Главная страница
Навигация по странице:

  • 10, Саусақ ойыны, Саусақтармен билейміз, (саусақтарды билету)

  • 12, Шынжыр.

  • Ендеше, әріптестер қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық.

  • 2, Таырыбы


    Скачать 37.92 Kb.
    Название2, Таырыбы
    Дата20.12.2021
    Размер37.92 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1.docx
    ТипДокументы
    #311295

    1, Өзімді таныстыру.

    2, Тақырыбы:

    «БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ ҰСАҚ МОТОРИКАНЫҢ МАҢЫЗЫ»

    3, Жоспар: 

    І. Кіріспе бөлім. 
    1. Бала тілінің дамуына әсер ететін жетекші фактор - ойын. 

    ІІ. Негізгі бөлім. 
    1. Ұсақ моториканы дамыту арқылы сөйлеу тілін жетілдіру. 
    2. Саусақ ойын – жаттығулары. 

    ІІІ. Қорытынды бөлім. 

    1. Бала саусағын ойната отырып тілін дамытайық. 

    4, Мақсаты:

    Әр түрлі іс-әрекеттер арқылы мектепке дейінгі ерте жастағы балалардың ұсақ моторикасымен қол үйлесімдігін дамыту. 

    5, «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, 
    оның шығармашылық қабілетін дамытады 
    ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін 
    емес». 
    В.А. Сухомлинский .

    6, Бала саусағын ойната отырып, тілін дамытайық.

    7, Жас жарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады. Мысалы, баланың бас бармағын жаймен сипап отырып, оған былай деңіз: «Саусақ –бала сен қайда болдың?» Содан соң бас бармақты балан үйрекпен түйістіре отырып, « мына саусақ пен орманға бардым», ортан түйрекпен түйістіре отырып, «мына саусақпен щи пісірдім», 
    Осылайша жалғастырып басқа саусақтармен де «мына саусақпен ботқа жеп, мына саусақпен ән салдым» деп аяқтаймыз. Балаларға бұл жаттығу қатты ұнайды, уақытты да көп алмайды, ал пайдасы оның өте көп, себебі ұсақ моториканы дамытып жатырмыз.

    8, Саусақ ойындары арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді., таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі және адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіреді. 
    Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық- саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан- жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады. 

    9, Санамақ

    Кел,санайық, санамақ ,саусақтарды саралап,

    (саусақтардың арасын ашу)

    Бас бармағым – алғашқы (үлкен саусақты тік ұстау)

    Балаң үйрек – жалғасы( Сұқ саусақты тік ұстау)

    Ортан терек – кезекші (ортаңғы саусақты тік ұстау)

    Шылдыр шүмек - көмекші (шылдыр саусақты тік ұстау)

    Шынашағым – балапан, бәріне отрақ алақан. (алақанды көрсету , шапалақтау)

    10, Саусақ ойыны,

    Саусақтармен билейміз, (саусақтарды билету)

    Дәмді тоқаш илейміз (қамыр илеу қимылы)

    Илеп-илеп аламыз.

    Ыдыстарға саламыз.

    11, Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады.
    Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы қол саусақтарының

    нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан,бала қолының

    ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.

    Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көнілді түрде ұйымдастыруға болды.

    12, Шынжыр. Оң және сол қолдағы басбармақпен  баланүйрек саусақтары түйісіп,

      жүзіктер секілді айқасып, шынжыр жасайды.

    Саусақтар шынжыр болады,

    Үзілмейді тартсаңда.

    Ал, піл келіп шынжырды,

    Үзіп кетті басқанда.

    Тұмсығымен доп іздеп,

    Ойнағысы келіп тұр.

    Достық үшін пілге мен,

    Гүл сыйлағым келіп тұр.

    13, Санамақ

    Балаға қарама-қарсы отырып, тәрбиеші көрсетіп отырады,  

    қолдарды құлыпқа ұқсатып түйеді.

    Саусақтарын кезек-кезек создыра көрсетіп,

    «Кел,санайық санамақ, саусақтарға қарап ап.

    Басбармақ, Балан үйрек, Ортан терек, Шылдыр шүмек,

    Кішкене бөбек.» Бала қозғалыстарды қайталайды.

    14, Құстар қанат қағады

    Құстар ұшып барады,

    Көкте қанат қағады.

    Барлық құстар қосылып,

    Шиқ-шиқ-деп, ән салады.

    15, Нәтижесінде:

    Қол саусақтарының

    ұсақ моторикасы дамиды.

    Саусақ қимылдарын

    ойнату арқылы

    баланың тілі дамиды

    *Ойлау , есте сақтау қабілеттері

    қалыптасады.

    Қорытынды:

    Француз педагогы Жан Жак Руссо: ”Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді” деген екен. Әрбір тұлғаның тәрбиесі отбасынан басталады.Баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар.Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші-ата-ана.

    Ендеше, әріптестер қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық.


    написать администратору сайта