Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 4 бөлім. Программаларды әзірлеудің кіріктірілген орталары
| Мектеп:
|
| Күні: 3-тоқсан
| Мұғалімнің аты-жөні:
|
| Сынып: 8
| Қатысқандар:
| Қатыспағандар:
| Сабақтың тақырыбы
| Алгоритм трассировкасы
|
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
| 8.3.2.1 Алгоритм трассировкасын жүзеге асыру.
|
| Сабақтың мақсаты
| Барлық оқушылар:
Алгоритм трассировкасын жүзеге асырады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Алгоритм трассировкасын жолдарын көрсетеді.
Кейбір окушылар:
Алгоритм трассировкасын жолдарын анықтап,кез-келген трассировка кестесін жасайды.
|
| Бағалау критерийі
| Білім алушы
• Есепті шешу трассировкасын орындайды.
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындайды.
Кез келген трассировка кестесін жасайды.
|
| Тілдік мақсаттар
| Алгоритмдік блок-сызба арқылы модельдейді.
Трассировка –трассировка-Tracing Трассировка кестесі-таблица трассировки-Trace Table.
|
| Құндылықтарға баулу
| Оқушылардың белсенділігін арттыру, жұмыс жасау мақсатында компьютерлік сауаттылыққа, өзара көмектесуге, сын тұрғысынан ойлау ,өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.
|
| Пәнаралық байланыс
| Математика, ағылшын тілі.
|
| Алдыңғы білім
| Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп логикалық көпір құру.
Шартты алдын ала тексеру циклі деген не? While сөзі қалай аударылады? Шартты алдын ала тексеру циклінің жазылуы қандай? Шарт жалған болған жағдайда цикл денесі қанша рет орындалады?
|
| Сабақ барысы
|
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
| Ресурстар
| Сабақтың басы
3минут
| Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сыныпта жағымды ахуал орнату.
Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары»
Бірнеше құттықтау қағаздарын топ құрамындағы оқушылар саны бойынша беске, алтыға жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді. Ширату жаттығулары:«Өзі туралы кластер» тренинг
Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таралатын шеңберлерге өздерінің өмірінде маңызы бар бес негізгі рөлін жазады. Мысалы: Жанұяның еркесі, адал дос т.б
|
1-топ:
трассировка
2-топ:
Программа
3-топ
алгоритм
«Өзі туралы кластер» тренинг, қағаздар, қалам.
| Жаңа білім
Білу
10 минут
Түсіну
1минут
| Берілген анықтамаларды оқып алады.
1. Алгоритм трассировкасы дегеніміз не?
2. Қолмен жасалатын трассировка дегеніміз не?
3. Трассировка кестесі дегеніміз не ?
«Жариялау» әдісі
(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.) Дескриптор:
1. Анықтамаларды біледі
2. Трассировка кетесін қолдана алады
Қ.Б топтар бірін- бірі өз ара бағалайды. Алгоритмнің дұрыстығын тексеру үшін оны программалау тіліне аудару немесе компьютерде орындап көру міндетті емес. Алгоритмді адам өз қолымен, трассировка көмегімен тексере алады.
Трассировка –алгоритмін жұмыс істеу қабілетін тексеру, қателерін іздеу және т.б. үшін қолданылатын програманы қадам-қадаммен орындау.
Трассировканы қолмен жүргізу арқылы,адам алгоритнің әрбір командасын орындап,оны трассировка кестесін енгізе отырып,процессор жұмысын модельдейді. Қолмен жасалатын трассировка-трассировка кестесін толтыру.Трассировка кестесі-алгоритмді орындаудағы процессор жұмысының моделі.
«Бір минут» әдісі арқылы сұрау.Окушылар сұрақтарға бір минут ішінде нақты және қысқа жауап береді(топтық жұмыс)
1. Алгоритм трассировкасы не үшін қолданылады?
2.Қолмен жасалатын трассировка қандай жағдайларда қолданылады?
Топтар бір-бірін бас бармақ арқылы бағалайды
|
Оқулық 136-138 б
Смайлик
Оқулық,
Анықтамалар
.
| Қолдану 8минут
| Практикалық жұмыс(жеке жұмыс) 1) 128 және 56 сандарының ЕҮОБ табатын Евклид алгоритмінің трассировкасын орындаңдар. 2) Есептің кестелік көрінісінен есептің берілгенін анықтап,визуалды алгоритмін жасандар. Кестелік көрініс төменде көрсетілген: Шарт №
| S
| N
|
| 0
| 125
| 125>0 иә
| 0+5=5
| 12
| 12>0 иә
| 5+2=7
| 1
| 1>0 иә
| 7+1=8
| 0
| 0>0жоқ
|
|
|
Дескриптор:
1. Алгоритмді орындайды
2.Трассировка құра алады
3. Нәтиже шығарады
Қ.Б окушылар өздерін бағдаршам арқылы бағалайды
|
Интернет
Интербелсенді тақта
оқулық
| Сергету сәт
1минут
| «Көңілді күн» сергіту жасау
| Бейне ролик арқылы оқушылар интербелсенді тақтамен жаттығу жасайды
| Талдау 10минут
| Жұптық жұмыс.«Жұбыңа әңгімеле» әдісі
Төменде берілген блок-схема бойынша b айнамылысының мәнін есептейік қадам
| Алгоритм
коман
дасы
| Айнымалылар a b
| Шарт
a=8
|
| 1
| a-1
| 1
|
|
| 2
| b-1
|
| 1
|
| 3
| a-a*2
| 2
| 1
|
| 4
| b-b+a
| 2
| 3
|
| 5
| a-8
|
|
| 2-8(жоқ)
| 6
| a-a*2
| 4
| 3
|
| 7
| b-b+a
| 4
| 7
|
| 8
| a-4
|
|
| 4-8(жоқ)
| 9
| a-a*2
| 8
| 7
|
| 10
| b-b+a
| 8
| 15
|
| 11
| a-8
|
|
| 8-8(ия)
| 12
| Шығару
b
|
| 15
|
|
Дескриптор:
1.Блок-схема құра алады
2.Трассировка кестесін қолдана алады.а алады.
Қ.Б «Екі жұлдыз,бір тілек»әдіс Шығармашылық тапсырма
«Алгоритм трассировкасы» тақырыбына блок-схема құрындар.
|
Блок-схема
Visual Logc бағдарламасы
|
Сабақты бекіту
2минут Кері байланыс
3минут
| Білгеніңді жинап,сұраққа жауап бер.(жеке жұмыс)
1.Алгоритм блок-схемасын салу үшін трассировка кестесін қалай қолдануға болады?
2.Блок-схемамен (Visual логик бағдарламасы) кестені салыстыру.
Бағалау, қортындылау,
кері байланыс: кімде көп жақсы пікірлер жазылған?
Кімде қосымша ерекше тілектер бар?
| Жеке жұмыс
Галерея саяхат арқылы «Записки.exe»бағдарлама арқылы
|
Үйге тапсырма
2минут
|
§24 Алгоритм трассировкасы
| блок-схемамен (Visual логик бағдарламасы) кестені салыстыру
| Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
| Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
| Саралаудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін жоспарлау арқылы топтық,жұптық және жеке тапсырмалар беріледі.Берілген уақыт аралығында қарапайымнан күрделіге қарай тапсырмалар тандалады.Өз ойын ортаға салу,бір-біріне үйрету және бір-бірінен үйрену арқылы жаңа материалды түсінуге қол жеткізеді деген ойдамын.
| «Жариялау» әдісі,«Бір минут» әдісі, «Жұбыңа әңгімеле» әдісі
| Сергіту жаттығулары,техникалық ережелерін сақтауды сабақ басында қайталанып,еске түсіреді.
|
|