Главная страница

ҚМЖ. 6-сынып 130 бұйрық. Тексерілді дожжо


Скачать 0.94 Mb.
НазваниеТексерілді дожжо
Дата01.02.2023
Размер0.94 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҚМЖ. 6-сынып 130 бұйрық.docx
ТипДокументы
#916118
страница28 из 97
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   97


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 29


Мектеп

Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Тилесбаев Берик Аргынбайулы

Сынып

6 «А»

6 «Ә»

6 «Б»

6 «В»

6 «Г»

Күні
















Қатысушылар саны:
















Қатыспағандар саны:
















Бөлім

3. Құрал жабдықтар арқылы гимнастика дағдыларын арттыру

Сабақтың тақырыбы

Акробатикалық жаттығулар комбинациясын орындау

Оқу мақсаттары

6.1.2.1. Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін құру және орындау

Сабақ мақсаттары

Түрлі қимыл- қозғалыс комбинация ларын құру және оларды дене жаттығулар ын орындауда қолдану реттілігі

Бағалау критерийі

Жалпы дамыту жаттығулар кешенінің реттілігін құрастырады. Жаттығуларды талапқа сай орындайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: копозициялық дайындық кезінде жеке, жұптық және топтық гимнастикалық тапсырмаларын көрсете алады

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: топтастыру, домалау, тепе теңдік, алға домалау, артқа домалау, қадам , ұзындыққа домалау, гимнастикалық снаряд, көтеру орнына қою, мақсат, тәуекел, қауіпсіздік, басқа тұру, жылдамдық алу, көпірше жасау, аяқпен серпілу, ұшуға дейінгі қолмен серпіліс, қолмен итерілу, қонуға дейінгі қолмен интеріліп ұшу.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Егер сіз сабақ кезінде өзіңізді нашар сезінсеңіз, қолыңыздың терісі немесе жаралардың қызаруы, пайда болса қандай әрекет жасайсыз?

- акробатикалық жаттығулардың денеге әсері қандай?

- белгілі бір снаряд қандай бұлшық ет топтарын дамытады?

- снарядтарда жаттығулар орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Акробатикалық жаттығулар комбинациясын орындау

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Еркін жаттығуларды құрастыруға сілтеме:

https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%92%D0%BE%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D1%83%D0%BF%D1%80%D0%B0%D0%B6%D0%BD%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8F

Сабақтың

ортасы

25 минут

(Т, Ж, ҚБ) Үйренген элементтерден акробатикалық жиынтық әдісін құру. Тізеде тұрған тұрыста қолды тіреп бүгіліп алға домалау (ұлдар үшін).

Бір-бірінің қолдарыннан ұстап екеуі алға қарай домалайды. Секіріп түсіп алдыға домалау. Аяқ жіліншігінен ұстап екеуі алға домалайды. Бір тізеде тұрып артқа қарай домалау және жартылай шпагат орындау. Артқа домалап аяқты иық деңгейінде ұстау. Көпірше тұрысында оңға және солға айналу. Жауырынға тұрып алға домалау.

Аяқты бүгіп басқа тұру.

Қауіпсіздік ережесін талап ету. Бір гимнастикалық төсеніште екі оқушыға жаттығуды орындауға болмайды.

Сұраңыз:

Акробатикалық жаттығулардың сіздің ағзаңызға қандай әсері бар?

(Ж, ҚБ) Акробатикалық жиынтықтарды орындау.

Оқушылар акробатикалық жиынтықтарды орындайды.

Акробатикалық жиынтықтың үлгісі.

Бастапқы қалып - негізгі тұрыс. Қолды тіреп отыру - артқа домалап аяқты алшақ қою – алға домалап жауырынға тұру – алға домалап арқаға жатып көпір орындау.




Акробатикалық жаттығуларды ретімен орналастырыңыз (алдына ала дайындалған акробатикалық жаттығуларының суреттері) және орындалу техникасына сай көрсетіңіз:

- жүрелеп отыру қалпынан артқа домалау;

- жартылай шпагатқа отыру;

- алға домалаудан кейінгі секіріп тұру;

- тепе-теңдік сақтау үшін «қарылғаш» бейнесі.

Дескриптор

- комбинациядағы жаттығуларды тиімді ретімен орындайды;

- жаттығуларды эстетикалық нормаларына сай көрсетеді




Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________

1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   97


написать администратору сайта