дескриптор

- әріптесіне допты тура бағыттап, қабылдауға оңтайлы жағдай жасайды;

- допты алып жүреді, кедергілерден оңай өту үлгісін көрсетеді;

- допты аяқтың ішкі жағымен биік көтермей береді;

- берілген тапсырмаларды тез орындау жолдарын, жетілдіру үшін баламалы жаттығу түрін ұсынады.




Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________

1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   97


написать администратору сайта