Главная страница
Навигация по странице:

  • Қай аптаның нешінші сабағы

  • Сабақ мақсаты: Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтайды.

  • Саралап оқыту тапсырмалары Ұжымдық жұмыс

  • Кезеңдері Сабақтың мазмұны Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не

  • Сабағымыздың тақырыбы

  • Сабақтың кіріспесі. Жаңа теориялық ұғыммен таныс болайық.Эллипсис

  • 1-тапсырма. 1 - тапсырма. «Ойланайық» әдісі

  • Үзінді Автор стилінің қолдануын түсіндір

  • 2-тапсырма. Берілген көркемдегіш тәсілдерге шығармадан мысалдар келтіріңіз.

  • Дескрипторы: Берілген көркемдегіш тәсілдерге шығармадан мысалдар келтіре алады.Ықтимал жауап: П сихологиялық параллелизм

  • 3-тапсырма. Автордың шығармада бейнелеу тәсілдерін қолданудағы ерекшелігі неде

  • Бейнелеу тәсілдері Шығармадан мысал Қолданылу ерекшелігі

  • Дескриптор: Автордың шығармада бейнелеу тәсілдерін қолданудағы ерекшелігін түсінеді.Ықтимал жауап: Эпитет

  • Теңеу Қайран жастар қапыда қолға түсті,Елтіген бөрідей

  • Сабақты қорытындылау. Кері байланыс: «3-2-1»

  • Еңлік-Кебек дастаны. 12-сабақ Ш.Құдайбердіұлы Еңлік Кебек дастаны. Видео саба жоспары


    Скачать 26.61 Kb.
    НазваниеВидео саба жоспары
    АнкорЕңлік-Кебек дастаны
    Дата19.12.2022
    Размер26.61 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла12-сабақ Ш.Құдайбердіұлы Еңлік Кебек дастаны.docx
    ТипДокументы
    #851953

    ВИДЕО САБАҚ ЖОСПАРЫ

    Мұғалімнің аты-жөні:

    Жұмабай Нағима Сейтжанқызы, №64МЛ

    Пән/Сынып:

    қазақ , 8-сынып

    Қай аптаның нешінші сабағы

    2-тоқсан, 5-апта, №14- сабақ

    Тарау немесе бөлім атауы:

    2-бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын


    Сабақтың тақырыбы:

    Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік -Кебек»дастанының тілі

    Оқу мақсаттары:

    А/И3 шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау;


    Сабақ мақсаты:

    Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтайды.


    Бағалау критериі:

    • Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтай алады.




    Саралап оқыту тапсырмалары

    Ұжымдық жұмыс

    Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

    Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

    Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

    Уақыты

    Кезеңдері

    Сабақтың мазмұны


    Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

    Ресурстар

    1 минут


    Ұйымдастыру

    Сәлеметсіздер ме, оқушылар?

    8-сыныптың қазақ әдебиеті сабағына қош келдіңіздер!

    Сабағымыздың тақырыбы: «Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек»дастанынаның тілі

    Бүгінгі сабақта:

    Сенің білетінің: «Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек»дастанының тақырыбы мен идеясы.

    Сенің меңгеретінің:

    • Автор стилін анықтауды.

    • Шығармадағы көркемдегіш құралдарды қолдану ерекшелігін талдауды.

    • Шығармадағы тілдік қолданыстарды анықтауды.







    Видео-аудио суреттер, кесте, диограмма, презентация, электронды құралдар, т.б.

    https://www.youtube.com/watch?v=RdC1RQSbBik&ab_channel=Azekee


    3-5 минут

    Жаңа сабақ

    Сабақтың кіріспесі.

    Жаңа теориялық ұғыммен таныс болайық.


    Эллипсис (көнегрекше: ἔλλειψις, еlleірsіs – сөз тастау, қысқарту, кеміту) — сөйлемнің бір мүшесін алып тастау арқылы құрылған сөз үлгісі. Эллипсис сөйлемнің, ойдың ықшамдылығын, әсерлілігін, өткірлігін арттырады. Эллипсисті сөйлемдердегі түсіп қалған сөздердің мәні белгілі болады. Мысалы, Жау келіп қалды… – келіп қалды. Эдлипсис адамдардың бір-бірімен сөйлесу барысында, диалог түрінде көбірек қолданылады. Мыс., Қар көшкіні болады дейді. Қар көшкіні?


    1. Оқушылардың жауаптары тыңдалады.







    1-3 минут

    2 минут


    Тапсырмалар

    Бекіту

    1-тапсырма. 1-тапсырма. «Ойланайық» әдісі

    • Шығарма үзінділері бойынша шығармадағы автор стилін, әдеби көркемдегіш құралдарын талдау.


    Үзінді

    Автор стилінің қолдануын түсіндір










    • Дескрипторы: Автор стилінің қолдануын түсіндіреді.

    1. Қабекең екі-ақ ауыз жұмбақ айтты,

    Ол сөзінің мағынасы мынау депті:

    "Еңлікті алып қашқан - Кебек батыр,

    Оны айтпай-ақ біздің би біліп жатыр.

    "Тауық" деп қызды айтады, "Сұңқар"-Кебек,

    Тоқтамысқа қаратып қой дейді ақыр.

    2. Кейбіреуі таспенен атпақ болды,

    Кейбіреуі дарға да аспақ болды...

    Бірі ол деп, бірі бұл деп көп кеңесті,

    Біле алмай, не берерін, не бермесін.

    Ықтимал жауап:

    1-үзіндіде ақын образдарды ашуда метафораны өте ұтымды қолданған. Көбей қызды «Тауық», Кебекті «Сұңқар» деп, Қабекеңе жұмбақтап жеткізеді.

    2-үзіндіде Қайталау түрлерін орынды қолданған (кезекті қайталау, әдепкі, еспе қайталау). Оқырманның назарын аударып, ықыласын баурап алғысы келген тұстарда сөзді қайталап, әрі тартымды, әрі оқығанда бірден есте қалатындай етіп жеңіл ұйқастарға құрған.
    2-тапсырма.

    Берілген көркемдегіш тәсілдерге шығармадан мысалдар келтіріңіз.

    Психологиялық параллелизм

    Эллипсис

    Қайталау

     

     

     

    Дескрипторы:

    Берілген көркемдегіш тәсілдерге шығармадан мысалдар келтіре алады.

    Ықтимал жауап:

    Психологиялық параллелизм

    Қаза келсе, малдыдан мал таймай ма,

    Ажал жетсе, батырдан жан таймай ма?

    Азар болса күйеуің жастау шығар,

    Жарлы байып, жас өсіп, қартаймай ма?

    Жас түзеліп, түрленіп, ер жетпей ме?

    Бойындағы балалық бір кетпей ме?

    Асыққандық емес пе мына сөзің,

    Жақсы әйел жаман ерді түзетпей ме?
    Эллипсис
    "Өлерде үш тілек бар деуші еді" ғой,

    Құдай үшін, берсеңдер, мен сұрайын...
    Таң ата келіп іздеп таба алмады.

    Қисыны – біреу ұрлап кеткен сынды.
    Қайталау

    "Шырағым, бал аштым деп мал алмаймын,

    Ол үшін саған ақыл сала алмаймын.

    Жаман айтсам, жабығып қала көрме,

    Жынның сөзін жасырып қала алмаймын...

    Кебек мұны есітіп көп ойлады,

    Асықпай біраз ғана еп ойлады.

    Түні бойы қыз мені сынапты ғой,

    Мен де мұны сынайын деп ойлады"...
    3-тапсырма. Автордың шығармада бейнелеу тәсілдерін

    қолданудағы ерекшелігі неде?

    Бейнелеу тәсілдері

    Шығармадан мысал

    Қолданылу ерекшелігі







     


    Дескриптор:

    Автордың шығармада бейнелеу тәсілдерін қолданудағы ерекшелігін түсінеді.

    Ықтимал жауап:

    Эпитет

    1.Аң қуған аңғал батыр

    2. Сері Кебек

    3. Ер Кебек

    4. Батыр Кебек

    Қолданылу ерекшелігі:

    Батырларға тән аңқаулығы бар. Сегіз қырлы, бір сырлы жандар демек. Ол Кебек мықты болған жас басынан. Кебек – батыр, ержүрек, ақылды, жас та болса, бас бола алатын сері жігіт. Кебектің образын ашуда эпитеттердің маңызы зор. Эпитетсіз шығарма болмайды.

    Теңеу

    Қайран жастар қапыда қолға түсті,

    Елтіген бөрідей боп жеген уға...

    Бабаңның нұр жүрегі болды мұздай,

    Жазасыз жасқа ешкімнің жаны қызбай...

    Қолданылу ерекшелігі

    Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңдерін әдемі теңеу, ұшқыр қанатты сөздермен ажарлап шебер бере білген. Бұл жерде жұрттың құрған құрығына түскен бөріге ұқсап дегенді білдіреді.

    Қосымша дереккөздер:
    https://www.youtube.com/watch?v=RdC1RQSbBik&ab_channel=Azekee
    Сабақты қорытындылау.
    Кері байланыс:

    «3-2-1»

    Сабақтағы 3 маңызды ақпарат;

    Қиындық тудырған 2 мәселе;

    Сабақта ұнаған 1 аспект.






    1. Автордың шығармада бейнелеу тәсілдерін қолданудағы ерекшелігін түсіндіреді. Жазушы стилі – өзіндік сөз өнері мен суреткердің өзіне ғана тән қалам ізі. Жазушының стилін анықтау арқылы ақынның басты шеберлік қасиеттерін, тілдік қыр-сырын ашамыз.





    написать администратору сайта