Главная страница
Навигация по странице:

  • Шартты сөздер

  • Өзін-өзі бақылауға сұрақтар

  • Әдебиеттер

  • Дәріс 2.

  • “ру ақсақалдардың кеңесі”, “тайпа ақсақалдарының кеңесі”, “ақсақалдар соты”

  • Қысқаша дәріс. Дріс Пнні теориялы жне дістемелік негіздері


    Скачать 23.09 Kb.
    НазваниеДріс Пнні теориялы жне дістемелік негіздері
    АнкорДәріс
    Дата05.02.2023
    Размер23.09 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚысқаша дәріс.docx
    ТипДокументы
    #920770

    ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
    Дәріс 1. Пәннің теориялық және әдістемелік негіздері
    Мақсаты: Қазақ халқының рухани мәдениетінің қалыптасуы мен сақталуын зерттеудегі пайдаланылатын теориялар мен әдістердің ролін көрсету.

    Шартты сөздер: ұллтық мәдениет, теория, әдіс, әдістеме, жүйе, ілім.

    Сұрақтар:

    1. Пәннің негізгі зерттеу объектісі.

    2. Қолданылатын теориялар мен әдістемелер.

    «Қазақ халқының рухани мәдениеті» пәні XVIII ғасырдан бастап XX ғасырдың аяғына дейінгі кезенді қамтиды. Ұлттық мәдениет – бұл күрделі, көп құрамды құрылым, өзара байланысты және иерархиялық бағынышты құрылымдық элементтерден тұратын жүйе (тарихи эволюция барысында барған сайын күрделене түседі). Рухани мәдениет мазмұнына діни-философиялық идеялар мен көзқарастар, идеалдар мен ілімдер, космогоңиялық білімдер, культтер, дәстүрлер, ритуалдар, өнер, жазу, көркем әдебиет және т.б. сияқты компоненттер жатқызылады. Мәдени жүйеден идеялық-этикалық мәнді құрайтын компонентін, терең негізгі қабатын бөліп алу керек. Бұл іргетасқа барлық мәдени «құрылыс» қаланады. Мұндай форма калыптастырушы компонент мифология, діи немесе этикалық-философиялық ілім болып табылады.

    Қазақ мәдениетінің рухани мәні мен іргелі белгілері исламдық межелермен сәйкес келеді, бұл исламды мәдениет құрау бастауы ретінде ақтауды ескере отырып ұлттық мәдениетті қайтадан ой елегінен өткізуді талап етеді. Сонымен қатар негізінде көшпелілік пен суфизм синтезі жатқан қазақ қоғамындағы дүниетанымдық синкритизм, ислам модификациясы туралы тұжырымдауға да негіз бар. Тағы бір маңызды мәселе: көптеген ғасырлар бойына әр халыктың мәдеииеті ішкі қисынға сәйкес және сыртқы импульстер ықпалымен дамып, байиды.

    Пәннің әдістері. Нақты объектіні (нысанды) барлық қолда бар білім көлемімен зерттеу. Этнологиялық зерттеу жұмыстары тәсілдерінің спецификасы. Рухани мәдениетті қарастырудағы этнология ғалымдарының зерттеулері мен сипаттамалары, саяхатшылардың жазбалары, фольклорлық және көркемдік мәтіндер, публицистикалық материалдар, ресми құжаттар, тарихи және қоғамдық саяси әдебиеттер және т.б. Сонымен қатар, мәдениетті зерттеу барысында қолданылатын басқа да тәсілдердің құндылығы. Мысалы, олармен тікелей қатынас кезінде кездесетін әртүрлі жағдайлар, пайымдаулар мен түрлі дәлелдер, әңгіме және талас кезінде қолданатын логикалық пайымдаулар, қоршаған ортаның өзіндік іс әрекетін түсіндіруде жиі кездесетін басқа да тәсілдер мен құнды құбылыстар.

    Жоғарыда көрсетілген әртүрлі мәліметтерді алу және өңдеу барысындағы қолданылатын түрлі тәсілдер. Бүгінгі таңда этнологияда этнологиялық зерттеу тәсілдерінің тұтас жиынтығының жан-жақты қалыптасуы. Оның құрамына этнологтардың ел арасында жүргізген зерттеулері, жазба деректермен ауызша аңыздарын анықтауы, археологиялық және антропологиялық мәліметтерді қолдануы, статистикалық көздерді талдауы.

    Салыстырмалы-тарихи, құрылымдық-функционалдық және жүйелі тәсілдері, контент-анализ, эксперттік бағалау тәсілдері және т.б.
    Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

    1. Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихнамасы.

    2. Дәстүрлі рухани мәдениеттің дерек көздері.

    3. Рухани мәдениетке байланысты атаулар мен терминдер.
    Әдебиеттер:

    1. Алимбай Н., Аргынбаев Х., Муканов М.С. Традиционная кулытура жизнеобеспечения казахов. – Алматы, 1998.

    2. Галиев А.А. Традиционное мировоззрение казахов. – Алматы, 1997.

    3. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі. Құраст.: А.Құрарұлы. –Алматы, 2010.


    Дәріс 2. Қазақ ауылы – рулық қоғамдағы бірлестік. Халық ауыз әдебиеті.
    Мақсаты: Қазақ халқының рухани мәдениетінің қалыптасуы мен сақталуында, таралуында қазақ ауылының алатын орнын, дәстүрлі қазақ қоғамындағы билік жүйесі, әлеуметтік категориялар арасындағы қарым-қатынасты, дәстүрлі құқықтық жүйе, оның қоғамдық қатынастарды реттеп отырудағы тарихи ролін көрсету.

    Шартты сөздер: ауыл, ру, қауым, ауыл ақсақалы, би, құн, айып.

    Сұрақтар:

    1. Әлеуметтік категориялар арасындағы қарым-қатынас.

    2. Дәстүрлі құқық жүйесі.

    3. Ауыз әдебиеті мұралары

    АУЫЛ АҚСАҚАЛЫ - қауымдар шаруашылығына ақсақалдар немесе ру басшысы басшылық етті. Ауыл аты да “ауыл ақсақалы, ру ақсақалы” атымен аталған. Ақсақал дәрежесіне ауылдың құрметті адамы ие болып, ол сол ауылдың басшысы, әрі ру басшасы саналды. Ақсақал барша ауылдың шаруашылығына басшылық жасап, көш жолдарына бастап, жайылымдық жерді таңдауда да шешім қабылдап отырды. Дәстүрлі қазақ қоғамында “ру ақсақалдардың кеңесі”, “тайпа ақсақалдарының кеңесі”, “ақсақалдар соты” сияқты дәстүрлі билік жүйесінің болғандығы белгілі. Бұл билік жүйесінің ру, әулет, ағайын, туыс арасындағы тұрмыстық мәселелердің ауыл арасындағы қарым-қатынастың, жер дауының шешімін табуда маңызы әрине жоғары. Ауыл ақсақалдарының шешімі билер сотында, әдеттік құқықта маңызды орын алды. Билердің өзі маңызды шешімді ру ақсақалдарының қатысуынсыз шешпеді. Ақсақалдар жайлаулар мен жайылымдардың қожайыны болды десе де болады. Ру ақсақалдарының шешімін таппаған мәселені өзара кеңес жасап талқылаған. “Сұлтан Мендалі Піралиев” деп қол қайған “Из Зауральской степи” атты мақалада “Ақсақал” қызметін өз руына қарасты жайлаулар мен жайылымдардың қожайынына теңейді. 1928 жылы жазылған деректе ру ақсақалының беделі жайында: “Мұрагерлік мәселесі қауымның беделді мүшесі – молда, ақсақал немесе рубасының қатысуымен шешілді”, - делінген. Ақсақалдардың билігінің маңыздылығы жайында В.П.Семенов: “билер сотынан басқа “ақсақалдар соты” бар. Ақсақал ауылдың ең беделді, құрметті адамы, оның шешімі билер шемімімен тең саналады” - деп жаза отырып, ақсақалдардың әлеуметтік мәртебесін билермен қатар қояды. Ру басшысына сол рудың өкілдері би ретінде қатар қараған және оның билігіне бағынумен қатар, ол қабылдаған шешімді орындап отырған. Осындай жайттарды И.Ибрагимов өз еңбегінде арнайы зерттеп, қазақ қоғамындағы ру басыларының рөлін атап көрсеткен. Сондай-ақ ру ақсақалдары билер мен қатар қылмыстық істерді қарауға, “құн” өлшемін анықтауға араласып отырған. Яғни, билер сотында да ауыл ақсақалдарының беделі маңызды роль атқарды. Ақсақалдар ауыл арасындағы күрделі мәселелерді реттеп отырды, қауым мүшелерінің ақсақалдар кесіп айтқан сөзіне тоқтауы қазақи қалыптасқан сана, ғұрыптың бірі саналды. Ру басшылығы, яғни ақсақал қызметіне өз руынан лайықты, билікке қолайлы адам болмаса, онда басқа рудың адамы сайланды. Ру одағының беріктігі, рулас қауымның шаруашылық жағдайына яғни мал басына, жайылымдық жерді пайдалану, әр рудың көшу жолының сақталуы, жайылымдық шекараның қалыптасуы т.б. тығыз байланысты болды. Жер пайдалануда өзіндік ерекшеліктер орын алды. Жерді иемденуде рулық қауымның меншігінде болды. Әрбір ру өзінің қыстауын, жайлауын пайдаланды. Ру қауымдастығы әрбір қазақтың қуаныш пен қайғыдағы арқа сүйейтін одағы ретінде болды.

    Қазақ халқының әдеттік құқығындағы құн мен айып төлеу жүйесі.


    написать администратору сайта