Главная страница
Навигация по странице:

  • Мұртты

  • Сақтар мен сарматтардың әлеуметтік,қоғамдық-саяси құрылымдары

  • Үйсіндер

  • Ерте темір д_уіріні_ м_дениеті мен археологиялы_ ескерткіштері. Ерте темір дуіріні мдениеті мен археологиялы ескерткіштері


    Скачать 28.96 Kb.
    НазваниеЕрте темір дуіріні мдениеті мен археологиялы ескерткіштері
    Дата05.02.2023
    Размер28.96 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЕрте темір д_уіріні_ м_дениеті мен археологиялы_ ескерткіштері.docx
    ТипДокументы
    #920752

    Ерте темір дәуірінің мәдениеті мен археологиялық ескерткіштері

    Ерте темір дәуірі басталысымен, Евразия далаларында ірі тайпалық бірлестіктер қалыптаса бастайды. Олардың мүдделерінің қақтығысы, айналасындағы отырықшы-егінші халықтармен қарым-қатынастарының өзіндік түрлері қоғамның белгілі дәрежеде әскериленуіне әкеп соқты. Тарихи сахнада гректер мен парсылар скифтер, сактар, савроматтар деп атаған тайпалар пайда болды. Этникалық туыстығының, даму деңгейі мен өмір салтының ұқсастығының өзара тығыз байланыстылығы нәтижесінде бірұдай, етене жақын мәдениеттер құрылды. Скиф-сақ заманында тайпалардың материалдық мәдениетінде қару-жарақтың, ат әбзелдерінің айрықша түрлері пайда болды, "скиф-сақ аң стилі" деген атау алған өзіндік өнер кең таралды. Кей ретте ерте темір дәуіріндегі қоғам тұрғындарының бұл материалдық мәдениетін "скифтік үштік" (ат әбзелдері, қару, аң стилі) деп те атайды.

    Ерте темір дәуірінің далалық тұрғындары ерекше қарқынмен дамыды, металл өндірісі, сауда айырбасы гүлденді. Тайпалық одақтардың ат төбеліндей бай шоғыры: патшалар, әскери мансап иелері пайда болды. Үлкен "патша" обалары, яғни қайтыс болған ауқатты адаммен бірге өзінің құндылығымен мәнді болып саналатын бұйымдар - қару-жарақ, ат әбзелдері, әшекейлер бірге жерлеген.

    Орталық Қазақстаннан Тасмола мәдениеті (б.з.д. 7-3 ғғ.) ашылды. Зерттеуді археологтар Ә.Марғұлан, М.Қадырбаев жүргізді. Археологиялық материалдар Орталық Қазақстан тайпаларының Тасмола мәденитетінің бастапқы кезеңінде-ақ темірді қолданғанын көрсетті. Қақтау әдісімен темірден сабы сақиналы және түзу сапты пышақтар, сондай-ақ, айшықтар және жүгеннің бастырмалары соғылды. Қазақтың белгілі археологы М.Қ.Қадырбаев, бұл мәдениеттің хронологиялық мерзімін б.з.д. VII - III ғасырларымен негіздеп, оның дамуын екі кезенге бөлген. Тасмола мәдениетінде тән археологиялық ескерткіштері «мұртты» қорған деп аталады. Бұл күрделі ғұрыптық – жерлеу кешендері тастан қаланып, әдетте үш негізгі бөлшектерден: үлкен, кішкентай қорғандар мен ұзындығы 60-тан 200 метрге дейін жететін жартылай доға тәріздес жолдардан құрастырылған. Бұл «мұрттар» қорғанмен жанасып, үнемі шығысқа қарай бағытталған. Үлкен қорғанның астында, тереңдігі екі метрге жететін шұңқырда қайтыс болған адамның мәйіті жерленген. Кішігірім қорғанда жылқы қаңқаларының қалдықтары, қыш ыдыстардың сынықтары кездеседі.

    Осы кезеңге кіретін Орталық Қазақстанның ескерткіштері тасмола археологиялық мәдениетіне жатады. Қазақтың белгілі археологы М.Қ.Қадырбаев, бұл мәдениеттің хронологиялық мерзімін б.з.д. VII - III ғасырларымен негіздеп, оның дамуын екі кезенге бөлген. Тасмола мәдениетінде тән археологиялық ескерткіштері «мұртты» қорған деп аталады. Бұл күрделі ғұрыптықжерлеу кешендері тастан қаланып, әдетте үш негізгі бөлшектерден: үлкен, кішкентай қорғандар мен ұзындығы 60-тан 200 метрге дейін жететін жартылай доға тәріздес жолдардан құрастырылған. Бұл «мұрттар» қорғанмен жанасып, үнемі шығысқа қарай бағытталған. Үлкен қорғанның астында, тереңдігі екі метрге жететін шұңқырда қайтыс болған адамның мәйіті жерленген. Кішігірім қорғаныда жылқы қаңқаларының қалдықтары, қыш ыдыстардың сынықтары кездеседі. Кейде тек қана қөмір түріндегі және күйдірілген топырақтың ізі байқалады.

    Мұртты обалар – ерте темір дәуірінен сақталған ескерткіштер (б.з.б. 7–4 ғасырлар)

    Мұртты обалар Сарыарқаның ерте темір дәуіріндегі тасмола мәдениетінің ғұрыптық ескерткіштері болып саналады. Мұртты обалар кешенінің барлық мағынасын ашып тұратын да осы ғұрыптық оба. Оның астында жылқы қаңқасы немесе жекелеген сүйектері (көбіне бас сүйек), ал одан шығысқа қарай қыш ыдыс қойылады. Шағын құрылыстар астынан аз мөлшерде күл, кейде мал сүйектері табылған. Бір топ ғалымдар мұртты обалар кешенінің семантикасын ашу барысында мұны жылқыға, күн (от) тәңіріне табыну, ежелгі ата-баба рухын қастерлеу сияқты дәстүрлермен байланыстыратын жалпы сипаттама жасады. Ғылымда ерте темір дәуіріндегі Қазақстан тайпаларын таза парсы тілдес орта ретінде сипаттау қалыптасқанын ескерсе, Мұртты обалардың түркілік дәстүрлерге бейім келуі ерекше назар аудартады.

    Сақтар мен сарматтардың әлеуметтік,қоғамдық-саяси құрылымдары

    Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі-сақтар. Археологиялық зерттерлеуге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ.) сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған. Осымен қатар Геродот өзінің «Тарих» деп аталатын еңбегінде б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия және Қазақстан жерінде «Сақ» деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар: массагеттер, дайлер, каспийшілер, исседондарсарматтар, алаңдар, аримаспылар т.б. Сақтарда негізінен, әскери қоғам болды.

    Сақ тайпалары одақтарының басында көсемдер тұрды, оны патша деп атады. Патшаларды тайпа көсемдерінің кеңесі сайлады. Тайпа көсемдерін оның барлық мүшелері сайлайтын болған. Тайпа ішіндегі аса маңызды ішкі және сыртқы істер халық (вече) жиналысында талқыланып отырды. Оған әйелдер де қатысқан. Қоғамның осындай саяси ұйымын Ф. Энегельс әскери демократия деп атады. Себебі ол кезде соғыстың мәні зор еді. Соғыс тайпа үшін жайылымдық жер мен мал тартып алудың және өздерін сыртқы жаудан қорғап отырудың құралы болды. Көсемдер әскер басы болды да, билік жүргізді. Олар тайпаны қару-жарақпен, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Ол өз тайпасы атынан бітім немесе келісім жасады. Патшалар (көсемдер) рулар мен тайпаларға жайылымдарды, көшіп қонатын жерлерді бөліп берді; ол жерлерді пайдалану тәртібін белгіледі. Жер үшін таластарды шешіп, рулар мен тайпалар арасында қарулы қақтығыстар болмауын қадағалады. Көсем қаза болса, оның сүйегін арбаға салып, ел аралатқан.. Сонымен Сақтар арасында бірте-бірте мүлік теңсіздігі пайда болды. Малға жекеменшік қалыптаса бастады.Қолға түскен тұтқындарды құлға айналдырды. Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Квинт Курций Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар: жауынгерлер — сүңгі мен оқ («ратайштар-арбада тұрғандар»), абыздар — құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар, қауымшыл сақтар, яғни «сегізаяқтар» (соқаға жегетін екі өгізі барлар). Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге — қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилевс — патша деп атаған. Патшаның белгісі жебелі садақ. Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және рухани мәдениетінің аса маңызды деректері- қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Археологтар зерттеулері Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан сақтардың аса жарқын, байырғы мәдениетін ашуға мүмкіндік берді.

    Сармат тайпаларының қалыптасуы өте ерте заманнан басталады. Бұл тайпаның аты б.з.б. III ғ. бастап тарихқа кірген. Сармат тайпалар одағы Батыс Қазақстан өңірінде өмір сүрген.Олар б.з.б. үшінші және б.з. төртінші ғасыр аралығында Тобыл мен Дунай аралығын мекендеген. Олар алғашында, б.з.б. VIII ғасырда «савроматтар» деп аталған. Б.з.б. II ғасырдан бастап ірі саяси одаққа бірігіп, Оңтүстік Орал, Еділ бойына, Қазақстанның батыс аумағына қоныстанған. Б.з. IV ғ. ғұндардан жеңіліп, батысқа қарай қоныс аударған.Сарматтардың саяси одағының батыс тобы Солтүстік Кавказ, Солтүстік Қара теңіз жағалауы елдерінің ежелгі тарихында елеулі рөл атқарды. Б.з.б. II-I ғасырларда олар Скифияның көп бөлігін жаулап алып, Қырым мен Солтүстік Қара теңіздегі антикалық қалаларға қоныстанған.

    Сарматтардың шығыс тобының Орталық Азия мен Хорезм, Сырдария бойы сақтарымен байланысты болды. Жауынгер сармат тайпалары дах (дай) массагеттермен туыс болған. Сарматтардың тілі иран тілінен түрік тіліне ауысқан. Сарматтардың құрамында роксоландар, аландар, аорстар, сирактар т.б. тайпалар болған.

    Б.з.б I мыңжылдықтың орта шеніндегі тайпалық одақтар мемлекеттіліктің тууының алғашқы сатысы болды. Сармат қоғамының жоғарғы сатысында сайланып қойылатын тайпа көсемдері, шонжарлар, абыздар, салт атты жауынгерлер тұрды. Ал төменгі сатысында тәуелді адамдар: малшылар, қызметшілер, құлдар тұрды.Сайланып қойылатын көсемдердің қолына азаматтық және әскери билік шоғырланды, әскери жасақтар құрылды. Алғашқы рулық қатынастардың ыдырау заманын әскери демократия кезеңі деп атайды. Рулық қоғам енді әскери-демократиялық құрылымға тән қоғамдық билік пен басқарудың ұйымдастыру түріне айналды.

    Ғұндар

    Б.з.д. III ғасырдың ортасында ғұндар тайпалық одақ құрады. Одақтың негізін құрушы және тұңғыш көсемі Тумен болды. Ғұн одағы Қытай үшін үлкен қауіп болып көрінді. Қытай жылнамалары бойынша ғұндардың отаны Хуанхэбен солтүстікке қарайғы жер (Ордос облысы) деп саналады. Ғұндар Қытайдың Ганысу (Ордос) провинциясынан (Ордос) солтүстікке және батысқа қарай Алтай мен Тарбағатайға дейін созылып жатқан ұлан-ғайыр аумақты мекендеді. Оңтүстікте олардың иеліктері Гоби шөлінің оңтүстік шеті мен Тянь-Шанның солтүстік сілемдеріне дейінгі аралықты алып жатты.

    24 тайпадан тұратын ғұн одағы шығыс қанат және батыс қанат болып бөлінді. Әр қанатқа 12 тайпа кіретін, бұдан кейінгі ғасырларда бұл «оң ғар» — он қанат және «сол ғар» — сол қанат болып билік басында жоғарғы көсемге бағынатын, «жауке», «дуки» (данышпан) деген атақтары бар екі көсем тұратын. Ғұндардың жоғарғы көсемі «тәңрі» немесе «тәңрі-құт», шаньюй (кытайша айтылуында таньғой) деген атақпен аталды. Тәңрі-құт пен 24 тайпаның көсемдері мемлекеттік басқарудың өзегі болды. 24 тайпалық көсемнің әрқайсысының бағыныштылығында мыңбасы, жүзбасы, онбасылар болып, бұлар атқарушы биліктің міндеттерін орындады. Әр тайпа көсемінің қарауын — 10 000 салт атты болды.

    Ғұн одағы б.з.д. II ғасырдың бүкіл өне бойыңда өз құдірет-күшін сақтады. Мөде Ордостан Каспий теңізіне дейінгі, Алтайдан Памирге дейінгі барлық жерді өз билігіне бағындырды. Б.з.д. 209 ж. ғұндар өздерінен солтүстік-шығысқа қарайғы өңірді мекендеген дун-ху тайпасын бағындырды. 177 ж. олар Орталық Азиядағы ең ірі тайпалардың бірі юечжилерге қарсы жорық жасады. Юечжилерді бағындырып алғаннан кейін олар бүкіл Шығыс Түркістанды иеленіп, Жетісуды қоныстанған үйсіндерге өз билігін орнатты. Қытай жылнамасының хабарлайтынындай, бұл уақытта «ғұндар сол төңіректегі шамамен 26 иелікті өздеріне бағындырды». Ғұн тайпалар одағына Сырдария өзенінің аңғары мен Жетісуды мекендеген тайпалар — юечжилер, қангюйлер (қаңлы), үйсіндер кірді.

    Үйсіндер

    Үйсіндер мемлекеті Б.з.д ІІ – VІ ғасырларда Қазақстан аумағында мекендеп,мемлекеттік дәрежеге көтерілген көне тайпалық одақтардың бірі.  Үйсін – қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Ежелгі қытай жазбаларында үйсін атауы б.з.б. 2 ғасырдан бастап кездеседі. Жетісу үйсіндерінің шығу тегіне келетін болсақ кейбір ғалымдар үйсіндердің сақ заманындағы исседондармен туыс екенін дәлелдеп, оларды Тянь-Шань және Шығыс Түркістан тармағы деп бөледі. Белгілі антрополог О. Смағұлұлының дәлелдеуінше үйсін антропологиялық типінің морфологиялық құрылыстары нәсілдік жағынан сақ дәуірінде өмір сүрген тайпаларға өте жақын. Демек үйсіндерді сақ тайпаларының тікелей ұрпақтары деп тұжырымдау орынды. 

    Б.з.б. 73 жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң (батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталыққа бөлінген. Бұлар өзара қақтығысқа толы бол Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар, кедейлер болған. Әскер басылары мен шенеуніктердің қолында мөрі болған. Жеке меншік те өскен. Үйсін бірлестігінде малға жеке меншік болды. Ру-тайпаларының жайылымдары иелікке бөлініп, байлық тайпа көсемдерінің қолына жинақталды; тайпааралық қарым-қатынас өсті. Жеке меншіктің болғанын қыш ыдыстарға, сүйектен, металдан жасалған әр түрлі заттарға түсірілген таңбалардан байқаймыз. Қазылған обалардың аумағы әртүрлі. Кейбіреулерінің биіктігі 10-12 м, аумағы 40 м-ге дейін жетеді. Адам сүйегімен бірге көмілген заттардың санына, сапасына қарағанда, үлкен қорғандарға тайпа көсемдері, ақсүйектер, одан кішісіне қауымның қарапайым мүшелері жерленген. Билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға ауысып отырған. Оған "бек" аталған ру, тайпа көсемдері бағынған. Үйсін бірлестігінде басқарудың ондық жүйесі қолданылды. Билеуші өзіне қарайтын жұртын балаларына бөліп, әрқайсысына он мыңнан жасақ, көші-қон жерін еншілеген. Үйсін бірлестігінде мемлекетке тән белгілер болды. Бектер өздерінің жайылымдық жерлерін өзгелерден қарулы күшпен қорғағаны жайында деректер бар. Мұның өзі әлеуметтік топтардың қалыптаса бастағанын аңғартады.ды.

    Қытай ханшалары үйсін гуньмоларына ұзатылған. Олар Қытайдың Орта Азия, Батыс Азия және Еуропамен сауда байланысында маңызды рөл атқарды. Б.з.д. 2 ғасырда пайда болған Ұлы Жібек жолын ұстап тұрған осы үйсіндер болды. Үйсіндер туралы қытай деректерінде б.з. 3 ғасырына дейін айтылады.

    Қаңлы

    Ертедегі алуан түрлі жазбаша деректемелерде Қаңлы елінің аты б. з. б. XIV ғасырдан бастап мәлім болғанымен, Орта Азиядағы б. з. б. IV ғасырдың аяғындағы оқиғаларды жақсы білетін антик авторлары қаңлыларды тоқталмайды. Сырдария бойындағы аймақта «Қан үйі» б. з. б. ΙΙΙ, дұрысында,ΙΙ ғасырда көтерілген деп жорамалдауға болады. Бұл сол кезеңдегі көшпелілер үстемдігінің күшеюінен болған еді. Егер б. з. б. II ғасырдың екінші жартысында Чжан-Цянь Қаңлы жерлерінің оңтүстігінде юечжиге, ал солтүстігінде ғұндарға тәуелді екенін айтса, біздің заманымыздағы I ғасырда мұндағы жағдай өзгереді. Егер Чжан Цянь юечжи әскерін 100-200 мың, ал қаңлы әскерін 90 мың деп хабарлаған болса, Цань-Хань-Шу енді қаңлы әскерін 120 мың, юечжи әскерін 100 мың дейді14. Бұл кезеңде Орта Азиядағы қос өзен аралығында юечжилердің негізгі бөлігінің оңтүстікке, сол жағалаудағы Бактрияға ығысуы, жерге отырықшылық орын алып, жеке-жеке бес иелікке бөлінгенін, мұның өзі қаңлымен салыстырғанда олардың әлсіреуіне әкеп соқпай қоймағанын, ал қаңлылардың алдынан оңтүстік пен батысқа экспансия үшін мүмкіндік ашылғанын атап өткен жөн. Сол кезде (б. з. б. II ғасырдың аяғы — I ғасырдың басы), қаңлылардың жоғарыда аталған тәуелді бес иелігі пайда болса керек, ол өзіне Янцайды (Арал-Каспий өңіріндегі сарматалан тайпалар одағы), Яньды (Орал өңіріндегі сармат тайпалары) бағындырып алды. Қытай жөнінде қаңлы билеушілері өздерін тәуелсіз, тіпті батыл ұстаған, бұл жөнінде б. з. б. I ғасырдың аяғында Батыс өлкесіндегі хань намеснигі императорға былай деп хабарлаған: «.. .Қаңлыға, керісінше (Үйсінмен салыстырғанда) өркөкірек, батыл және біздің елшілеріміз алдында бас июге ешбір көнбейді. Онда наместниктен жіберілген шенеуніктерді үйсіндердің елшілерінен төмен отырғызады. Тамақты әуелі солардың князьдары мен ақсақалдарына, сонан соң барып наместниктің елшілеріне тартады...». Бұл мәліметтер арқылы қаңлы билеушілерінің батыл,әрі сыртқы саясатты жақсы ұстанғандарын біле аламыз.


    написать администратору сайта