Главная страница

Зейінді дамытуға арналған жаттығулар. Алы сз абілеттер тек іс рекетте крініп ана


Скачать 84.13 Kb.
НазваниеАлы сз абілеттер тек іс рекетте крініп ана
Дата21.10.2022
Размер84.13 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЗейінді дамытуға арналған жаттығулар.docx
ТипДокументы
#746537


Қостанай облысы Амангелді ауданды

Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім

беретін орта мектебінің педагог-психологы

Магзумова Шамшия Файзоллақызының

іс-тәжірибесінен

2016 жыл

Алғы сөз

Қабілеттер тек іс – әрекетте көрініп қана

қоймай, сонымен қатар іс – әрекет

барысында пайда болады және дамиды.

Б.М.Теплов
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне - өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Бастауыш саты - білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Біздің міндетіміз - жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу - қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Білім негізі бастауыштан басталатыны белгілі. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан - жақты іздене отырып, өз алдыма мынандай мақсат қойдым: «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту жолдарын айқындап көрсету». Осыған орай, Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде қызмет ете жүріп, әріптестеріме көмекші құрал ретінде пайдалануға, өзімнің қолданып жүрген бастауыш сыныптарға арналған танымдық ойындар мен жаттығуларды назарларыңызға ұсынамын.

Ә.Боранбаев АЖББОМ психологы Магзумова Шамшия Файзуллиновна

Зейінді дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар

«Не өзгерді?»

Мақсаты:Баланың ырықты зейінін дамыту.

Өткізу әдісі:Үстелге үш – төрт ойыншық қойылады.(ойын барысында ойыншық санын көбейтуге болады.) Бұдан соң баладан ойыншықтарды есте сақтауы сұралады. 1 -2 минуттан соң, баланы теріс қаратып қойып, үстелдің үстіндегі ойыншықтан біреуін алып немесе ойыншықтардың орнын ауыстырып қоямыз. Содан соң, баланы бері қаратып,үстелдің үстінен не өзгергенін сұраймыз.

«Айырмашылығын тап»

Мақсаты:Баспа әріптердің элементтерінің орналасуындағы ұқсастығы мен айырмашылығын табуға үйрету.

Нұсқау:«Әріптерді мұқият қарап, олардың бір – бірімен ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңдар және бұл жұмыста жылдам әрі дұрыс істеуге тырысыңыздар».

  1. АИНП

  2. ГТПН--------

  3. РЬФ

  4. КНИ

  5. ВБФР

  6. ОЮС

  7. ЕШЩ

  8. ХУКЖ

  9. МНП

«Корректуралық байқау»

Мақсаты:Жазылған әріптер мен сандарға талдау жасауға үйрету және ішінен керегін таба білуге үйрету.Бұл арқылы зейіннің тұрақтылығын және концентрациясын дамыту.

Нұсқау:«Қағаздағы әріптер мен сандардың жиынтығына мұқият әрі шапшаң қарап отырып оның ішінен «а» әріпі мен «2» санын сызып шығыңыздар.

8абвгд4жзе2атунол9стуфғыю

ато2я3с2ном6абвгд2умлэятсь х а м

икал2мрт4снжст2а5и6адортл ж т у б в

епиаб6ры2ро8лба7глпа5жсие р а 9 я

р8нгы2зща кнглд2 вджуцуаф р а 5 п к е ч

«Алақан шапалақтау»

Мақсаты:Бала зейінін тез аударуға қабілеттілігін және тез бөлінгіштігін дамыту.

Нұсқау:«Мен қазір сіздерге әртүрлі сөздер оқимын, ал сіздер осылардың ішіндегі тірі табиғатты бейнелейтін сөздерді оқығанда алақандарыңды шапалақтап отыруларыңыз сұралады.»

«Рұқсат етілмейтін қимыл»

Мақсаты:баланың зейінінің тұрақтылығын дамыту;

Нұсқау: «Балалар қане, бәріміз түзу тұрып, маған назар аударыңыздар.Қазір мен қолыммен түрлі қимылдар жасаймын. Ал сіздер осы қимылдарды мұқият қарап отырып, менің артымнан қайталап отырыңыздар.Бірақ, мына шартты ұмытпаңыздар: қолыңызды төмен түсіруге болмайды.Мен қолымды төмен түсіргенде сендер жоғары көтеріңіздер. Кім қателесіп менімен бірге қолын төмен түсіріп қойса, сол ойыннан шығады.»

«Көзбен сана»

Мақсаты: Белсенді зейінді, оның шоғырлануын қалыптастыру.

Нұсқау: «Алдарыңыздағы суретке мұқият, зейіндеріңізді салып қараңыздар.Бұл суретте дөңгелектер мен қосу таңбасының суреттері бейнеленген. Ал, енді мұқият болыңыздар? Саусақтың немесе карандаштың көмегінсіз әр қатардағы қосу таңбасы мен дөңгелектерді көзбен санап шық. Жанына жауабын жаз. Алдымен дөңгелектің санын, содан соң қосу таңбасының санын есептеп шығып, жанына жаз.» Бұл жаттығуды тез есептеу арқылы бірнеше баланы жалғастыруға болады.

+ 0 0 + 0 + + + 0 0 + 0 + + 0 + +

0 + + 0 0 0 + + 0 + + + 0 0 + 0 0

+ 0 + 0 0 0 + + 0 + + 0 0 0 + + +

0 0 0 + + + 0 + 0 + + 0 + + + + 0

+ + + 0 0 0 0 + 0 + + + + 0 0 0 +

0 + 0 + 0 0 0 0 + + 0 + 0 + + + 0 0

+ + + + 0 + 0 0 + + 0 0 0 0 + + +

+ 0 0 0 0 0 + + + 0 0 + + + + 0 0

«Сурет сал»

Мақсаты:Ырықты зейінді қалыптастыру.

Өткізу әдісі:«Алдымен балаға қағаз бен түрлі – түсті қарындаштар береміз. 10 үшбұрыштың суретін бір қатарға салғызамыз да, балаға мынадай тапсырма береміз. Алдымен берілген тапсырманы мұқият тыңдап ал. Мына суреттегі 3 –ші, 6 – шы, және 9 – шы үшбұрыштарды қызыл бояумен боя, 2 –ші және 5 –ші үшбұрыштарды көкпен бояуға кірісейік.»



«Атауға болмайтын сандар»

Мақсаты:Шарт пен материал арасындағы зейіннің шоғырлануын, бөлінушілігін дамыту.

Өткізу әдісі:Балаларға сұрақтар беріледі,ал балалар осы сұрақтарға тез – тез жауап беріп, отыру керек және бұл ойынды ойнағанда мына екі шартты ұмытпау керек.

  1. 2 және 4 санын айтуға болмайды.

  2. Бір рет айтылған санды қайталап айтуға болмайды.

Сұрақтар:1. Бір қолда неше саусақ бар?

2. Итте неше аяқ бар?

3. Екіні үшке көбейткенде неше болады?

4. Тауықта неше аяқ бар?

5. Сен неше жастасың?

6. Аспанда қанша жұлдыз бар?

7. Екіге екіні көбейткенде неше болады?

8. Бегемотта неше көз бар?

9. Үшке екіні қосқанда қанша болады?

Жауаптары:1.Бес; 2.мысықта қанша, итте сонша аяқ; 3. Алты; 4. Жұп; 5. Аз

6. Өте көп; 7.3 –ке бірді қосқандағы сан шығады;8. Менде қанша көз бегемоттада сонша көз; 9. Үшке үшті қосып, бірді алғанда шығатын сан.

«Аралас әңгіме»

Мақсаты:Қасындағы адамның айтқанына назар аударып оған зейінін аудара білуге дағдыландыру.

Өткізу әдісі:Балалларға берілген тақырыпта әңгіме құрастыру жөнінде тапсырма беріледі. Ол үшін оқушы сол тақырыпқа тағы бір сөйлем жазып үшінші оқушыға жалғастырады. Бәрі жазып болғаннан кейін әрқайсысы өз сөйлемін оқиды.Сонда барлығынан аралас әңгіме шығады.

Ойлауды дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар

«Төртіншісі артық»

Мақсаты:Талдау және топтастыру ой операцияларын дамыту.

Нұсқау:«Балалар,сіздердің алдарыңызға 4 үлестірме қағаз беріледі. Онда үшеуі бір – бірімен байланысты да біреуі артық. Сіздердің мақсаттарыңыз мұқият қарап отырып, осы 4 заттың ішіндегі артығын табу. Кім жылдам және дұрыс табады, сол жеңімпаз болып саналады.»

Үлестірме қағаз: 1. Қызғалдақ, түймедақ, мысық, інжугүл

2. Қарандаш, қалам,дәптер,бояу;

Төртінші артық затты тапқаннан кейін, қалған үш затты бір сөзбен қалай атауға болатынын балалардан сұрау керек.

«Заттарды салыстыр»

Мақсаты: Ойлау операцияларын дамыту.

Өткізу әдісі:«Балалар сіздердің алдарыңызға жұп сөздер берілген. Сіздер оны оқыңызда, олар не себепті ұқсас, не себепті айырмашылығы бар екенін анықтаңыз.

  1. Шыбын және көбелек 6. Көл және өзен

  2. Үй және сарай 7. Қала мен дәптер

  3. Үстел және орындық 8. Кітап және дәптер

  4. Су мен сүт 9.Скрипка және сырнай (гармон)

  5. Балға және балта 10.Төбелес және жанжал

«Сөзді аяқтау»

Мақсаты:Ойлау жылдамдығын дамыту.

Нұсқау:«Балалар мен қазір сіздерге сөздің алғашқы буынын оқимын, ал сіздер оны аяқтауларыңыз керек.»

Мынадай 10 сөздің алғашқы буыны беріледі:

  1. Сый 3. Ау 5. Ай 7.Ше 9. Ба

  2. Ха 4. Ми 6. Қас 8. Ша 10. Ер

«Артық сөзді тап»

Мақсаты: Мәнді белгілерді білу, ойлау үрдісін дамыту.

Нұсқау: «Қазір мен сіздерге 4 сөз оқимын, оның біреуінің мағынасы бөлек. Сізге берілетін тапсырма осы сөзді тауып жазып, оның не себепті артық екенін түсіндіріңіз»

  1. Арман,Айдар, Бақыт, Балдырғанов

  2. Сүт, ірімшік, ет, қаймақ

  3. Шаң, жаңбыр, шық, қырау

  4. Ата, мұғалім, ана, әке

  5. Қаламсап, қылқалам, раушан, қарандаш

  6. Бөрік, тымақ,шарф, қалмақ

  7. Троллейбус, трамвай, трактор, автобус

  8. Аққайың,қарағай, қарбыз,шырша

  9. Кірпіш,тас,үй, саз

  10. Туфли, көйлек, бәтеңке, етік

«Сөйлем құра»

Мақсаты:Заттарды өзара тез байланыстыруды дамыту.

Өткізу әдісі: Балаларға үш бір – біріне байланысы жоқ сөздерден мүмкіндігінше көбірек сөйлем құрастыру тапсырылады. Мысалы: мынадай үш сөз берілсе, « өзен, карандаш, аю» мынадай сөйлемдер құрастыруға болады.

  1. Аю карандаш алып,өзеннің суретін салды.

  2. Аю өзен жағасына отырып, карандаш кемірді т.б.

Берілетін сөздер:

  1. Теледидар, кенгуру, орман.

  2. Кітап, машина, жаңбыр.

  3. Піл, арқан, өрт.

  4. Таңертен,сарай,мысық.

(Құрастырған сөздерін дәптеріне жазып отыру сұралады. )

«Болады - болмайды»

Мақсаты:Себеп – салдарлық байланыстарды қалыптастыру қабілетін дамыту

Нұсқау: «Мен әртүрлі жағдайларды айтып допты лақтырамын, егер осы жағдайлардың болуы мүмкін болса допты қағып алыңыздар да, мүмкін емес жағдайлар болса допты ұстамаңыздар»

Жағдайлар:

1.Мысық тамақ пісірді 8.Әйнек бәтеңке

2.Пойыз ауада ұшып жүр 9.Кастрюльде тамақ тұр

3.Мысық тамақ жегісі келіп отыр 10.Түнде күн шығады

4.Адам ұя тоқыды 11.тауық жем жеді

5.Почташы хат әкелді 12.Бала құйрығын қозғады

6.Қоян мектепке барады 13.Құрылысшы үй тұрғызды

7.Тұздалған алма 14.Мысық тышқанды қуды

«Анаграмма»

Мақсаты:Ойлау қабілетінің варианттарын және сөз қорын дамыту.

Нұсқау:«Балалар, қазір мен сіздерге әртүрлі анаграмммалар беремін.Солардан әріптерді ауыстырғанда қандай сөздер шығатынын табыңыздар».Мысалы: мына анаграмманы шеше отырып, әріптерді алмастырғанда қандай сөздер шығатынын тап.

А) үйде: Ә) Автомобиль маркалары:

ЕРЕТЕЗГОЛАВ

ЫАШРТУГЛИИЖ

ҒБАҚЫАРЕРЕМДСЕС

Б) Жануардың атауы В) Гүлдің аттары:

ҚСАҚЫР НАРУША

ЛҮТІК РСАТА

ОНҚЯ РМОАКАШ

Есті дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар

«Суреттер»

Мақсаты:Көріп есте сақтауын дамыту (қысқы мерзімдік және ұзақ мерзімдік)

Нұсқау:«Қазір мен сіздерге кезекпен 10 суретті көрсетемін, оның әр біреуінде сендерге таныс заттар бейнеленген (әр суретті көрсету уақыты 1 – 2 секунд). Ал енді осы көрсетілген он суреттің есінде қалғанын ретімен атаңыз»

«Құлама сөз»

Мақсаты:Қысқа мерзімдік естіп есте сақтаудың сөздегі көлемділігін дамыту.

Нұсқау:« Балалар, сіздер қазір менің айтқанымды қайталап отыруларың керек.Мен бастапқыда 1 сөз оқимын содан соң екеу, одан соң үшеу, міне осылай жалғасып кете береді. Сіздер осы сөздерді есте сақтауларыңыз керек».
Сөздер:

1.От

2.От, үй

3.От,үй, ат

4.От,үй,ат,балық

5.От, үй, ат,балық бор

6.От үй, ат, балық, бор,тау

7.От,үй,ат, балық, бор,тау, бал

8.От, үй, ат,балық,бор,тау, бал,қайың
«Құлама сан»

Мақсаты: Есте сақтаудың сандағы көлемділігін дамыту.

Нұсқау: «Балалар, қазір сіздер менің айтқанымды қайталап отыруларың керек. Мен бастапқыда 1 сан оқимын, содан соң үшеу, міне осылай жалғасып кете береді. Сіз осы сандарды есте сақтауларыңыз керек»

Сандар:6,2

2,8,3

1,7,4,3

6,3,5,1,9

1,4,8,6,9,2

,9,3,8,1,4,7
«Мен қапқа салдым»

Мақсаты:Мағынасыз есте сақтауды дамыту.

Нұсқау: «Мен сіздерге қазір сөйлем оқимын. Ал келесі адам сол сөйлемді қайталап тағы бір сөз қосып айтады.Міне осылай ойынды жалғастыра береміз» Мәселен: «Мен қапқа алма салдым...» т.с.с.
«Фотоаппарат»

Мақсаты: Қысқа мерзімдік көру арқылы есте сақтауды дамыту.

Өткізу әдісі:Алдымен балаға өзін фотоаппарат ретінде сезінуін түсіндіріп айту керек. Содан соң, балаға үстел үстіндегі заттарды есте сақтап қалуын ескертеді 1 – 2 минуттан кейін баланың көзін жұмып, ойында қалған заттарды айтуды сұраңыз.
Қиялды дамытуға арналған жаттығулар

«Пантамимо»

Мақсаты:Қиялды және шығармашылық қабілеттілікті дамыту.

Нұсқау: « Балалар, сіздердің алдарыңызға бір адам шығып сіздерге ым арқылы, қимыл арқылы және дыбыс арқылы әртүрлі заттарды (машинаны, шәйнекті, поезды, ұшақты т.б.) және әрқилы қимылдарды (сурет салу, жуыну, тарану, жүзу т.б.) бейнелейді, ал сіздер соны табуларыңыз керек. Тапқан адам ойынды әрі қарай жүргізеді.

«Сурет сал»

Мақсаты:Көру арқылы қиялын дамыту.

Н ұсқау: Балалар, алдымен мына төмендегі суреттерге назар аударыңыздар. Онда әртүрлі аяқталмаған заттар бейнеленген. Сізге берілетін тапсырма, осыларды пайдалана отырып, әртүрлі заттарды салыңыздар»


«Сәйкестендіру»

Мақсаты:Көру және кеңістік қиялын дамыту.

Нұсқау:« Балалар, төмендегі геометриялық фигураларды шеңбер, жарты шеңбер, үшбұрыш, тікбұрыш, шаршыны пайдалана отырып әртүрлі нәрселер салыңыздар. Әрбір фигураны бірнеше рет қолдануға болады және мөлшерін өзгертуге болады. Басты талап – төменде көрсетілген фигуралардан басқа фигураларды қосуға болады.»



«Ең жақсы»

Мақсаты:Қиялдауды дамыту.

Өткізу әдісі:Бұл ойынды ойнау үшін карандаш, бояу, қағаз қажет. Ойыншыларға дүниедегі ең жақсы нәрсені салу тапсырылады. Балалар салып болған соң, салынған суреттерді бірге қарап, кімнің суретінің жақсы екенін балалармен бірігіп отырып шешу керек.

«Ойлан тап»

Мақсаты:Шығармашылық қиялды дамыту.

Нұсқау: « Төмендегі фигураларға қарасаңыздар, әрбір фигура қатарынан бірнеше ойыншыққа ұқсайды. Сізге берілетін тапсырма осы фигураларды пайдаланып, сол ойыншықтардың суреттерін салыңыздар.»



Шар Пирамида

ДопЖелкен

РульШырша

Қ айық Ит, Үйрек

Мысық

Итаяқ

Ванна

Қабылдауды дамытуға арналған ойындар

«Не бейнеленгенін анықта»

Мақсаты:Қабылдаудың таңдамалылығын дамыту.

Нұсқау: «Балалар мен сіздерге суреттердің қиындыларын беремін, ал сіздер осы қиындылардан қандай сурет шығатынын анықтауларыңыз керек. Яғни, қиындылардан қандай бейне шығатынын анықтаңыз»

«Жемістерді боя»

Мақсаты: Түстерді қабылдауды, ажырата білуді дамыту.

Өткізу әдісі:Балаларға жәй карандашпен салынған әртүрлі жемістердің суреттерімен бірге түрлі – түсті бояулар беріледі.Содан соң балаларға әр жемісті өзіне тән түспен боя деген тапсырма берілуі керек. Мұнда тек жемістердің суреті ғана емес, жануарлардың, құстардың және т.б. суреттерін беруге болады.

«Минутка»

Мақсаты:Уақыт ұзақтығын қабылдауды дамыту.

Өткізу әдісі: «Сағатқа мұқият қарап отырып, секундтық тілінің айналғанына назар аударыңыздар. Тілінің бір айналып шыққаны 1 минут уақытты білдіреді. Содан соң көздеріңізді жұмып шамамен 1 минут уақыт өтетіндей уақыт отырыңыздар. 1 минуттай уақыт өткен мезгілде көздеріңізді ашыңыздар.»

«Нүктелер»

Мақсаты:Кеңістікті қабылдауды дамыту.

Нұсқау: Сіздердің алдарыңызға нүктелердің шоғыры берілген. Сіздерге берілетін тапсырма – үлкенді – кішілі шаршылар шығару үшін осы нүктелерді бір – бірімен байланыстыру керек. Кім осы нүктелерді бір – бірімен байланыстыру керек. Кім осы нүктелердің ішіне көп шаршы салады, сол адам жеңімпаз болып табылады.

. . . . . . .

. . . . . .

. . . . . .

. . . . . .

«Назар аудар»

Мақсаты: Баланың бақылағыштық қасиетін дамыту.

Нұсқау:«Өздерің отырған бөлмені мұқият қараңыздар. Бөлменің ішінде шеңбер тәріздес дөңгелек заттарды табыңыз. Араларыңыздан кім осындай заттарды көп табады, сол адам жеңімпаз болып саналады.»

Өзін – өзі бағалауды дамытуға бағытталған ойындар

«Ине мен жіп»

Мақсаты: коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілетті дамытады.

Балалар жүргізушіні таңдайды. Ол «ине» болады, қалғандары «жіптің» «ролін» атқарады. «Ине» бөлменің ішінде «түйреп» немесе «тігіп» жатқандай жүгіреді, ал «жіптер» оның артынан ереді. «Ине» ролін ұялшақ, тұйық баланың атқаруы оның психологиялық кешендерін (комплекстерін) жоюға ықпалын тигізеді.

«Бір аяқ жол»

Мақсаты: Балалардың қиялын дамытып, жағымды эмоциялар туғызады.

Жүру барысы: « Барлық балалар бірінің артынан бірі тұрып, елестеткен бір аяқ жолмен жылан тәрізді жүреді. Жүргізушінің бағыттауымен олар белгілі бір кедергілерден өтеді. Мысалы: «Бір аяқ жолмен жүреміз.... Айналамызда ағаштар, бұталар, көк шөп.... Құстар сайрап тұр..... Жапырақтың сыбдыры естіледі.....Кенеттен жолда шалшық су көрінді... Біреу.... Екеу.... Әрі қарай қалыппен жүре береміз.... Алдымызда өзен пайда болды, онда жанында арқан тартылған көпір бар.... Бір аяқ жол батпақпен өтеді... Бір.... Екі.... Үш.... Төрт.... Міне батпақтан да өттік. Әрі қарай қалыпты жүреміз... Алдымыздан шұңқыр көрінді... Оң жақта шұңқырдың үстінде ағаш жатыр.Сол ағашпен өтеміз... Сақ болыңдар!... Міне, оданда өттік... Әрі қарай қалыпты жүре береміз....Мынау не? Бір аяқ жолдағы топырақ аяққа жабысып жатыр.... Аяғымызға жабысып жүргізбей келеді.Аяғымыздыәрең алып жүріп келеміз... Ал енді жолға үлкен ағаш құлап қалған... Айналада бұтақтары шашылып жатыр!... Құлап жатқан ағаштан секіріп өтеміз... Міне, келіп те қалдық!

« ЖАРАЙСЫҢДАР!»

«Сиқырлы айна»

Бұл ойын өздеріне сенімсіз балалар үшін өте пайдалы.Оқушының өзін ашық, еркін ұстауына, өзін басқа жағынан, яғни жанынан көруге мүмкіндік береді.Бұл ойын жалғыз оқушымен де, топпен де ойналады. «Айна» таңдалады – бұл басқа оқушы немесе ересек адам болуы да мүмкін. Бала оның барлық қимылын, ым – ишарасын айнытпай қайталайтын «айнаға»қарайды.

«Мен және сынып»

Оқушыдан сынып мүшелері (мұғалімдері туралы да), олардың жағымды мінез – құлықтары туралы айтуды өтініңіз. Одан өзінің жағымды мінез – құлықтары туралы да айтуды өтінуге болады. Содан соң баладан осы тақырыпқа сурет салып, және оны талқылауды сұрауға болады. Не салдың? Сен өзің қайдасың? Салынған фигуралардың көлеміне назар аударыңыз, мимика, жест, түстерінде айырмашылық бар ма?

«Шатасқан»

Бұл ұжымдық ойын. Балалар бір ойыншны таңдап, оны сыртқа шығарып жібереді. Қалғандары бір – бірінің қолынан ұстап, жүргізушінің белгісі бойынша қолдарын айырмастан өзара шатасады. Жүргізуші оларға көмектеседі. Дайын болғаннан кейін сырттағы ойыншыны шақырады. Оның мақсаты – шатасуды шешу.

«Менің эмоцияларым»

Бұл ойын қасындағы адамдардың көңіл – күйін сезінуді дамытуға, өз эмоциясын басқаларға дұрыс бере білуге бағытталады.Балаларға күзгі бұлт тәрізді қабақтарын түю, аш қасқырға, адам мыстанға ұқсап жүру,иттен қоянға, мысықтың баласынақұсап қорқу, бақытты бала, қу түлкіге ұқсап күлу, көктемдегі құс, күнге ұқсап қуану сияқты ұсыныстар айтылады.

Тренинг «Дүкенде»

Мақсаты: Сабырлы болуға, шыдамдылыққа баулу.

Өту барысы: шеңбер жасап отыру, және дүкеннен бәріміз бір зат сатып аламыз.

  • Қайда болдың? – Дүкенде

  • Не сатып алдың? – Қолшатыр( балалар бір қолына қолшатырды ұстау керек, ойын шеңбер бойымен жалғаса береді.)

  • Қайда болдың? – Дүкенде

  • Не сатып алдың? –Тербелмелі орындық

(Оқушылар орнында тербеліп отырады)

  • Қайда болдың?– Дүкенде

  • Не сатып алдың?– Балмұздақ

(Бір қолына балмұздақ ұстап жеп отыру)

  • Қайда болдың? – Дүкенде

  • Не сатып алдың? – Велосипед

(Қолдарына қолшатыр ұстап, балмұздақ жеп, тербеле отырып, велосипед тебуге ұмтылады.)

Тренинг «Бәріміз бірге».

Жаттығудың жүргізілуі:балалар жұппен тұрып допты бірге ұстайды(әр бала допты екі қолымен ұстауы тиіс). Жетекшінің белгісінен кейін балалар бір уақытта отыруға допты қолдарынан түсіріп алмай бөлме ішінде жүруі, секіруі қажет. Ең бастысы, бірге әрекет жасап допты түсіріп алмау.

Тренинг «Керісіншелер елі»

Мақсаты: Ойша әрекет ету қабілетін жаттықтыру.

Жаттығудың жүргізілуі:балалар шеңбер бойына отырады. Жетекші үш әріптен тұратын сөзді айтып, допты лақтырады. Допты ұстаған ойыншы әріптерді кері атайды (күн-нүк, көз-зөк, сан-нас). Аударылған сөздердің мағынасы болмауы мүмкін. Ойынның күрделенуі сөздің ұзақтығына байланысты.

Тренинг «Ормандағы ағаштар»

Мақсаты:Балаларға қозғалуға, демалуға мүмкіндік беру. Музыка ойналады.

Мәтін:Сендер ағашқа айналуға дайынсыңдар ма?

Бір-біріңнің артына тұрыңдар. Орманда күн шығып барлық ағаштар оған жапырақтарын жайып қарап тұрды. Күнге әрбір жапырағы жылыну үшін жоғары-жоғары созылды. Саусақ-жапырақтар күннің астында билеп тұрды. Кенеттен қатты жел тұрып, талдарды жан-жаққа шайқай бастады. Бірақ талдың тамырлары тереңге кеткен, олар жәй ғана тербеледі. Желдің артынан жаңбыр жауып, талдар алғашқы жауын тамшыларын сезінді.

Алдыңғы тұрған ттұрған баланың арқасын саусақтарыңмен жауын тамшыларындай тырсылдат. Кәдімгі майда жаңбыр жауып жауып тұрғандай қимыл жеңіл болу қажет.

 Жауын одан әрі күшейіп қатты жауа бастады... Талдар бір-біріне жанашырлық білдіріп жаңбырдың қатты соққысынан қорғапр, сипалай бастады. Көп ұзамай көкжиектен күн көрініп, талдар қуанды, олар өздеріндегі артық жауын тамшыларын сілкіп тастады. Өздерін сенімді, сергек, тап-таза сезініп қалады.

«Ойыннан көріністер»

 







написать администратору сайта