Қолданбалы курс. олданбалы курс Пні Биология Таырыбы Нашаорлы асыр дерті
Скачать 157.7 Kb.
|
-Қолданбалы курс – Пәні:Биология Тақырыбы : Нашақорлық -ғасыр дерті Қостанай облысы,Жанкелдин ауданы А.Байтұрсынов ауылы «А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі»М.М Биология пәнінің мұғалімі Жоғары санатты Кэмбридж курсының сертификат иегері Жармағамбетова Ләззат Тұрсынбекқызы Екі дүниенің ардақтысы Пайғамбарымыз с.ғ.с. хадистерінің бірінде: «адам дене мүшесінің саламаттығын қорғауға міндетті. Оны бүлдіріп, уландыратын әр нәрседен аулақ болуға тиісті» деген. Түсінік хат ХХІ ғасыр індетіне айналған нашақорлық дерті келешек жастар өмірін жалмауда.Бұл дертпен қоғам болып күресу ғана алдын алмақ.Егер жастар санасын өзге дін мен есірткілік заттар ағымынан сақтасақ қана болашақ қазақстанымыз мен тәуелсіздігімізді баянды ете аламыз Осы мақсатта құрылған «Ғасыр індеті-нашақорлық» қолданбалы курс бағдарламасын имандылық тәрбиемен қатар ұштастырып 10-11 сынып оқушыларын теріс әдеттер мен жаман мінез-құлықтардан сақтандырып салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында құрылды. ,Ұлы Абай: Алла ішімді айтқызбай біледі,ойла,Бендесіне қастықпен кінә қойма,Распенен таласпа мүһмин болсаң,Ойла ,айттым адамдық атты жойма!өсиетін тереңнен ұғындырып ,Дін –ғылымның анасы ,Дін-ғылымның әкесі ,Адам ата өлмесін Ақырзаман келмесін ,Қол қусырып Құдайға ,Ғылым мен дін бірге бар!деп ақиық ақын М.Мақатаев асыл дініміздің негізін сол кезеңде –ақ жырлаған екен. Жастарды салауатты өмір сүру үшін Ислам дінінің асыл ережелеріне баулу заман талабыболып отыр..Есірткі – адам баласының денсаулығына ауыр, зиян болғандығы үшін харам етілген. Яғни қатаң түрде тыйым салынған нәрсе. Есірткіні қолдану у ішуді сынаумен бірдей «у ішсем өлтірер ме екен?» - деп оны сынаудың, пайдаланудың соңы өлім болатыны сияқты есірткі де сол жолға жетелейді. Негізінен дініміз Ислам – адам денсаулығына зиян келтіретін, қауіпсіздікке ұшырататын және масаю мен интоксикация жағдайына алып келетін барлық заттарға тыйым салады.Өйткені, адам өмірін сақтау, оның денсаулығына қамқор болу Исламның негізгі қағидаларының бірі. Осы нашақорлыққа бірден-бір себеп болатын нәрсе әсіресе, жасөспірімдердің нәпсі жетегіне еріп темекіге әуестенуі. Темекі шегуші адам тек өзін ғана улап қоймай, қасындағы басқа да кісіге зиянын тигізетінін түсіне ме екен?..Екі дүниенің ардақтысы Пайғамбарымыз с.ғ.с. хадистерінің бірінде: «адам дене мүшесінің саламаттығын қорғауға міндетті. Оны бүлдіріп, уландыратын әр нәрседен аулақ болуға тиісті» деген. Әлбетте әр нәрсенің сұрауы бар. Алла тағала біздерге денсаулық берді, ал біз оны қалай, қандай жағдайда пайдаланудамыз.Осы мақсатқа құрылған бұл курстың бағдарламасы Ислам дініміздің негізгі қағидаларымен ұштастырылған.Ислам шексіз үлкен ғылым ,олай болса ,асыл дініміздің тәлім-тәрбиесі осындай жаман қылықтардан аулақ болып, оған қарсы тұруды насихаттайды. Міне, біздер өз дініміз арқылы, ата-бабамыздың әдет-ғұрпын сақтай отырып, жастарымызды имандылыққа тәрбиелейтін болсақ, әр кезеңде орын алатын түрлі қатерлерден алыс боларымыз хақ.Бағдарлама курсы асыл дініміз-Ислам қағидалары негізінде ,парасатты адамгершілік пен көркем мінезге баулиды.Ислам ғылымы бағытында құрылған «Иман» -діни-танымдық журналдан,ғылыми әдебиеттерден,биологиялық оқулықтардан құрылды. 1.Оқытудың мақсаты:Нашақорлықтың алдын алудың тиімді бағдарламаларын жасауда оқушылардың қатысуы 2.Оқушылар білуі қажет:-Қазіргі кезде нашақорлықтың алдын алатын қандай тәсілдері бар? -Жергілікті тұрғын қалада ,ауданда нашақорлықтың алдын алумен айналысатын ұйымдар барын; -Жас өспірімдердің есірткі қолданудың алдын алуға қатысты мектеп саясатын; 3.Оқушылар істей алуы қажет:-Қолданыста жүрген бағдарламаларға талдау жасау,және жаңа бағдарлама элементтерін жасау; -Көпшілік алдында сөз сөйлеу,өз ойын жинақтау -Өзгенің пікірін құрметтеу -Өз позициясын тұжырымдау -Өз келешегін жоспарлау -Тапсырма орындау барысында топ ішінде бір –бірімен өзара ынтымақтасып әрекет жасау,және қолдау көрсету . 4.Оқушылар түсінуі қажет:-Кіші жастағы оқушылардан бастап ,мектепішілік нашақорлықтың алдын алу бағдарламаларының маңызын ; -Таңдап алған тәртіпке өмір деңгейінің және өмірлік перспективалардың тәуелділігін; -Жауапты шешім қабылдау мен оны орындаудың маңыздылығын. -Құқық нормаларын сақтаудың қажеттілігін. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Қ.Р БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының Тәрбие мәседлеелері институты. Тақырыбы: «Жалпы білім беретін мектептерде нашақорлық пен ішімдікке салынудың алдын алу бағдарламасы» Алматы «Раритет» баспасы 2003 ж 2.ҚР.ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті «НАРКОПОСТ» ЖУРНАЛЫ АСТАНА «Медиа-центр органов внутренних дел РК »№1 2013 - №3 2016. 3.ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ .»Иман» журналы №1-2013- №6-2015ж. 4.Рекомендовано Министерством образования инауки Р.К. «Ужас наркомании» издательство «Аруна» 2007г авт: Алимжанов А.Байниетова С. 5 «Мектептегі Психология» ЖУРНАЛЫ «Педагог LTD» ЖШС №1- 2014-2015 ж 6. Қ.Р БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСІ ҰСЫНҒАН: «Мектеп жағдайындағы ЖҚТБ ның алдын алу бойынша оқытушыларғы арналған басшылық»әдістемесі Алматы 2007ж 7. Қ.РІІМ ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КОМИТЕТІ « Есірткісіз БОЛАШАҚ» ЖУРНАЛЫ №1,2,3,4,5,6 АСТАНА «Медиа-центр органов внутренних дел РК »№1 2013 - №3 2016. 8. «Биолог анықтамалығы» ЖУРНАЛЫ №1-6 «2013-2015жж) СDматериалдарынан 9.«Есірткі сұмдығы» «Аруна» баспасы Алматы 2007. Алимжанов.А . Байниетова С.
2.Арнайы есірткі заттары тізіміне енгендер: - кең тараған апиын, героин, кокаин, анаша (гашиш, марихуана): лизергин қышқылы, мескалин, псилоцибин. Есірткіге жатпайтын, бірақ әдеттену (тәуелділік) туғызатын заттар: - ішімдік заттары. - ұйықтатын және тыныштандыратын, ауруды басатын, психотроптық дәрілер (диазепам, реланиум, фенобарбитал, т.б.). - психостимуляторлар (экстази, эфедрон, фенамин, кофеин, амфетамин т.б.) - галюциногендер - циклодол, астматол, димедрол және т. б. - ұшпалы заттар бензин, толуол ( тұрмыстық химия өнімдері - желім, лак, бояу, оларды еріткіштер, хлорофос, дихлофос, аяқ киім майлары); - темекі (насыбай) жатады. Алла тағала адам баласын басқа мақұлықтардан ажыратып, өзінің ұлық нығметтерінің бірі болған «ақыл» кереметін беріп, өзімізді пәк ұстап, харам істерден сақ болуымызды бұйырды. Хазіреті пайғамбарымыз Мұхаммед ғ.с. өзінің өсиет сөзі хадисінде: «Алла тағала адамда бір жапырақ етті жаратқан. Егер осы бір жапырақ ет пәк болса, адамның денесі де, іс-әрекеті де таза болғаны. Ал егер сол бір жапырақ ет бұзылса, адамның басқа мүшелері де бұзылғаны. Ол бір жапырақ ет әлбетте - жүрек», деген. Демек, харамнан сақтанып пәк, адал өмір кешу үшін әр бір адам өз жүрегін таза сақтауы тиіс. Жүректі тазалау екі түрлі болмақ. Біріншісі – денені тазалау, екіншісі – рухани тазалық. Сол үшінде адам жүрегін, тәнін тазалау үшін харам нәрседен өзін аулақ ұстауы керек. Өйткені, адамның ішкен-жегені асқазанда қорытылып, кейін белгілі мөлшерде қан болып тамырлар арқылы жүрекке баратыны ақиқат.Өкінішке орай Алланың біздерге берген ақылын, сана сезімін дұрыс пайдаланбаушылар – өздеріне зиян жасап, ішімдікке салынып, нашақорлыққа беріліп, адамгершілік құндылығынан айырылып, азғындық жолға түсушілер қоғамымызда көптеп кездесуде. Тәуелсіздігімізді алып, етек-жеңімізді жиып, елдігімізді енді ғана жандандырып жатқан тұста небір сорақылық пен арамза пиғылды әлдекімдердің ұлттық тамырымызға балта шауып жатқанын байқамай да қалған сияқтымыз. Көрер көзге жастарымыз «өз асылын басқаның жасығына» айырбастап, азғындап бара жатқаны жанға қатты батады. Әсіресе жері байтақ, ұлттық саны аз біздер үшін – нашақорлық аса қауіпті індет, қоғамдық дерт. Осы бір лағнетті әзәзілдің қанды шеңгел торына түсіп, ата-анасына қайғының запыранын ішкізіп жүрген қаншама бауырларымыз бар. Есірткі – адам баласының денсаулығына ауыр, зиян болғандығы үшін харам етілген. Яғни қатаң түрде тыйым салынған нәрсе. Есірткіні қолдану у ішуді сынаумен бірдей «у ішсем өлтірер ме екен?» - деп оны сынаудың, пайдаланудың соңы өлім болатыны сияқты есірткі де сол жолға жетелейді. Негізінен дініміз Ислам – адам денсаулығына зиян келтіретін, қауіпсіздікке ұшырататын және масаю мен интоксикация жағдайына алып келетін барлық заттарға тыйым салады. Өйткені, адам өмірін сақтау, оның денсаулығына қамқор болу Исламның негізгі қағидаларының бірі. Осы нашақорлыққа бірден-бір себеп болатын нәрсе әсіресе, жасөспірімдердің нәпсі жетегіне еріп темекіге әуестенуі. Темекі шегуші адам тек өзін ғана улап қоймай, қасындағы басқа да кісіге зиянын тигізетінін түсіне ме екен?.. Екі дүниенің ардақтысы Пайғамбарымыз с.ғ.с. хадистерінің бірінде: «адам дене мүшесінің саламаттығын қорғауға міндетті. Оны бүлдіріп, уландыратын әр нәрседен аулақ болуға тиісті» деген. Әлбетте әр нәрсенің сұрауы бар. Алла тағала біздерге денсаулық берді, ал біз оны қалай, қандай жағдайда пайдаланудамыз. Ғасыр індетіне айналған нашақорлық - біздің елімізді де айналып өтпегені рас. Бұл нәрсеге жастарымыздың бой алдыруы бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Есірткіге тәуелді жандар бірлі-жарым адамды ғана емес, бүкіл ел, қоғам, барша ұлттың тамырына балта шабады. Мұндай қауіпті дертпен күресу бір ғана адамның немесе белгілі бір арнаулы мекеменің шамасы келе бермесі анық. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бұл жерде ел болып, бірлесе отырып, қоғам болып күресуіміз қажет. Сондықтан асыл дініміздің тәлім-тәрбиесі осындай жаман қылықтардан аулақ болып, оған қарсы тұруды насихаттайды. Міне, біздер өз дініміз арқылы, ата-бабамыздың әдет-ғұрпын сақтай отырып, жастарымызды имандылыққа тәрбиелейтін болсақ, әр кезеңде орын алатын түрлі қатерлерден алыс боларымыз хақ. Адам баласын аздыратын, қор қылатын, иманынан, ақылынан, парасат-пайымынан айыратын келеңсіз нәрсенің барлығы адам жанына зиян келтіретіндігі турасында қасиетті құранда анық, нақты айтылған. Мәселен, «Өздеріңді өз қолдарыңмен қатерге итермеңдер!», «Өздеріңді өздерің өлтірмеңдер» делінеді. Яғни шылым шегіп, наша қолданғандар өз денсаулығына зиян тигізіп, өз қолымен өзін қатерге итермелейді. Мінеки, Жаратушы Раббымыздың өзі біз ауыр жағдайға душар болып, қиналмасын деп осындай ғибратты аяттарымен ескерту жасаған. Алланың сүйікті елшісі мен ата-бабамыздан бізге жеткен дінімізді қадірлеп, сол дінде көрсетілген жолмен ғұмыр кешсек қане?.. Келешекте де халқымыздың рухани азып-тозуына жол бермеу үшін сан ғасырлар бойы уақыт сынынан өтіп, бүкіл әлемге қанат жайған исламның имандылық шарттарын оқып түсініп, бір-бірімізге насихаттап жеткізгеніміз абзал. Елдің келешегі – жас ұрпақ. Балалар – біздің болашағымыз. Дені сау ұрпақ өсіру, тәрбиелеу қазіргі кезде баршамызға жүктелеген үлкен міндет. Сол үшін әрбір азамат, әрбір ата-ана дені сау, салауатты ұрпақ қамын ойлап, өз үлесін қосуы керек. Міне, осындай тәрбие берер біздің дініміздің адам баласына қиындық туғызатындай ешбір қағидасы жоқ. Керісінше мұсылманның шарттары – жан мен тән тазалығына, адамның бірін-бірі қадірлеуіне, қайырымды болып, мінез- құлқын, іс-әрекетін ізгілендіріп, ішкен асы мен жеке басын таза ұстауға үйретеді. Ар-ұят, обал-сауап, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқоршы болу, ата-ананы сыйлау, оғаш мінез көрсетпеу сияқты өнегелі насихат, қазіргі таңда ауадай қажет емеспе?! Сондықтан құрметті оқырман қауым! Алла тағаланың біз берген зор нығметтеріне шүкірлік ете отырып, ақыл парасатпен шынайы имандылық пен Аллаға құлшылық етейік. Осы азғантай фәни тіршілікте мәнді де мағыналы ғұмыр кешіп, сауапты істерімізбен келешек ұрпаққа жол көрсете білейік. Жанымыз бен тәнімізді саф-таза ұстап, салауатты өмір салтын ұстана білейік. |