Главная страница

3 зертханалық жұмыс. Зертханалы жмыс. Симметриялы криптожйелер


Скачать 79.79 Kb.
НазваниеЗертханалы жмыс. Симметриялы криптожйелер
Дата31.03.2020
Размер79.79 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла3 зертханалық жұмыс.docx
ТипПрограмма
#114212
страница2 из 3
1   2   3


Мысалы, «КРИПТОГРАФИЯ» шифрлайық.

Шифрлеу ережесін қарастырайық.

  1. Ашық текст екі әріптен блоктарға бөлінеді. Текстегі әріптердің саны жұп болуы тиіс. Бір блоктағы әріптер бірдей болмау керек. Сөзді бөлейік: КР-ИП-ТО-ГР-АФ-ИЯ.

  2. Егер жұпқа кіретін әріптер әртүрлі жол және бағанда орналасса, онда тікбұрыштың бұрыштарында орналасқан әріптермен алмастырылады. Мысалы, КР блогі ИТ символымен алмастырылады.

  3. Егер ашық тексттің әріптер жұбы бір жолда жатса, онда оң жаққа бір торға циклді қозғалыс арқылы шифрограмма орындалады. Мысалы, ИП блогі ЙИ алмастырылады, ал КН блогі –ЛО.

  4. Егер екі әріп те бір бағанда болса, онда төмен қарай бір торға циклді қозғалыс арқылы шифрлеу орындалады. Мысалы, ЖЦ блогі ОЮ символымен, ал ТЬ блогі– ЪВ символына алмастырылады.

Келтірілген ережеге сәйкес «КРИПТОГРАФИЯ» сөзі ИТЙИЦКАУДРПШ криптограммасына түрленеді.

Егер ашық тексттің блоктары екі бірдей әріптерден тұратын болса, онда криптограмма да екі бірдей әріптерден құралады. Бірақ, бұл шифрді модификациялағанда көпалфавитті жүйеге айналады. Бұл үшін Плейфейердің бірнеше кестелері қолданылып, бірнеше шифрлеу жүргізіледі.
АФИНАЛЫҚ КРИПТОЖҮЙЕЛЕР

Криптотұрақтылық дегеніміз кілтсіз дешифрлеуге тұрақтылығын анықтайтын шифрдің сипаттамасы.

Цезарь шифрімен салыстырғанда афиндік криптожүйелердің криптотұрақтылығы жоғары. Ашық текстті математикалық түрлендірулердің салдарынан, олар ретсіз араластырылған.

Алфавиттің әріптері сандармен нөмірленеді, мысалы, 0-ден 32-ге дейін. Содан кейін, ашық текстегі әріптер, сызықтық теңдеу бойынша алфавиттегі реттік номері анықталған әріппен алмастырылады.

Афиндік криптожүйе екі санның көмегімен тағайындалады: a және b. Орыс алфавиті үшін бұл сандар a0, b32 шартынан алынады. Бірақ a және =33 сандары өзара қарапайым болуы тиіс. Егер бұл шарттар орындалмаса, екі әртүрлі әріптер бір әріппен суреттелуі мүмкін. Криптограмма әрпінің әр коды (алфавиттегі номері) келесі ереже бойына ашық текстінің әрпінің коды арқылы анықталады. Бастапқыда = a +b саны есептеліп, a санын =33 санына бөлу операциясы орындалады. Математикалық түрде былай жазылады: mod()). Бұл мынаны білдіреді:  дегеніміз a-ны-ға бөлгендегі қалдық сан.  саны шифрограмма әрпінің коды ретінде қолданылады.

Нақтылық үшін мынадай сандарды аламыз: a =5 және b=3.

Криптограмма әріптерінің реттік номерлерін есептеу фрагменті және олардың өзара сәйкестігі кестеде келтірілген:

Ашық тексттің әріптері

А


Б

В

Г

Д

Е



Я

Ашық текст әрпінің коды

0

1

2

3

4

5



32

Шифрограмма әрпінің коды

3

8

13

18

23

28



31

Шифрограмма әрпі

Г

З

М

С

Ц

Ы



Ю
1   2   3


написать администратору сайта