Главная страница
Навигация по странице:

  • Орынды :-Меккеден келгеннің бәрі қажы емес.-Алтын көрсе періште жолдан таяды.-Құдайдан қорықпағаннан қорық.Орынсыз

  • 3-кезең “Туған жер”

  • “Табиғат поэзиясы” 1-кезең.

  • 2-кезең “Синквейн”

  • Жақсы сөз-жан ырысы 1.

  • өзн өз танууу. Адам баыт шін жаралан


    Скачать 22.58 Kb.
    НазваниеАдам баыт шін жаралан
    Дата09.06.2022
    Размер22.58 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаөзн өз танууу.docx
    ТипДокументы
    #581855

    Өз бақытың өз қолында

    “Адам бақыт үшін жаралған”

    (І.Есенберлин )

    Тапсырма.

    Сезім,махаббат,бақыт бұл 3 ұғым бір-бірімен тығыз байланысты, сонымен қатар әрқашан әрекетке жүретін қасиеттер. “Адамның ұлы қасиеті-бақытты болуға ұмтылуы” деп С.Торайғыров атамыз бекер айтпаған. Менің ойымша бақыт бұл адамның өмір қызығы мен қуанышына рахаттануы деген ұғымды білдіреді. Яғни,бақытты адам өмірінің мағыналы,қызықты,бақытты болған кездегі Жаратқанға шүкіршілігі,ризашылығы деуге де болады,Жалпы бақытты әркім әрқалай түсінеді,Мысалы,жас бола ақшам көп болса екен десе, үлкен адамдар үшін денінің саулығы маңыздырақ болады. Махаббат-сезім арқылы туындайды. Ал,махаббат,ғашықтық сезімі бар жерде әрдайым бақытта болады деп ойлаймын, Ең бақытты жандар-жүректі мейірім мен махаббатқа толы жандар.

    Тарихпен өсіп, өнемін

    “Бүгін-өткеннің нәтижесі, әрі болашақтың бастамасы”

    (В.Белинский)

    “...ғұламалардың ғұмырлы ойлары өрнектеп кеткен бастаулар тарихтын тылсым тасаларында қапталған”

    (Ф.Оңғарсынова)

    Тапсырма.

    Өз тарихымызды түгелдей болмаса да,тәуелсіздікті қолға алғанымызды, ата-бабаларымыздың, батырларымыздың қаншама қиындық көргенін және де ақын жазушыларымыздың тарихы олардың қалдырған шығармаларын,өсиеттерін,тарихын білу жетеді деп ойлаймын.

    Халықтың салт-дәстүрі болашақ келбеті.

    “Алты жыл аш болсанда,ағаңның салтын ұмытпа” (Қазақ мақалы)

    Тапсырма.

    1.Дастархан басында жасы үлкенді немесе үй иесін күту бұл сыйластықтың белгісі.Халық қуанышты да,қайғыны да дастархан басында бөліскен.Ас ең алдымен ата-анаға,үлкен кісіге ұсынылады.Өсиет айту,бата беру,достасу бәрі де дастархан басында шешілген.Дастархан дәмі-киелі.

    2.Қонақты немесе қыз баланы төрге отырғызу салт-дәстүрі баяғыдан келе жатырған ұғым.Ертеде қыз балаға құрметпен қарағаны сонша,олардың алдында дөрекі сөйлемей,ізет сақтаған екен.Қыз бала босағаға отырмайды,яғни ол әрдайым төрге,құрметті орынға отырады.Қыз бала өз үйіне қонақ болғандықтан оны әулеттің ұлымен бірге тең құқықты мүшесі ретінде қарап,оған сай құрмет көрсеткен.

    3.Әр жиыннан кейін астан тұру.Астан тұрмас бұрын,тамақтанып болған соң,ең үлкен,әрі құрметті адам асқа бата береді.Содан кейін ғана ас қайырылып,бата алған соң орнымыздан тұрамыз.

    Тілім,дінім,елім-үш байлығым.

    “Ана тілің-арың бұл ” (Қ.Мырза Әли)

    “Бірлігі жоқ ел тозады

    Бірлігі күшті ел тозады” (Халық даналығы)

    Тапсырма: Орынды/орынсыз жауап-мәтелдер,

    Орынды:

    -Меккеден келгеннің бәрі қажы емес.

    -Алтын көрсе періште жолдан таяды.

    -Құдайдан қорықпағаннан қорық.

    Орынсыз:

    -Кәпір тоқ болса-мұсылман тыныш.

    -Аққа құдай жақ.

    -Дүние молда дін бұзар.

    -Оразаға көміккен ермек.

    -Алла бермегенді жолда бермиді.

    -Көпке ұнаған Құдайғада ұнайды.

    Тапсырма: 3-кезең “Туған жер” және “Туған ел” ұғымдарының ұқсастығы мен ара жігін айқындаңыздар.

    Туған жер дегеніміз-өз отанымыз,кең байтақ жеріміз, өзен-көліміз,тау-тасымыз, жер анамыз. Туған жерге жетер жер жоқ қой шіркін. Ал, Туған ел осы туған жерге байланысып,осы жерде табан тіреп,орналасып,бүтін бір елді құрып.дамуымыз. Туған елім Қазақстан,өз елімді әрқашан да мақтан тұтамын. Қазақстан елінде қазақ болып туғаныма қуанамын.

    Отан мен жер шарының ұрпағымыз.

    Алтын анам,Отаным,сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ,-деп ер қайратыңа мін-дағы,өрге бас” (М.Әуезов)

    Жер шарын мекендеген бүкіл халық,

    Туған ел дәстүрінен қуат алып”. ( Н.Баймұхамедов)

    Талқылауға арналған сұрақтар:

    1.Патриот дег.-өмірі үшін,Отанының игілігі үшін көп нәрсені құрбан етуге дайын адам.Мұндай адамдар қоғамның негізі болып табылады,дәл солар әлеуметтік маңызды қызметтерге-әскери,дәрігерлерге,мұғалімдерге барады.Патриот болу ол елдің болашағына сену,болашағын көру ж/е сол үшін ұмтылу деп түсінемін.

    2.Қазақ елі-көп ұлтты қасиетті қоныс.Көптеген ұлттар,ұлт өкілдері мекен етеді.Бірақ,мен ешқандай ұлттың өкілдерімен араласып көрмедім.

    3.Әр ұлттың тарихы,тілі,салт-дәстүрлері өзгеше болады.Менің көзқарасым,өзге елдің ерекшеліктеріне қызығушылықпен қараймын.

    4.Жалпыадамзаттық құндыдылқтар-бұл барлық кезеңдегі адамдар үшін маңызды аса қажетті,жынысына,ұлтына,нәсіліне,әлеуметтік жағдайына,азаматтығына,діни сеніміне ж/е т.б байланыссыз әр адам үшін іс жүзінде мағынасы зор құндылықтар. Ұлттарға ортақ жалпыадамзаттық құндылықтар қазіргі таңда адамдардың бірлігі үшін,қоғамға қажеттіліктерді,адамзаттың қызығушылықтары мен мұқтаждықтарына жауап беретін кез-келген мемлекет үшін маңызы зор.

    Табиғатпен табиғи байланысым.

    Адам сөзінің керемет түстерінде де

    Табиғаттан әсем еш нәрсені көре алмайды”. (Ламартин)

    Тапсырма: “Табиғат поэзиясы”

    1-кезең.

    1- “Төрт құдірет”

    2- “Табиғатқа ғашықпын”

    3- “Орман тынысы”

    4- “Хош иісті,Қарағай”

    5- “Қарағайлы орман”

    6- “Тамыздағы қарағай орманы”

    7- “Алғашқы Көктем айы”

    8- “Оңтүстіктегі Көктем”

    9- “Қатоңқарағай өңірі”

    10- “Алтай тауы”

    2-кезең “Синквейн”

    Қарағай

    Сарғыш,жасыл

    Саф, каусар ауа

    Қараңғылыққа бөленген орман түкпірі.

    Орманым.

    Өнер-өмірдің мәні мен сәні.

    “Жастық шаққа өнер тән,

    Өнерлінің ісі сән” (Халық даналығы)

    “...суретті сөзбен айтып жеткізу қиын,оны тек көзбен көру керек.” (Герцен)

    Тапсырма.

    Өнер-көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүние-танымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай,өзгертіп,түрлендіріп,көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс.

    Өнердің мақсаты-дүниені,адам өмірін,қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру.

    Жан дүниемнің жайдары шуақтары

    “Өз жанына көп үңілген жан қателігін тез сезеді,еріксіз салмақты болады,бәрін білем демейді,көкірек кермейді” (К.Гельвецкий)

    “Көкірек таза болмаса, көз тазасы не керее?

    Жаның таза болмаса,тіл тазасы не керек?” (Қазақ даналығы)

    “Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:

    Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек” (Абай)

    Тапсырма: Жақсы сөз-жан ырысы

    1. Әзірге бүгін естімедім,жалпы жақсы сөздер айтса көңілің бір марқайып қалады ғой.

    2.Ешкімнен,егер естігенде көңілге алып қалары анық.

    3.Бүгін ата-анама,құрбыларыма.

    4.Көңіл-күйге ата-ана,құрбы,дос-жаран,күтпеген тосын оқиғалар.

    5.Жабыңқы сәттерде көңілді әуен мен сергіп би билеу.

    6.Адамның жан дүниесі тыныштықта,бір қалыпта болу үшін,әрбір проблемаларға бас қатырып,сол қиын нәрселерді ойлай бермей,көңілді басқа жаққа аудару.


    написать администратору сайта