зерттеушілер. Қазақстанды зерттеген зерттеушілер. А. Н. Краснов (18621914) негізінен ТяньШань тау жйесі мен Балаш клі маындаы шлді аймакты сімдіктер жамылысын зерттеді. Ол топыра пен сімдік арасындаы байланысты анытап, физикалыгеографиялы жадайл
Скачать 37.55 Kb.
|
Н.Северцов – Түркістан өлкесіне саяхат геогра экологиялық бағыт Л.Берг – 1908 ж Арал теңізі Қ.Сәтбаев – Орталық Қазақстан мыс кен орындары Ш.Уәлиханов - Қашқарияға саяхат Жоңғария Құсмұрын А.Краснов А.Н.Краснов (1862-1914) негізінен Тянь-Шань тау жүйесі мен Балқаш көлі маңындағы шөлді аймактың өсімдіктер жамылғысын зерттеді. Ол топырақ пен өсімдік арасындағы байланысты анықтап, физикалық-географиялық жағдайлардың өсімдіктерге тигізетін әсерін, әсіресе, мұз баскан жерлердегі өсімдіктер бойындағы өзгерістерді анықтады. Тянь-Шань өсімдіктерін еуропалық түрлермен салыстырып, олардың қалыптасу тарихы мен дамуын сипаттап жазды. С.У.Ремезов – «Сібірдің сызба кітабы» атты кітабы А.И.Левшин – 1832 жылы Қырғыз Қайсақ даласының сипаттамасы Қазақстан жеріне тұңғыш рет салыстырмалы түрде толығырақ географиялық сипаттама берілді И.В.Мушкетов – И.В.Мушкетов (1850-1902) тамаша геолог болуымен қатар, физикалық география саласындағы ірі маман еді. Оның геологиялық зерттеулері физикалық географияның көп мәселелерін шешуге, табиғат құбылыстарының пайда болуы мен заңдылығын анықтауға көмектесті. 1875-1876 жылдары И.В.Мушкетов Тянь-Шаньның солтүстігі мен Жетісу (Жоңғар) Алатауына үлкен саяхат жасап, Әулиеата (қазіргі Тараз) қаласының маңын, Александр жотасын, Сусамыр өзенінің алқабын, Боаш шатқалын, Ыстықкөлді зерттеді. Сонымен қатар Ілені, Күнгей және Теріскей Алатауды бірнеше жерден басып өткен. И.В.Мушкетов Орта Азияның физикалық географиясы мен геологиясына арналған «Түркістан» (1886-1906) еңбегін жазды. «Түркістан немесе Түркістан бассейні деген атпен, - деп жазады автор, - мен Азия материгінің батысында Мұғалжар таулары мен Үстірттен бастап, шығысында Жетісу Алатауында, Тянь-Шаньға және Памирге дейінгі, оңтүстігінде Көпетдагтан және Хорасан тауларынан бастап, солтүстігінде Шыңғыстау және Арал - Ертіс суайрығына дейінгі ұланғайыр кеңістікті алып жаткан байтақ өлкені түсінемін». Мушкетовтың Түркістан монографиясының негізгі бөлігі Тянь-Шань тауларының жүйесін, оның мұз басуын, сондай-ақ тау етектеріндегі жазық жерлер мен жота аралық аңғарлар мен ойыстарда сары (лесс) топырақты және саздақ балшьщты жерлердің пайда болуындағы метеорологиялық жағдайын зерттейді. Сонымен бірге шекараларын анықтап, алғашқы геологиялық қартасын (1881) жасады. Ғалым А. Гумбольдтың Тянь-Шаньда вулкандық құбылыс бар деген көзқарасын теріске шығарып, өз деректерін келтіреді. Сонымен бірге 1887 жылы Верныйда (Алматы) болған жер сілкінудің себептері мен шөлді аудандардағы жел әрекеті туралы құнды деректер жинақтады. П.С.Паллас – Оңтүстік Қазақстан Қадырғали Қосынцлы Жалаири (XVI ғ. аяғы - XVII ғ. басы) («Жами ат-тауарих») «Жылнамалар жинағы» атты қазақ халқы мен оның жері туралы өте қызықты кітап дүниеге келді. И.П. Фальк,- 1734 жылы Орынбор экспедициясы ұйымдастырылды. 1768 жылы екінші академиялық экспедиция жасакталды. И. П. Рычков - 1734 жылы Орынбор экспедициясы ұйымдастырылды. 1768 жылы екінші академиялық экспедиция жасакталды. И. Муравин мен А. И. Бутаков Арал теңізі мен Сырдария бойында Г. С. Карелин Каспий жағалауларында зерттеулер жүргізді. П.П.Семенов-Тян-Шанскийдің П.П.Семенов-Тян-Шанский (1827-1914) - еуропалық ғалымдардың ішінде Тянь-Шань тауын зерттеген алғашқылардың бірі. 1856-1857 жылдары ол Орталық және Солтүстік Тянь-Шаньға бірнеше экспедиция жасап, Хан Тәңірі шыңының бөктеріне дейін жеткен. Соның нәтижесінде ол биік таудағы қар белдеуінің биіктігін, ондағы мұздықтарды анықтап, бүл тау жүйесінде жанартау құбылыстарының жоқтығын дәлелдеді. Сол кезде Еуропа ғылымында қалыптасқан Тянь-Шань жанартау әрекеті нәтижесінде пайда болған деген ұғымды теріске шығарады. Ол Тянь-Шань тауларының бітімі мен геологиясына қатысты бакылаулар жасады. Осы саладағы ұлы еңбегі үшін ғалым СеменовТян-Шанский деген атақка ие болды. Семенов-Тян-Шанский(1827—1914) де Қазақстанды зерттеуші ірі ғалымдардың бірі болды. Ол Алтай мен Жетісудың және Қазақстанның оңтүстік өңірін зерттеуге қатысты. Ғалым «Ресей. Толық географиялық сипаттамасы» атты көп томдық серияның «Қырғыз өлкесі» және «Түркістан өлкесі» деген іргелі екі томын әзірлеуге белсене қатысты. Оларда Қазақстанның географиясы ғана емес, сонымен қатар қазақтардың тарихы, тұрмыс-тіршілігі, сауда-саттығы және шаруашылық қызметінің түрлері туралы егжей-тегжейлі мәліметтер келтірілген. Н.А.Северцовтің - Н.А.Северцовтің (1827-1885) Қазақстанды зерттеу Жұмыстары П.П.Семеновтың Тянь-Шаньды зерттеуімен тұстас келеді. Ол әуелде Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі сағасына сапар шекті. Одан соң Тянь-Шаньда, Жетісу, Қызылқұм, Қаратау өңірлерінде зерттеу-бақылау жұмыстарын жүргізді, Үстірт пен Мұғалжарды зерттеді. Осы зерттеулер нәтижесінде Н.А.Северцов Қазақстан жерінде жануарлардың таралуы жайында ғылыми ой-пікірлерді кеңейтті. Жануарлардың өсіп-өнуі мен таралуына физикалық-географиялық жағдайлардың әсер ететінін дәлелдеді. Таулы өлкелердің геологиясы мен қалыптасу тарихына назар аударды. Ғалымның табиғат компоненттерінің өзара байланысы жәнө сабақтастығы туралы идеясы географиядағы экологиялық бағыттың дамуына жол ашты. Л.С.Бергтің Л.С.Берг (1876-1950) еңбектері де табиғат құбылыстарын тұтас бірлікте алып қарауымен ерекшеленеді. Қазақстан жеріндегі зерттеу қызметін әуелде Солтүстік Қазақстанның тұзды көлдерін (Теке, Қызылқак, Сілетітеңіз) бақылаудан бастаған. Ол 1900-1903 жылдары Арал теңізін мұқият зерттеді. Аралға таяу Қызылқүмды, Арал маңы Қарақұмын, Үлкен және Кіші Борсық құмдарын аралап көрді. Оның «Арал теңізі» (1908 ж.) атты еңбегінде теңіз бен оның айналасындағы жерлердің жер бедері, геологиялык тарихы, гидрологиясы, жануарлар дүниесі мен өсімдіктері жанжақты сипатталды. Осы және басқа зерттеулердің нәтижелеріне сүйеніп, Л.С.Берг Қазақстан аумағын ландшафтылық аймақтарға және морфологиялык облыстарға бөлді. Батыс Сібір ойпаты, Торғай далалық өңірі, Түркістан ойпаты, Үстірт, Тянь-Шань жүйесі, Қазақтың қатпарлы өлкесі (Сарыарқа), Орал тау жүйесі, Алтай-Саян тау жүйесі сияқты географиялық облыстар Берг еңбектерінде дәлелденіп берілген. XIX ғасырдың екінші жартысында басталған табиғатты физикалык-география тұрғысында тұтас зерттеу жұмысы XX ғасырдың бас кезінде де жалғасты. Бұл кезде Сібір темір жолының қазақстандык бөлігі бойында (Солтүстік Қазақстан) Қоныс аудару басқармасының ұйымдастыруымен Ақмола, Торғай, Жетісу облыстарында зерттеу жұмыстары жүргізілді. В.А.Обручев пен В.В.Сапожников Жетісу мен Тянь-Шаньды, Н.И.Андрусов Маңқыстау түбегін, С.С.Неуструев Жер қабатының қалыптасуындағы негізгі заңдылықтар және Оңтүстік Қазақстандағы топырақтардың негізгі типтерін сипаттауға үлес қосты. Осылардың еңбектері негізінде физикалық географияның аумақтық мәселелерімен қоса халық шаруашылығы үшін пайдалы қолданбалы міндеттерді шешуге де мүмкіндік туды. 1830 жылы «Отечественные записки» журналында орыс офицері Б.С. Броневскийдің «Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралы жазбалар» атты жұмысы жарияланды. Онда Солтүстік-шығыс Қазақстан қазақтарының тарихынан, өмірі мен тұрмыс-тіршілігінен егжей-тегжейлі құнды деректер берілген. Белгілі тарихшы А .И. Левшин (1799— 1879) «Қырғыз-қазақ, немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» деген үш бөлімнен тұратын зерттеу еңбегін жазды. Осы бірегей әрі іргелі еңбегі үшін ол «Қазақ тарихының Геродоты» деген атаққа лайықты ие болды. Автор өз зерттеуінде қазақ өлкесінің тарихы мен этнографиясы және географиясы туралы егжей-тегжейлі мәліметтер келтіреді. Белгілі ғалым әрі Батыс Сібірдің әкімшілік қызметкері В.В. Велъяминов-Зернов XVI—XVIII ғасырлардағы қазақ халқының тарихын мұқият зерттеді. Ол «Қасымов патшалары мен ханзадалары туралы зерттеу», «Кырғыз-қайсақтар туралы тарихи деректер» деген еңбектер жазды. Торғай облысының мал дәрігері А.И. Добросмыслов қыруар мол дерек көздері негізінде «Торғай облысы. Тарихи очерк» атты үш томдық іргелі еңбек жазып қалдырды. Онда Кіші жүздегі қазақ хандықтарының тарихы мен саяси оқиғалар егжей-тегжейлі толық сипатталған. Автор XIX ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар барысын және қалай жүргізілгенін толық баяндаған. Торғай облысының әскери губернаторы Л.Ф. Баллюзек «Кіші қырғыз Ордасындағы орын алған, қазір де ішінара орын алып келе жатқан халықтық әдет-ғұрыптар» деген атпен қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарының жинағын құрастырып, басып шығарды. Баллюзек Қазақстанда қызмет еткен кезінде орыс шенеуніктеріне қазақтың билері мен сұлтандарынан дәстүрлі әдет-ғұрып құқықтары туралы материалдар жинастыру жөнінде тапсырма беретін. Ол сондағы жиналған материалдарды өндеп, кітап етіп шығарды. XIX ғасырдың орта кезінде M M. Красовский «Сібір қырғыздарының аймағы» атты үш томдық еңбек жазды. Онда Қазақстанның Солтүстік-шығыс аймағындағы қазақтардың өмірінен көптеген егжей-тегжейлі тарихи-статистикалық, географиялық және этнографиялық мәліметтер келтірілген. Аса көрнекті орыс ғалымы, тарихшы әрі этнограф Н.Н Аристов «Түркі тайпаларының этностық құрамы туралы жазбалар», «Үлкен орда қырғыз-қазақтарының және қырғыздардың этностық құрамын анықтау тәжірибесі» сияқты тағы басқа да теңдесі жоқ тарихи-этнографиялық еңбектер жазып қалдырды. Г.Н. Потанин (1835-1920) Жәмішев селосында Сібір казактарының отбасында дүниеге келді. Ол - Ресейдің аса ірі қоғам қайраткері, публицист, географ-ғалым әрі этнограф. Омбы кадет корпусында оқыды, сонда жүріп Шоқан Уәлихановпен танысып, дос болды. Қазақтың тілін, тұрмыс-тіршілігін, Қазақстанның тарихы мен географиясын өте жақсы білді. XIX ғасырдың 60—90-жылдары Қазақстан, Орталық Азия, Моңғолия, Урянхай өлкесі, Қытай және Тибет жерлеріне бірнеше ірі саяхат жасады. Сол сапарлары кезінде қазақ фольклоры үлгілерін жинап, зерттеді. Г.Н. Потанин қазақ халқының Ә. Бөкейханов, М. Шорманов, К. Өскенбаев, И. Сәтбаев, сондай-ақ Шыңғыс Уәлиханов сияқты көрнекті өқілдерімен достық қарым-қатынаста болды. Ғалым қазақ ертегілеріне, наным-сенімдеріне, халық поэзиясының үлгілеріне, тарихы мен этнографиясына талдау жасаған мақалалар жазды. Атап айтқанда, ол қазақтардың өмірінен «Қырғыз жәрмеңкесінде», «Қырғыздардың сауда-саттығы», «Шоң би», «Қазақ-қырғыз ұрпақтары туралы», «Ең соңғы қырғыз ханзадаларының отауында» сияқты басқа да мақалалар жариялады. Замандастары оны қазақ халқының адал әрі шын берілген сүйікті досы деп білді. 1915 жылы қазақ зиялыларының көшбасшылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтар Г. Потанинге деген зор құрметтің белгісі ретінде Орынборда оның 80 жасқа толған мерейтойын салтанатты жағдайда ұйымдастырып, атап өтті. Қазақтар оны «Греке» деп құрметпен атайтын. Қазақ тарихы мен этнографиясын зерттеуші ғалымдардың бірі Әбубәкір Диваев (1856—1933) болды. Ол Орынбор қаласында дүниеге келген, башқұрт болатын. Орынбор кадет корпусында оқып жүріп, қазақ халқының тарихы мен этнографиясына қызығушылық танытады, XIX ғасырдың 80-жылдарының аяқ кезінде отставкаға шыққан ол өз өмірін қазақ халқының тарихы мен этнографиясын зерттеу ісіне арнайды. Ол әуесқой археологтардың Түркістан үйірмесінің, сондай-ақ Орыс географиялық қоғамының мүшесі болды. 1917 жылға дейін Ә. Диваев 100-ден астам тарихи-этнографиялық еңбек жариялады. Ғалым Қазақстанның ежелгі тарихын жазу кезінде фольклорлық материалды пайдаланудың маңызды екенін атап көрсетті. Ол қазақтардың «Тазша бала», «Жалмауыз кемпір» ертегілерін жазып алды. Сондай-ақ «Қырғыздардың ауру-сырқаулары мен оларды емдеу тәсілдері», «Аспан денелері қырғыздардың көзқарасы бойынша» деген мақалалар да жариялады. Ә. Диваев орыс ғалымдарымен қосылып, қазақтың 4000-ға жуық мақал-мәтелін жинады. ХІХ-XX ғасырлардың бас кезінде Қазақстан жөнінде неміс, ағылшын және француз ғалымдары құнды еңбектер жазып қалдырды. Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағын ағылшын саяхатшысы әрі суретшісі Т. Аткинсон (1799-1861) егжей-тегжейлі зерттеді. Ол 1848-1855 жылдары Жетісу қазақтарының көші-қон жерлерін аралап, жергілікті халықтың өмірі жайлы бағалы деректер жинады. Суретші ретінде көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін суреттер салды. Неміс географы, этнограф әрі тарихшы Ф. фон Хеллъвалъд (1842-1892) «Орталық Азия. Жер бедері мен халқы» атты іргелі еңбек жазды. Ол еңбегінде қазақ- тардың тұрмыс-тіршілігін, көршілес халықтармен өзара қарым-қатынасын жан-жақты сипаттады.. Француз ғалымы Ш.Е. Ужвалъди де Мезе-Ковез Оңтүстік Қазақстан қалаларын зерттеп, едәуір материалдар жинап, жариялады. XIX ғасырдың екінші жартысында білімді қазақтардың тұтас бір тобы туған өлкенің тарихы мен этнографиясын зерттеуге белсене араласты. Атап айтқанда, Ресей географиялык қоғамының Семейдегі бөлімшесінде Ә. Бөкейханов, Ш. Құдайбердиев, Ж. Ақбаев, М. Шорманов, С. Жантөреев, Б. Дауылбаев және басқалары жемісті еңбек етті. Шоқан Уәлихановтың әкесі Шыңгыс Уәлиханов (1811—1901) өз ұлының ісін одан әрі жалғастырды. Ол Сібір әкімшілігіне қажетті тарихи-этнографиялық материалдар жинастырды. 1867 жылы Мәскеуге көрмеге қою үшін қазақтардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін ауқымды экспонаттар кешенін жіберді. Белгілі қазақ этнографы Мұса Шорманов (1819-1884) маңызды этнографиялық зерттеулер қалдырды. М. Шорманов Омбы кадет корпусында оқиды. Оқуын бітіргеннен кейін болыс, Баянауыл сыртқы округының аға сұлтаны лауазымды қызметін атқарды. Орыс ар- миясының полковнигі шенін алады. Ол «Батыс Сібір қырғыздарының мал өсіру кәсібі туралы», «Қырғыздардың ұлттық дәстүрлері», «Павлодар уезінің қырғыздары туралы жазбалар» деген макалалар жариялады. Қазақтардың тарихы мен этнографиясын зерттеумен көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлері Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Ермеков, М. Жұмабаев, К. Кемеңгеров, А. Сейітов және басқалар шұғылданды. Өз елінің тарихы мен мәдениетін зерттеуге қатысу олардың халықтың аянышты ауыр халін неғұрлым тереңірек түсінуіне жәрдемдесті. М.-С. Бабажанов қазақтың алғашқы этнографтарының бірі болды. Бөкей хандығының аумағында дүниеге келген. Болашақ ғалым Орынбор кадет корпусында жан-жақты білім алды. Оны бітіргеннен кейін Ішкі Ордада бірқатар лауазымды әкімшілік қызметтер атқарды. 1862 жылы М.-С. Бабажанов Орыс географиялық қоғамының мүшесі болып сайланды және оның Үлкен күміс медалімен марапатталды. Оның «Нарын құмы туралы географиялық және этнографиялық деректер», «Ішкі Қырғыз ордасындағы саятшылық», т.б. құнды мақалалары жарық көрді. П.С.Паллас (1741-1811) • ͘Академик, табиғат зерттеуші. • ͘1768-1774 жылдары Қазақстанда экспедиция жасады. • ͘1769 жылы өлкеге жасалған алғашқы ғылыми экспедицияның бірін басқарып, "Ресей империясының әр түрлі шет аймақтары бойынша саяхат" еңбегін жазды. П.И.Рычков (1712-1777) • ͘Академик, зерттеуші. • ͘Орынбор өлкесінің Колумбы деген атпен даңқы щыққан. • ͘Еңбектері: "Орынбор тарихы" және "Орынбор губерниясының топографиясы немесе сипаттамасы" • ͘1769-1772 жылдары баласы Н.Рычков өлкеде мәліметтер жинастырып,"Капитан Н.Рычковтың 1771 жылдардағы қырғыз-қайсақ даласына саяхатының күнделік жазбалары" еңбегін жазды (1772). • ͘Ресей ғылым академиясының бірінші корреспондент мүшесі болған. • ͘Әбілқайыр ханның бейітін суреттеп берді. В.Н.Татищев (1686-1750) • ͘Ресейдің тарих ғылымының негізін қалаушы, географ. • ͘Орынбор өлкесін зерттеді. • ͘Қазақ тарихын, тұрмыс тіршілігін және мәдениетін зерттеген. Г.Ф.Миллер (1705-1783) • ͘Белгілі тарихшы, этнограф. • ͘Еңбегі: "Сібір патшалығының тарихы". • ͘Жоңғар тұтқынынан Абылайды босатуға қатысқан. • ͘Қазақстан туралы бағалы мәлімет қалдырған. • ͘"Сібір тарихының атасы" атанды. Қазақстандағы шетелдік зерттеушілер: ағылшын теңізшісі Джон Эльтон (1735); суретші Джон Кэстль (1736); сауда қызметкері Реональд Гок (1741-1742) XIX ғасырларда Қазақстанды зерттіге ат салысқан: • ͘1833-1841 жылдары В.И.Даль Орынбор өлкесіндегі түркі тілдес халықтардың жазбаларын, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинастырды. 1839-1840 жылдары Хиуа жорығына қатысып, 1836-1838 жылдардағы шаруалар көтерілісінің басшыларына қолдау білдірді. "Бөкей мен Мәулен" повесінде Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмысын сипаттады. • ͘І Петрдің жеке тапсырмасы бойынша "Азияға жол іздеу" талабымен құрылған әскери экспедицияны басқарды: И.Д.Бухгольц • ͘Жоңғария картасын жасаған орыс экспедиция құрамында болып, тұтқынға түскен швед офицері: И.Г.Ренат • ͘XIX ғ. 80 жылдары Жоңғария картасын алғашқы рет орыс география қоғамы жазбасына жазған: В.В.Веселовский • ͘1833 жылы А.С.Пушкин Орынборда болып, 1773-1775 жылдардағы Е.И.Пугачев көтерілісі туралы мәлімет жинақтады. "Пугачев бүлігінің тарихы", "Капитан қызы" шығармалары. А.С.Пушкин Оралда "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" поэмасымен танысқан. 1848-1489 жылдары Г.С.Карелин Каспий теңізіне, А.Бутаков Арал теңізіне экспедиция жасады: • ͘Сырдария өзенінің жағалауларын суртке түсірді; • ͘Арал теіңізі мен Сырдарияның тереңдігін анықтап, картада белгіледі. Саяхатшылар Е.П.Ковалевский, Н.А.Северцов, П.И.Небольсин қазақ жерін топографиялық картаға түсіріп, табиғи байлықтарын зерттеді. Ғалымдар А.Левшин, Э.Мейер, Н.Завалишин, Н.Красовский, В.Витевский қазақ халқының таризына арнап еңбектер жазды. XIX ғасырдың I жартысында Қазақ тарихы туралы кқлемді еңбек жазған орыс таризшысы А.Левшин болды. • ͘Орыс ғалымдарының Қазақ өлкесін зерттеу жұмыстарының негізгі қорытындысы А.Левшиннің "Қырғыз-қайсақтық ордалар мен далаларды зерттеу" атты еңбегі. І Петрдің «Азияға жол іздеу» талабымен құрылған әскери жорық экпедициясынбасқарған подполковник И.Д.Бухгольц Орыс экспедициясында болған тұтқындағы швед И.Г.Ренаттың жасаған картасы «Жоңғария картасы» ХҮІІІ ғасырда қазақ жері, халқы туралы құнды мәлімет қалдырған зерттеушілер Г.Миллер, П.Рычков ХҮІІІ ғасырда Сібір мен Қазақстан туралы зерттеу жүргізіп, құнды мағлұмат қалдырған зерттеуші Г.Ф.Миллер Сібір тарихын зерттеген еңбегі үшін «Сібір тарихының атасы» атанды Г.Ф.Миллер Жоңғар тұтқынынан Абылайды босатуға қатысқаны туралы мәлімет, Қазақстан туралы көптеген бағалы деректер қалдырған И.Миллер Қазақ жерін зерттеушілердің біріП.И.Рычковтың ғылыми еңбегі «Орынбор губерниясының (өлкесінің) топографиясы» «Орынбор өлкесінің топографиясы», «Орынбор тарихы(1730-1750жж)» атты терең зерттеу еңбектерінің авторы П.И.Рычков «Орынбор тарихы» атты зерттеу еңбегінде қазақ тарихының даму кезеңдерін көрсеткен орыс ғалымы П.Рычков Ресей Ғылым академиясының корреспондент мүшесі П.И.Рычковтың қазақ жерінің тарихы туралы еңбегі «Орынбор тарихы» |