Главная страница
Навигация по странице:

  • Алтын күз Мақсаты

  • Барысы

  • Балалар

  • Тәрбиеші

  • 2 бала

  • 4 бала

  • 6 бала

  • 8 бала

  • 10 бала

  • Би: «Күзгі жапырақтар» Тәрбиеші

  • Ойын: «

  • Алмұрт

  • Алма

  • Ойын: Ойлан, тап Ойынның шарты

  • «Ұйқасын тап» ойыны 1.

  • Ертеңгілік. Мектепалды даярлық тобы _Алтын күз_. Алтын кз Ббек мектепалды даярлы тобы (мерекелік ертегілік сценарийі) Музыка жетекшісі


    Скачать 17.94 Kb.
    НазваниеАлтын кз Ббек мектепалды даярлы тобы (мерекелік ертегілік сценарийі) Музыка жетекшісі
    Дата27.11.2022
    Размер17.94 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЕртеңгілік. Мектепалды даярлық тобы _Алтын күз_.docx
    ТипСценарий
    #815125

    Бекітемін «____»_______ 2022 ж

    ЖК «Малыш» балабақшасының

    директоры __________ Ә.Сүттібаева

    «Алтын күз»

    «Бөбек» мектепалды даярлық тобы

    (мерекелік ертеңгілік сценарийі)

    Музыка жетекшісі: Жунусбаева К.М.

    Тәрбиешілері:

    Алтын күз
    Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейту, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
    Көрнекіліктер: Зал іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жәрмеңесі, яғни жемістермен көкөністер салынған себеттер.
    Барысы: Әдемі әуен ойналып тұрады, қонақтар орындарына жайғасып болған соң Бөбек тобының балалар кіріп

    Қолшатырмен би қимылдарын жасап

    орындарына тұрады.
    Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі біздің «Бөбек» мектепалды даярлық тобында өткізілгелі отырған Алтын күз атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

    Армысыздар, халайық,

    Бармысыздар, халайық!

    Күзгі тойды жұп жазбай,

    Бірге қарсы алайық!
    Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді. Сендер білесіндер ме ол кім?
    Балалар: Ол күз!
    Тәрбиеші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.
    Бірге: Берекелі күз келді, меркелі күз келді.
    Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
    Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!
    Күз: Береке бақ дарыған,

    Жомарт көңіл, жарқын жаз.

    Сары алтынға малынған,

    Алтын күз деген мен болам. Армысыздар қонактар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?
    Балалар: Жоооқ.
    Тәрбиеші: Шоғы толған гүлдей жайнап,

    Шақырады жарқын жүз,

    Сайраңдаған күліп-ойнап,

    Келді міне Алтын күз!
    Күз: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!
    Тәрбиеші: Алтын күз, біздің балалар күз туралы өлең, тақпақтар біледі. Сіз жайланып отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.
    Хор: «Алтын күз»
    1 бала: Күзім-ау, күзім-ау!

    Мінезің бұзық-ау,

    Жаңбырың сіркіреп,

    Келгенің қызық-ау! Назым
    2 бала: Қарашы күз келді, күз келді,

    Сары алтын жауыпты іздерді,

    Құс біткен керуен түзеді,

    Көңілсіз неліктен күз енді? Бахтияр
    3 бала: Қара бұлт қабағын түйеді,

    Бұталар боз қырау киеді,

    Осы ма, осы ма күз деген,

    Бақшаға баратын бізбенен. Дилара
    4 бала: Сары теңге жапырақ,

    Бояған ба көл бетін?

    Тоңазыпты топырақ,

    Ызғарлы екен желде тым. Дархан
    5 бала: Кездескен соң күзімен,

    Бұтағынан үзілген.

    Ай жапырақ-сары алтын,

    Айналаның бәрі алтын. Ердаулет

    6 бала: Гүл жайнаған даланың,

    Жапырағы солыпты.

    Таңырқадым, қарадым,

    Танымастай болыпты. Назерке
    7 бала: Алтын, сары, қызыл, көк,

    Алуан-алуан жапырақ.

    Күзгі бақта күлімдеп,

    Көз тартады атырап. Ляззат
    8 бала: О, алақай тамаша,

    Шашу шашады жапырақ.

    Бақтың іші алаша,

    Аунар ма еді жатып ап! Ибрагим
    9 бала: Астық жеміс жиылды,

    Қамбамызға құйылды,

    Ардақты күз мың алғыс,

    Алдық өнім сыйыңды. Милана
    10 бала: Көбейді құт-береке,

    Астық толы қоймамыз.

    Құтты болсын мереке,

    Алтын күзді тойлаймыз. Еркебұлан
    Тәрбиеші: Күз ханшайымымен би әдемі биді қабыл алыңыздар
    Би: «Күзгі жапырақтар»
    Тәрбиеші: Балалар енді мен сендерге көкөністерге қатысты жұмбақтар жасырамын.

    Мақтанғаннан не пайда?

    Менсіз дәмді щи қайда?

    Мені қосса самсаға

    Бәрі жейді тамсана. (Орамжапырақ)

    Өсем бақша-бауыңда,

    Қатты ұқсаймын қауынға

    Жемек болып шикілей

    Күлкі болма қауымға. (Шалқан)
    Мен бір сөз айтайын,

    Мақтанайын сіздерге.

    Менсіз борщ болмайды,

    Венегретте үстелде. (Қызылша)
    Дәмім тілді үйірген,

    Мен тұздалған күйімде.

    Жаңа піскен күйімде,

    Жейді бәрі сүйсіне (Қияр)
    Тәрбиеші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.

    Ойын: « Өз ағашынды тап!»

    Шарты: Шашылған жапырады теріп алып,өз ағаштарының қасына тез барып тұру.

    Тәрбиеші: Жемістерді қарсы алайық. (Осы кезде әуен ойналады, ортаға жемістер шығады)
    Алмұрт: Мен алмұртпын, алмұртпын

    Аузындамын бар жұрттың. Самира
    Жүзім: Мен жүзіммін, жүзіммін

    Моншақ болып тізілдім. Жасмин
    Өрік: Мен өрікпін, өрікпін

    Бау-бақшаға көрікпін. Қыдырәлі
    Алма: Мен алмамын, алмамын

    Таңдайда калар бар дәмім. Санжар
    Хор: «Күз келді»
    Тәрбиеші: Өте тамаша, балалар! Қазір менімен ойын ойнайсыңдар ма?
    Ойын: Ойлан, тап
    Ойынның шарты: Көзді байлап, қолмен сипап-сезу арқылы қандай жеміс екенін табу.

    Би: «Қолшатырдың астында»
    Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар!

    «Ұйқасын тап» ойыны
    1.Пісетін кезі дәл күзде

    Мезгілсіз оны үзбе

    Аузынан кетпес бал дәмі

    Оның аты (шабдалы)
    2.Кіп-кішкене болса да,

    Ағаштың басын иеді.

    Жемістерін айырып,

    Танисың ба? (шиені)
    3.Жапырақты тасалап,

    Өсетін жері- бақша-бақ

    Күрең қызыл шіркін-ай

    Оның аты (таңқурай)

    Би: «Күзгі вальс»
    Тәрбиеші: Алтын күз, балалардың өнері ұнады ма?
    Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды

    Берекелі бақ-дәулет,

    Арта түссін тойланып.

    Сау болыңдар балалар,

    Келгенше жыл айналып.
    Тәрбиеші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Тамашалағандарыңызға рахмет!


    написать администратору сайта