Главная страница

7саб. замерзімді жоспар тарауы


Скачать 28.47 Kb.
Названиезамерзімді жоспар тарауы
Дата25.03.2023
Размер28.47 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла7саб.docx
ТипПрограмма
#1013463


Мектеп №180ЖББМ Тексерілді____________


Бөлімі:

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:

1-бөлім. «Программалау» (ортақ тақырыбы: «Жанды табиғат»,

«Жақсы» деген немене? «Жаман» деген немене?)

Педагогтің аты-жөні:

Едилбекова А




Күні:

17.10

Сыныбы: 3 Ә

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

        1. жоба бойынша бірлесіп жұмыс істеу үшін мессенджерлерді пайдалану;

        2. желідегі ақпарат алмасу жолдарын түсіндіру;

3.1.3.1 Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелерін ескеру;

Сабақтың мақсаты:

Әлеуметтік желілермен мессенджерлерді қандай мақсатта қолданатыны және оның қандай қаупі бар екені туралы әңгімелейді.

Желідегі ақпарат алмасу программалық қосымшаларымен танысады.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)

Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.

Сәлемдесу,оқушылардытүгендеу

І. Қызығушылықты ояту

«Арқаға сурет салу» ойыны

Бұл ойында барлық әрекетті үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім сап соңында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш, автомашина т.б.). Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрғанның арқасына өзінің арқасына салынған затты салады. Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны

қағазда жазылғанмен салыстырады. /Бұл ойын оқушыларға жағымды көңіл күй сыйлайды/.

Топтастыру:

Топтастыру. «Төрттік» әдіс

Сыныптағы оқушыларға «әке», «ана», «бала», «дос» деген жазулары бар парақшалар таратылады, сол аттары бойынша 4 топқа бірігеді. Сонымен қатар әке, ана, бала, дос туралы әннің бір шумағын ғана орындату арқылы сергіту жаттығуын жасайды.

Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып, топтастыру жоспарланды.

Тиімділігі: Топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.

Саралау:оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу»тәсілі қолданылады.

(МК, Ұ) Ой

қозғау. «Миғашабуыл»әдісі.

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

  • 1, 2 және 3-суретте берілген программалық қосымшаларды қандай ортақ атау біріктіреді?

  • Сен желіде қандай программа қосымшаларын қолданасың?

  • Әлеуметтік желі мен мессенджер қосымшаларының айырмашылығы

бар ма? Ойыңды ортаға сал.

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай

«Күлегештер» әдісі

арқылы бағалайды.

Интерактивті тақта
Оқулық
Жұмыс дәптерлері




Жаңа сабаққа дайындық.




Мақсаты: алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.

Тиімділігі: оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін,мұғаліминтерактивтітақтадансабақтыңтақырыбы,мақсаты,бағалау

критерийлеріментаныстырады.

Сабақтыңортасы(26 мин)





ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)

Оқулықпенжұмысістеу

«Жәшіктегікітаптар»әдісі

Ортаға әсем безендірілген жәшік әкелінеді.

  • Мұғалім: «Сыртындағы суреттерге қарап, осы жәшіктің ішінде не бар екенін тапқан оқушыға сыйлығымыз бар».

  • Оқушылар: «Кітап».

  • Мұғалім: «Дұрыс, кітап!».

Оқушылар әрқайсысы өз кітаптарын алып, 5 минут көлемінде мұғалімнің тапсырмасы бойынша кітаптағы тақырыптың мәтінін оқиды. Содан соң балалар 5 минуттай бір-

біріне осы оқулықтағы тақырып туралы ойларын жеткізу тапсырылады. Бір-біріне сұрақтар қойып, ойларын толықтырады.




Топтық жұмыс

«Кезбе тілші» әдісі

1-тапсырма

Төменде кестеде сауалнама берілген (кесте).

Сыныптастарыңның арасында сауалнама жүргізіп, кестені толтырыңдар.

Оқушының пайдаланатын желісіне немесе мессенджеріне «+» таңбасын қойыңдар.

Кестені өңдеуге арналған сұрақтар:

  1. Сыныптастарың әлеуметтік желі мен мессенджерді көп пайдалана ма?

  2. Сыныптастарың мен құрдастарың мессенджерлерде құрған ортақ топ бар ма?

  3. Ең көп

қолданылатын әлеуметтік желі қайсы?

  1. Ешқандай әлеуметтік желі пайдаланбайтын оқушылар бар ма? Нешеуі қолданбайды?

Неге қолданбайды?

Дескриптор

  • Топ ішінен тілші тағайындайды.

  • Сауалнама жүргізіп, кестені толтырады.

  • Сұрақтарға жауап беріп, себебін анықтайды.

Қалыптастырушыбағалау

Топтағы оқушылар тапсырманы орындау белсенділіктеріне қарай бір-бірін

«Күлегештер»әдісі

арқылы бағалайды.

Интерактивті тақта
Оқулық
Жұмыс дәптерлері




Жұптық жұмыс

«Венн диаграммасы» әдісі

Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін нысандардың сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі.

Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау

операциясын меңгереді.

2-тапсырма

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерді салыстыр. Ұқсастық пен айырмашылығын анықта. Мысалы, фейсбук пен уатсап. Дескриптор

  • Әлеуметтік желі мен мессенджерлерді салыстырады.

Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.

Қалыптастырушыбағалау

Жұптасқан оқушылар тапсырманы орындау белсенділіктеріне қарай бір-бірін

«Күлегештер»әдісі

арқылы бағалайды.

Интерактивті тақта Оқулық
Жұмыс дәптерлері







Жеке жұмыс

«Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі Оқушылар төмендегі берілген тапсырма бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады.

Сөйлемдер кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай жерде т.б. сөздерден тұруы мүмкін. Содан кейін сөйлемдерді сыныптастар бағалай алады немесе көшіріп жазады т.б.

3-тапсырма

  • Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді қандай мақсатта қолданамыз?

  • Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді қолданудың сенің жасыңдағы балалар үшін қандай қаупі бар?

  • Мессенджерлерде бірлесіп жұмыс

істеудің қандай

тиімді жақтары бар?

Дескриптор

  • Бір сұраққа жауап береді.

  • Екі сұраққа жауап береді.

  • Үш сұраққа толық жауап береді.

Қалыптастырушыбағалау

Оқушылар тапсырманы орындау белсенділіктеріне қарай өзін-өзі

«Күлегештер»әдісіменбағалайды.

Интерактивті тақта
Оқулық
Жұмыс дәптерлері

Сабақтыңсоңы

7 мин.
Сабақты бекіту. Рефлексия.

ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия Жеке жұмыс

«Бір ауыз сөз» әдісі

Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын ала жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б.

Қалыптастырушы бағалауМұғалім оқушыларды тапсырманы орындау белсенділіктеріне қарай

«Күлегештер» әдісі арқылы бағалайды.

Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды;

жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілеттірек оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай

тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Диалог және қолдау көрсету»,

«Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке

қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Күлегештер» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.




Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?

1:






написать администратору сайта