Главная страница

кппк. ТҮРІК ТІЛДЕРІНІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ2. Ахмет йассауи университеті


Скачать 54.12 Kb.
НазваниеАхмет йассауи университеті
Дата01.11.2022
Размер54.12 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаТҮРІК ТІЛДЕРІНІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ2.docx
ТипРеферат
#765755

АХМЕТ ЙАССАУИ УНИВЕРСИТЕТІ


ТҮРІК ТІЛДЕРІНІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ







ОРЫНДАҒАН:ЖҰМАҒҰЛ ҰЛДАНА

ҚАБЫЛДАҒАН:ЕРЖАНЖАРЫЛҚАСЫНҰЛЫ

ТОБЫ:ФТФ211





РЕФЕРАТ


Түркі халықтарының Отаны жер шарының екі материгі – Азия мен Европа. Дегенмен басым көпшілігі Азия болып саналады. Оған себеп – көпшілік түркілер осы жерлерді мекендейді, екіншіден, тарихи тамыры да осы құрлықта. Ал Еуропадағы түркілер, негізінен, оның оңтүстігінде орналасқан да, Еділ мен Кавказ тауларының етегін мекендеген. Жеке түркі тілдерінің қалыптасу дәуірлері әр түрлі. Олардың кейбіреулері ерте қалыптасып, өз іргесін басқалардан бұрынырақ алыстатқан болса, енді біреулері ортақ тіл қауымына соңғы дәуірлерде (ХІҮ-ХҮІ ғғ.) ғана бөлініп шыққан.

Жүз жылдар бойы түркі халықтары көшпелі өмір салтын өткізгендіктерінен, өзара және де басқа тілдес халықтармен араласып, өз тілдеріне және көршілес халықтардың тілдеріне зор әсер еткен. Әсіресе моңғол, славян және парсы тілдерімен ықпалдасу өте терең болған. Бұл ықпалдасу әр бір тіл тобы мен топ ішіндегі тілдердің тарихи дамуын біраз өзгерткен салдарынан, түркі тілдерінің классификациясының бірнеше жүйесі бар

ркі тілдерін тілдік (фонетикалық, морфологиялық) тұрғыдан топтастыруклассификациялау, сөйтіп, әрбір тілдің түркі тілдері құрамындағы орнын айқындау М.Қашқаридан басталады. Әйтседе, классикалық тіл білімі түркі тілдерін ғылыми негізге сүйеніп топтастырудың тарихын ХІХ ғасырдан бастайды. Түркі тілдеріШығыс Еуропадан, Сібір мен Батыс Қытайға дейінгі кең аумақта тұратын 180 млн. адамның ана тілі, 210 млн. адамның екінші тілі боп табылатын, көбі бір біріне өте жақын болған 40 тілден тұратын тілдер тобы. Түркі тілдер жанұясы Алтай тілдері әулетіне жатады. Қазақ тілі соның бірі болып табылады.

үркі тілдерінің көбінің фонологиясы, морфологиясы және синтаксисі бірдей. Тек Шуаш, Якут, Солтүстік Сібір тілдері бұ жағынан өзгеше сипатқа ие. Түркі тілдері 6 топқа бөліне отырып, әр топқа кірген тілдер сол тілді білетін адамдар бірібірін түсіне алатындай жақын болады. Бұған қоса көршілес өлкелердің шекараларында өте тығыз қатынас салдарынан туған түркі диалектілері табылады.

Түркітанушы ғалымдар түркі тілдерінің даму кезеңдерін белгілі кезеңдерге бөліп, әрқайсысының өзіндік ерекшелігін анықтауға әрекет етіп келеді. Мысалы, Н.А. Баскаков түркі тілдерін дамуы мен қалыптасуына қарай 6 кезеңге бөлген:

1). Алтай дәуірі;

2). Хун дәуірі (Ү ғасырға дейін);

3). Көне түркі дәуірі (Ү-Х ғасырлар);

4). Орта түркі дәуірі немесе негізгі түркі тайпаларының қалыптасуы мен даму дәуірі (Х-ХҮ ғасырлар);

5). Жаңа түркі дәуірі немесе түркі халықтарының қалыптасуы мен даму дәуірі (ХҮ-ХХ ғасырлар);

6). Ең жаңа дәуір немесе түркі тілдерінің Қазан тіңкерілісінен кейінгі даму дәуірі.

.А. Баскаковтың бұл пікірін ғалымдардың көбісі-ақ қолдайды, бірақ онымен келіспеушілер де жоқ емес

Алтай дәуірі

Барлығы 40-тан аса тілден тұратын, 180 млн. адамның ана тілі боп табылатын түркі тілдері Алтай тілдері әулетіндегі ең үлкен тіл тобы болып табылады.

Алтай дәуірі туралы ғылымда жөнді мәлімет жоқ. Ол дәуірдің қашан басталып, қай кезде аяқталғаны әзірге белгісіз. Бірен-саран жорамалдарға қарағанда, орал-алтай тілдері деп аталып жүрген тілдер тобы міне осы кезде орал тілдері (фин-угор, самодий тілдері) мен алтай тілдеріне бөлінген тәрізді. Кейбір зерттеушілер мысалы, Н.А.Баскаков бұл кезеңді алтай тілдерінің өзі де, түркі-монғол тілдері мен тунгус-маньчжур тілдері болып, өзара екіге жарылып, бөліне бастаған дәуір еді деп таниды.

«Орал-алтай тілдері» туралы теорияның о баста негізін салушы – ХVІІІ ғасырда өмір сүрген Ф.Страленберг. Оның жолын қуушы ХІХ ғасырдың зерттеушілері – В.Шотт, М.Кастрен, О.Бетлинг, В.Томсен, И.Гомбоц, Г.Винклег, О.Доннер, В.Прело болды. Алтай тілдерінің өзара туыстас тілдер екендігін теріске шығаратын, яғни Ф.Страленберг теориясына қарсы келетін зерттеушілер де бар. Олар – Дж.Клоусон, А.М.Щербак т.б. Венгер ғалымдары Ю.Немет угор тілдері мен түркі тілдері өзара туыс тілдер болу керек деп қараса, Л.Лигети алтай тілдерін тұтас алып, олардың туыс тілдер екендігін дәлелдеу керек деп есептейді. А.Кононов, Н.Баскаков, Г.Санжеев, Е.Убрятова сияқты совет мамандары алтай тілдерінің туысқандық қатынасы жайындағы теорияның негізін қалаушы – Р.Рамстед. Ол алтай тілдерін угор-фин тілдері ғана емес, үндіеуропа тілдерімен де тарихи байланысты деп қарайды. Бұл пікір угро-фин тілдері үндіеуропа тілдерімен бір тектес деп қарайтын Виклунд, Андерсен, Мункачи, Педерсен, Коллендер, Итконен тәрізді зерттеушілердің ойына дәл келеді. Орал-алтай тілдерінің туысқандығы туралы мәселе осындай толғаныстар үстінде. Башқұртт мемлекеттік университетінде оқылып жүрген «Орал-алтай тілі біліміне кіріспе» деп аталатын курстың бағдарламасында да бұл мәселе осылайша баяндалады.

Хундар

Хун дәуірі алтай дәуірімен ұштасып, байланысып жатады да, б.з.д. ІІІ ғ. мен Ү ғ. аралығын қамтиды. Егер Алтай дәуіріндегі тайпалар туралы бізде ешқандай тарихи мәлімет, жазба деректер болмай келсе, Хун дәуірі жайлы аз болса да деректер бар.

Хундар – Қытайдың солтүстігіндегі көршілестері. Ертеден отырықшылықпен айналысып, егін егумен айналысқан қытай халқымен іштей араласып, солармен тікелей байланыста болған, олардан азық-түлік, киім-кеегі мен тұрмысқа қажетті заттарын алып отырған.

Хун империясының өсіп-өркендеп, Қытай империясымен бой таластырған дәуірі – Модэ Шаньюй дәуірі. Б.з.д.. 209 жылы Модэ өз әкесі Тумань Шаньюйды өлтіріп, Хун империясының тағына отырады да, Шаньюй атағын алады. Түрлі тайпалармен, халықтармен ұзақ араласу нәтижесінде хундардың этникалық, мемлекеттік құрамы бұрынғыға қарағанда әлдеқайда өзгерген еді. Біздің заманымыздың ІІІ ғасырында хундардың төрт тармағы қалыптасып, төрт түрлі тарихқа ие болды.

  1. Солтүстік хундардың бір тобы Қазақстанның солтүстігін жағалай отырып, Орал тауы мен Еділ жағалауына орналасты.

  2. Юебань хундары Тарбағатай мен Жетісу өлкелерін қоныстанып, Соғды мәдениетін қабылдаған.

  3. Сяньби хундары өз отанын тастап кетпестен, атамекенінде қалып қояды. Бірақ Сяньбилер көп болғандықтан, бірте-бірте түркі ана тілін ұмытып, монғол тілін қабылдайды. Кей ғалымдардың алтай тіл одағы болмаған, түркі тілдерінің монғол және тунгус-маньчжур тілдерінде көптеген ортақ элементтің, тілдік суббстраттың пайда болуына осы хундар себеп болды деуі осыдан.

  4. Қытайлық хундар – сянбилерден жеңілген соң оңтүстікке қарай шегініп, Ұлы Қытай қабырғасының екі жағын ала қоныстанған хундардың өкілдері. Бұлар уақыт озған сайын өз қатарын көбейтіп, ҮІ ғасырдың соңына дейін хун империясын құруға әрекет етті.

Көне түркі дәуірі
Көне түркі дәуірі (V-Хғ.). Түркі тайпаларының арасында феодалдық қатынастар б.з. VІ ғасырынан бастап қалыптаса бастайды. Олардың ерте феодалдық мемлекет түріндегі үлкен бірлестігі

– Түрік қағанаты VІ ғасырдың орта кезінде құрылған. Ол қазіргі Алтай мен Монғолияның ұлан байтақ атрабын түгел қамтиды. VІ ғасырдың аяғында құрылған Батыс Түрік қағанаты Жетісу жерін билейді де, оның құрамына жоғарыда көрсетілген үйсіндер мен қаңлылар, қарлұқтар мен түргештер, чығылдар меняғмалар кіреді. Көшпелі тайпалардың бір шеті Тарбағатай тауларын мекендесе, енді бір шеті Сырдария бойында отырған. Шығыс Түрік қағандығының орталығы – қазіргі Монғолия жері, дәлірек айтқанда, Орхон өзенінің бойы. VІІ ғасырдың ортасында ол Қытай империясының ықпалына түскен. Батыс Түрік қағандығының шығыс жақ аймағы да кейінірек Қытай империясына қарап алған, ал батыс жақ бөлігі араб жаулаушыларына бағынып кеткен.

Шырғалаң заман үстінде түркі тайпаларының тараған жері кеңейіп, сан жағынан арта берген: Шығыс Түркістан өлкесінен Қарақұм төңірегінде дейін барған, Монғолиядан Жетісу асып Балх пен Индияға дейін жеткен. Ұйғырлар мен қырғыздар билікке таласып, оғыздар мен қыпшақтар тарих сахынасының алдыңғы шебіне шыққан.

Ол кездегі түріктердің тілін қолданылу барысына қарай әдетте тіл мамандары үш кезеңге бөліп қарайды:
а) тукю тілі қолданылған дәуір (V-VІІІғ.);

ә) көне ұйғыр тілі қолданылған дәуір (VІІІ-ІVғ.);
б) көне қырғыз тілі қолданылған дәуір (ІХ-Х ғ.).

Осы кезеңдер ішінде орхон-енисей жазу ескерткіштері жазылған, ежелгі ұйғыр жазуының үлгілері пайда болып, оғыздар мен қыпшақтардың аралас әдеби тілі жасала бастаған. Осы күнгі көптеген өлі тілдер (оғыз, қыпшақ, көне ұйғыр т.б.) міне, сол уақыттарда өмір сүрген.

Түркі тілдерінің орта дәуірі

Түркі тілдерінің орта дәуірі (Х- ХVғ.) – осы күнге дейін өмір сүріп келе жатқан түркі тілдерінің басым көпшілігі өзінше тұлғаланып, қалыптаса бастаған дәуір. А.Н.Самойловичтің сөзімен айтқанда, бұл кездегі Орта Азиялық мұсылман түріктерінің барлығына бірдей ортақ болып келетін жалғыз арналы және жаппай қолданылатын бір ғана әдеби тіл өмір сүрген. Ол әдеби тіл өз басынан үш түрлі кезең өткізген:

а) Қараханидтер династиясына бағынып тұрған түріктердің әдеби тілі (орталығы — Қашқар қаласы, ІХ-ХІІ ғ.);

) Оғыз-қыпшақ тайпаларының тілінде қолданылған әдеби тіл (орталығы – Сырдарияның төменгі ағысы мен Хорезм өлкесі, ХІІ-ХІV ғ.);

б) Шағатай ұлысындағы тұратын түріктердің әдеби тілі (орталығыҚұлжа қаласы, ХV-ХVІ). Қараханидтер династиясының орталық өңірінде өмір сүрген түріктердің тілі ұйғыр-қарлұқ тайпаларының тілі негізінде дамыған да, оғыз тілдерінің азын-аулақ әсеріне ұшыраған. Оғыз-қыпшақ тайпаларының тілінде аралас отырған оғыз-қыпшақ рулары мен тайпалары сөйлеген. Олар Сырдарияның төменгі ағысынан бастап Алтын Орда арқылы Кіші Азия мен Мысыр еліне дейінгі кең алқапты қамтыған.

Шағатай ұлысын мекендеген түріктердің тілін А.Н.Самойлович «шағатай тілі» деп атайды да, А.Науаи бастаған ақын-жазушылардың шығармалары дәл осы тілде жазылған деп таниды. Ал осы күнгі өзбек тілі мен өзбек әдебиеті тарихының мәселелерін зерттеуші мамандардың біразы «шағатай тілі» деудің орнына «ескі өзбек тілі» деген атау қолданып жүр. Сөйтіп, жоғарыда көрсетілгендей үш топқа жататын, үш түрлі кезеңде, үш түрлі аймақта жасалған үш түрлі әдеби тілдің барлығын да бұл авторлар бір ғана «ескі өзбек тілі» деген атаудың аясына сыйғызғысы келеді

Х-ХV ғ. мынадай тайпалық тілдердің топтары пайда болған:1) қыпшақ тілдері; 2) оғыз тілдері;
Қарлуқ тілдері; 4) Қырғыз-қыпшақ тілдері; 5) хақас, якут, тува, алтай т.б. тілдердің топтары.

Көптеген түркі тілдері мен жаңа түркі тілдерінің өзара тарихи байланысы мен туысқандық қарым-қатынасы, өзара жіктелуі жөнінде жазылған әдебиеттер өте мол.

Түркі тілдерін тарихи тұрғыдан классификациялау белгілі түркітанушы С.Е. Маловтың есімімен байланысты. Ғалым ҮІ-ІХ ғасыр түркі жазба ескерткіштері тіліндегі ерекшеліктердің сақталу деңгейіне сүйеніп, түркі тілдерін қалыптасуын кезеңдеріне байланысты 4 топқа жіктейді: 1. Ең көне түркі тілдербұлғар, сары ұйғыр, чуваш, якут тілдері; 2. Көне түркі тілдеріоғыз/көне түркі руникалық жазба ескерткіштерінің тілі, тофалар, тува, көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі, хакас, шор тілдері; 3. Жаңа түркі тілдеріәзірбайжан, гагауз, құманды, қыпшақ, печенек, половец, салар, түрік, түрікмен, Шығыс Түркістандағы ұйғырлар тілдері; 4. Ең жаңа түркі тілдерібашқұрт, қазақ, қарақалпақ, қырғыз, құмық, ойрат, ноғай, татар, чуваш, якут тілдері.

Зерттеуші ұсынған түркі тілдерінің тарихи-хронологиялық классификациясы түркі тіл біліміндегі тіл тарихына қатысты зерттеулердің негізіне алынып келеді, дегенмен, жіктеме туралы көзқарастар мен пікірлер бірізді емес. Негізгі мәселе жіктеменің критерийіне алынған фонетика-фонологиялық заңдылықтардың лексикалық қорды қамту деңгейіне қатысты туындайды.

Түркі жазба тілінің ең көне нұсқасы ретінде қазіргі түркі тілдеріне классификация жасаудың өзегіне VI-IX ғасыр мұраларыТалас, Енисей, Орхон ескерткіштерінің тілі алынады. Түркі тілдерін қалыптасу кезеңіне байланысты жіктеу барысында С. Е. Малов та көне белгі ретінде ескерткіштер тіліндегі  rt , lt , nt тіркестерінің түбір мен қосымша морфема жігінде қолданылу ерекшеліктерін – аltï «алды», kеltі «келді», bаrtï «барды», апtа «онда» т.б.; көне түркі жазбаларында кеңінен қолданылатын γ/g дауыссыздарының  инлаут және ауслаут жағдайда сақталуын – tаγ «тау», sаγ «сары» т.б. көрсетеді . Яғни, осы белгілерді сақтаған тіл ең көне тілдер қатарына жатады деген бағытты ұстанады. С.Е.Маловтыңтоптастыруытекқанатарихипринципкенегізделіптілдердің «жасмөлшерін» анықтауғаарналғанклассификацияболыптабылады.

Халықтардың қазіргі орналасуына қарай В.А.Богородицкий барлық түркі тілдерін 

географиялық белгілері бойынша жеті топқа бөледі:

1.Солтүстік-шығыс тобы;

2.Хакас (абақан) тобы;

3.Алтай тобы;

4.Батыс-сібір тобы,

5.Еділ-орал маңы;

6.Ортаазиялық;

7.Оңтүстік-батыс

В.А.Богородицкий сондай-ақ лингвистикалық белгіні де басшылыққа алды. Солтүстік-шығыс тобына ол якут, қарағас (тофалар), тува тілдерін жатқызды. Якут тілінің өзіндік ерекшелігі болып сөз басындағы с-ның жойылуы жəне өсіңкі дифтонгтардың дамуын көрсетеді. Сағай, бельтир, койбал, качин қызыл говорларын қамтитын хакас (абақан) тобының ерекшелігі болып ч>ш, с-ның сөз ортасындағы алмасуы болып та-былады. В.А.Богодицкий алтай тобына алтай мен шор тілдерін жатқыза отырып, оны қырғыз  тілімен  жақындастыратын  дыбыстық  жəне  тұлғалық  сипаттарын  көрсетті. Батыс сібір  тобына  барлық  сібір  татарларының  диалектісі  енеді  (шұлым,  барабин, ишим, түмен жəне басқалар). Олардың ишим тілінен басқасының басты ерекшелік-тері болып ц-мен сөйлеу, яғни, басқаша айтқанда, ц-ның ескітүркілік ч-ға сəйкестігі табылады. Татар, башқұрт тілдері ретінде танылатын еділ бойы мен орал маңы тобы негізіне, дауысты е>и, о>у болып жіңішкеруімен сипатталады. 

Академик В. В. Радловтың классификациясы түркі тілдерінің өзгешелігін есепке 

алады. В. В. Радлов түркі тілдерін төмендегі группаларға бөледі:

1) Шығыс тобы (алтай, шор, хакас, тува, ұйғыр т. б. тілдер);

2) Батыс тобы (қырғыз, қазақ, қарақалпақ, татар, башқұрт тілдері);

3) Орта Азия тобы (ұйғыр, өзбек тілдері);

4) Оңтүстік тобы (түрікмен, əзербайжан, түрік т. б. тілдері)

Вамбери классификациясы төмендегі үш группадан тұрады:

1) Түстік-Сібір группасы;

2) Шығыс-түркі тілдері группасы (ұйғыр, өзбек, қазақ, қырғыз т.б.);

3) Аралас группа (башқұрт, татар, ноғай т.б. тілдер). Вамбери барлық түркі тілдерін жалпы түркі тілінің диалектісі деп қарайды


написать администратору сайта